Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Июня 2013 в 19:27, дипломная работа
Соңғы жылдары байланыс саласының дамуында оптикалық кабелдер (ОК) мен талшықты оптикалық тарату жүйелері дамуы қарқынды жүре бастады, өйткені, олар басқа кабелдер мен байланыс жүйелерімен салыстырғанда өз сипаттамасы жағынан алда тұрады. Оптикалық жүйелер мен кабелдер тек қалалық және қалааралық телефон байланысында ғана емес, сонымен қатар телевиденияда, бейнетелефонияда, радиохабарда, есептегіш техникада және т. б қолданыла бастады.
КІРІСПЕ 9
1.1 Таңдалып қабылданған шешімдердің негізделуі 10
1.2 Қызмет көрсетілетін пункттердің сипаттамасы 11
1.3 Қазіргі байланыс желісінің сипаттамасы 12
1.4 Кабелдік тарату желісінің жолы 13
2.ТАРАТУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ 14
2.1 Таңдалынған тарату жүйесінің сипаттамасы және техникалық мәліметтері 14
2.2 Тасымалдау жүйесінің сипаттамасы 17
2.3 Оптикалық кабель түрін таңдау 22
2.4 SDH желісінің топологиясы 24
2.5 Жобаланатын желі топологиясы 26
2.6 STM-16 құрылу тәсілін таңдау 27
2.7 Желі синхронизациясы 27
2.8 Синхронды ағындарды қорғаудың функционалды тәсілдері 29
3.ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ 31
3.1 Арналар санын есептеу 31
3.2 Оптикалық кабельдің шығындары 34
3.3 Регенерация бөлігінің ұзындығын есептеу 36
3.4 Дисперсия мен өшулікті кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 37
3.4.1 Дисперсия кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 37
3.4.2 Өшулік кезіндегі регенерация бөлігінің ұзындығы 39
3.5 ТОБЛ тезәрекеттілігін есептеу 40
3.6 ҚОМ сезімталдығын есептеу 41
3.7 Оптикалық кабельдің параметрін есептеу 42
3.7.1 Өшулікті есептеу 44
3.7.2 Дисперсияны есептеу 47
3.8 ТОБЛ-ның сенімділігін есептеу 49
4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ 54
4.1 Автозалдағы жасанды жарықтандырудың есебі 54
4.2 Қоршаған ортаны қорғау 63
4.2.1 Қалдықсыз өндірістік технологиялар 63
5. БИЗНЕС ЖОСПАР 66
5.1 Түйін 66
5.2 Компания және сала 66
5.3 Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы 67
5.4 Өтім нарығын талдау және қызметтер нарығын зерттеу 67
5.5 Менеджмент 67
5.6 Маркетингті стратегия (бағдарлама) 68
5.7 Өндірістік жоспар 68
5.9 Жұмыскерлер штатының есебі 70
5.10 Байланыс құралдарын эксплуатациялауға кететін шығындар: 72
5.11 Жобаның кірістік және тиімділік есептеулері 75
ҚОРТЫНДЫ 77
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 78
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 79
ҚОСЫМША А 1 80
ҚОСЫМША А 2 81
ҚОСЫМША А 3 82
ҚОСЫМША Ә 83
ҚОСЫМША Б 84
ҚОСЫМША В 9
2.1-кестеде мультиплексорлады
таңдау жасау кезінде
Бағаларын салыстырып мультиплексордың апаратурасын таңдаймыз.
2.2. – кестеде құрылғының бағасы туралы салыстырма жүргіземіз.
Кесте 2.2– Құрылғының бағасы
Құрылғы |
Nortel (ОSN 1600) USD |
OMS 16-64, USD |
Rask – трегі |
2548 |
2446 |
Subrack – корзинасы |
9036 |
8982 |
Power Interfase – қөректену тақтасы |
284 |
242 |
System Control and Communication– плата контроля |
2147 |
2856 |
General Cross-connect and Synchronous |
15642 |
14282 |
System Auxiliary Interfase |
1218 |
1342 |
Оптикалық плата | ||
STM-16 Optical Interfase (L-16.2) |
13063 |
12344 |
Кесте 2.2–жалғасы | ||
STM-4 Optical Interfase (L-4.1) |
3952 |
3800 |
Трибутарлық плата | ||
63E1 Service Processing |
3275 |
3106 |
E3 Service Processing |
1640 |
1842 |
Fast Ethernet Processing 10/100/1000 |
7557 |
6523 |
32xE1/T1 Electrical Interfase |
663 |
432 |
3xE3 PDH Interfase |
414 |
698 |
Жалпы бағасы: |
61439 |
58895 |
.
2.2 – кестеден көріп тұрғанымыздай Marconi Communications (ОМS 16-64) фирмасының технологиясы экономикалық жағынаң тиімді және де порттар саны да көп.
SТM-16 Мультиплексоры толқын ұзындығы 1550 нм бірмодалы оптикалық кабелмен жұмыс жасайтын, тарату жылдамдығы 2,5 ГБит/с цифрлық ағынды ұйымдастыруға арналған. Желі құрудың нүкте-нүкте құрылымына қойылу/бөліну функциясы бар, PDH және SDH трибутарлы ағындарына қарапайым рұқсат етуге арналған SMA-16 мультиплексор қолданылады. 2.1-суретте қойылу/бөліну функциясы бар мультиплексор көрсетілген.
Сурет 2.1 – Қойылу/бөліну функциясы бар мультиплексор сұлбасы
2.1-суретте мультиплексордың сұлбасында STM-16 тарату жылдамдығының кіріс және шығыс бөлігінің жұмыс істеу принцпі.
SDH элементін STM-16 өшу сигналына талшықты оптикалық кабельді қосу үшін агрегатты интерфейс қолданылады. 1550 нм алыс қашықтыққа интерфейс қолданылады 2.3-кестеде оптикалық интерфейстін параметрі көрсетілген
Кесте 2.3- Оптикалық интерфейс параметрі
SDH деңгейі |
STM-16 |
Тарату жылдамдығы, кбит/с |
2488320 |
Интерфейс коды |
L-16.2 |
Жұмыс істеу диапазоны, нм |
1530…1570 |
Оптикалық таратқыштың сипаттамалары (S нүктесі) | |
Кесте 2.3-Жалғасы | |
Шағылу көзі |
Лазер DFP (SLM) |
Спектрлік шағылу ені -20 дБм деңгейінде, нм |
0,5 |
Жақтық моданың басылымының минималдық коэфиценті, дБ |
30 |
Максималды сәулеленетін қуат, дБм |
0 |
Минималды сәулеленетін қуат, дБм |
-4 |
Оптикалық қабылдағыштың сипаттамалары (R нүктесі) | |
Минималды сезімталдылық, дБм |
-26 |
Максималды жүктеу, дБм |
-9 |
Оптикалық трактың қосымша өшулігі, дБ |
2 |
Оптикалық тракттың сипаттамалары (S және R нүтелер арасы) | |
Оптикалық өшудің диапазоны, дБ |
9…20 |
Дисперсиясы, пс/нм |
1400 |
Кабелдегі өшу мүмкіндігі, дБ |
24 |
2.3-кестеде SDH технологиясының STM-16 тарату жылдамдығының оптикалық интерфейсінің сипаттамалары туралы және жұмыс істеу диапазондары берілген.
Қазіргі заманғы техника коммутациясының және таратудың дамуы қазіргі заманғы цифрлық транспорттық желі немесе жүйе шығаруға алып келді. Тасымалдау жүйесі (ТЖ) – бұл тасымалдау функциясын орындайтын, желі ресурстарын біріктіретін инфрақұрылыс. Тасымалдау кезінде ақпараттың орын ауысуы ғана емес, күрделі конфигурациялармен (сақиналық және айналмалық) автоматты және бағдарламалық басқару, бақылау, шапшаң ауыстырулар және басқа да желілік функциялар орындалады. ТЖ барлық синхронды және асинхронды ақпарат ауысу түрлері қолданылатын бар және жобаланатын қызметтерге, арнайы және басқа персоналдық желілерге база болып табылады.
СЦИ тасымалдау жүйесі – ақпараттық желі және басқару жүйесі және SDH басқаруларының жалғасуы. СЦИ ақпараттық желісінің жүктемесі ПЦИ желі сигналдары, сонымен қатар жаңа қызмет сигналдары және байланыс желілері болуы мүмкін. Аналогтық сигналдар цифрлық түрге желідегі қондырғылар арқылы түрленеді.
СЦИ ақпараттық желісінде функционалдық қабаттарға бөліну дәл қолданылады. Желі мамандандырылған қабаттарға бөлінген үш топологиялық бір біріне қатыссыз қабаттардан (арналар, тракттар және тарату ортасы) тұрады. Әр қабат арнайы функцияларды орындайды және беру нүктелері бар. Олар өзіндік басқару және бақылау құрылғыларымен қамдандырылған, сондықтан апат кезінде ликвидацияны азайтады және басқа қабаттарға әсерін төмендетеді. Қабат функциялары төменгі қызмет көрсететін қабаттардың физикалық орындалуына қатысты. Әр қабат өз бетінше пайда болады және дамиды.
Ақпараттық желіде контейнерлік тасымалдау тәсілі қолданылады. Осының арқасында SDH желісі әртүрлі сигналдарды тасымалдауда әмбебаптық мүмкіндіктерге ие. SDH тасымалдау жүйесінде сигнал жүктемелерінің өзі емес, цифрлық құрылымдар – тасымалдауға қатысты сигналдар жүктемесі салынған виртуалды контейнерлер тасымалданады. Контейнерлердегі желілік операциялар ішіндегілерге қатыссыз орындалады. Қажетті жерге жеткізіп, түсірілгеннен кейін, сигнал жүктемелері қайта қалпына келеді. Сондықтан SDH тасымалдау жүйесі тұнық болып келеді.
Желілік конфигурацияларды жасау, бақылау және жеке станцияларды басқару және барлық ақпараттық желіні басқару SDH қызмет көрсету жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
SDH тарату қабаттарының
ортасында ең ірі құрылым
«MARCONI Communications» фирмасының синхронды мультиплексоры синхронды цифрлық иерархия ағындарын қалыптастырады. 2.2-суретте SDH иерархияларының байланыс мультиплексациялау құрылымы ұйымдастырылған.
Сурет 2.2 – SDH мультиплексациялау құрылымы
2.2-суретте SDH құрылымдарды секцияның желілік қабатында және трактарда құрады және цифрлық ағындарды, сонымен қатар кеңжолақты ақпараттарды тасымалдайды. Осы құрылымдар функциясына SDH желісі арқылы тасымалданатын цифрлық ағындардың жылдамдығы мен фаза өзгерісінің компенсациясы кіреді. Мұндай компенсация плезиохронды тәртіпті өткізетін синхронды желі ретінде SDH түрленуін қамтамасыз етеді.
Мультиплексация контейнер құрудан басталады. Келіп түскен PDH ағындарын плезиохронды тәсілмен сәйкес жылдамдықтарын теңестіріп, SDH С-12, С-3 немесе С-4 контейнерлеріне салады: PDH ағындарының стандартты ақпараттық тарату жылдамдығы әрдайым контейнерлерге тұрақты мөлшерде тағайындалады. Контейнерлерге тракт тақырыпшасын (POH) қою арқылы контейнерлерден виртуалды контейнерлер VC-12,VC-2,VC-3 немесе VC-4 жасалады. Яғни VCтт=POH+C. Тракт тақырыпшасы РОН VC ұйымдастырылатын пункттарда жасалады да, осы пункттар арасындағы трактыны бақылайды. POH функциясында тракт сапасын бақылау және апаттық және эксплуатациялық ақпараттың таратылуы болады. Жоғары реттік POH трактысы сонымен қатар VC контейнерінің ақпараттық жүктеме құрылымы туралы ақпаратты қамтиды. Әрбір виртуалды контейнер VC-12 немесе VC-2 трибутарлық бірлік TU-12 немесе TU-3 сәйкес көрсеткіштермен TU (ақпараттар көрсеткіші) бірге генерациялайды. TU төменгі және жоғарғы желі қабаттарының арасында келісуді қамтамасыздандырады және жоғарғы реттік VC циклы бастамасынан цикл жүктемесі бастамасының өзгеруін көрсететін ақпараттық жүктеме және TU көрсеткішін сақтайды. TU = TUкөрсеткіш + VC. Жоғарғы реттік VC жүктемесіндегі белгілі бір бекітілген позицияны алатын бір немесе бірнеше TU «топтық трибутарлық бірлік» (TUG) деп аталады. TUG TU-12 немесе U-3 байттарын генерациялау жолымен құрылады.
Өзінің пішініне байланысты VC-4 виртуалды контейнерлері STM-16 циклінде жіберіле алады. VC-4 виртуалды контейнерлері сәйкес келетін AU көрсеткіштерімен бірге AU-4 административтік бірлігін құрайды. Яғни AU = AU көрсеткіш + VC. AU көрсеткіштері VC-4 виртуалды контейнерлеріне сәйкес келетін жоғары реттік SDH циклдар арасындағы фазалар айырымын сақтайды. STM жүктемесіндегі белгілі бір бекітілген позициясы бар бір немесе бірнеше AU «топтық администрациялық бірлік» (AUG) деп аталады. Топ құрамында біркелкі AU-3 блоктар жиыны немесе бір AU-4 бар.
STM – N N AUG және SOH тақырыпшасының баитты жалғануымен құрылады: STM-N = SOH + N´AUG.
STM-16 модулінің қисынды құрылымын қарастырамыз. STM-16 модулінің жылдамдығы 2,5 Гбит/с. STM-16 модулі ақпараттық жүктемеден басқа басқару, бақылау және қызмет көрсету (ОАМ) және қосымша функцияларды іске асыратын артық сигналдары (OH) бар. Мұндай артық сигналдар «тақырыпшалар» деп аталады. STM желілік қабат секциясында қолданылғандықтан, оның тақырыпшасын ссекционды (SOH) деп атайды. Ол регенерациялық (R SOH) және мультиплекциялық (M SOH) тақырыпшаларға бөлінеді. R SOH регенераторлар арасында , ал M SOH транзит регенераторларынан өтіп, STM қалыптасып таратылатын пункттар арасында беріледі. R SOH – циклдық синхронизация, қатені бақылау, синхрондалатын модулдің ретін көрсету функцияларын орындайды, сонымен қатар қызметтік байланыс және қолданушылар арасында ақпаратты тарату арнасын туғызады. M SOH – қатені бақылау функциясын орындайды және басқару жүйесін автоматты резервке ауыстыратын, ақпаратты тарату және қызмет байланыстарына арналар туғызады.
STM циклының қайталану периоды 125 мкс. Әдетте цикл екі еселі құрылым ретінде келтіріледі, бұндағы цикл екіжақты құрылым ретінде көрсетіледі(матрицы), байттық мультиплекстеу 16 цифрлық ағынның AUG-4 құрылымында 9 жол және 4176 бағаннан (261 16) тұрады, төртінші жолға 144 байт орналасады (9 16), мұндағы 16 мультиплекстелген ағын AU-4 бағыттауышына қатысты. STM-16 барлық циклдың тарату жылдамдығы, ьұндай уақытта STM-16 М = (9 х 270) = 2430 х 16=38880 Кбит/с V = 64 х М Кбит/с., осыдан V = 64 х 38880 = 2488320 Кбит/с тең. STM-16 циклы секциондық тақырыптар жолы екі топқа бөлінеді: – регенерациялық секция (R SOH) форматы 432 байт және мультиплекциялық секция (M SOH) форматы 576 байт ; AU-4 көрсеткіш жолы 16´9 форматы байт; қажетті жүктеме жолы форматы 9´261 байт.
Блок AU-4 блогы өзінің маршрутты тақырыпшасы POH бар бір виртуалды контейнерды VC-4 тасымалдауға арналған. POH негізгі қызметі – виртуалды контейнердің жиналу нүктесінен таралу нүктесіне бүлінбей жетуін қамтамасыз етеді.
STM-16 модулінің циклдық құрылымы 2.3-суретте келтірілген.
9 261
3 261
5
1
POH
2.3-сурет. VC-4 және STM-16 циклының құрылымы
2.3-суретте STM-16 тарату жылдамдығының VC-4 контейнердің байт тақырыпшасы келесі мәндерге ие:
-J1 байты – байланыстың бүтіндігін анықтауға үшін 64´8 биттік құрылымда циклдық режимде таратуға қолданылады;
-B3 байты – BIP-8 коды, келесі контейнердегі қателерді бақылайды;
-C2 байты– пайдалы жүктеме түрін көрсетуші. Пайдалы жүктеме туралы ақпаратты сақтайды;
-G1 байты – маршрут жағдайын көрсетуші. Қашықтағы терминалға желі жағдайын хабарлайтын ақпаратты таратуға қолданылады (мысалы, ұзақтағы сақинадағы қателер туралы);
-F2,Z3 – маршрут қолданушысы
арқылы байланыс арнасын
-H4 – жалпыланған индикатор
жүктемесінің жағдайы,
-Z4 – жүйенің келешекте
дамытылуына қолданылатын
-Z5 – оператор байты, административтік желілері үшін резервтендірілген.
2.4-суретте STM-16 циклындағы SOH тақырыпшасының құрылысы көрсетілген
Сурет 2.4 – STM-16 циклындағы SOH тақырыпшасының құрылысы
2.4-суретте STM-16 цикл тақырыпшасының құрылымын қарастырайық. SOH тақырыпшасы екі блоктан тұрады (2.4-сурет): R SOH – көлемі 432 байтты регенераторлық секцияның тақырыпшасы және M SOH - көлемі 576 байтты мультиплексті секцияның тақырыпшасы. R SOH және M SOH тақырыпшасының құрамына мынадай байттар кіреді:
-А1, A1, А1, А2, А2, А2 байттары STM-16 циклы STM-N (A1=11110110, А2=00101000) құрамында болмаған жағдайында теңестірулер болып келеді;
-В1, В2 – байты бақылау суммасы , STM-16 барлық кадрлары есептелген.
-D1-D2-D2 байттары, басқару ақпаратын регенераторлармен 64*3=192 кбит/с жылдамдықпен мәліметтер арналары сияқты тарату үшін қолданылады;