Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 22:58, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Экологиялық қылмыстар».Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
Экологиялық қылмыстың түсінігі.
Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
Экология заңдарын бұзудың белгілері.
Атмосфераның ластануы.
Ормандардың экологиялық маңызы.
Судың ластануы.
Негізгі бөлім
I. Экологиялық қылмыстың түсінігі.
1.1 Экология заңдарын бұзудың түсінігі.
1.2 Экология заңдарын бұзудың белгілері
II. Атмосфераның ластануы
2.1 Ормандардың экологиялық маңызы.
2.2 Судың ластануы.
Практикалық жұмыстар.
Қосымша.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Заңды тұлғалар және азаматтар
қоршаған табиғи ортаға зиян
келтірген, азаматтардың
1.2 Экология заңдарын бұзудың белгілері.
Экологиялық құқықтық бұзудың 4 белгісі бар:
1) тәртіп бұзудың кінәсі-бұл қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақана құқық бұзушылыққа көбінесе заңсыз аң аулау, балықтарды заңсыз ұстау, орманды заңсыз кесу және т.б жатады.
2) Заңға қарсы бағыт-табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды қасақана бұзады.
3) Қоғамдық қауіптілік - бұл жеке адам мен заңды тұлғалардың айналадағы қоршаған табиғи ортаға келтірген зияннан көрінеді.
4) Жазаланатындығы- бұл заң бұзушыға заңдық жауаптылық шаралары қолданылатындығын білдіреді.
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, табиғат пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және изаңды тұлғалары жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың объективтік жағы 3 түрлі: элементпен мінезделеді.
1) Құқыққа қайшы мінез-құлық
2) Экологиялық зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупі.
3) Құқыққа қайшы мінез-құлық пен нақты зиян келтіру қаупі арасындағы себепті байланыс.
Экологиялық
құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
заң бұзушының іс-әрекеті
Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органның заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:
1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;
2) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
3) экологиялық қылмыстар жатады.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздері келтірген залалды Экологиялық Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өтеуге міндетті.
Мыналардың:
1) табиғи ресурстарды жою мен бүлдірудің;
2) табиғи ресурстарды өз бетімен және ұтымсыз пайдаланудың;
3) қоршаған ортаны өз бетімен ластаудың, оның ішінде авариялық, келісілмеген жаппай шығарындылар мен төгінділердің, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырудың;
4) қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залал өтелуге тиіс.
Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеуі ерікті түрде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша жүргізіледі. Зиян жәбірленушінің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі, оның емделуіне және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, аурудың күтіміне байланысты шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескеріле отырып, толық көлемде өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу ерікті түрде немесе жүргізілу тәртібі Экологиялық Кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негізінде сот шешімі бойынша жүргізіледі.
Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіптілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірген зиянды өтеуге міндетті.
Қазақстан
Республикасының экологиялық заңнамасын
бұзу нәтижесінде келтірілген моральдық
зиян Қазақстан Республикасының азаматтық
1. Қоршаған ортаға зиян келтірген тұлға келтірілген залалды ерікті түрде жоюға не өзгеше тәсілмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы міндеттемесі кепілхатта жазылуға тиіс.
2. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдері есебінен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Зиянды өтеудің құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіруге, табиғи ресурстарды толықтыру жөніндегі іс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.
4. Тараптардың келісімімен сот шешімі бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуі мүмкін.
5. Зиянды өтеудің заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтірілгенге дейінгі жай-күйін қалпына келтіру, жойылған не бүлінген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөніндегі шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтірілген зиянды өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен көлемін регламенттейтін шарт және (немесе) келісім жасасу жолымен жүргізіледі.
6. Зиянды өтеудің өндіріліп алынатын сомасы мемлекеттік бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жәбірленуші тұлғаға аударылады.
7. Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтірген тұлғаны әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.
Экологиялық дауларды шешу тәртібі:
1. Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шешеді.
2.
Экологиялық құқықтық қатынастар субъектілері
арасындағы экологиялық даулар келіссөздер
арқылы, оның ішінде сарапшыларды тарта
отырып не тараптардың бұрын келісілген
дауларды шешу рәсіміне сәйкес шешілуі
мүмкін.
II. Атмосфераның ластануы.
Қылмыстың субъективтік жағын анықтау қиын, себебі кінәлінің психикасында өтетін процесстермен сипатталады және ол адамның сезім мүшелерімен қабылданбайды. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын ашу үшін келесі заңи белгілер қажет, олар: кінә, ниет, мақсат және сезім. Азаматтық құқықта жасаған әрекетінде кінә болмаса да қоршаған ортаға келген зиян өтеледі, ал қылмыстық жауапкершілік тек қана қылмыскер әрекетінде кінә болған кезде ғана туындайды. [1]
Қылмыстық құқықтық ғылым бойынша жасаған әрекеті үшін тұлға толық жауапкершілікке тартылуы керек, бірақ өз еркімен толық игере отырып, түсініп, шешім қабылдап жасаған болу керек.
Тұлғаны кінәлі деп тану- ол әрекетті қасақана немесе абайсызда жасады деп тану. Заң мен тәжірибе жүзінде ең жиі кездесетін кінәнің қасақана нысаны. Қылмыскердің іс- әрекеттеріндегі нақты ниет экологиялық қылмыстардың кейбір құрамдарында бар болуын мойындауға болады, атмосфераны қылмыстық ластау кезінде кінәні тура ниет нысанында екенін мойындау мүмкін емес. Әдетте, атмосфераның ластау кезінде қылмыскер өзінің іс әрекетінен зиянды салдардың басталу мүмкіндігін біледі, іс - әрекетінің қоғамға зиянды екенін сезеді, бірақ онда жануарлар дүниесіне, балық қорларына, тоғай немесе ауылшаруашылыққа зиян келтіру мақсаты болмайды. Ал егер осындай салдардың болуын тілесе, іс- әрекетті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 171 бабы бойынша (диверсия) саралау мүмкіндігі туралы айтуға болады. Себебі бұл баптың диспозициясында көзделген іс- әрекеттің нысанының бірі - “халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін объектілердің категориясын жоюға немесе зиян келтіруге бағытталған іс- әрекеттер, ал заң атмосфералық ауаны осы категорияға жатқызды. Бұл жағдайда саралаудың дұрыстығы туралы сұрақты шешу үшін қылмыс жасаудың мақсатын ескеру қажет, себебі диверсия жасау кезінде міндетті, саралаушы белгінің бірі тікелей бағытталған қасақаналық болып табылады. Әдетте, атмосфералық ауаны қылмыстық ластаудың мақсаты өндіріс қалдықтарынан, зиянды заттардан және т. б. құтылу қажеттігі болып табылады. Ауаны қылмыстық ластау жанама ниетпен жүзеге асырылуы мүмкін, яғни егер тұлға өз іс-әрекетінін (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады[2].
Атмосфералық ауаны ластаушы тұлғалардың қылмыстық қызметіндегі абайсыз кінәлі болу формасына тоқтасақ, бұл категорияның қылмыстары қылмыскер салдардың болмайтынына үміттенгенімен немесе бұл салдардың болатынын білуі керек болғанымен, білмегендігінен жасалады.
Абайсыздан жасалған әрекет Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 19 бабының 4 тармағы жағдайында көрсетілген, бұл Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 282 бабы бойынша қылмыстық жаупкершілікке әкелетін көптеген әрекеттерді декриминализациялайды [3]. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін Қылмыстық заңның 282 бабының диспозициясына кінәнің абайсыз нысанына байланысты нұсқау кіргізу керек. Соттық тәжірибе дәлелдейтіндей, экологиялық қылмыстар өте жиі қызметтік ережелерді бұзу нәтижесінде жасалады, ал табиғи объектілерге зиян келтіру, әдетте, жиынтықтар түрінде сараланады.
Кінәнің
абайсыз нысаны туралы Қазақстан
Республикасының Қылмыстық
Кейбір ғалымдар қылмыстың субъективтік жағын, олардың ойы бойынша, ниет пен мақсатты қамтитын кінәмен теңестіреді.[3] Бірақ бұл оймен келісу қиын, себебі кінәні талдау кінәлінің қылмысты неге және не үшін жасаған деген сұрақтарға жауап бермейді. Қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық заңнама дәлелдеу пәнін құрайтын жағдайлар ішіндегі ниеттерді дәлелдеуді талап етеді. Қылмысты жасаудағы кінә сипатынан басқа Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ”Сот үкімі туралы” қаулысында қылмыс ниеттері мен мақсаттарын нақты анықтауды талап етті.
Тергеу және соттық қызметте
кінә нысаны мен түрін
Қазіргі
заңнама ауаны қылмыстық
Қылмыстың мақсаты болып, тұлға қылмыс жасаған уақытта қол жеткізуге тырысу нәтижесі табылады. Ауаны ластау қылмыс жасалуының мақсаты заңда белгіленбеген, сондықтан ол қылмыстың саралануына ықпал етпейді. Теоретикалық болжау жасағанда, ол жағдайды ауырлату ретінде жазаны тағайындауға ықпал етуі мүмкін. Қылмыстық заңның 54 бабы 1 бөлімі “е” тармақшасында қылмысты басқа бір қылмысты жасыру мақсатында жасау немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында жасау қарастырылады.