Керамикалық еден плиткалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 08:44, курсовая работа

Описание работы

Керамикалық плиткалар – бұл әртүрлі өлшемдегі пластинкалар. Оларды балшықты және фаянсты массадан қалыптау және күйдіру жолымен алады. Керамикалық плиткалар жоғары эксплуотациялық қасиетімен ерекшеленеді, сондықтан, олар құрылыста кең қолданылады. Олар тұрғын ғимараттарының санузелдерінде, емханалардың операция бөлмелерінде, душтарда, моншаларда, тамақ өндірісінің цехтарында және метрода төселеді. Керамикалық плиткалар ұзақ ғұмырлығымен және жоғары декоративті қасиеттерімен басқа қаптама заттардан асады. Оларды тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар мен үймереттердің ішкі және сыртқы қаптамасы үшін қолданады. Плиткалар үш түрлі болып шығарылады: фасадты, еденге арналған плиткалар және қаптама (қабырғаларды қаптауға арналған).

Содержание

Кіріспе… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … ..3
1. Шикізат пен қосымша материалдардың негізгі қасиеттері… … … … … … .4
2. Өндірілетін өнімнің номенклатурасы мен қасиеттері… … … … … … … … 9
3. Процесстің технологиялық схемасы… … … … … … … … … … … … … .11
4. Негізгі цехтердің, заводтардың жұмыс істеу режимі… … … … … … … ...19
5. Процесстің материалдық есептері… … … … … … … … … … … … … … 21
6. Апаратың есебі… … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .21
7. Жабдықтарды қабылдау және олардың спецификациясын құрастыру… ....25
8. Процессті бақылау мен автоматтандыру… … … … … … … … … … … …26
9. Қоршау алаңды қорғау шаралары… … … … … … … … … … … … … .26
10. Техника қауіпсіздігі… … … … … … … … … … … … … … … … … … .33
Қолданылған әдебиеттер… … … … … … … … … … … … … … … … … …39

Работа содержит 1 файл

керамикалык еден плиткалары .docx

— 367.74 Кб (Скачать)

Стандарт шикізатта, жартылай фабрикаттарда, өнімдерде және өндіріс  қалдықтарының құрамында  зиянды заттарға таралып, олардың өндірілуі, қолдануы және сақтауы кезінде жалпы  талаптарды бекітеді.

МЕСТ 12.1.007 – 76 сәйкес ағзаға  ықпал ету дәрежесі бойынша төрт қауіпті классқа жіктеледі: 1 –  аса қауіпті заттар; 2 – жоғары қауіпті заттар; 3 – орташа қауіпті  заттар; 4 – шамалы қауіпті заттар.

Зиянды заттар қауіптілік классын көрсеткіштер нормасына  қатысты орнатады, олар 15 кестеде  көрсетілген:

Құрылыста қолданатын зиянды заттарды екі топқа бөлуге болады: қатты улы заттар: қорғасын, мышьяк, бояулардың кейбір түрлері; сұйық және газ тәріздес улы заттар: жанар  май, бензол, ацетилен, көміртегі оксиді, эфир және т.б.

 

10.1.1 Құрылыс материалдар өнеркәсібінде технологиялық үрдістердің қауіпсіздігі

 

Қазіргі кезде құрылыс  индустрия зауыттарының құрылыс  материалдар өндіру жөнінде әртүрлі  технологиялық бағыттары бар  және олар машиналардың, аппаратардың, автоматтық және блокадалық жүйелердің, қорғау техникасының көптеген түрлерімен жабдықталған.

Технологиялық үрдістерге және жабдықтарға қойылатын негізгі  талаптар ретінде жұмысшылардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен  машиналарды басқару үшін қолайлы  жағдайлар жасау болып табылады.

Еңбек қорғау мәселесі ойдағыдай  шешілуі кәсіпорындарын дұрыс жобалау  барысында қарастырылуы тиіс. Бұл  жобада өндіріс үрдістерінің зиянды факторлардың адамдарға тигізетін  әсерін азайту шаралары көрсетіледі.

Машиналар мен механизмдерге  қойылатын талаптар технологиялық  факторлардың ерекшелігі және еңбек  қауіпсіздік жағдайларымен анықталады.

Оларды пайдалану қауіпсіздігі кәсіпорындарын жобалау кезінде  шешілуге тиісті. Мұнда қауіпті аймақтарда адамдардың жарақаттану мүмкіншілігін  жою шаралары белгіленуі керек. Технологиялық  бағыттардың машиналары мен аппаратары шеттен тыс артық шулы, дірілі қатты, зиянды сәулелерді және жұмыс аймағын  сыртқы  ауа атмосферасында жоғары шаң мен зиян газдылықты туғызбаған жөн.

Электр тогымен зақымдану  жағдайларын болдырмау мақсатында барлық электр қондырғылары оларды дайындау ережелерінің талаптарына сәйкес болу қажет. Машиналар мен электр қондырғылардың корпустары жерге немесе нөлдік сымға  жалғануы қажет.

Технологиялық үрдістің жүрісін  тиімді бақылап отыру үшін қауіпсіздік  парамертлерді көрсететін қажетті  бақылау - өлшеу аспаптары қолданылады.

Технологиялық жабдықтардың жұмыс қауіпсіздігі көбіне жұмысшының физикалық және жүйке-психологиялық  жүктеме дәрежесімен байланысты болады. Машинамен жұмыс істеу  кезінде адамның шаршағандығын  оның қате әрекеттерін көбейтіп, орындалатын  жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлатады.

Шихтаның қоспаларын дайындау мынандай операциялардан тұрады: қажетті  материалдарды тасымалдап, бункерлерге  тарату; салмақпен мөлшерлеу; материалдарды  араластыру; шихта қоспасын шығару.

Материалдарды транспортерлермен  тасымалдау кезінде ауаға көп  шаңдар шығып оны ластайды, шу және діріл әсер етеді.

Сондықтан операцияларды  олардан қорғау үшін жұмыс орнын  желдеткіші бар, шу мен дірілден оқшауланған  кабиналарда орналастыру керек.

Бункерлерді бақылау және жөндеу жұмыстары қауіпті операциялар  болып табылады. Бункер ішінде істелінетін  жұмыстарға еңбек қорғау бөлімінің  келісімімен цех бастығы рұқсат береді.

Бұл жұмыстарда екі адам жұмыс істеуі керек. Мастер осы жұмысты  бақылау керек. Жөндеу жұмысы кезінде  құрылғыны іске қоспау үшін электр қалқаннан (щитовая) сақтандырғыштарды  алып қойған жөн.

Бұйымдарды қалыптауда, мысалы, қалыптарды орнату, қалыптарды шихтамен толтыру, плиткаларды бірқалыпты тасымалдау  сияқты күрделі операциялар бар. Сондықтан жұмысшылардың еңбек  жағдайын жақсарту үшін бұл жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру керек.

Керамикалық бұйымдарын дайындайтын  цехтардың ауасы бұйымдардың  әртүрлі жылулық өңдеулері кезінде  ластанады. Мысалы, бұйымдарды кептіру  кезінде, бұл жылулық үрдіс өте  ұзақ болғандықтан кептіргіштер орналасқан жұмыс орнының ылғалдылығы жоғары болады. Сондықтан осындай жұмыс  орнында жұмыскерлердің еңбек жағдайын қалпына келтіру үшін арнайы ауа-желдеткіштері  орналасуы керек. Кептіргіш камераларының  сыртына бу шықпау үшін барынша бекітіліп, бітелген болу керек. Ал бұйымдарды күйдіру  үрдісі температурасы өте жоғары туннельді пештерде жүзеге асырылады. Сондақтан бұл аумақта температуралық режимді бақылап, қалыптандыратын  автоматты аппараттар қажет.

Материалдарды уату және ұнтақтау үрдістері әртүрлі уатқыш қондырғыларын  пайдалану арқылы орындалады.

Олардың жұмысы шу, діріл  және шаңның пайда болуымен байланысты.

Дірілдің әсерін азайту үшін уатқыштарды шоңбал ірге тасқа орнатып, діріл оқшаулағыштарды қолдану  қажет.

 Шудың әсерін азайту  үшін оператарлар іші діріл  және шудан қорғайтын материалмен  өңделген арнайы кабиналарға  орналастырады. 

Шаңмен күресу үшін уатқыш машиналары мен жабдықтарын толық  бітеп, оларды аспирация жүйесіне қосу қажет.

Еңбек жағдайлары жақсарту мағынасында әртүрлі жылудан  қорғану шаралары қолданылады: экран, желдеткіш, арнайы киім, т.б. Шихтаны  пешке немесе бункерге артқан кезде шығатын шаңды сору үшін жабық қаптамасын аспирация жүйесіне қосу керек.

Құрылыс материалдары мен  конструкцияларын өндіру барысында  әртүрлі қысыммен істейтін құрылғылар (компрессорлар, пресстер, бу қазандары, автоклавтар, газ баллондары), көтергіш – тасымал машиналары мен механизмдері, электр қондырғылары кеңінен колданылады.

Олар дұрыс пайдаланбаудың салдарынан өндіріс травматизмнің салдары  болуы мүмкін. 

 

10.2 Өрт қауіпсіздігі

 

10.2.1 Өрт болдырмау шаралары

 

Өрт адамның басқаруынан  және бақылауынан шыққан жану үрдісі болады. Басқаша айтқанда, өрт бақылауға  болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шығын келтіретін жану үрдісін айтады. Өрт халық шаруашылығына  үлкен зиян, өте зор экономикалық шығын келтіреді, кейбір жағдайларда  адамдар зақымданады.

Қазіргі кезде республика көлемінде кәсіпорындарда қарсы  күресу шаралары кеңінен қолданылуына қарамастан өрт шығу оқиғалары жиі  болып тұрады. Олардың салдарынан көптеген құнды дүние-мүліктер жойылады, адамдар жарақаттанып, өлім жағдайы  тууы мүмкін. Сондықтан өртке қарсы  күресу шараларын ойдағыдай ұйымдастыру  мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Сайбулатов С.Ж. Золы  ТЭС в производстве строительной  керамики. –  А.: Стройиздат, 1989.

2. Роговой М.И. Технология искусственных пористых заполнителей и керамики. – М.: Стройиздат, 1974

3. Словарь – справочник  по новой керамики. – М.: Стройинформ, 1986.

4. Справочник по строительной  керамики под редакции Рохваргера  Е.Л. –  М.: Стройинформ, 1986.

5. Справочник оборудования  для производство строительных  материалов и работ под редакцией  А.Д. Жукова. – М.: Стройинформ, 2006.

6. Кондрашев Ф.В., Мишиулович  Л.Я., Павлов В.Ф. Производство  керамических плиток для полов.  – М.: Стройиздат, 1981.

7. ГОСТ 6787 – 2001 Плитки  керамические для полов, 01.07.2002

8. СНиП 12-03-99 Безопасность труда в строительстве. Часть 1. Общие требования

9. Құрылыс және Сәулет  мамандарына арналған орыс –  ағылшын – қазақ тілдерінің  терминологиялық сөздігі. – Алматы, 2003.

10. қазақша – орысша, орысша  – қазақша терминологиялық сөздік ( Сәулет және Құрылыс ). – А.: Рауан 2000.

11. Интернеттен алынған  мәлімет –  http://www.mirplitki.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Керамикалық еден плиткалары