Құрылыс машиналары

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 16:53, курсовая работа

Описание работы

Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы құрылыс мерзімін қысқартуды, еңбек өнімділігін жоғарлатуды және басқа да техникалық үдерістермен қатар құрылыс-жөндеу жұмыстарын механикаландыру мен жетілдіруді талап етеді.
Механикаландыру еңбек өнімділігін арттыру мен жалпы құрылыс өндірісінің тиімділігін арттырудағы ең басты фактор. Бұл үрдіс біздің елдің негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттарында көрініс тапты.

Содержание

Кіріспе 3
1 Әрлеу жұмыстарының машиналарының тағайындауы, классификациясы (түрлері), құрылымы, кинематикалық схемасы. 4
2 Сылақ жұмыстарының машиналарының тағайындауы, түрлері, құрылымы. 5
3 Жылжымалы сылақтау агрегаттарының негізгі көрсеткіштері, құрылымы, жұмыс принципі. 7
3.1 Жылжымалы сылақ агрегаттары 7
3.2 Жылжымалы сылақ станциялары 9
4 Мұнаралық кранның орнықтылығын есептеу. 11
Қорытынды. 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 18

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс дайын.docx

— 304.39 Кб (Скачать)

Ф СО ПГУ 7.06.1/01 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Көлік құрылысы кафедрасы 

Құрылыс машиналары және жабдықтар пәні бойынша 

Курстық жобаға/жұмысқа

тапсырма 

Тақырып: Әрлеу жұмыстарының машиналары

______________________________________________________________ 

Студент: Сакен Әділқажы,Құр(е) – 301 тобы 

1 КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ  / ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ 

Курстық жұмыстың көлемі мәтіндік түсіндірмелік  хат және графикалық бөлімнен тұрады.  

    I. Түсіндірмелік  хат (10-15 бет)  

    Кіріспе

         1. Әрлеу жұмыстарының машиналарының  тағайындауы, классификациясы (түрлері), құрылымы, кинематикалық схемасы.

          2. Сылақ жұмыстарының машиналарының  тағайындауы, түрлері, құрылымы.

          3. Жылжымалы сылақтау агрегаттарының  негізгі көрсеткіштері, құрылымы, жұмыс принципі.

          4. Мұнаралық кранның орнықтылығын  есептеу.

          Қорытынды.

          Қолданылған әдебиеттер тізімі 

          II. Графикалық бөлім (1 парақ А1  форматы)

          1. Таңдап алынған әрлеу жұмысына  арналған машинаның жалпы көрінісі  немесе кинематикалық схемасын  сызу. 

          Мәтіндік және графикалық бөлімдердің  мазмұнын МИ ПГУ 4.01.3–09  стандартының  талаптарына сәйкес орындау міндетті. 
 

 

    2 НЕГІЗГІ БЕРІЛГЕНДЕРІ

2.1_________________________________________________________

____________________________________________________________

2.2_________________________________________________________

____________________________________________________________

2.3_________________________________________________________

____________________________________________________________

2.4_________________________________________________________

____________________________________________________________ 

3 КЖ/КЖ ОРЫНДАУ  ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ГРАФИГІ 

Бөлім КЖ/КЖ орындау  апталары,  %
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
1 КЖ/КЖ беру 5 10                       КЖ қорғау
2     15 20 25                
3           30 40 50          
4                 60 70 80    
5                       90 100
 
 

4 КЖ/КЖ ОРЫНДАУ  КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНУҒА  АРНАЛҒАН ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ  ТІЗІМІ 

1) Волков  Д.П., Крикун В.Я. Строительные  машины. - М.: Изд. АСВ, 2002-376 с.

2) Волков Д.П. Строительные машины и средства малой механизации - М.:Академ. 2006-416 с.

3) Волков Д.П. и др. Машины для земляных работ.- М.: Машиностроение, 1992-448 с.

4) Домбровский Н.Г. и др. Строительные машины. М.: АСВ. 2002, -528 с.

5) Кудрявцев Е.М. Комплексная механизация строительства.АСВ.2005-416 с.

6) Крикун В.Я. Строительные машины. М.: АСВ. 2005- 314с.  

Тапсырманы алдым: __________ Ә. Сакен 2011 ж. «___»_________  

Жоба/жұмыс  жетекшісі ______________Т.Қ. Шахаев  

Кафедра меңгерушісі  _____________ Қ.Т. Сақанов 
 
 
 
 
 

Мазмұны 
 

       Кіріспе 3
     1 Әрлеу жұмыстарының машиналарының тағайындауы, классификациясы (түрлері), құрылымы, кинематикалық схемасы. 4
     2 Сылақ жұмыстарының машиналарының тағайындауы, түрлері, құрылымы. 5
     3 Жылжымалы сылақтау агрегаттарының негізгі көрсеткіштері, құрылымы, жұмыс принципі. 7
     3.1 Жылжымалы сылақ агрегаттары 7
          3.2  Жылжымалы сылақ станциялары 9
       4 Мұнаралық кранның орнықтылығын есептеу. 11
       Қорытынды. 17
       Қолданылған әдебиеттер тізімі 18
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе  

      Құрылыс жұмыстарының көлемінің артуы құрылыс  мерзімін қысқартуды, еңбек өнімділігін  жоғарлатуды және басқа да техникалық үдерістермен қатар  құрылыс-жөндеу жұмыстарын механикаландыру мен  жетілдіруді талап етеді.

      Механикаландыру еңбек өнімділігін арттыру мен  жалпы құрылыс өндірісінің тиімділігін  арттырудағы ең басты фактор. Бұл  үрдіс біздің елдің негізгі әлеуметтік-экономикалық бағыттарында көрініс тапты.

      Құрылысты жаңа машиналармен толықтыру мен  оларды өндіруді  меңгеру, машиналардың технологиялық мүмкіндіктерін жақсарту мен оларды қолдану құрылыстағы  ауыр және күрделі процестерді жүйелі механикаландыруға әкеліп соқты.

      Құрылыста қолданылатын механикаландыру құралдарының кең номенклатурасы құрылыс машиналарының  жиындарының түрленуін қамтамасыз етуге өзгертуге мүмкіншілік  береді.

      Мұндай  сұрақтарды шешу үшін, жалпы құрылыстағы  механикаландыру процестерін мерзімді жаңартып отыру керек. Әсіресе құрылыста  көп қолданылатын әрлеу машиналарын алсақ, себебі олар құрылыстағы жұмыс күшінің жалпы 20-30% құрайтындықтан оларды жаңартып отырды қажет етеді. Сонымен қатар жалпы құрылыс құнының 15-18 % құрайтындықтан құрылыст әрлеу машиналары ерекще орын алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
  1. Әрлеу жұмыстарының машиналарының  тағайындауы, классификациясы (түрлері), құрылымы, кинематикалық  схемасы.
 

     Әрлеу жұмыстарында қолданылатын машиналар  және кіші механизация жабдықтары технологиялық  қағидасы бойынша келесі топтарға бөліне алады: араластырғыш машиналар, бастырмалатқыш (ерітінді қоспалары мен бояу құрамдарын құбырлар бойынша тасымалдау үшін), тозаңдатқыш (электробояу пульттері  мен бояу тозаңдатқыштар); шатыр  жұмыстарына арналған құрылғылар; еден құрастыру және өңдеу машиналары; беттерді өңдеудің индустриалды әдістеріне арналған қол машиналары. Дербес технологиялық  топқа шатыр жұмыстарына арналған машиналар жатады.

     Әрлеу машиналары атқарылатын жұмыстрының  түрлері бойынша алты топқа бөлінуі  мүмкін, әрқайсысы өздігінен шағын  топшаларға бөліне алады, яғни осы процесс  орындау кезінде машинаның технологиялық  тиістілігін сипаттайды.

     Негізгі технологиялық белгілері бойынша, шағын топқа кіретін, машиналар  әрекет ету қағидаты бойынша  бөлінуі  мүмкін.

     Ерітінді  арластырғыштар негізгі екі топқа  бөлінеді: циклді (периодты), мұнда ерітінді бөлек өлшеммен дайындалады (ерітінділермен), және үздіксіз әрекет ететін, мұндай құрылғыларда материалды жүктеу, араластыру және дайын ерітіндіні түсіру үздіксіз және бір уақытта жүргізіледі.

     Материалдарды араластыру әдісі бойынша ерітінді араластырғыштар мәжбүрлі (қалақты) және турбулентті деп ажыратылады.

     Қондырғыға  орналасуы әдісі бойынша ерітінді араластырғыштар  жылжымалы (дайын  балшық көлемімен 65л), объект маңындағы  қондырғыларда қолданылады, және тұрақты (дайын балшық көлемімен 250л), орталықтандырылған ерітінді дайындайтын түйіндер мен  зауыттардың жабдықтарына енетін.

     Әрекет  ету қағидаты бойынша ерітінді арластырғыштар диафрагмалы, піспекті және бұрандалы. Олардың өнімділіктері 1,2,4, және 6 м3/сағ болып келеді. Өнеркәсіпте қазіргі уақытта 2,4 және 6 м3/сағ өнімділікті ерітінді араластырғыштар шығарылады, сонымен қатар реттелетін өнімділікті 2 және 4 м3/сағ. Ерітінді араластырғыштарды бункер, дірілді елеуіш және тұтқа жиынтықтарымен бірге орналасқан құрылғыларда шығарады.

     Сылақ агрегаттары қолданылатын ерітінді араластырғыштардың жүктеу құрылғысының бар болуы немесе болмауы арқылы ажыратылады.

     Сылақ станциялары орнатылған ерітінді араластырғыштардың өнімділігі бойынша классификацияланады, бункердің дайын ерітіндіні қабылдау жабдығы бойынша, кіріс көлбеушесінің  немесе жерден жүктеу мүмкіндігінің  болуы. Сонымен қатар жазғы және қысқы (жылытылған) нұсқалары бойынша  танып біледі.

     Сылақ жұмыстарының станциялары тағайындалуы бойынша мынадай: жартылай фабрикаттардан құрам дайындап оны әрі қарай  тасымалдап беттерге ұру үшін; қабылдап, су қосып, сүзіп, тасымалдап және дайын сылақ құрамдарды ұру үшін.

     Еден  және шатыр құрылымы үшін арналған машиналар негізінен атқарылатын  операциялар жамылғының материалына  байланысты классификцияланады. Ағаш едендерді жонуға арналған машиналар, паркетті едендерді ажарлайтын және тегістейтін.

     Шпатлевка құрамдарын немесе сырлау бояуларын  ұсақтау үшін қолданылатын энергия  түріне байланысты бояу тозаңдатқыштар негізгі үш топқа бөлінеді: пневматикалық , мұнда бояу сығылған ауаның кеңейген энергиясы есебінен ұсақталынады; кинетикалық , мұнда ұсақталу бояудың өзінің кинетикалық энергиясы есебінен  іске асды; механикалық, фурсунканың(сұйық құятын құрылғы) қалақты дискісінің айналу кезіндегі сыртқа тепкіш күштің пайда болу нәтижесінде бояу ұсақталынады.

     Көбіне  кең таралған 0,4 МПа қысымға дейінгі кинетикалық және пневматикалық бояу тозаңдатқыштар, ішкі, сыртқы және үйлескен араластыруды іске асыра алатын. Пневматикалық және кинетикалық бояу тозаңдатқыштар жұмыс барысында бояуға берілетін қысым шамасымен(жоғары және төмен) және қолданылатын құрамдардың консистенциясы(жоғар, қалыпты және төмен тұтқырлықты) бойынша ажыратады.

Информация о работе Құрылыс машиналары