Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 20:05, курсовая работа
Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.
КІРІСПЕ................................................................................................................
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша
Жалпы, өмір мағынасы жасөспірімнің өмірлік концепциясын, өмірінің саналы және жалпыланған принциптерін, оның өмірлік мақсаттарын бейнелейді. Психологияда мағыналылықты- субъект үшін қандайда әрекет, ішкі жағдай, мотивацияланған индивидуалды мағына деп атау қабылданған. Жасөспірім қандайда бір әрекет жасағанда оны не үшін жасайтынын түсінеді және саналайды, ал бұл оның мағыналылық сферасын бекітеді. Кең көлемде мағына - бұл құндылық және оны құру процесіндегі адамның сол құндылықты сезінуі.
Өмір мазмұны- іс-әрекет, еңбек және қажеттіліктер болып табылады. Жасөспірім өз өмірінде осы қажеттіліктерді нақты түрде біріктіреді және олардың қанағаттануының тәсілін бөліп шығарады. Осылайша, жасөспірім өмірінің мағынасы қалыптасады. Өмір мағынасы бір жағынан жасөспірімнің талаптануын, оның ұмтылыстары мен қажеттіліктерін білдірсе, екінші жағынан, оның шынайы жетістіктерінің, өмір формаларында өзін көрсету қабілеттілігінің жүзеге асуы болып табылады. Сондықтан да, өмір мағынасы бұл тек жасөспірімнің болашағы ғана емес, сонымен қатар, оның жетістіктерге өз күшімен жету бағасы болып есептеледі.
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің
мақсаты, болжамы мен
Мақсаты – қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін айқындау мен құқықтық ережелерге қатынасын эмпирикалық зерттеу.
Болжамы – қылмыс жасаған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуы оның тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Зерттеу пәні - қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу әдістемелері:
Зерттеу объектісі. Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.Эксперименттік топтың саны-20, бақылау тобының саны-20.
Зерттелінушілер сипаты. Зерттеу тобына балалар коллониясындағы жасөспірімдер, ал, бақылау тобына әдеттегі жасөспірімдер қатыстырылды.
Зерттеу мерзімі – 2006 жылдың желтоқсан айынан , 2007 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді.
Зерттеу міндеттері:
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы
1. М.Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі
Бұл әдістеме тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесін зерттеуге бағытталған. М. Рокич тұлғаның құндылықтар жүйесін адамның өмірлік мақсаттарына байланысты, тұлғалық қасиеттеріне байланысты екі түрге бөледі (терминалды, инструменталды). Осы құндылықтарды сипаттайтын әрқайсысы 18-тұжырымдамадан тұратын құндылықтар тізбесі жасалынған. Адамның өмірлік мақсатына байланысты құндылықтар жүйесі тұлғаның өмір сүруінің түпкілікті мақсатын анықтайды; тұлғалық қасиеттерге байланысты құндылықтар жүйесі-өмірлік ситуациялардағы тұлға әрекеттерінің жүйесін сипаттайды (мысалы, адалдық, шындыққа сәйкес шешім қабылдай білу).
Зерттелінушілерге әдістеменің орындалу шарты, яғни нұсқау: "Сіздердің назарларыңызға тұлғаның негізгі құндылықтар жүйесі ұсынылып отыр. Сіз өз қатынасыңызды аса маңызды құндылықтан бастап, біртіндеп соңына қарай сіз үшін аса мәнді емес құндылықтарды жазыңыз немесе ретті санмен әрбір құндылықтың жанына белгілеп отырыңыз" түсіндірілгеннен кейін оларға бірінші адамның өмірлік мақсаттарына байланысты 1-терминалды құндылықтар жүйесін зерттеу барысы аяқталғанан кейін, 2-инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылады.
2. “Аяқталмаған сөйлемдер” әдістемесінің сипаттамасы
Аяқталмаған сөйлемдер әдістемесі психодиагностикалық тәжірибеде бұрыннан қолданылып келеді. Зерттеушілердің көңілін аудартқан әдістің пилотажды жағына, әдісті қолданудағы универсалдылықты жатқызуға болады, бұл оның процедуралық қолдануының жеңіл және икемдігінің негізінде жатыр. Әдістеменің кемшілігіне басқада әдістемелерде де көп көрінетін сөйлемді аяқтаудағы жиі көрінетін әлеуметтік желательность жатқызуға болады. Мысалы: таңдау тобындағы сотталған адамдарға жүргізілген зерттеуде көптеген зерттелінушілер сөйлемді. «Менің кішкене әлсіздігім мынада»... мен «миірімді, кекшіл емес, тез қайтатын» деген сөздермен аяқтауы. Бірақ зерттеу процедурасын дұрыс құрғанда және зерттелінушімен өзара-әрекеттесу процесінде сенімді қарым-қатынастық жағдай жасағанда алынған нәтиженің анықтығы біршама жоғарылайды. Мысалы: стандартталынған сұраулама тестіге қарағанда жоғары болады. Сезіну және өткен шақ пен болашаққа деген қатынасын анықтайды. Ата-анасымен, құрбы-жолдастарымен, өзінің өмірлік мақсатының өзара қатынасын қозғайды. Тестілеу 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін, бұл зерттелінушінің тұлғасына байланысты созылады.
Нұсқау: «Бланктағы аяқталмаған сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөз арқылы толтыруыңыз керек». Бұл әр топқа сөйлемдер арқылы жағымды, жағымсыз, немқұрайлық қатынастың берілген жүйесін анықтауға мінездемелейді. Көптеген жанұя маған...
А- бақытсыз, ажырасқан -2
Б- күйгелекті, бір-бірін жаратпайды -1
В- бәрі бірдей.
Бұндай сандық баға зерттеушінің дисгармониялық қатынас жүйесін анықтауды жеңілдетеді. Яғни ең негізгісі, толтырылған сөйлемдердің сапалылығы.
Кесте – 1. Әдістеменің кілті.
№ |
Ұсынылған топ. |
Тапсырма № | |||
1. |
Әкесіне деген қатынас |
1 |
16 |
31 |
46 |
2. |
Өзіне деген қатынас |
2 |
17 |
32 |
47 |
3. |
Таратылмаған мүмкіншілігі |
3 |
18 |
33 |
48 |
4. |
Бағынушыға деген қатынас |
4 |
19 |
34 |
49 |
5. |
Болашаққа деген қатынас |
5 |
20 |
35 |
50 |
6. |
Жоғары тұрған адамдарға деген қатынас |
6 |
21 |
36 |
51 |
7. |
Қорқыныш және сақтану |
7 |
22 |
37 |
52 |
8. |
Достарына деген қатынас |
8 |
23 |
38 |
53 |
9. |
Өткен шағына деген қатынас |
9 |
24 |
39 |
54 |
10. |
Қарама-қарсы жыныс өкілдеріне қатынас |
10 |
25 |
40 |
55 |
11. |
Жыныстық қатынас |
11 |
26 |
41 |
56 |
12. |
Жанұясына деген қатынас |
12 |
27 |
42 |
57 |
13. |
Ұжымына деген қатынас |
13 |
28 |
43 |
58 |
14. |
Анасына деген қатынас |
14 |
29 |
44 |
59 |
15. |
Кінәлі сезімі |
15 |
30 |
45 |
60 |
Бұл еркін сауалнама негізінен жасөспірімдердің қылмыс, құқық нормалары туралы көзқарастарын анықтауға және құқықтық сананың қалыптасуына әсер етуші қарым-қатынастың алатын орнын анықтап, жасөспірімдерге қоршаған ортадан басым әсер, ықпал етушілерді табуға бағытталған. Бұл сауалнама арқылы құқық туралы, қылмыс туралы көзқарастың қарым-қатынас барысында құрбы-жолдастарының әсерін анықтаймыз.
Сауалнаманың мазмұнында төмендегідей сұрақтар қарастырылған және әр сұрақ бойынша жасөспірімдердің тұлғалық қосымша пікір білдіруіне мүмкіндік берілген.
1. Қазіргі заманда адамды қандай жағдайлар немесе жайттар құқықты бұзуға итермелейді?
1/ әлеуметтік жағдайы.
2/ кездейсоқ жағдай.
3/ өмір сүру мақсатында.
4/ өзіңіздің ұсынысыңыз _________
2. Сіздерде құқықтық норманы бұзуға немесе қылмыс жасауға итермелейтін жағдай болды ма?
1/ иә, болды.
2/ жиі.
3/ сирек, бірақ болды.
4/ жоқ.
3. Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзу дегенді қалай түсінеміз?
1/ құқық нормаларын бұзу.
2/ кінәлі іс.
3/ жағымсыз қылық.
4/ өзіңіздің ұсынысыңыз ________________________
4.Қаталдық деңгейі бойынша, төменде жазылған қылмыс атауын ең ауырынан бастап, жеңіліне дейін нөмер қойып жазыңыз.
1/ ұрлық.
2/ өлтіру.
3/зорлық.
4/ бұзақылық.
5/ тонау.
6/ өзіңіздің ұсынысыңыз _________
5.Құқық туралы алғашында кім сізге түсіндірді?
1/ ата-ана
2/ ұстаз (мектеп тұсынды)
3/ бөгде адам
4/ құрбы-жолдас
5/ телеарна
6.Қалай ойлайсыз, адам қандай қалыпта қылмыс немесе құқық нормаларын бұзады?
1/ ішімдік ішкен кезде
2/ Нашаны қолдану кезінде
3/ Аффект кезінде
4/ Кездейсоқ жағдайда
7.Қазіргі заманда Қазақстанда, әсіресе жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюіне қалай қарайсыңдар?
1/ жағымды
2/ қарсылық білдіремін
3/ мені бұл жағдай ойландырмайды
4/ өзіңіздің ұсынысыңыз _______________________
8.Қылмыс немесе құқық нормаларын бұзбау үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?
1/ әлеуметтік жағдайды жақсарту қажет
2/ Балаларға қызықты үйірмелер ашу
3/ Жазалаудың жаңа түрін қабылдау қажет
4/ Өзіңіздің ұсынысыңыз__________
9.Қиын жағдайда көбінесе кіммен сырласқанды, ақылдасқанды жөн көресіз?
1/ ата-ана
2/ құрбы-жолдас
3/ ұстаз (мектеп тұсында )
4/ бөгде адам
Зерттеу барысы. Эксперименттік зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдерге, яғни қайта түзету мекемесіндегі жасөспірімдерге жүргізілді. Сонымен қатар қылмысқа бармаған, яғни мектепте оқитын жасөспірімдерге салыстырмалы түрде зерттеу жргізілді. Эксперименттік зерттеу 2006 жылдың желтоқсан айынан 2007 жылдың сәуір айына дейін жүргізілді. Эксперименттік зерттеу кезінде қылмысқа барған жасөспірімдердің кейбіреулерінде қарсылықтар да болды. Бірақ сол мекеменің психологының көмегімен барлық қиыншылықтар шешілді. Ал бақылау тобының жасөспірімдері керісінше эксперименттік зерттеуге қызығушылықпен қарап, белсенді қатысты. Зерттеу алдында зерттелінушілерге арнайы дайындалған жауап бланктері таратылды және әдістемелерге жауап беру жөнінде инструкция айтылды. Инструкцияны түсінуде екі топта да қиындықтар болған жоқ. Бұл эксперименттік зерттеуде эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдеріне болашақ өмір бейнесінің жағымды қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылықтық бағдарының ерекшеліктерін анықтауға арналған М. Рокичтің құндылықтық бағдар әдісі жүргізілді. Бұл әдісте құндылықтар жүйесінің екі тобы ұсынылды. Зерттелінушілерге бірінші, терминалды құндылықтар жүйесі, артынан инструменталды құндылықтар жүйесі ұсынылып, оларды ең маңыздысынан бастап біртіндеп қойып шығу сұралды. Ал зерттелінушілердің болашақ өмірі мен өткен шағына деген және кінәлі сезіміне деген қатынасын анықтауда «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі жүргізілді. Бұл әдістің инструкциясы берілгеннен кейін зерттелінушілерде кейбір сұрақтарды түсінбеу себебінен қиындықтар туындады, бірақ бұл қиындықтарды оңай жеңдік. Экспериментті жүргізудің соңында еркін сауалнама жүргізілді. Бұл әдісті орындауда зерттелінушілерде ешқандай қиындықтар болған жоқ. Жалпы эксперименттік зерттеу әдістері қазақ тілінде жүргізілді. Жасөспірімдердің қылмыстық мінез-құлқын анализдеу кезінде бұзылушылардың төрт типін бөліп шығарамыз: