Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 07:04, курсовая работа
Инженерлік іздестірулердің материалдары ғимараттар мен үймереттердің іргетастары мен негіздерін жобалау үшін қажетті алғашқы мағлұматтардың бірі болып саналады және бұл мәліметтер салынатын объектілердің орнын анықтағанда, құрылысты жүргізгенде пайдаланылады. Мұндай материалдар жүргізіліп болған инженерлік іздестірулердің есебі ретінде беріледі. Негізінде, бұл мәліметтер құрылыс алаңдарының орнын таңдауға, салынатын үймереттердің іргетастары мен негіздерінің ұтымды түрлерін және оларды орнатудың тиімді технологиясын анықтауға, қажет болса топырақтардың сапасын жақсартудың тәсілдерін белгілеуге, пайдаланатын сыртқы табиғи ортаны қорғаудың жолдарын көрсетуге қолданылады [1].
Элементар қабаттарға: hi=0,4·bусл=0,4·2,76=1,1м.
Саздың бар қабатын, қалыңдығы hi=1,1м, бірдей элементар қабаттарға бөліп, элементар қабаттың жоғары мен төменінде орналасқан zi, нүктесін аламыз.
Негізге түсетін қосымша тік қысымды табамыз:
.
мұндағы Рср – орта қысым 3.7 формуласымен табылған, кН/м2;
γ′ср=20кН/м3- жуықты іргетас табанынан жоғары жатқан, топырақтың орташа салыстырмалы салмағы; кН/м3;
d=8,95м – жуықты іргетас табанының түсу тереңдігі, м.
Қосымша қысымдар эпюрасы σzp мен табиғи қысым эпюрасының σz
(zi нүктесі үшін ) мәндерін мына формуламен анықтаймыз:
.
мұндағы α – жуықты іргетас жақтарының қатынасына тәуелді параметр ұсынысы бойынша;
Р0 – негізге түсетін қосымша тік қысым (3.18), формуласымен алынған, кН/м2.
мұндағы γ′ср және d , 3.18 формуласындағыдай;
hi·γi – і – нші топырақ қабатының қалыңдығы мен салыстырмалы салмағы, ТСД – нен төмен жатқан топырақтар үшін, топырақтың салыстырмалы салмағының орнына сумен өлшенген салыстырмалы салмағының мәнін аламыз.
Топырақтың сумен өлшенген салыстырмалы салмағы:
Негіз шөгуін мына формуламен анықтаймыз:
мұндағы β – ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 бойынша алынатын коэффициент;
σzp – қосымша қысымдар эпюрлары, кПа;
hi – і-нші топырақ қабат қалыңдығы 3.20 формула, м;
Е0 – топырақ қабатының серпімділік модулі.
Қорытындыларды кестелі түрде көрсетеміз, 3.5.1кестесін қара.
3.2-кесте – Есептеу нәтижелері
Негізгі қабат |
zi, м |
α |
σzp, кПа |
σzg, кПа |
0,2·σzg, кПа |
Е0, кПа |
s, м | |
Саз (еJ2) |
0 |
0 |
1 |
359 |
179 |
35,8 |
15000 |
0,0786 |
1,1 |
0,797 |
0,8 |
287,2 |
191 |
38,2 | |||
2,2 |
1,594 |
0,45 |
161,6 |
203 |
40,6 | |||
3,3 |
2,391 |
0,26 |
93,3 |
215,1 |
43 | |||
4,4 |
3,188 |
0,16 |
57,4 |
227,2 |
45,4 | |||
5,5 |
3,986 |
0,11 |
39,5 |
239,2 |
47,8 | |||
6,6 |
4,783 |
0,08 |
28,7 |
251,3 |
50,3 |
Есеп қорытындылары:
- қадалы іргетастың таңдалғаны дұрыс, себебі s=0,0786м < [s] =0,08м – шарт орындалады.
4 Құрылыс өндірісінің
4.1 Жер үсті тұтас-құймалы
Жер үсті тұтас-құймалы темірбетон конструкцияларын тұрғызу процессі кешенді процесс болып табылады және оған кіреді:
1) қалып құру
2) арматуралық қаңқаны орнату
3) қалыпқа бетон қоспасын
4) бетонды сақтап күту
5) бетон белгілі беріктікке ие болған соң қалыпты ажырату
Қосалқы процесстерге арматуралық қаңқаларды, қалыптарды және бетон қоспасын тасу жатады.
4.1.1 Қалып құру
Жобаланатын тұрғын кешенінің темірбетон қаңқасы болып табылатын конструкцияларды тұрғызу кезінде ұстындар мен қатаңдық диафрагмаларын бетондау кезінде пайдалатын және түзілістердің жобалық өлшемдері мен сыртқы пішінін қамтамасыз ететін формаларды қалып деп атайды
Қалып конструкциялары тұрақтылық, өзгермейтіндік, қаттылық және беріктік қасиетке ие болу қажет, пішінінің дұрыстығын, бетон бетінің сапасын қамтамасыз ету қажет, тез жиналып, ажыратылуы қажет, арматураны орналастырғанда, бетонды төсегенде және тығыздағанда кедергі жасамау керек. Бетонға тікелей жанасып тұратын ағаш қалып тақталараның ені 150 мм-ден аспау керек.
Бетон қоспасын төсеместен бұрын бетондау процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатымен акт бойынша қалып және арматура түрі таңдалуы қажет.
Жиналмалы-ауыспалы қалып дайын инвентарлы қалқандардан, бекіту тіреуіш элементтерінен тұрады. Бетон ажыратуға мүмкіншілік беретін беріктікке жеткен соң, қалып элементтері бөлшектеліп жаға орынға ауыстырылады.
Тұрғын кешенінің темірбетон қаңқасын тұрғызу кезінде ұстын, лифт және саты қабырғалары, қатаңдық диафрагмалы және аражабын мен жабындарды бетондау үшін қалып қажет болып табылады.
Тұтас құймалы темірбетон ұстындарды тұрғызу үшін Крамос фирмасының өлшемдері 300 ден 1200 мм дейін және қадамы 50 ммшквореньдерге арналған тесіктері болатын универсалды қалқандар қолданылады. Универсаллы қалқандар ұстын өлшемдерін өзгертіп қолдануға мүмкіндік береді.
Қалқандар қаңқа мен палубадан тұрады. Қаңқа палубасын Isoplyform- фанерасынан және сыртқы қабаттары бетондауға арналған арнайы пластик қабатынан тұрады.
Құрылыс процесінде 1 қабата қалыптау процесін жүргізу үшін қималары 0,5х0,5х3 м және 0,3х0,3х3м массасы - 360 кг қаңқалы қалыптан – 11 дана қажет. Тіреу ретінде массасы – 16,2 кг бірдеңгейлі телескоптық тіреуқолданылады.
Қатаңдық диафрагма қалыбы беріктігі жоғары алюминий қалқандарынан, жинақтау және тіреу элементтерінен тұрады.
Қалып МСТ Р 52085-2003 бойынша I классқа сәйкес келеді, яғни қалыпталатын элемент бетінің геометриялық туралығын және беріктігін қамтамасыз етеді. Қалқан палубасы ретінде жоғары сапалы қайың фанерасы бетондаудың 80 циклдан астам, пластик қабатымен жабылған фанера 250 циклдан астам қолдануға жарайды. Қабат биіктігі 3 м болғандықтан биіктігі 3м өлшемдері 0,3-1,2 м аралығындағы қалқандар қолданылады.
Аражабын қалыбы оңай монтаждалады және телескопиялық тіреу элементінен және биіктігі 160 мм ағаш арқалықтардан тұрады. «Крамос» қалыптары аражабын қалыңдығы аз болған жағдайда қолданылады. Қалыптың бұл түрін қолдану арқылы оның шаршы метрінің құнын азайтуға мүмкіндік береді.
Бір қабатты монтаждауға:
4.1.2 Арматуралау
Конструкциялар жазық қаңқалармен арматураланады. Құрылыс алаңында оларды дәнекерлеп, кеңістік қаңқалары пайда болады.
Арматуралық бұйымдарды жинақтау келесі технологиялық операциялардан тұрады:
Арматуралық стерженьдерді дайындау үрдісі келесі операциялардан тұрады: түзету, тазалау, кесу, ию және арматураны дәнекерлеу. Арматуралық болатты қақтан тазартуды электрщеткалармен немесе қолды болат щеткалармен орындайды,ал оны түзетуді– арнайы станоктарда және қолмен,ол үшін тіреуі бар болат тақталарды қолданады. Диаметрі 10мм дейін стерженьдерді қайшымен кеседі,ал 40мм дейін – жетекті станоктарда. Кесілетін стерженьнің ұзындығын арматура аймақтарының белгілері бойынша оның иілу орнында ұзаруын ескерумен анықтайды.
Конструкцияларды жеке стерженьдермен арматуралауды олардың конструкцияда орналасуын ескерумен жүргізеді, алайда әрқашан жұмыс стерженьдерін орнатудан бастайды. Ұстындарды арматуралау кезінде бастапқыда тік жұмыс стерженьдерін орнатады және бекітеді. Мұндай арматуралау кезінде қалыптың екі жағын ашық қалдырады.
4.1.3 Бетондау
Бетон қоспасын құрылыс алаңына қолданылатын құралдарға байланысты бөлшектеп және үздіксіз жеткізуге болады. Бөлшектеп тасымалдау кезінде автосамосвалдар қолданылады.
Бетондау технологиялық процесс операциялары үш топқа бөлуге болады: дайындық, негізгі және қосалқы.
Дайындық операцияларына объекті, бетондау қалыптарын, механизмдер мен құрал-саймандарды дайындаумен байланысты операциялар жатады.
Негізгі операцияларға бетон қоспасын қабылдау, үлестіру және тығыздау жатады. Бұл операциялар үздіксіз технологиялық жүйелілікпен орындалады және олардың орындалуы техникалық қызметкердің үнемі бақылауымен жасалады. Сонымен бетон жұмыстарының журналы жүргізіледі, онда көрсетілетіндер: бетондаудың басталу және соңының датасы; бетондалатын түзілістің аты; бетонның берілген маркасы; бетон қоспасының жұмыс құрамы; оның бетон араластырғыштан шыққандағы және төселгендегі температурасы; қалып типі; қоспаны тығыздау тәсілі (дірілдеткіш түрі); түзілісті қалыптан ажырату датасы.
Қосалқы операциялар бетондауға ілеспелі болады және мыналардан тұрады: көлік құралдарын және құрылғыларды (діріл тасығыштар, діріл науалар, діріл пілтұмсықтар, бетон тасушы машиналар) орнату, бекіту және ауыстыру.
Ғимараттың жер үсті бөлігін бетондаған кезде еден астына төсегіш қабат салынады. Негізді дайындау жұмыстарын аяқтағаннан соң төсегіш қабатты дайындау жұмыстары жүргізіледі. Төсегіш қабатты бетондау 2 м жолақ бойынша жүргізіледі. Содан кейін тереңдікке арналған дірілдеткішпен нығыздалады.
Бетондау процесі кезінде мастер немесе жұмыс өндіруші ҚН және Е ІІІ-ВІ-62 5.11 - 5.12 пунктеріне сәйкес жұмыс өндірісіне бақылау жүргізуі тиіс, ал нәтижелерді бетон жұмыстарының журналына қабылданған форма бойынша толтыру қажет.
Бетон
ерітіндісін нығыздау
Бетоншылар төселген бетон қоспасының қабаттарын тереңдік немесе беттік дірілдеткіштермен тығыздайды.
Жер үсті тұтас-құймалы темірбетон конструкцияларын тұрғызған кезде еңбек шығынының ведомосі 4.1 кестеде келтірілген.
4.1-кесте
– Тұтас-құймалы қаңқа
№ |
Құрылыс процесстерінің атауы |
Өлш. бірл. |
Саны |
Еңбек сыйымдылығы, адам-сағ. |
Мех-р |
Звено |
Ауысым саны |
Мерзімі күн | |||
бірлік. |
Барлық көлемі |
Маркасы |
Саны |
Мамандық, разряд |
Адам саны | ||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1. |
Азаматтық ғимараттың металл қалыпты темірбетон ұстындарын орнату |
1м3 |
199,839 |
12,43 |
2483,99 |
Автобетононасос АБН,Кран РДК 25 |
1
1 |
Слес 4д, 3д Дәнек 5д, 2д Бет 4д, 2д Маш 4д |
10 |
2 |
72 |
2. |
Қалыңдығы 160 мм дейін арқалықсыз аражабындырды орнату |
1м3 |
1047,73 |
8,06 |
8444,7 |
Автобетононасос АБН,Кран РДК 25 |
1
1 |
Слес 4д, 3д, Дәнек 4д, 2д Бет 4д, 2д Маш 4д |
20 |
2 |
72 |
3. |
Биіктігі 3м дейін, қалыңдығы 300 мм дейін темірбетон қаттылық диафрагмаларын орнату |
1м3 |
811,68 |
9,8 |
7954,5 |
Автобетононасос АБН,Кран РДК 25 |
1
1 |
Слес 3д, 2д Дәнек 4д, 2д Бет 4д, 2д Маш 4д |
10 |
2 |
54 |
Информация о работе Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайын бағалау