Қылмыстық іске барған жасөспірім

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Жасөспірімдер еліктеу объектісінің тек сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі де психологиялық қасиеттеріне еліктейді: мінез, ерік, дүниетаным және т.б. Бұл әсіресе кіші жастағы жасөспірімдерде пайда болады. Ал біршама үлкен жастағы жасөспірімде бірінші орынға бірте-бірте таңдалып алынған идеалға сәйкес өзіндік сана-сезімі мен жетілу элементі пайда болады. Алайда идеал ретінде оған тән деп есептелінген қасиеттерге мүлде ие емес адам алынуы мүмкін, яғни идеал жалған болып шығуы мүмкін. Өмірлік тәжірибенің жеткіліксіздігі, айқын қалыптасқан тәртіптік пайымдаулардың жоқтығы жасөспірімдерде түпнегіздік идеалды таңдап алуды сөзсіз қиындатады. Жасөспірімнің тікелей қарым-қатынас сферасындағы жағымды идеал мүлдем жоқ немесе жалған болғандықтан, ол антиқоғамдықпен алмасуы мүмкін.

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімнің, ол үшін референтті болған қылмыстық топқа жатуы әлеуметтік пайдалы байланыстар мен қатынастардың толығымен ажырауына алып келуі мүмкін. Сөйтіп, қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмыс жасауларының негізгі себептері мыналар: олардың дамуының нашар жағдайлары, жанұя мен қоғамның бақылауынан тыс қалуы, жағымсыз микроортаның, соның ішінде антиқоғамдық мінез-құлық тәжірибесі бар адамдардың белсенді әсері екендігі көрінеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдерде  қоғамдық пайдалы еңбекке деген талпынысы антиқоғамдық мазмұнды примитивті, утилитарлы қажеттіліктермен және қызығушылықтармен алмасып кетеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің қылмысқа бару себептерін қарастыруда әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасы мәселесі ерекше қатаң мәнге ие . Әлеуметтік құбылыстар сферасындағы себептіліктің үнемі тек объективті ғана емес, сонымен қатар субъективті де сипатқа ие болатындығы мәлім. Бұл қылмыс жасауға да – материалдық өмір, қоғамдық және жеке индивидуалды сана сфераларын қозғайтын себептік тәуелділіктің өзіндік заңдылықтары бар әлеуметтік құбылысқа да қатысты. Объективті түрде бар болып табылатын идеологиялық, моральдық, өнегелік және құқықтық ұстанымдар мен талаптар жеке индивидтің санасында орын алады, меңгеріледі, бағаланады, қабылданады, күшейтіледі немесе жоққа шығарылады.

Қылмысқа барған  жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына әсер ететін шарттар ретінде, жасөспірім тұлғасының нашар өнегелік қалыптасуын, жанұядағы және мектептегі мәдени - тәрбие жұмыстарының кемшіліктерін, қожайын болудың, иелігін қорғаудың басқарулық кемшіліктерін және т.б. айтуға болады. Бұл себептер қылмысқа барған жасөспірімдердің әлеуметтік жағынан шартталғанын көрсетеді. Өсіп келе жатқан тұлғаның мінез-құлқында нормамен қатар ауытқуларды да туындататын биологиялық фактордың да әсері зор болатындығын ұмытпаған жөн.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының себебін криминологтар  әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстыра отырып толық және арнайы деп бөліп қарастырады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасауының толық себебі - қылмыс жасаумен себептік және шарттандырушы байланыста болатын әлеуметтік құбылыстардың бүкіл жиынтығын білдіреді. Ал арнайы себеп (өзіндік себеп) бағынбаушылық дәстүрлерге, эгоизмнің, тәртіпсіздіктің және т.б. әдептері мен салттарына жататын әр түрлі жағымсыз құбылыстармен байланысты себептер. Бұндағы бір ғана объективті жағдай қылмыс жасауға тура алып келмейді.Тек барлық аталған себептердің жиынтығы тұлғаға әсер етудің нәтижесінде ғана қылмыстық әрекет немесе қылмыс жасау әрекеттері мүмкін болады [6, 321-325 б.б.].

И.И. Карпецтің ойынша, зерттелініп отырған мәселелерді дұрыс шешу үшін қылмыс жасаудың себептерін жалпы және нақтыларға, бірінші және екінші ретті себептерге, олардың арасындағы шек қозғалмалы болғандығына қарамастан қылмыс жасауға жағдай жасайтын шарттарды бөлудің мәні бар дейді. Сонымен қатар ол қылмыс жасауға экономикалық және басқа да факторлардың әсерлерін анықтаудың аса терең зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсеткен. И.И. Карпец бірінші ретті басты себептер ретінде мыналарды атайды: әлеуметтік құбылыстардың тарихи шарттанғандығын; сананың болмыстан артта қалуының объективті заңының әрекет етуі (бұл адамдардың санасы мен мінез-құлқындағы әр түрлі бастан өткерулердің болуында өзінің нақты көрінісін табады) [7.43-44б.].

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа бару себебін В.Н. Кудрявцев үш негізгі деңгейлерде қарастырудың жақсы талпынысын жасады, олар:

1. құрамында антиқоғамдық мінез-құлықтардың объективті мүмкіндіктері бар негізгі әлеуметтік процесстер әрекет ететін қоғам;

2. адамдардың өзара қатынастарының объективті заңдылықтары жүзеге асырылатын өндірістік ұжымдар мен кіші (формальды емес) топтар;

3. субъектінің белгілі-бір мінез-құлқының психологиялық себептері әрекет ететін жеке индивидуалды деңгей [8, 54-56 б.].

А.Б. Сахаровтың пікірі бойынша, қылмыс - жеке индивидуалды-тұлғалық қажеттіліктерді заңмен қорғалынатын қоғамның қызығушылықтарына қарама-қарсы қоятын жеке топтардың немесе нақты адамдардың жеке индивидуалисттік психологиясының көрінуі болып табылады [9, 83-84 б.].

Өткен өмір туралы санадағы жалпы формуланы қылмыс жасаудың себептері ретінде нақтылауға тырыса отырып криминологтардың біреулері (И.И. Карпец, И.Р. Ратинов) жеке индивидуалды құқықтық сананың бұрмалануы (құқықтық сананың үзілістілігі және құқықтық инфантилизм) жайлы айтады. Басқалары (Н.И. Стручков) қылмыс жасаудың себептеріне тек бастан өткерулерді ғана емес, сонымен бірге дұрыс емес көзқарастар мен түсініктерді де жатқызады; енді біреулері (Д.В. Филимонов), қылмыс жасаудың себептерін жеке адамуализмнен, карьеризмнен, қоғамдық мүліктерге деген ұқыпсыз қатынастардан және басқа да құбылыстардан қарастыра отырып, оларды адамның қоғамдық өмірдің әр түрлі қырларына деген қатынастары позициясынан ашуға тырысқан; төртінші біреулері (С.С. Остроумов) осындай себеп ретінде анти қоғамдық құндылық бағдарды жариялайды; бесіншілері (Г.Г. Зуйков) өткен шақтағы бастан өткерулерді тұлғаның анти қоғамдық бағдарымен теңестіреді [5, 37-40 б.б.]. Басқаша айтқанда, нақты қылмыстарды жасаудың себептерін ең алдымен жеке адамтің санасына жататын қандай да бір ортақ фактормен түсіндіруге талпыныстар жасалды, алайда бұл жерде күрделі әлеуметтік және биологиялық тіршілік иесі болып табылатын адамның оны тұлға ретінде қалыптастыратын көптеген әлеуметтік факторлардың әсерінде жүретіндігі ескерілмеген. Шеттетіліп алынған тұлғаның кез-келген қасиеттері мінез-құлықтың мазмұнын толығымен анықтай алмайтындығы айқын.

Қылмыс жасаудың әлеуметтік табиғатын талдау, адамның қылмыс жасау жолына түсуінің себебі ең алдымен  ортаға және тұлғаның өзіне тән жүріс-тұрыстың әлеуметтік детерминанттарында жатқандығы туралы ойға алып келеді.

Осы орайда Е.А. Копыстынский қылмысқа барған жасөспірімдердің үлкен тобын зерттеген. Бұл зерттеу авторға құқық бұзушылардың мынандай бес тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді, олар:

1. Интеллектуалды қабілеттіліктері жақсы және тұлғасының этикалық ядросы сақталған жасөспірім құқық бұзушылар жанұядан кетудің нәтижесінде кездейсоқ реформаториумға кез болғандар. Қылмысқа барған жасөспірімдердің бұл тобы 10%-ды құраған.

2. Нашар микроортаның (ата-аналарының қазасы, жанұядағы ішімдікке салыну, жанұялық жанжалдар, ұрлық, аштық, ішімдікке салынулар және т.б.) әсерінен көшедегі өмірдің төменгі жағына түскен жасөспірім құқық бұзушылар. Балалардың бұл тобы өздерінің күәліктегі жастарына қарағанда 2 – 3 жасқа шамалы интеллектуалды артта қалулармен сипатталынады, бұл орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістерімен емес, «ақыл-ойлық қабілеттіліктердің жаттығуларының жоқтығымен, жанұяның төмен мәдениетімен, аз дамыған моральдық сезімімен шарттандырылған». Бұл топтағы құқық бұзушылар 53%-ды құраған.

3. Туа берілген және жүре қалыптасқан ерте жастағы генездің біршама айқын көрінетін интеллектуалды дефективтілігі бар, орталық жүйке жүйесінің айқын көрінетін органикалық өзгерістері бар құқық бұзушылар. Бұл жағдайда дебильділіктің, тұлғалық ерекшеліктердің ұзақ мерзімдік эпилепсиясының, зақымдық церебростенияның, энцефалопатияның және басқа да аномалиялардың әр түрлі нұсқалары туралы айтылуда. Аталған топтағы балалар мен жасөспірімдер 17%-ды құраған.

4. Материалдық негізінде мәнді шамадағы церебральды, эндокриндік, сөздік және соматикалық түзелмейтін бұзылыстары басым қатал ақыл-ойлық артта қалған құқық бұзушылардың тобы. Бұл топ 4%-ды құрады.

5. Генезінде психопатиялық даму (аффективті-тұрақсыз, аса қозғыш, органикалық, истериялық және псевдологтар) жатқан жасөспірім құқық бұзушылар. Олар 16%-ды құрады  [10, 57-59 б.б.].  

    Негізінен қылмыстық заңда,қылмысқа барған жасөспірімді әр түрлі терминдармен анықтайды: «қылмыс істеген жасөспірім», «қылмысты тұлға», «айыпкер» т.б. Қалайша, неге осы жасөспірім қылмыс әрекеттеріне барды? Нақты бір қылмыс жасаған жасөспірім қандай жауапкершілік арту керек? Оның қайта түзеу жүйесі қандай болу керек? Қылмыскер жасөспірім қалыптаспас үшін қандай ескертулер болу керек? Деген сұрақтарға жауап алу үшін қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін талдау керек.

Заң шығарушы қылмыс барысында  жасөспірімнің байқалынған ерекшеліктерін айқындап алуы міндетті. Нақты қылмыс құрамын құрастыруда, жаза мен қылмыстық жауапкершілігін жекелеуінде де қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының жеке индивидуалдылды ерекшеліктері еске алынады.

Қылмыскер жасөспірімді сипаттау – жеке адамның маңызды қасиеттерін типологиялық – криминогендік анықтау, зерттеу дегенді білдіреді. Жасөспірімнің қылмыстық тұлғасы – ол сол тұлғамен істелінген қылмысқа себеп болатын, жеке адамның типологиялық қасиеттерінің жиынтығы болып табылады. Қылмыс негізінен жеке адам қылмысқа тигіштігінен, дұрыс өмір сүру керек екендігін түсіне алмай немесе түсіне алғысы келмегендіктен емес, әлеуметтік шындықтың нақты бір жағына қатысты шартталынған адамның ой құрылымы жүйесінің бұрмалануынан іске асады. Қылмысқа барған жасөспірімнің тұлғасын бағалай отырып, оның мінез-құлқының жалпы үлгісін, өмірлік стратегиясын құрайтын басыңқы ниетін, өмір сүру әдістерін анықтап алуымыз керек. Негізінен адамның мінез-құлқы тұлғаның құндылық позициясымен ұйымдастырылады. Адамның мақсатқа жету үшін құралын таңдау субъектінің өзіндік сана сезімімен байланысты. Тұлғаның жетекші жүйелендіруші фактор ретіндегі механизмі оның мағыналық құрылымы. Жалпы адамның әр саналы әрекетін тұлғалық құндылық бағалайды. Қылмысқа барған жасөспірімдердің құндылықты мінез-құлқында бір жетіспеушілік бар,олар өздерінің қылмыстық ісіне адекватты емес баға береді. Өзінің антиәлеуметтілігін өз бетінше бағалай отырып, өзінің қылмыстық мақсатына жететін әлеуметтік құндылықтарды жоққа шығарып, өзінің мотивтерін қорғауға жүйе құрады. Жасөспірімдер қылмыстық мінез-құлық себебін өздерінің жағымсыз жақтарынан емес, басқалардың мінез-құлқынан, сыртқы қоршаған ортадан көреді. Әдетте олардың өзіндік бағалауы жоғары болады, ал бұл олардың адекватты емес бағалауын,  тұлғасында құндылық аясының бұзылуын көрсетеді. Қылмыстың мотивациясы қылмысқа барған жасөспірімнің жағымсыз, яғни  пайдақорлық, кекшілдік, қызғаныштық, мансапқорлық, қате түсініктер сияқты тұлғалық қасиеттерден құралады. Қылмысқа барған жасөспірімнің мативационді-қажеттілік сферасында терең қозғалыстар байқалады, олардың әрекеттері төменгі импульсивті нұсқаулық деңгейде жүреді. Мұндай әрекеттің мотивациясы жасырын болып, «мотивсіз»қылмыс деген жалған көрініс береді. Ал олардың қажеттіліктері бір жақтылығы мен шектеушілікпен, әлеуметтік жағымды қажеттілік түрлерінің дамымай қалғандығымен, төменгі деңгейдегі қажеттіліктердің тым шектен шығушылығымен ерекшеленеді [11, 142-144б.б.].

Жалпы интеллектуалды дамудың жеткіліксіздігі, алдын-ала бейнелеудің қалыптаспағандығы, өзіндік рефлексияның төмен болуы – қылмыскер жасөспірімдердің негізгі айрықша ерекшелігі.Қылмыс жасаған жасөспірімнің мінез-құлық механизмдерін түсіну үшін «тұлғаның типі» деген ұғымды да қарастыру керек. Тұлғалық тип дегеніміз – бағыттылық, мінез-құлықтың жалпы әдістерімен сипатталынатын құндылық бағдар.

    Тұлғаның әлеуметтік негізі болып оның бағыты, өмірлік қатынастардың жүйелері, мотивациялық-құндылық бағдары болса, онда осы негіз қылмыскер жасөспірімнің типін анықтауы керек. Қылмыскер жасөспірімнің типтік критериі, яғни асоциалды, антиәлеуметтік деформация мөлшері, өзіндік психологиялық реттеу кемшілігі оның қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі болып табылады. 

Жалпы әрекет қылмыс жасаған  адамның субъективті жақтарын толық  ашпайды. Заңды белгі бойынша ұсақ әрекеттер әр түрлі психологиялық факторлармен негізделеді. Қылмыскер жасөспірімнің криминалды – психологиялық классификациясының негізінде ең негізгі позициялар: итермелеуші күші, мотивтары, қалыпты мақсаттары, қылмыс жасаудың амалдары, тұлғаның десоциолизация өлшемі, антиәлеуметтік бағдардың сипаты жатыр.

Жасөспірім қылмысының сипаты келесі белгілер жиынтығымен анықталынады:

1. қылмыстың түрімен–объект, қылмыстық салдардың ауырлық сипаттылығымен; 

2. айыптау формасы, қылмыстың мақсаты мен мотиві;

3. қылмыс жасаудың амалы немесе әдісі;

4. қылмыс жасаудың жағдайымен;

5. жұмсарту жағдайының бар болуы;

 

6. қылмысқа жасөспірімнің қатынасы, жасалынған қылмыстан кейінгі мінез-құлқы. [12, 46-47 б.].

    Әлеуметтік дезадаптация дәрежесі бойынша қылмыс жасаған жасөспірімнің 2-типі бөлініп шығарылынады: бірінші, антиқоғамдық тип, яғни бірнеше рет қылмыс жасағандар, екінші, асоциалды тип-алғаш рет қылмысқа барғандар. Өзіндік реттеу кемшілігі бар қылмыскер жасөспірімді төртке бөледі:

а) әрекетсіз, қылмыстық селқостық жіберетіндер;

ә) өзіне тым сенімшілдік нәтижесінде қылмысқа барғандар;

б) қатты жан толқуларын сезініп, басқалардың заңсыз әрекеттеріне қарсы қылмысқа барғандар;

в) тым жоғарғы дезадаптация жағдайының әсерінен қылмысқа барғандар.

    Құндылыққа бағдарланған бағыт бойынша қылмыс жасаған жасөспірімдерді келесідей түрлерге бөледі:

1. антиәлеуметтік – пайдақорлыққа бағытталған, олар әсіресе қоғамның құндылығына қол сұғумен айналысады.

2. антиқоғамдық пайдақор-зорлау бағытындағы .

3. антигуманды-агрессивті бағыттағы .

    Айтылып кеткен қылмыстық типтер қажеттілік, мотивациялық, интеллектуалды, еріктік, эмоционалды-құралдық, мінез-құлықтық қасиеттер бағыты өзіндік «тұлға үлгісіне» ие [4, 354-355б.].

    Қылмысқа барған жасөспірімдер қайта түзету мекемелерінде өзіндік бір психологиялық ерекшеліктерге ие болады.

    Адамды еркінен айыру, оны әлеуметтен оңашалау-адамның мінез-құлқының күшті модификация факторы болып табылады. Бұл факторға әр адамның психологиясы әр түрлі жауап береді. Дегенмен, мұндай қысымдағы, ал кейде стрестік жағдайда адам мінез-құлқының негізгі психологиялық симптомдарын бөліп шығаруға болады. Түрме, колонния – адамның үйреніп қалған өмір қалпынан айрылуы, жақындардан ажырауы, қиын жылдарға ұшырауы болып табылады. Түрме - адаптацияға деген қиындықтың жоғарылауын көрсетеді: жиі тұлға аралық конфликттер, келіспеушілік, дөрекелік, тұрмыстық жағдайдың жеткіліксіздігі, криминалды субмәдениет, персонал жағынан криминалды топтық, көшбасшылар жағынан үнемі қысымның болуы және т.б. болып табылады. Осындай жағдайда түзету мекемесіндегі жасөспірімдердің тұлғалық дефектісі ұштаса түседі.

Информация о работе Қылмыстық іске барған жасөспірім