Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 11:40, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық іс жүргізу—бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу қүқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты—бүзылған қүқыкты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүдңені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу күқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................................3

І-тарау. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) талап теориясы.................4
1.1 Талап ұғымы мен элеметтері және түрлері.....................................................4
1.2 Талап қою құқығы............................................................................................7
1.3 Талап арыз және талап қою тәртібі..................................................................9
ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу....................................................11
2.1 Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар........................................11
2.2 Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдерімен билік ету.............14

ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу..................................................18
3.1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу—азаматтық істі сотта жүргізу..............18
3.2 Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге байланысты азаматтык істер..............22

Қорытынды.........................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................

Работа содержит 1 файл

168 Талап қою құқығы.doc

— 137.50 Кб (Скачать)

 

II тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету.

2.1 Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

Талап қоюды қамтамасыз ету -іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кепілдік ету үшін заңмеп белгіленген тэртіпке сэйкес соттың іс-эрекеті.

Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мүндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі (ҚР АІЖК 158-бабы).

Талап қоюды қамтамасыз ету мақсаттары:

-         егер сот шешімін орындауды қиындатса;

-         егер сот шешімін орындалуын мүмкін етпесе.

Іске қатысатын адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы жазбаша нысандағы арызды сотқа үсынады. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және іске қатысатын басқа адамдарға хабарламастан ол сотқа түскен күні шешеді.бұл сот (судья) талап қоюды қамтамасыз ету туралы үйғарым шығарады.

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы үйғарым сот шешімдерін орындау үшін ҚР АІЖК-нің 237-239 баптармен белгіленген тэртіпте дереу орындалады.

Талап қоюды камтамасыз ету жөніндегі шаралар:

     жауапкерге тиісті және онда немесе баска адамдарда болатын
мүлікке тыйым салу;

     жауапкерге белгілі бір эрекеттерді жасауға тыйым салу;

     басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған қатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

     мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қойылған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата түру;

     мемлекеттік органның, үйымның немесе лауазымды адамның дауға салынатын актісінің қолданылуын тоқтата түру;

     борышкер сот тәртібімен дауға салатын аткарушылык қүжат бойынша өндіріп алуды тоқтата түру болуы мүмкін.

Қажет болған жағдайларда сот талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде:

-         өзге де шараларды;

-         бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін.

Іске қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі.

Талап қоюдың бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья үйғарым шығарады.

Талап қоюшы сот тэртібімен осы адамдардың талап коюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірішен залалдарды өтеуді талап етуге қүқылы (ҚР АІЖК 159-бабының 2-бөлігі).

Талап қоюды қамтамасыз ету мэселелері жөніндегі барлык ұйғарымға жеке шағым (жауапкермен) берілуі және жеке наразылык (прокурормен) келтірілуі мүмкін.

Егер талап қоюды камтамасыз ету туралы үйғарым шағым берген адамдарға хабарламай шығарылса, шағым беру мерзімі оғанбұл үйғарым белгілі болған күннен бастап есептеледі.

Егер талап коюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым берубұл үйғарымның орындалуын тоқтатпайды.

Егер талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түріне (мысалы, жауапкердің тиісті мүлікке тыйым салу шарасын жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу шарасымен ) ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым беру немесе наразылық келтіру үйғарымның орындалуын тоқтата түрады.

Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін:

1.      сол сот тараптардың талабы бойынша;

2.      сол сот бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК 163-
бабының 1-бөлігі).

Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды камтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге қүқылы (ҚР АІЖК 162-бабы).

Жауапкер талап қоюда бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін талап қоюшыға оның жазбаша өтініші бойыніт қабылданған оған талап коюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға қүқылы (ҚР АІЖК 165-бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдерімен билік ету.

Диспозитивтік принцип бойынша тараптар өз еркілері бойынша өздерінің субъективтік қүқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға тәсілін және көлемін анықтайды.

Сонымен:

1    - талап қоюшы талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге
қүқылы;

2    - талап қоюдан бас тарту;

3    - жауапкер талап қоюды мойындауға қүқылы;

4    - талаптар өзара бітімгершілік елісімін жасауымен істі аяктауы
мүмкін.

Әрқайсысын жеке қарастырайық.

І.Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту. ҚР АІЖК-нің 49-бабына сэйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін үлғайтуға не азайтуға немесе қоюдан бас тартуға қүқылы. Оны жүзеге асыру үшін талап қоюиіы бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша өтініш беруге тиіс. Талаптың нысанасын өзгертуге дегеніміз—бүл алғашқы талап нысанасын кейінгісімен орын ауыстыру.

Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Себебі диспозитивтік принцттіі бойынша бүндай қүқық тарапқа ғана тиесілі. Егербұл іс-эрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің қүқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бүзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануы қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімш бекітпейді.

2.Талап қоюдан бас тарту. Әр кезде талап қоюшының талап қоюдан бас тарту қүқығы бар. Талап қоюдан бас тарту—сотта талап қоюшының өзінің субъективтік қүкығын сот арқылы қорғау талабынан бас тартып, козғалған азаматгық істі қысқартуға бағытгалған. Егер талап қоюшының талабын бөліп карастыруға болатын болса, онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға (таьап арызы бойынша материалдық залалды және моральдык зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек материалдық залалды өтеуін талап етіп, ал моральдық зиянды өтеуден бас тартуы мүмкін). Істімәні бойынша қарау басталғанда төрағалық етуші талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын—қолдмайтын туралы мэселені аныктайды. Егер талап қоюшы өз талаптарын қолдамайтын болса, онда талап қоюшы талап қоюдан бас тартуы мүмкін. Талап коюшы талап қоюдан бас тарту туралы сотқа жазбаша арыз үсынуы тиіс.бұл арыз сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған тиісінше талап қоюшы қол қояды.

Талап қоюшы талап қоюдан бас тарту жазбаша өтінішін беру жолымен жүргізіледі және оған бірінші сатыдағы сот шешім қабылданғанға дейін жол беріледі. Талап коюдан бас тарту қабылданғанға дейін сот талап қоюшыға іс жүргізу эрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау туралы сот үйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын бекітпеген жағдайда, сотбұл ұйғарым шығарады және істімәні бойынша қарауды жалғастырады.

Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету қүқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мэлімделген талапты қолдамаса, үшінші түлғалардың қүқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады (ҚР АІЖК 56-бабының 2-бөлігі).

З.Талап қоюды тану—сотта талап қоюшының талаптарына қанағатгандыруға және талап қоюшы үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің келісуі.

Жауапкердің өзіне берілген субъективтік қүқығына сэйкес талап қоюды тану ешкімнің басымдылығысыз өз еркімен жүргізіледі.

Жауапкер талап қоюды тануға қүкылы,бұл жөнінде одан қолхат алынады (ҚР АІЖК 49-бабының 1-бөлігі).

Істімәні бойынша карауды төрағалық етуші бастағанда жауапкерден талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны туралы мэселені анықтайды.

Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаган кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Егер талап қоюшының талаптарын бөліп карастыруға мүмкіндік болса, онда жауапкер койылған талаптарды ішінара тануы мүмкін. Мысалы, талап коюшы талап арызы бойынша сот аркылы жауапкерден материалдык және моральдық зиянды өтеуін сүрайтын болса, онда жауапкер ішінара тек материалдық зиянды өтеуге келісімін береді, ал морльдық зиянды өтеуге келіспеуге мүмкін.

Сот жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды, егер:

-  бұл эрекет заңға қайшы келсе;

-              Басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын   мүдделерін   бүзатын   болса   (ҚР   АІЖК   193-
бабының 5-бөлігі).

4.Тараптардың бітімгершілік келісімі—бүл заңмен белгіленген жағдайларға сәйкес сотта материалдық-қүқықтық дауды шешуді

қысқарту.              Бітімгершілік келісімніңмәні—дауды өзара

бітімгершілікпен шешу арқылы іс жүргізуді аяқтау.

Бітімгершілік келісімі;

-   өзара процессуалдық көну (талап қоюшы өзінің тапап коюдың
бір бөлігі бойынша бас тартуы, ал жауапкер осы өзгертілген
талап қоюды мойындауы);

-   бір жақты көну (талап қоюшының талап коюы, ал жауапкер
тек талап қоюдың бір бөлігін мойындауы) негіздері болуы
мүмкін.

-   Талаптар істі бітімгершілік келісіммен аяктай алады, оған
талап қоюшы мен жауапкер қол қояды және сотпен бекітіледі
(ҚР АІЖК 49-бабының 1 -бөлігі).

Бітімгершілік келісімін жасау орнына байланысты сотта және соттан тыс жасалу түрлеріне бөлінуіне мүмкін.

Сотта жасалган бітімгершілік келісім—бұл сот отырысында немесе одан тыс жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.

Соттан тыс жасалган бітімгершілік келісім—бұл сот отырысынан тыс жасалған келісім және сотқа жолданбаған. Соттан тыс бітімгершілік келісім жасалу фактісін және оның шарттарын жалпы тэртіп бойынша тарап сотта дэлелдеу мүмкін.

Тараптар бітімгершілік келісімін тек талап қою бойынша іс жүргізу істерді бойынша жасауы мүмкін. Сондай-ак бітімгершілік келісім азаматтық процестің кез-келген сатысында (бірінші сатыдағы сотта, аплляциялық өндірісінде, қадағалау өндірісінде және атқарушылық іс жүргізу сатыларында) жасауға болады.

Сотта тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді, егер:

1.     Бүл іс-әрекет заңға қайшы келсе;

2.     Басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерін бұзатын болса.

Егер тараптардың бітімгершілік келісімі сотка жолданған жазбаша арызды жазылса, ол іске қоса тіркеледі,бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

Сот тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы үйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісімнің шарттары көрсетіледі (ҚР АІЖК 193-бабының 3-бөлігі). Егер сот тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпесе, онда сот бұл туралы ұйғарым шығарып, істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.

2

 



Ш-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.

3.1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу—азаматтық істі

сотта жүргізу.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер—азаматтар мен заңды түлғалардың мемлекттік билік, жергілікті өзін-өзі баскару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен үсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, үсынылған жазбаша келісім-шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса). Егер үсынылған құжатгар негізінде шешуге жатпайтын күкык туралы дау көрініп түрса, судья сот бүйрығын беруден бас тартады.

З.Сот бүйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мэлім етілген талапқа келіспеген карсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.

Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сактап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның көшірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын беругс мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мэлім етілген талапты растайтын күжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.

Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мэлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бүйрығын береді (ҚР АІЖК 149-бабының 1-бөлігі).

Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмүнында:

1.          жүргізілетін істің нәмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

2.          соттың атауы, бүйрық шығарған судьяның тегі және атыжөні;

3.          өндіріп алушының атауы, түрғылықты жері немесе түрған
жері;

4.          борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе түрған жері;

5.          талапты қанағатгандыруға негіз болған заң;

6.          өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе
оның   қүны   көрсетіле   отырып,   талап   етілуге   жататын
жылжымалы мүліктің белгіленуі;

7.          егер   оны  өндіріп   алу  заңмен   немесе   шартпен   көзделсе,
түрақсыздық айыбының мөлшері;

8.          борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті
бюджетке   өндіріп   алынуға  жататын   мемлекеттік   баждың
сомасы;

Информация о работе Ерекше талап қоюмен іс жүргізу