Құрылыс машиналары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 16:53, курсовая работа

Описание работы

Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы құрылыс мерзімін қысқартуды, еңбек өнімділігін жоғарлатуды және басқа да техникалық үдерістермен қатар құрылыс-жөндеу жұмыстарын механикаландыру мен жетілдіруді талап етеді.
Механикаландыру еңбек өнімділігін арттыру мен жалпы құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудағы ең басты фактор. Бұл үрдіс біздің елдің негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттарында көрініс тапты.

Содержание

Кіріспе 3
1 Әрлеу жұмыстарының машиналарының тағайындауы, классификациясы (түрлері), құрылымы, кинематикалық схемасы. 4
2 Сылақ жұмыстарының машиналарының тағайындауы, түрлері, құрылымы. 5
3 Жылжымалы сылақтау агрегаттарының негізгі көрсеткіштері, құрылымы, жұмыс принципі. 7
3.1 Жылжымалы сылақ агрегаттары 7
3.2 Жылжымалы сылақ станциялары 9
4 Мұнаралық кранның орнықтылығын есептеу. 11
Қорытынды. 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс дайын.docx

— 304.39 Кб (Скачать)

     Механикалық бояу тозаңдатқыштар қалыпты тұтқырлықты  құрамдар үшін арналған. Әрлеудің индустриалды түрлерін орындау барысында, сонымен  қатар ағаш және паркетті еден құрылысында  қол машиналары қолданылады. Бұлар  жөндеу, санитарлық-техникалық, электрожөндеу  жұмыстарында және де ағаш өңдеуде  қолданылды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 Сылақ жұмыстарының машиналарының тағайындауы, түрлері, құрылымы. 

      Сылақ жұмыстары ғимараттар мен үймереттердің әрлеу жұмыстарының қорытындылаушы бөлігі болып табылады. Сылақ жұмыстары ғимараттар мен үймереттерге эстетикалық түр беруге, интерьерлік безендіруге, олардың өміршеңдігіне және санитарлық-гигиеналық жағдайының артуына ат салысады. Сонымен қатар сылақ жұмыстарына түсқағаз жұмыстарын да жатқызады. Қазіргі құрылыстағы сылақ жұмыстарының негізгі технологиялық операцияларының басым көпшілігі механикаландырылған, алайда бұған қарамастан жалпы құрылыстағы еңбек шығынының 10%-ға жуығы сылақ жұмыстарының есесіне келеді. Сылақ жұмыстары өзінің күрделігімен, технологиялық процестің көп операциялылығымен және де бояу құрамдарының, материалдардың, машина, түрлі механизмдер мен аппаратуралардың алуан түрлілігімен сипатталады.

      Қала  құрылысында жүргізілетін сылақ  жұмыстарының кешені арнайы колер цехтары мен зауыттарда орталықтандырылған сылақ құрамдарымен шикізат даярлаудан, сонымен қатар дайын құрамдарды құрылыс обьектілеріне тасымалдап механикаландырылған әдіспен жағуға бейімделген.

      Сылақ құрамдарын жартылай шикізаттардан даярлау және жұмыс орнына жеткізу жылжымалы сылақ агрегаттары және станциялары арқылы іске асырылады. Құрылыс алаңында сылақ жұмыстарын орындау өз ішінде сырланатын бетті дайындау мен бояудантұрады.

      Орталықтандырылған  кәсіпорындар тұрақты жабдықтармен жабдықталған. Жұмыс орнына дейінгі  сылақ станцияларымен колер шеберханаларының жабдықтарының құрамына: үккіштер, езгіштер, араластырғыштар, эмульгаторлы үрлегіштер, электрлі желім қайнатқыштар, дірілді елеуіштер, тасымалдау және жағуға арналған механизация түрлері кіреді.

      Әр  түрлі беттерге сылақ құрамдарын жағу мен тасымалдауға тасымалы немесе жылжымалы сылақ агрегаттары  қолданылады. Олар бояу құрамдарын бүрку  принці бойынша жұмыс атқарады. Бұндай агрегаттарда резервуардағы бояу құрамы қысылған ауа немесе үрлегіш (насос) әсерінен қысыммен тозаңдату құрылғысына беріліп одан өте ұсақ бөлшектерге ұсақталынып сырлану бетіне тегіс жағылады. Сырлау агрегаттарын пневматикалық тозаңдатқыш және механикалық тозаңдатқыш деп бөледі. Пневматикалық тозаңдатқыштар шпатлевка және нитроэмальды, майлы, желімді бояуларды жағуға арналған. Механикалық тозаңдатқыштар лакбояулы, сулы-борлы және сулы-әктасты бояу құрамдарын жағуға арналған.

      Борүккіштер шпатлевка, жағулар мен бояу құрамдарын даярлау үшін борды ұнтақтауға қолданылады. СО-43, СО-53 және СО-124 бор үгіткіштері  табиғи кесекті борды үгітіп, ылғалдығы 8%-дан аспайтын, әр түрлі қоспа дайындауға қолданылады. Бояу езгіштер сұйық және паста тәрізді қауіпсіз материалдарды үгіту үшін арналған. Барлық бояу езгіштер екі сатылы схемадан тұрады: ұсақтаудан және үгітуден. Шпатлевкалар, жағуларды және бояу пасталарын дайындауға жылжымалы араластырғыштар СО-8 мен СО-137 қолданылады. Араластырғыштар сылақ цехтары, сылақ станциялары мен құрылыс обьектілерінде қолданылуы мүмкін. Ол келесі жиынтық бірліктерінен тұрады: бункер қаңқасымен, цилиндр тәрізді қораптан, электрлі қозғалтқыштан, турбинасы бар жұмыс білігінен, түсіру және қорғанышты-ажыратқыш құрылғысынан. Эмульгаторлы үрдегіштер және диспергаторлар жоғары диперсиалы қоспаларды, тұтқырлығы 80 с-ге дейін, даярлауға арналған.  Үрлегіштермен дайын құрамдарды басқа құтыға қотаруға да болады. Электрлі желім қайнатқыштар 10%-ды сулы желімді ерітінділерді дайындауға арналған. Оларды сылақ станциялар және құрылыс объектілерінде тікелей қолдануға болады. Электрлі дірілді елеуіштерді тұтқырлығы 200 с-ге дейінгі сылақ қоспаларын және де сусымалы материалдарды елеуге қолданады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3. Жылжымалы сылақтау  агрегаттарының негізгі  көрсеткіштері, құрылымы, жұмыс принципі. 
 

     3.1 Жылжымалы сылақ  агрегаттары  

     Жоғарыда  аталып кеткендей сылақ агрегаттары  жылжымалы және тасымалы болып бөлінеді. Жылжымалы сылақ станцияларына жекелеген сылақ агрегаттары мен сылақ станциялары жатады. Шпатлевкалар, жағуларды және бояу пасталарын дайындауға жылжымалы араластырғыштар СО-8 мен СО-137 қолданылады. Араластырғыштар сылақ цехтары, сылақ станциялары мен құрылыс обьектілерінде қолданылуы мүмкін.

     Турбулентті екі білікті жылжымалы араластырғышты СО-137 құрылыста шпатлевкалар, жағуларды  және бояу пасталарын дайындауға қолданады (1-сурет). Екі Z-тәрізді бір-біріне қарама-қарсы айналатын көлденең білік(5) бункерде(2) қоспаны арластырады, формасы мен айналу жиілігі құрамның интенсивті араласуы мен түсіруге қатысады. Сыйымдылығы 60л бункердің төменгі бөлігінде бұрандалы конвейер(6) орналасқан, түсіру люгін ашқанда дайын құрамдарды түсіруге арналған. Фланцты электр қозғалтқыш(1) араластырғыш білік пен бұрандалы конвейерді тісті редуктор арқылы қозғалысқа келтіреді. Кесінді доңғалаққа бекінген қаңқаға(4) электрлі шкафпен қатар басқару пульті(3) орнатылған. Араластырғыш электрошкафыэлетр қозғалтқышын тактілік және жылулық қорғаныш, сонымен қатар қорғаныш-ажыртқыш құрылғысымен жабдықталған. 

     

     1 сурет − Турбулентті екі білікті жылжымалы араластырғышты СО-137 

     Арластырғышты қолдану кезінде тиелген құрамның көлемі жұмыс кезіндегі рұқсат етілген  бункердің сыйымдылық мөлшернен  асып кетпеуін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар жұмыс барысында  оғаш дыбыстар мен жұлқуларсыз араластыруы  керек. Тұтқырлығы жоғары құрамдармен  жұмыс істеу кезінде алдымен құрманың 30-40% араластырып алады. СО-137 араластырғышының техникалық көрсеткіштері 1-кестеде берілген.

1 кесте −  СО-137 араластырғышының техникалық көрсеткіштері

Өнімділігі, кг/сағ 
     жағулар бойынша 145
     шпатлевка бойынша 170
     бояу құрамдары бойынша 190
Айналу  жиілігі, с-1
     араластырғыш білігі бойынша 11,7; 9,4
     шнек бойынша 14
Бункердің сыйымдылығы, л 60
Электр  қозғалтқыш:
     түрі асинхронды  үш фазалы
     қуаты, кВт 3
     кернеулігі, В 380
Габариттік  өлшемі, мм 1000х690х900
Масса, кг 175
 

     3.2  Жылжымалы сылақ станциялары

     Сылақ станциялары әр түрлі компоненттер мен шикізаттардан тұратын бояу, шпатлевка, грунт және жақпа кұрамдарын даярлауға және оны жұмыс орнына тасымалдап,  жағуға  арналған. Дайын  қоспаларды ғимарат қабаттарына  көтергіштер арқылы тасымалдайды және бояу тозаңдатқыш пистолеттер (станция  құрамына енеді) арқылы жағады.

   Жалпы сылақ станцияларының 15-тен астам түрлері бар. Олар бір-бірінен құрамына енетін негізгі машиналар және құрылғылары арқылы ажыратылады, ал бұл құрылғыларды құрылыс объектісіне жеткізілетін бастапқы шикізат түрі мен әрлеу әдісіне сәйкестендіріп алады.

     Құрам дайындауға арналған машиналар: бор  үккіштерді, бояу үккіштерді, электроараластырғыштарды және діріл елеуіштерді негізінен  мамандандырылған сериялы зауыттарда құрастырады. Бұл турасында басқа  машиналар және әр түрлі қосалқы  жабдықтар мен жарақтарды көбінесе станцияларды шығаратын зауыттарда даярлайды.

     Құрылыс министрліктерінің станцияларында көлік машиналары ретінде 2 м3/сағ  өнімділікті плунжерлі ерітінді айдағыштарды қолданады.

     Сылақ станцияларының әр түрлі түрлерінің пайдалану шарттары жалпы ережелердін  қатарына кіреді.

     Сылақ станцияларын әдетте тұрғызылып жатқан ғимараттан 5-10 м арақашықтықта тегіс  алаңда орналастырады. Су ағынын қамтамасыз ету үшін ағынды су ағатын құбыр  астынан науа тәрізді шұңқыр және арық қазылып алынуы керек.

  Станцияның автотіркемесін доңғалақтарға жүк түспес үшін сырғымалы тіректерге орнатады. Содан соң станцияны электр желісі мен су желісіне қосып қажетті жерге орнықтырады. Суды станцияға резеңке құбырлар арқылы жеткізеді, ал қыста оларды жылуоқшаулағыш материалдармен қаптайды.

     Станциялармен қатар тұрғызылып жатқан ғимараттың бір секциясына тік құбырлар орнатып  оларды ерітінді айдағыштар мен компрессорларға  қосады.

     Сылақ станцияларының жұмыс істеу жүйелілігі әрлеу жұмыстарының технологиялық  сұлбасына тәуелді, сәйкесінше әрлеу  жұмысының сипатына негізделеді. Сонымен  қатар сылақ қоспаларының құрамы мен әрлеуге қажетті қоспа  көлеммен анықталады.

     Әдетте  сылақ станцияларын 4-ші разрядты жүргізуші  және 2-ші разрядты екі сылақшы басқарады.

     Сылақ станцияларының жалпы сипаттамаларына  біраз тоқтала кетсек. СО-115 сылақ  станциясы (2-сурет) шикізаттарды қабылдап, даярлап, елеп, тасымалдап және әрлеу  беттеріне сылақ қоспаларына  жағуға арналған. Сылақ станциясын электр жүйесі, су жүйесі, канализация  және дәліз жолдармен қамтамасыз етілген өнеркәсіптік, азаматтық  және ауыл шаруашылық құрылыстарында қолданады. 
 
 

 
 

2 сурет − СО-115 сылақ станциясы 

      Фургонда  станцияның  жабдықтары төрт технологиялық  желіде орналастырылған: 1) сулы, сулы-желімді  бояулар мен грунт жағулар, желімді  бояулар; 2 ) желімді және майлы шпатлевкалар; 3) майлы және эмальды бояулар. Майлы  бояу желісіне, сұйық және паста  тәрізді сылақ қоспаларын үйкеу  үшін диірменді бояу үккіш 8 (СО-116А), сылақ қоспаларын тұндыру үшін дірілді  елеуіш 7  (СО-130А), бояу айдағыш бактер 9 (СО-12Б)  және 10 (СО-13Б) кіреді. Қалған екі желі біртипті, әмбебап, өзара  ауыспалы және араластырып, тұндырып, тасымалдап, сылық қоспаларын жағуға арналған бұрандалы үрлегіш 3  (СО-154 тәрізді) және желімді дайындауға арналған электрлі желім қайнатқыш 5 (СО-141) агрегаттарымен жабдықталған.

      Шикізаттар  сылақ агрегатына тиеуішпен тиеледі, бұрандалы үрлеуіш базасында  жасалған. Олар көбінесе қуаты 0,5 МПа  қысымға шейін болады. Тиеуіштің  өнімділігі 0,6 м3/сағ және оны сылақ  станциясынан 15 м қашықтыққа дейін  орналастыруға болады. Бұл өз кезегінде  қысқы маусымда тиеуішті жылы жерге  орналастырып, үздіксіз сылақ қоспаларын тиеуге мүмкіндік береді. Шикізаттар тиеуіштің бункеріне тиеледі  және жетек арқылы араластырғыш бункеріне  жеткізіледі. Дәл сол бункерге дозатордан және су құбырынан су немесе желім  қайнатқыштан желім жеткізіледі.

      Станция  жабдығының комплектісіне материалдан  жасалған жетек, ауа шлангісі және сылақ  қоспаларын жағуға арналған бүріккіш құрылғылар енеді. Қысылған ауаның станцияға  қажеттілігі екі компрессормен  СО-7Б алмастырылады. Сонымен қатар  қорапта құрал жабдық сақтауға арналған құрал-жабдық шкафы 2, электрлі су жылытқыш 4, таразы 6, зертханалық стол 11, электрошкаф 12 орналастырылған.  Майлы бояулармен жұмыс кезінде  бояу айдағыш бак  пен компрессор сылақ стнциясынан  алынып тасталынады және обьектінің өзінде орналастырылады.

      Станция  қорапты жылытқыш және желдеткіш  жүйелерімен қамтамсыздандырылған  , сумен қамтамасыздандыру (жылы және суық) жүйесімен және тәулік бойы жұмыс  істеуге арналған. Станцияның электр құрылғысы  электрошкафты қосады және реттеуші аппаратты іске қосады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     4. Мұнаралық кранның орнықтылығын есептеу. 

     Мұнралы кранның жүк таситын және өзінің орнықтылығын есептеуді орындау. Бастапқы берілгендері:

     Gпр - қарсы салмақ күші,170000 Н;

     Gм  - жүргізу механизмінің салмақ күші,74000 Н;

     Gб - мұнараның салмақ күші, 53000Н;

     Gстр - жебенің салмақ күші, 15000Н;

     Gхч - жүріс бөлімінің салмақ күші, 40000Н;

     Gпп  - айналатын платформаның салмақ күші, 25000Н;

       lпр - қарсы салмақтың Ү өсіне қатысты әсер иіні, 2м;

     lм - жүргізу механизмдерінің Ү өсіне қатысты әсер иіні, 0,7м;

Информация о работе Құрылыс машиналары