Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, бұлғаңдататын, бастамалар мен жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер ретінде қарастырылады. Сондықтан болар,Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу табылады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ
1.1. Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негізгі мәселелері
1.2. Қазақстандағы сыбайлас жемкорлықпен күрес саясатының негізгі бағыттары
2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР
2.1.Мемлекеттiк органдардың Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі өкiлеттiлгi мен мәртебесi
2.2. Мемлекеттік басқару органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерi ретінде
2.3. Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi қарау практикасы туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС.docx

— 39.91 Кб (Скачать)

          "Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк  бағдарламасы туралы" Қазақстан  Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы  5 қаңтардағы N 534 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы күрес жүйелi және кешендi сипат алды. Мәселен, орталық мемлекеттiк органдардың функцияларының бiр бөлiгiн өңiрлерге және жекеше секторға кезең-кезеңмен бере отырып, олардың функцияларын бiртiндеп орталықтан алу жүзеге асырылуда, монополия саласы қысқартылуда және мемлекеттiк қызметтер көрсету саласында бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасалуда, халыққа қызмет көрсету кезiнде "жалғыз терезе"қағидаты енгiзiлiп отыр.

 

 

 

 

 

2. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР

 

2.1.Мемлекеттiк органдардың  Сыбайлас жемқорлықпен күресудегі  өкiлеттiлгi мен мәртебесi

 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 23 желтоқсандағы 
N 1686 Жарлығымен қабылданған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасыгың мақсаттары болып:

- сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы күрес аясында  ортақ мемлекеттік саясат жүргізу;

- қоғамның  мемлекетке және оның институттарына  сенімді одан әрі нығайту;

- сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы әрекеттерді  белсендендіру жолдары арқылы  мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету шаралар жүйесін  одан әрі жақсарту.

Сыбайлас жемқорлықтың жоғарғы  деңгейі  ұлттық қауіпсіздікке нақты  және күрделі кедергілер алып келуі  мүмкін.

Қазақстан Республикасы экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қүресуге мәжбүр, өйткені алдағы мақсат - әлемнің 50 дамыған елдері қатарына кіру. Ал экономикадағы жетістіктерге  құқықтық мемлекеттің қызмет етуінің  негізгі қағидаларының бірі болып  табылатын занның жоғары болу қағидасын  күшейтумен байланыстыруға болады.

Қазақстан Республикасының ұлттық заң бойынша азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының  ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың  жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын  жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту  арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк  мiндеттердi атқаратын лауазымды  және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық  бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың  пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына  деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын  адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар  жасауға да бағытталған.

Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын  адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк  және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан  немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа  байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып  табылады.

Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан  Республикасының Конституциясымен және мемлекеттiк заңдарымен, оның басқару  органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

Мемлекеттік органдардың бақылау  және қадағалау міндеттері - заңдармен  уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың  Қазақстан Республикасының заң  актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын  қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері  мен жағдайларын анықтау мен  жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың  бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл  әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік  актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) барлық лауазымды адамдар,  Парламенттiң және мәслихаттардың  депутаттары, судьялар;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк  қызмет туралы заңдарына сәйкес  барлық мемлекеттiк қызметшiлер  жатады.

Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына  сайланған адамдар;

2) заңда белгiленген тәртiппен  Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi  мен мәслихаттардың депутаттығына  кандидаттар ретiнде тiркелген  азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының  мүшелері;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында  тұрақты немесе уақытша жұмыс  iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк бюджет  қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттiк ұйымдарда және  жарғылық капиталында мемлекеттiң  үлесi кемiнде отыз бес процент  болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн  атқаратын адамдар теңестiрiледi.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк  мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды  немесе оларға теңестiрiлген адамдарды  сатып алуды жүзеге acыpушы, сол  сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын  адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен  мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн  тiкелей атқару үшiн Қазақстан  Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.

         

 

2.2. Мемлекеттік басқару  органдары сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық субъектiлерi  ретінде

 

Барлық мемлекеттiк органдар мен  лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару  органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды  және онда көзделген тәртiптiк шараларды  қолдануды, кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi осыған тарта отырып, қамтамасыз етедi.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды  және олардың жасалуына айыпты адамдарды  жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде  прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, салық, кеден және шекара қызметтерi, қаржы полициясы мен әскери полиция  органдары жүзеге асырады.

Осы аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен  туындайтын шараларды қолдануға  және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына  дереу жiберуге мiндетті.

Ocы аталған лауазымды адамдар  мен органдар сыбайлас жемқорлық  қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар  жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы,  ұсынымды жолдаған адамға немесе  органға заңдарда белгiленген  мерзiмде оларды қарау нәтижелерi  туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

 Қазақстан Республикасының  Президентi сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк  орган құруға, оның мәртебесi мен  өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.

Лауазымды және мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген өзге де адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде  жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған  адамдарды қоспағанда) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен  басқа ақы төленетiн қызметпен  айналысуға тыйым салынады.

Аталған адамдардың кәсiпкерлiк қызметпен  айналысуына, егер шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқару немесе басқаруға  қатысу заңдарға сәйкес оның қызметтiк  мiндетiне кiрмейтiн болса, шаруашылық жүргiзушi субъектiнi басқаруға дербес қатысуына, материалдық игiлiктер алу мақсатымен өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн заңсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға жәрдемдесуiне тыйым салынады.

Салық органына келiп түсетiн, осы  бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк  құпия болып табылады. Оларды жария  ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық  жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер Заңның аталған органдардың, сондай-ақ соттың сұратуы бойынша  ғана заңда белгiленген тәртiппен табыс  етiледi.

Каржы бақылау шаралары Қазақстан  Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын  меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн  құрылыс материалдарын сатып  алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк  бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстанның 2030 
жылға дейiнгi Даму стратегиясын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi Заңын, "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 10.25-тармағын iске асыруға бағытталған. Еңбек пен қаржы ресурстарының теңгерiмдiлiгi және iс-шаралардың қосарлас жүргiзiлуiн болдырмау мақсатында осы Бағдарлама "Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканың ауқымын қысқарту жөнiндегi экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға арналған негiзгi бағыттары" және "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес" бағдарламаларымен үйлестiрiлген.

 

2.3. Соттардың сыбайлас жемқорлыққа  байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық  iстердi қарау практикасы туралы

Соттардың лауазымды тұлғалардың  сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды  жасағаныүшiн қылмыстық жауапкершiлiк  туралы заңнаманы дұрыс қолдануы сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн төмендетудi, қоғамның мемлекетке, оның институттарына деген сенiмiн нығайтуды, соттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тiкелей қатысатын құқық қорғау органдарының жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi.  
      Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар туралы қылмыстық iстердi қараудың практикасын талқылай келiп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы республика соттарының аталған санаттағы iстердi негiзiнен дұрыс шешiп келе жатқанын және кiнәлi адамдарға әдiл жаза тағайындап отырғанын атап көрсетедi. 
        Сонымен қатар, соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасаған адамдардың iс-әрекеттерiн заң тұрғысынан дәрежелеуде елеулi қателiктерге жол берiп отыр, оның субъектiлерiн анықтауда бiрыңғай практика жоқ, заңның кiнәлi адамдарға жазаның түрi мен мөлшерiн тағайындауда қатаң жеке-дара тұрғыдан қарау керектiгi туралы талабы барлық iстер бойынша сақтала бермейдi.  
        Соттар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды әрдайым терең әрi жан-жақтылы анықтап отырмайды, қажет болған жағдайларда жеке қаулылар шығармайды. 
        Орын алған кемшiлiктердi жою және аталған санаттағы iстер бойынша сот қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы 
Сотының жалпы отырысы қаулы етедi:  
      1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiне елеулi зиян келтiретiнiне соттардың назары аударылсын, сондықтан осы санаттағы iстердi дұрыс және өз уақытында қарау олардың құқықтық қорғалуын шынайы қамтамасыз етудiң аса маңызды шарттарының бiрi болып табылады.  
     2. Лауазымды тұлғалардың өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн басқа адамдардың мүддесi үшiн пайдалана отырып, олардан мүлiктiк және өзге де 
игiлiктер мен артықшылықтарды өзiне және басқа да адамдар үшiн заңсыз алуына байланысты қылмыстық жазаланатын қасақана әрекеттерiн сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар деп ұғыну қажет.                              Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды бұл адамдарға құқыққа қайшы беруi арқылы олардың өз мүддесi үшiн әрекет жасауына ықпал етуiн жатқызу қажет.  
      3. Мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, республиканың қарулы күштерi мен басқа да әскери құрамаларының және әскерлерiнiң лауазымды адамдары, сондай-ақ жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамдар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектiлерi болып табылады. Соттар аталған лауазымды тұлғаларды өз мүддесi үшiн әрекет жасату мақсатында оларға мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қайшы беретiн жеке тұлғалардың да сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар субъектiлерiнiң қатарына жататынын ескергендерi жөн.  
      4. ҚК-нiң 307-бабында көрсетiлген Ескертуге сәйкес, тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы 
не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында ұйымдық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар, лауазымды тұлғалар деп 
танылады.  Мемлекеттiң мiндетiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында , Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленетiн қызметтердi атқаратын адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес саяси мемлекеттiк қызметкерлердiң лауазымдарында iстейтiн адамдар жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адамдар деп түсiнiледi. 
     5. Қылмыстық қудалау органдары әрекеттердi сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жатқызу туралы мәселе шешiлуi үшiн лауазымды тұлғалардың функциялары мен өкiлеттiктерiн растайтын мәлiметтердi анықтауы және бұл туралы айыптауды тұжырымдау кезiнде iс жүргiзу 
құжаттарында көрсетулерi қажет. Соттар лауазымды тұлғалардың кiнәсi туралы мәселенi шеше отырып, олардың қызметтiк өкiлеттiктерiне, олардың өз мәртебесiн және соған байланысты мүмкiндiктердi пайдакүнемдiк мақсатта пайдалануына қатысты мәселелердi жеткiлiктi түрде толық анықтаулары қажет.  
      6. Соттар ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк мiндеттер деп, лауазымды тұлғалардың ұжымға басшылық ету, кадрларды iрiктеу және орналастыру, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру, еңбек тәртiбiн сақтау, 
ұжымның алдына қойылған мiндеттердi орындау және т.б. жөнiндегi өкiлеттiктерi түсiнiлетiнiн ескергендерi жөн. Лауазымды тұлғалардың әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерi, әдетте, мемлекеттiк мүлiктi басқару және оған билiк жүргiзу, оны сақтау, сату, мемлекеттiк органдарда немесе жергiлiктi өзi-өзi басқару органдарында, тиiстi мекемелер мен әскери құрамаларда осы операцияларға бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктермен ұштасады. Соттар, лауазымды тұлғаның атқарып отырған қызметiне қарай, ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк шаруашылық мiндеттерiнiң қатар болуы мүмкiн екенiн назарда ұстаулары қажет.  
     7. Мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды алу деп, қылмыс субъектiсiне жататын лауазымды тұлғаның ақысы төленуге тиiстi әр түрлi қызметтердi ақысыз қабылдауын, не меншiктену үшiн артықшылық құқық 
беретiн жеңiлдiктердi пайдалануын, құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргiзуiн, санаторлық немесе туристiк жолдамалардың, жол жүру билеттерiнiң, жеңiлдетiлген шартпен қарыздардың немесе кредиттердiң берiлуiн және т.б. түсiну қажет.  
      8. Соттар, ҚК-нiң 311-бабында көрсетiлген 2-Ескертуге сәйкес, лауазымды тұлғаның мүлiктi, мүлiктi иемдену құқығын немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы, бұрын жасалған заңды iс-әрекет (әрекетсiздiк) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда, егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, маңызы болмашы жағдай екендiгiне байланысты, қылмыс болып табылмайтынын және тәртiптiк ретпен қудаланатынын ескерулерi қажет.  
      9. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды субъектiсi лауазымды тұлға болып табылатын өзге қылмыстардан ажырата бiлу қажет. Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс кезiнде лауазымды тұлғада өзiнiң қызмет бабын басқа адамның мүддесi үшiн пайдаланып, олардан мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтарды өзiне және басқа да 
адамдар үшiн алумен ұштасатын қасақана заңсыз iс-әрекет жасау мақсаты болатынын ескеру қажет. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мән-жайлар болмаған жағдайда, қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктердi асыру, қызметi кезiндегi әрекетсiздiк және мемлекеттiк қызметтiң мүдделерiне қарсы жасалған басқа да қылмыстар сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға жатпайды.  
      10. Лауазымды тұлғаның "өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып" деген белгi бойынша дәрежеленетiн өзге де қылмыстар жасауы, аталған адамдар мүлiктiк игiлiктер мен пайданы басқа адамдардан емес, өздерiнiң материалдық пайданы заңсыз алуға бағытталған бастапқы iс-әрекеттерiнiң (мысалы: өзiнiң қызмет бабын пайдаланып бөтеннiң мүлкiн иемдену және т.б.) нәтижесiнде алатындықтан, сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыс 
болып табылмайды.  
      11. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстардың аса қауiптi көрiнiсiне лауазымды тұлғалардың осы қылмыстарды бiр топ адам болып, қорқыту жолымен жасауын, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың, қылмыстық қауымдастықтардың құқыққа қайшы мүдделерiн қанағаттандыру 
үшiн олардан материалдық және өзге де игiлiктер мен артықшылықтарды алу мақсатында жасауын жатқызуға болады.  
      12. Сыбайлас жемқорлық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлықпен күреске өзге де түрде жәрдемдескен адам заңға сәйкес мемлекет қорғауында болады. Сондықтан соттар, мүлiктiк игiлiк пен артықшылықты берген адам, егер лауазымды тұлға тарапынан оған қатысты қорқыту орын алса немесе егер бұл адам қылмыстық iс қозғауға құқығы бар органға өзiнiң сатып алу әрекетiн жасағаны туралы өз еркiмен хабарласа, онда қылмыстық жауапкершiлiктен босатылатынын назарда ұстаулары қажет.  
      13. Заңның сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарға кiнәлi деп танылған адамдарға жаза тағайындауға жеке-дара тұрғыдан келу туралы қағидасын соттар қатаң орындаулары қажет. Аса қауiптi қылмыс жасаған кiнәлi адамдарға қатаң жазалау шарасын тағайындаумен қатар, қылмысты алғаш рет жасаған, қоғамға үлкен қауiп тудырмайтын, қоғамнан оқшауламай-ақ түзеле алатын адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты 
емес жазалау шарасын қолданудың заңмен берiлген мүмкiндiгiн кеңiнен пайдаланулары қажет. ҚК-нiң 53-бабының бiрiншi бөлiгiнiң тармағында көрсетiлген қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар болған кезде,соттар жазаның ең жоғарғы мерзiмi мен мөлшерiнiң 
шектерiн сақтай отырып, жазаны ҚК-нiң 53-бабының төртiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес тағайындаулары қажет. 
 

Информация о работе Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық туралы