Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 07:04, курсовая работа
Инженерлік іздестірулердің материалдары ғимараттар мен үймереттердің іргетастары мен негіздерін жобалау үшін қажетті алғашқы мағлұматтардың бірі болып саналады және бұл мәліметтер салынатын объектілердің орнын анықтағанда, құрылысты жүргізгенде пайдаланылады. Мұндай материалдар жүргізіліп болған инженерлік іздестірулердің есебі ретінде беріледі. Негізінде, бұл мәліметтер құрылыс алаңдарының орнын таңдауға, салынатын үймереттердің іргетастары мен негіздерінің ұтымды түрлерін және оларды орнатудың тиімді технологиясын анықтауға, қажет болса топырақтардың сапасын жақсартудың тәсілдерін белгілеуге, пайдаланатын сыртқы табиғи ортаны қорғаудың жолдарын көрсетуге қолданылады [1].