Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсінігі, міндеті, жүйесі және қағидалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 21:02, лекция

Описание работы

Қылмыстық құқық, құқықтық сала негізгілерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмысы үшін, қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, оған тең қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттарын анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Басқа да құқықтар сияқты, ол белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Біріншіден — бұл мемлекет атынан болатын сот және құқық қорғау органымен және қоғамға аса қауіпті қол сұғушылық жасаған азаматтардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар.

Работа содержит 1 файл

1- Такырып.doc

— 67.00 Кб (Скачать)

1-тарау. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсінігі, міндеті, жүйесі және қағидалары 

   
  1. Қазақстанның  қылмыстық құқығының  түсінігі, міндеттері және жүйесі

   Қылмыстық құқық, құқықтық сала негізгілерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен  белгілерін, қылмысы үшін, қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, оған тең қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың шарттарын анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы. Басқа да құқықтар сияқты, ол белгілі бір қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. Біріншіден — бұл мемлекет атынан болатын сот және құқық қорғау органымен және қоғамға аса қауіпті қол сұғушылық жасаған азаматтардың арасындағы қоғамдық қарым-қатынастар.

   Қылмыстық құқық қоғамды реттеумен қатар  адамды, қоғам мен мемлекетті қылмыстық  қол сұғушылықтан қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтер қылмыс жасауды, қылмыстық-құқықтық тыйым салуды заңда жариялаумен қатар, реттеу қызметін жүзеге асыру арқылы қылмысы үшін кінәлі адамдарға жазаны қолдануымен іске асырылады. Жалпы және арнайы ескерту сияқты (ҚК-тің 38-бабы 2-бөлігі) заңда белгіленген жазаның мақсаттарына жете отырып қылмыстық-құқық, сонымен қатар қоғамдық қатынасқа аса ауыр зиян келтіретін басқа да қылмыстарды болдырмауды немесе алдын алу қызметтерін атқарады. Басқаша сөзбен айтқанда қылмыстық құқықтың реттеуші және қорғау қызметі бір-бірімен тығыз байланысты.

   Қылмыстық-құқықтық реттеу және қоғамдық қатынасты қорғау, — күштеуден, яғни қылмыстық заңда  көрсетілген әсер ету шараларын, қылмысы үшін кінәліні қылмыстық  жауаптылыққа тартудан тұратын негізгі  әдісі болып табылады. Сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық заңмен қайшылыққа түсіп қалған адамның, сол қайшылықтан шығып кете алатын мәселелерді шеше алатын марапаттау әдісін де қолдана алады. Мемлекет кінәлі адамды үлгілі тәртібін ескеруге міндеттелуді, жауаптылық пен жазадан толық немесе ішінара босатуды, немесе жеңілдетуді (қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату негіздерін көрсететін нормалар, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар) іске асыра алады1.

   Қылмыстық құқықтың мазмұны мен өзіне тән  сипаттарына қарай алдына қойылған мақсаттарымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 2-бабының 1-бөлігінде осы кодекстің міндеттері айқындалған. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігінен қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Осы баптың екінші бөлігіне сәйкес, бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.

   Сонымен қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері — жоғарыда айтылғандай әлеуметтік бағалы мүдделерді қорғау және қылмыстың  алдын алу, болдырмауды (профилактика) көздейді. Қылмыстың алдын алу заңда негізгі мақсаттардың бірі ретінде сақтандыру функцияларымен тығыз байланысты болады. Осы екі міндеттердің мазмұны, қоғамдық қатынастарды қорғау, басқа да жаңа қылмыстарды болдырмау, қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.

   Заң әдебиеттерінде, қылмыстық-құқықтық тәрбиелік  міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған.2 Мұнымен біздің келісуіміз керек сияқты. Себебі, азаматтардың заңға бағынышты болуы, моральдік қарым-қатынас тәртіптерін реттеуі, барлық құқықтық салалардың алдында тұрған міндет. Сондықтан қылмыстық құқық азаматтық, әкімшілік тағы басқа құқықтық салада, яғни тұрғындарға тәрбиелік мәні бар әсер ету шараларын қолдануы қажет. Қылмыстық кодекстің осы аталған міндеттері тікелей көрсетілмеген. Алайда ҚК-тің 38-бабы 2-бөлігін талдай отырып, яғни әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыруда тәрбиелік шаралардың бар екендігін нақты аңғаруға болады. Бұл мақсаттарға жетуде әрине нәтижесі бар тәрбиелік әсер етудің ықпал етуі себептерімен байланысты екендігін көреміз.

   Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімді құрайтын иерархиялық құрылысымен  сипатталады.

   Жалпы бөлім — Қазақстан Республикасы қылмыстық заң атқарушылығы нормаларын құрайтын, олардың міндеттері мен  қағидаларын анықтайтын, яғни қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық  заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық  жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық іс-әрекетті жоятын мән-жайлардың түсінігі, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары, қылмысқа қатысудың ұғымы және нысандары, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың және тағы басқа мәселелерді зерттейді.

   Ерекше  бөлімде нақты қылмыс құрамдары  және оларды істегені үшін белгіленген  жаза түрлері көрсетіледі.

   Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз  байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды. Жалпы бөлім институты қылмыстық құқық нормаларын қолдану ережелерін қолдануды бекітетін, қылмыстық құқық жүйесінің фундаменті болып табылады. Оларды білмей Ерекше бөлімнің бірде-бір бабын қолдану мүмкін емес. Мысалы, кінәнің не екендігін түсінбей, оның нысандарын, жазаның түрлерін, оларды тағайындау негіздерін білмей, қылмысты дәрежелеуді немесе оған жаза тағайындауды қолданудың мүмкін еместігін дәлелдеуге болады. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады.

   Қылмыстық құқық жеке салалардың бірі ретінде  ол басқа құқық салаларымен тығыз  байланысты және бөлектеу белгілерін қамтымайды. Сонымен бірге қылмыстық құқық өзінің бағыты, атқаратын рөлі, мәні мен құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салаларынан оқшауланып, ажыратылады.

   Қылмыстық құқық пен қылмыстық іс жүргізу  құқығы өзара тығыз байланыста болады. Мысалы, қылмыстық құқық қандай іс-әрекеттердің қылмыс екендігін және оған қандай жаза қолданылатынын белгілесе, қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық жауапқа тартуды жүзеге асырады, қылмыстық істі тергеудің және сотта қараудың тәртібін белгілейді, яғни бұл жерде қылмыстық құқық пен қылмыстық істер жүргізу құқығы өзара мазмұнымен оның нысанының байланысы ретінде көрсетіліп отыр. Қылмыстық іс-жүргізу құқығы — қылмыстық құқықты іске асырудың нысаны болып табылады.

   Қылмыстық құқық қылмыстық атқару құқығымен  өзара тығыз байланыста. Қылмыстық атқару құқығының пәні болып, сот үкімі бойынша күшіне енген қылмыстық жазаны орындау, сотталғандарға түзеу ықпалын жүзеге асыруға, оларды қылмыс істеуден сақтандыруға байланысты қоғамдық қатынастарды ретке келтіру нормалары болып табылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар негізгі қылмыс істеуге байланысты болса, ол қылмыстық атқару құқығы қатынасының пайда болуының негізгі заңды күшіне енген айыптау үкімі болып табылады.

   Бұл қатынастардың субъектілерінде  де айырмашылықтар бар. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектісі болып қылмыс істеген, есі дұрыс, заңда белгіленген белгілі бір жасқа толған адам болса, қылмыстық атқару қатынастарының субъектісі болып, сот үкімі бойынша сотталғандар және мемлекет жағынан қылмыстық жазаны орындау мекемелері соттары табылады.

   Қылмыстық құқық әкімшілік құқықпен де жақын  жанасады. Екі құқық саласы да —  қоғамға қауіпті іс-әрекет яғни құқық  бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Қылмысқа қарағанда әкімшілік құқық  бұзушылықта іс-әрекеттің қоғамға  қауіптілік дәрежесі төмен, яғни қылмыстық жаза қолданылмайды. Әкімшілік органдар қылмыстық жаза емес керісінше шара қолданады, демек әкімшілік шара сотталғандық атақ болып табылмайды. Әсіресе, Қазақ КСР қылмыстық кодексі 1959 жылы әкімшілік құқықпен өте тығыз байланыста (ҚК-тің кейбір баптарында қылмыстық жауаптылыққа тартудың міндетті шарты әкімшілік преюдиция болатын, яғни қылмысы үшін кінәлі, бірақ қылмысының қоғамға аса қауіптілігі жоқ болғандықтан қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, әкімшілік жауаптылыққа тарту) болғандығын айтуға болады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде мұндай институттар бүгінгі таңда орын алмайды.

   Қылмыстық құқықты құқық саласы ретінде, қылмыс пен жазаның тарихи дамуында құқықтық таным ретінде, формальді-логикалық, диалектикалық, нақты — әлеуметтік және тағы басқа зерттеу әдістерін пайдаланып үйрететін қылмыстық құқық ғылымынан ажырата білуіміз керек. Қазір мемлекеттің жаңа қылмыстық-құқықтық саясаты құрылуы кезеңінде, қылмыстық құқықтың басқа да шет елдермен бірлесіп қылмыспен күресу мәселелерін шешуде, салыстырмалы түрде ұқсас институттарды қолданудың және тәжірибе алудың тиімді мүмкіндіктерін туғызатын салыстырмалы — құқықтық әдіс құруы үстінде.

   Қылмыстық-құқықтық ғылым, қылмысты туғызатын себептер мен жағдайлар, қылмыскердің тұлғасы, қылмыстылықтан сақтандыру шараларын белгілейтін ғылым саласы криминологиямен тығыз байланысты. Қылмыстылықпен күресу сияқты ортақ міндетке ие бола тұра, бұл ғылымдар пәнімен және зерттеу әдістеріне қарай бөлінеді. Егер қылмыстық құқық қылмыс құрамы және қылмыстық-құқықтық институттарды оқып үйретсе, ал криминология — жалпы қылмыстылықты оқытады.

   Екі ғылым ерікті түрде бірін-бірі толықтырып отырады. Қылмыстық құқық, (криминологияның  бұларсыз іске аса алмайтын) қылмыстың  түсінігі, кінә, қылмыс субъектісі, жазалау  және т.б. түсініктерді, қолдану негіздерін өңдейді. Криминологиялық деректер қылмыстылықпен күресудегі қылмыс себептері мен жағдайын, динамикасын, қылмыстық заңдардың тиімді жақтарын, оның жетілдіру жолдарын, қылмыстан сақтандырудың негізгі бағыттарын жасауға немесе жетілдіруге қажетті мүмкіндіктерді оқып үйретеді. 

   
  1. Қазақстанның  қылмыстық құқығы қайнар көздері
 

   Қылмыстық құқықтың жалғыз формальді қайнар көзі болып Қылмыстық кодекс табылады. Бұл қорытынды ҚК-тің 1-бабы 1-бөлігінің  мазмұнымен сипатталады:

   Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге заңдар оларды осы кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуға тиіс.

   Материалды  көздері болып осы баптың екінші бөлігінде айтылғандай, Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделеді.

   Қазақстан Республикасы Конституциясы қылмыстық-құқықтық сипаттағы бірқатар нормаларды қамтиды (өлім жазасын қолдану тәртібі, қажетті қорғанудың шарттары, заңның кері күші, қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол бермеу және т.б.). Егер Конституцияны мемлекеттің құқықтық, саяси негізін құрайды деп айтсақ, ал қылмыстық құқықтың қайнар көздеріне Конституцияның (қылмыстық саясаттың қағидаларын олардың бағытын анықтайтын, заң атқару және құқық қорғау органдарының жаза жүйесін немесе нақты бір қылмыс құрамдарына санкция қолдануды анықтаудың) барлық нормаларын жатқызуға болады.

   Біріншіден  осы айтылғандар, Конституцияның жалпы  ережелерінің 1-бабына қатыстылығы  бар. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы болып — адам және адамның  өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады. Қылмыстық құқықта барлық жүйелер біріншіден осы ережелерге сай іске асырылуы қажет.

   Адамның құқықтары мен бостандықтары  туралы Конституцияның 12-бабында орын алған. Адам құқықтары мен бостандықтары  әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

   Қылмыстық құқықтың нормалары репрессивтік сипатта  адамның құқықтары мен бостандықтарының тезистерімен, бір көзқараспен қарағанда әлсіз уағыздалады. Алайда, Конституцияның 12-бабы, 5-бөлігі, қылмыстық құқықтың да мемлекет атынан тыйым салу белгілерін бекіткен, яғни «Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс».

   Конституция, мемлекет пен қоғамның дұрыс қызмет атқарып өмір сүруі үшін ең маңызды  керек міндетті атқарады, яғни адамның  өмір сүруге, өміріне қол сұғынуына, бостандығына құқығы бар болуын, меншікті қорғау кепілдігі, заңды салықтарды төлеуде міндетті болуы т.б. бір жағдайда Республика Президентінің импичменті негіздерін белгілеуде Конституция нақты қылмыс құрамын анықтайды: Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді делінген.

   Осыларға  байланысты, Конституцияда айтылған қоғамдық қатынастарды қорғаудағы қылмыстық-құқықтық иерархияны сақтау, қылмыстық заң  шығаруда және құқық қолдану тәжірибесінде мәртебелі орын алуы керек.

   Конституцияны қылмыстық құқықтың қайнар көзі ретінде  анықтауды басқа заңдар, соның  ішінде сот немесе ҚК-те әсіресе  баға беруге мәжбүр етеді. Мынадай қорытындыны 4-баптың екінші бөлігіне сүйеніп, Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады деп айтуға болады. Сонымен қатар Конституцияның 78-бабына сәйкес, Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының түсінігі, міндеті, жүйесі және қағидалары