Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 22:58, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экологиялық қылмыстар».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
Экологиялық қылмыстың түсінігі.
Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
Экология заңдарын бұзудың белгілері.
Атмосфераның ластануы.
Ормандардың экологиялық маңызы.
Судың ластануы.
Негізгі бөлім
I. Экологиялық қылмыстың түсінігі.
1.1 Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
1.2 Экология заңдарын бұзудың белгілері
II. Атмосфераның ластануы
2.1 Ормандардың экологиялық маңызы.
2.2 Судың ластануы.
Практикалық жұмыстар.
Қосымша.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қылмыстың субъективтік жағынан эмоция ерекше орын алады, эмоция арқылы қылмыс жасауға байланысты тұлғаның уайымдап, мазасыздануы анықталады. Олар ниетпен тығыз байланысты және ауаны ластау үшін ғана қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән - жайлар және Қылмыстық заңның 53 бабында қарастырылғандай жеңілдететін мән-жайлар ретінде енгізілуі мүмкін. Сот кез келген ниет пен мақсатты жазаны жеңілдету ретінде назарға алуы мүмкін, егер бұл құқыққа сай деп танылса.
Қылмыстың субъективтік жағының осыншама тапшы сипаттамасы кез келген қылмыстық әрекеттің қажетті белгісін анықтауға кері әсер етеді. Ең алдымен, тікелей қасақана немесе қылмыстық жеңілтектікпен салыстырудағы сипаттауда ғана белгілерін сипаттау кінәнің бір түрін ғана жанама мақсаттың белгілерін сипаттағанда теоретикалық және практикалық қызығушылықты білдіруі қосымша зерттеуді қажет ететін сұрақтарды қысқартады[5].
Қылмыс субъектісі болып қылмыстық құқық бойынша, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған және сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуға қабілетті тұлға саналады. Бұл қабілеттілік екі жағдайда бұзылады:
1.
Егер тұлға белгілі бір жасқа
жетпесе (Жалпы ереже бойынша
16 жас, бірақ ҚР- ң ҚК-ң 15 бабы
2 тармақта белгіленген тізім
бойынша, кейбір қылмыстық
2. Сот тұлғаны есі дұрыс емес деп таныса, ол үшін екі критерийдің бар болуы керек – медициналық (созылмалы психикалық немесе уақытша психикалық ауытқушылықты, кемақылдық пен басқа да психиканың ауру жағдайының бар болуын болжайды) және заңды (іс - жүзінде мінез - құлқын тану және өз әрекетінің қоғамдық қауіптілігін және оны басқаруға мүмкіндігінің жоқтығын болжайтын) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15 бабында көзделгендей, қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болуы мүмкін. Алайда, теориялық жағынан, қылмыстық құқықта заңды тұлғаның жауапкершілік мәселесі дау-дамайлы болып табылады.
Атмосфералық
ауаны қорғау туралы заңның бұзылу
нәтижесінде келтірілген
Заңды тұлғаның қылмыс субъектісі ретінде танылу мәселесі заң шығарушы деңгейде 1991 жылдан бері қарастырылып келе жатыр . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын алдын – ала қарастырылған кезде бұл мәселе жағымды шешілген еді, бірақ жобаны талқылап, дауыс берген кезде осы ереже өтпей қалды, сөйтіп Қылмыстық заң бұл қатынаста ескі позицияда қалды. Соған қарамастан, бұл берілген мәселенің түбегейлі шешілгендігін білдірмейді, себебі мақсатқа сәйкес келуден басқа мәселені шешудің қажеттілігі Қазақстанның Еуропа Кеңесіне енуімен байланысты осы Халықаралық ұйым нұсқаған ережелермен келісілген шешім қабылдауға міндетті екендігінен туындап отыр.
Оған қоса, берілген қылмыс субъектілері болып тікелей потенциалдық ластаушылар мен жұмыс істейтін адамдар болып табылады. Мәселен, мұнай мен газды тасымалдау жасайтын станцияларда жұмыс істейтін адамдар, транспорттық құрал жүргізушілері, авиаторлар және басқа адамдар.
Атмосфераны ластағаны үшін қылмыстық жазалау.
Экологиялық саясатты жүзеге асырудағы басты орындардың бірін, бұрын да аталып өткендей құқық алады, ол қоғамдағы экологиялық қатынасты жемісті реттеуші ретінде қызмет етуі тиіс. Экологиялық қауіпсіздікке жетуде Қазақстан Республикасы қоғамды қоршаған ортаға оның жағдайы туралы шын ақпаратқа және табиғат қорғаушы заңнама келтірген залалдың айыбын төлеуге адамның құқығы туралы Конституция ережелерінің үлкен мәні бар.
Экологиялық құқықты бұзған
Жазалау мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы бола отырып, мемлекеттің жасалған қылмысқа деген қатынасын анықтайды. ”Әрбір дәуір, әрбір мемлекет, біресе бір, біресе басқа арнайы мақсаттарға тырысады”, - деп жазған еді атақты ғалым Сергеевский ғасыр аяғында. Мемлекеттің берілген белгілі бір уақытта құқықпен қорғалатын мүддесінің қаншалықты маңызды екені оның жасалған қылмысқа жазалаудың қандай өлшемін қолданатынын анықтайды. Оған қоса ауырлықтың дәрежесі бойынша қылмыс белгілі бір түрінің классификациясы қылмыстық – құқықтық нормамен қарастырылған санкциялардың көлемімен анықталады. Бұл қағида жоқтан пайда болған жоқ. Әрекеттің қаншалықты жазаланатына байланысты қылмыстардың топтарға бөлінуі Қазақстан құқығының көне көздерінде боған еді, олар әрекетті бұл критерий бойынша ауыр қылмысқа, қылмысқа және қателікке бөлуді ұсынды. Бұл тенденция Кеңестік қылмыстық құқықта да болған еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің дәрежесі мен сипатына қарай бүкіл қылмыстар төрт топқа бөлінеді. Осы классификацияға сәйкес экологиялық қылмыстардың көбі онша ауыр емес қылмыс болып танылады (өйткені баптың санкциясына сәйкес анықталатын бас бостандығынан айыру түріндегі ең максималды жаза екі жылдан аспайды). Кейбір маманданған құрылымдар ауырлығы орташа қылмыстарға жатады. Тек қана Қылмыстық Заңының 247 бабының 3 тармағы (ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардық бұзылуы) және 292 бабы 3 тармағы (орманды жою немесе зақымдау) бойынша жауапқа тартылатын қылмыс ауыр қылмыс категориясына жатады.
Осы жағдайды талдай отырып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселедегі мемлекеттік саясат туралы күмәнданбай айтуға болады. Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сияқты бүкіл өркениетті әлемде басты болып саналатын ең маңызды құндылықтар біздің мемлекетте, сірә, ерекше, жақсы ойластырылған заңдық жағынан жетілген қорғауды қажет етпейтін шығар. Мен өзім пікірімді айтсам, Қазақстанда қоршаған орта әзірше тек сөз жүзінде қорғалады.
Жазалау институтын қылмыстық құқықта оқып - зерттеудің үлкен мәні бар. Ол қылмыстық құқықтық қорғаушы пәні бола отырып, қылмыстық әрекетті қылмыстық құқықтық зерттеудің қажетті бөлімі болып табылады. Өткен ғысырдың соңында, қылмыстық құқық ғылымының пәнін анықтағанда профессор Таганцев Н.С. былай деп жазған еді: “Қылмысты құқық курсының пәні қылмыстық әрекет конструкциясын зерттеу және солар себеп болатын мемлекеттің жазалаушы әрекеті, қылмыстық әрекеттің жазалануын анықтайтын нормалар жиынтығын зерттеу болу керек”.
Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
2.1.Ормандардың экологиялық маңызы.
Ормандардың
экологиялық маңызы
Ормандардың экологиялық қызметін бағалауда
олардың қоршаған ортаға әсерінің екі
түрін атап көрсетуге болады: биогиохимиялық
және механикалық немесе физикалық. Биогиохимиялық
қызмет әр түрлі физиологиялық процестердің
жүзеге асуы арқылы көрінеді. Механикалық
қызметі биомасса,оның көлемі арқылы,сонымен
қатар алып жатқан ауданы және негізінен
бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда
арнайы қызметі арқылы көрінеді.
Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу
жылдамдығына байланысты. Ұзақ өмір сүретін
ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны
түзуге қабілеттілігіне байланысты,ортаға
әсер ететін фактор болып табылады.
Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі.
Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін
шығару арқылы парниктің эффект мәселесін
шешуде адамдар орман экожүйелерін үміттенеді.
1 т өсімдік өнімі түзілу үшін 1,5-1,8 т көьірқышқыл
газы сіңіріліп,1,1-1,3 т оттенгінің бөлініп
шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға
есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл
газын сіңіріп 5-6 т оттегін бөліп шығарады.
Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан
көп мөлшерінің концентрациясы ағаштардың
биомассасының үлкен болуына байланысты.
Жер шарының өсімдіктерінде жиналған
көміртегінің бүкіл массасының 92% орман
экожүйелерінде жиналған. Құрлықтың басқа
жүйелерінде көміртегінің тек шамамен
7%, ал мұхиттың өсімдік ағзаларында - 1%-дан
кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері
ормандардың өлі органикалық затында,
топырақ гумусында және орман батпақтарының
торфтық қабатында сақталған. Сондықтан,
көміртегінің байланыстыру процестерін
жылдамдату үшін ормандардың ауданын
кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары
қолға алынуы қажет.
Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың
ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты
толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртек
функциясын ғана емес, басқа да көптеген
функцияларының орындалуына әсер етеді.
Ормандардың ауа тазартудағы қызметі.
Атмосферадағы көміртегі балансына әсер
етумен қатар, ормандар ауадағы басқа
да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны
ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру
арқылы да,физикалық тұндыру арқылы да
жүзеге асырылады.
Ормандардың климаттық және метеорологиялық
қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға
да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға
әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын
түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің
өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады.
Осы қасиетіне байланысты ормандарды
топырақты,егіс танабын,жолдарды,тұрғылықты
жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы
мен ылғалдылығы арасында айтарлықтай
айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа
райы кезінде ғана ормандарда 2-5ºС ғана
салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді.
Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ,онда
орманның жарық сүйгіш өсімдіктер белдеуіне
10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен
тұратын орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық
түседі.
Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында
ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы
топырақтың терең қабаттары болса,шөптесін
өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда
құрғақ.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де
әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас
жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі
ағаштардың биіктігіне,тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының
және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың
болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе,
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
ормандар мен су мәселесіне көп көңіл
бөліне бастады. Орман грунт суларын қоректендіреді.
Олар беттік су ағысының көп мөлшерін
жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді
қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің
қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз
етеді. Көктемде және жаздық жауын кезінде
өзендерге су ормансыз жерлерден беттік
ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ
эрозиясының өнімі басқа да агенттермен
ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырып, бетік
ағысты кемітуінің негізгі себебі,ондағы
топырақтың су өткіөгіштігінің жақсы
болуына және оның бетіне ылғалдың біртекті
түсуіне байланысты.
Орман күшті экожүйе ретінде өздігінен
тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне
қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен
сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды
тазарту үшін де қолданады. Орман экожүйелері
судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне
қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған
жауын суының коли-индексі 18-ге тең, ал
45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде
9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5
есе артқан.
Орман кесілгенде,оның су қорғау және
басқа да қасиеттері жойылады. Екінші
реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына
келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.
Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы
суды тазартудағы маңызы зор. Америкада
осы мақсатта гиацинттердің бір түрі қолданылады.
Бізде шахталар мен шайынды суларды тазалауда
қамыс, регоза пайдаланылады.
Анторпогенді қысым жағдайында ормандардың
тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың
қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың
зақымдануымен, тұрақтылығының төмендеуімен,
жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының
жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары
төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид
пен оның туындыларымен ластанудан болады.
Сонымен қатар азот тотықтары, фтор,хлор,
фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай
зин\янды әсер етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар
түрінде, не қышқылдық жауын-шашынға айналғанда
әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы
аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар,
әсіресе қышқылдық жауын түрінде,өсімдіктердің
әр түрлі бөліктерінен биогендік және
басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың
қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен
бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асыт мүшелеріне
минералдар меғн қосылыстардан токсиканттардың
әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті
уландырушылық әсер етеді.
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу
улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар
түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуыда
баяу немесе бірден болуы мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан
жапырақта ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың
себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның
улануы. Сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың
зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның
өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың
қылқандарының санының кемуі жатады. Сондықтан
бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың
әсерінен емен,бук және басқа қатты сүректі
ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ, жапырақты
ағаштар тұрақтырақ. Сондықтан қалаларда,
өндіріс орындарының айналасында олар
қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады.
Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты
ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін
өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы
жоғары. Оларды ластанудың индикаторы
ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен
көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады.
7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген
көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру жасы
қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына
және жасқа байланысты токсиканттарға
деген сезімталдықтың артуына да байланысты.
8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың
шекті рұқсат етілетін концентрациясын
көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды.
Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы
жоғары.
9. Атмосфераның ластануының ормандарға
тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін орманда
– биологиялық іс-шаралар қолданылады.
Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты
түрлері мен формаларын анықтау мен пайдалану,
топырақтың құнарлылығын арттыру, фитоценоздарды
жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару
және т.б жатады.
2.2 Судың экологиялық маңызы
Сулар дегеніміз – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорының жерлері – су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.
Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының міндеттері:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын реттеу;
3) тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;
5)
су ресурстарын зерттеу,
Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады.
Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
Су
объектілеріне мемлекеттік
Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негізделеді:
1)
Халықтың өмірі мен қызметінің
негізі болып табылатын
2) Халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;
3)
Халықтың суға әділ және
4)
Су алуды азайтуға және судың
зиянды әсерін кемітуге
5)
Су объектілерін оларды
6)
Арнайы су пайдаланудың
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;
8)
Қазақстан Республикасының су
заңдарын бұзғандық үшін
9)
Су қорын пайдалану мен қорғау
жөніндегі міндеттерді шешудің
жариялылық және оларға
10)
Қазақстан Республикасы су
11)
Халықаралық нормалар мен
Қорытынды.
Сонымен курстық жұмысымның тақырыбы болған, “Экологиялық қылмыстар : түсінігі мен мәні” мәселесін жүйелі түрде талдау барысында, кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсат міндеттерге қол жеткізе отырып мынадай ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделген ой-қорытындысына келдім:
Экологиялық қылмыстың түсінігіне келсек, сонымен, Экологиялық қылмыс деп - қылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі..
Экологиялық қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Бұл курстық жұмыстың өзіндік ерекшеліктері
жүйелі түрде сипатталып, қажет болған
жерлерінде практикамен байланыстырылып,
өмірдегі болған нақты фактілі мәліметтер
жиынтығымен бекітілді. Ал жалпы қорытынды
жасайтын болсақ, экологиялық қылмыстар
үшін қылмыстық жауаптылық, тұтастай бір
бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы
әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың
бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға
септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.