Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсінігі, міндеті, жүйесі және қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 21:02, лекция

Описание работы

Қылмыстық құқық, құқықтық сала негізгілерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмысы үшін, қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, оған тең қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттарын анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Басқа да құқықтар сияқты, ол белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Біріншіден — бұл мемлекет атынан болатын сот және құқық қорғау органымен және қоғамға аса қауіпті қол сұғушылық жасаған азаматтардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар.

Работа содержит 1 файл

1- Такырып.doc

— 67.00 Кб (Скачать)

   Қылмыстық құқықтың келесі материалды қайнар көзі болып, жалпы жұрт таныған халықаралық  құқықтың нормалары болып табылады. Халықаралық келісімдер қылмыстық-құқықтық сипаттағы шарттар, Қазақстан территориясында қолданылмайды, біріншіден, халықаралық келісімдер (конвенциялар) қылмыспен күресуде олардың, яғни қылмыс белгілерін ашып көрсетпестен мемлекет олармен күресуде ынтасын ғана білдіреді; екіншіден, қылмыстың белгілерін анықтағанымен де, келісімдер ережеде көрсетілгендей қылмыстың санкциясын белгілемейді (мысалы, 1970 жылы әуе кеңістігі көлігін заңсыз қолға түсірумен күресу Конвенциясы «Әрбір мемлекет келісімге сәйке осындай қылмыстар үшін ең қатал жазаның түрін қолдануды міндетке алады» деп белгіледі); үшіншіден, халықаралық келісім жазаның түрін белгілегенмен де, олардың жазасының мөлшері мен мерзімі анықталмағандықтан қолдануға болмайды.

   Сонымен, қылмыстық-құқылық норманы құрайтын халықаралық келісімдер (конвенция шешімдері), тәжірибеде тек қана Қылмыстық кодекстің ережелеріне енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Мемлекет, конвенцияның ережелеріне қосыла отырып, өзінің ұлттық заң атқарушылығына сәйкес өзгертулер енгізе алады. Кейбір қылмыстық-құқықтық нормалар, халықаралық құқықтың нормаларына тікелей сілтеме жасайды, мысалы, ҚК-тің 6-бабы 3 және 4-бөлігі, 7-баптың 2, 3 және 4-бөлігі, 158-ші және 159 баптар және т.б. Сондықтан халықаралық құқықтың нормалары, Қазақстанның қылмыстық құқында формальді емес, керісінше материалды қайнар көзі болып табылады.

   Қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің бірі ретінде, жеке талдауды талап ететін мәселенің  бірі соттық прецедент (үлгі іс) болып  табылады. Ұзақ уақыт аралығында қылмыстық құқық ғылымында қылмыстық құқықтың қайнар көздерінің қатарына  соттық прецедентті қолданбау тезистері орын алған, бірақ нақты өмірде, тергеу немесе сот тәжірибесінде оларды қолдану, қылмысты дәрежелеуге және төменгі тұрғыдағы соттың — жоғарғы сот инстанциялары тәжірибесін пайдалануы құқықты қалыптастырудың бір тәсілі екендігін дәлелдей алады. Соттық прецедентті арнайы түрде қабылдаудың алғашқы қадамы Конституцияның 4-бабы 1-бөлігінде орын алды, яғни Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелердің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Соттық прецедентті, қылмыстық құқықтың материалды көзі болып табылатындығын мақұлдауға болады, себебі, Жоғары Соттың нормативтік қаулылары қылмыстық заңда талқылануы ерекше, арнаулы орын алады. 
 

   3. Қазақстан қылмыстық  құқығы қағидалары

    

   Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы Конституцияға сүйене отырып, бірқатар қағидаларды қылмыстық заң атқарушылығының алдында іске асыру мүмкіндігін қойып отыр.

   Қылмыстық құқық өзінің алға қойған барлық міндеттерін  тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық қағидаларды (принциптерді) сақтау арқылы ғана жүзеге асыра алады.

   Бірінші кезекте — заңдылық қағидасы, яғни қылмыстылық және жазалылық тек  қана қылмыстық заңмен анықталады. Конституцияның 77-бабы 3-бөлігі 10-тармағында айтылғандай «қылмыстық заңды ұқсастығына  қарай қолдануға жол берілмейді» делінген. Осы қағида ҚК-тің 9-бабы 1-бөлігінде бекітілген. Бұл қағиданы, тәжірибеде қоғамға қауіпті болса да, бірақ жасанды белгілері бар болғандықтан және де қылмыс құрамы белгілеріне сәйкес келмейтін іс-әрекеттерге қолданса заң-қылмыстық заңдарда тікелей көрсетіледі және оларға тиісінше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңды арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті қылмысқа жатпайды.

   Қылмыстық құқықтың келесі бір қағидасы —  азаматтардың заң алдындағы теңдігі  болып табылады (Конституцияның 14-бабы). ҚК-тің 14-бабы екінші бөлігінде былай деп айтылады, «Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей».

   Қылмыстық құқықтың маңызды қағидаларының  бірі болып, қылмысы үшін кінәлі жауаптылығы  — қағидасы табылады. Осы қағидамен  сәйкес ҚК-тің 19-бабы, адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. ҚК-тің 23-бабында жазықсыз зиян келтірудің түсінігі берілген. Қылмыстың зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінәсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып табылмайды делінген.

   Кінәлі  жауаптылық қағидасымен тікелей  байланысқан және одан туатын — жеке кінәлілік жауаптылығы қағидасы болып табылады. Осыған сәйкес ҚК-тің 14-бабында айтылғандай, қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, заңда белгіленген жасқа толған жеке адам ғана тартылады, екіншіден, адам тек қана жеке өзі жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін жауап беруі. Осы қағиданың сипатталуы әсіресе, қылмысқа қатысушылардың жауаптылығын анықтауда айқындалынады (ҚК-тің 29, 30-баптары).

   Қылмыстық құқықтың негізін салушы қағидаларының  бірі болып — әділеттілік қағидасы шығады. Бұл қағиданың мәні сол, адамды қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тартуы кезінде қолданылады. Демек, (ҚК-тің 52-бабы) жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі. Сонымен қатар (ҚК-тің 3-бабы), бір қылмысы үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

   Конституцияға қатысты, қылмыстық құқықта тағы бір қағиданың бірі болып —  ізгілік қағидасы орын алады. Конституцияның 1 бабы, жалпы ережелері бойынша  Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Міне, осыған байланысты заң атқарушылықта нақты бір конституцияның шеңберінде нормаларды жүзеге асыра алады. Конституцияның 17-бабы 2-бөлігіне сәйкес «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп белгіленген. Осы анықталынған конституциялық норма  ҚК-тің 38-бабы 2-бөлігі бойынша, жаза тағайындауда нақты айқындалған («Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді»). Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға өзінің Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қорғауға тікелей жағдай туғызады. Ізгілік қағидасын дұрыс іске асыру қылмыстық заң міндеттерін жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

   Жеке  талдауды қажет ететін қылмыстық  құқықтың тағы бір қағидаларына — қылмыстық жауаптылық пен жазадан бұлтармау (таймау) қағидаларын жатқызуға болады. Заң атқарушы мұндай, бұлтармау қағидасын қылмыстық кодексте нақты атап айтпаған. Қылмысы үшін кінәлі адамға, қылмыстық жауаптылық пен жазаны қолдануды жариялағаннан кейін заң атқарушы қылмыстық жауаптылық пен жазаны немесе басқа да әсер ету шараларын қолдануға жатады (міндетті). Қазақстан Республикасы қылмыстық заңында мараптау нормалары болуы себебінен, кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылық пен жазаны қолдануда бұлтармау қағидаларын іске асыру институты, әлсіз түрде орындалу белгілері бар. Яғни, бұлтармау қағидаларына мынадай мараптау негіздері әсер етеді: шын өкінуіне байланысты немесе үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату тағы басқалары жатады.

   Сондықтан қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолданудағы бұлтармау шараларын  іске асыруда заңның құқық қолдануы кезінде болатын негіздерге сәйкес тек қатаң түрде мән-жайлардың  болуы себебімен, жоғарыда айтылғандай өзгертуі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсінігі, міндеті, жүйесі және қағидалары