Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Апреля 2012 в 11:40, курсовая работа
Азаматтық іс жүргізу—бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу қүқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты—бүзылған қүқыкты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүдңені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу күқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І-тарау. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) талап теориясы.................4
1.1 Талап ұғымы мен элеметтері және түрлері.....................................................4
1.2 Талап қою құқығы............................................................................................7
1.3 Талап арыз және талап қою тәртібі..................................................................9
ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу....................................................11
2.1 Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар........................................11
2.2 Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдерімен билік ету.............14
ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу..................................................18
3.1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу—азаматтық істі сотта жүргізу..............18
3.2 Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге байланысты азаматтык істер..............22
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................
Жоспар
Кіріспе.......................
І-тарау. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) талап теориясы.................4
1.1 Талап ұғымы мен элеметтері және түрлері.......................
1.2 Талап қою құқығы........................
1.3 Талап арыз және талап қою тәртібі.......................
ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.......................
2.1 Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.......................
2.2 Құқықтар мен мүдделерді қорғауға талап тәсілдерімен билік ету.............14
ІІІ-тарау. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.......................
3.1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізу—азаматтық істі сотта жүргізу..............18
3.2 Ерекше талап қоюмен іс жүргізуге байланысты азаматтык істер..............22
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
2
Кіріспе.
Азаматтық іс жүргізу—бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу қүқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты—бүзылған қүқыкты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүдңені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу күқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп,соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер азаматтык іс жүргізу барысында жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізудің нысанынатән белгілер: а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген; б)істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға; в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйену қажет және заңға сәйкес болу керек. ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі: бұйрык бойынша іс жүргізу істері; талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше іс жүргізу істері. Азаматтық процестің сатылары—бүл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді эзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
2
І-тарау. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) талап теориясы.
1.1 Талап ұғымы мен элеметтері және түрлері.
ҚР Конститутциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе адамдардың заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге кұкылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).
Талап—құқық туралы дау шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қоргау туралы талап қою арқылы түлғаның сотқа жүгіну.
Талап—субъективтік құкықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап—азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері—бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне):
- мазмұны;
- нысаны;
- негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны—талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап коюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы—бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
- Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық—құқықтық қатынастың бар немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану);
- Талап қоюшымен материалдық—құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы:мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші—қарызды қайтаруын);
- Тараптар араларындағы құқық қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некенібұзу).
Талаптың негіздемесі—талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарына пайда болды. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің сменшік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапкыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде— өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық—құқықтық белгілер;
- процессуалдық—құқықтық белгілер.
Талаптардың процессуалдық—қүқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің проссуалдық-құқыктық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негіз бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1.Ұйғару туралы талаптар
2. мойындау туралы талаптар
3.өзгеретін (қүқық қатынастарын өзгертуге немесе токтатуға арналған) талаптар
Ұйгару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сүрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы үйғару талап деп аталады (мысалы:талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі,пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотка қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап коюшы соттан
белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы: талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы). Өзгертетін талаптар материалдық-кұқықтык қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары ( жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құкык қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немене ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алиметтік, түрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б. 1.2.Талап термині екі мағынада қолданылады:
1—материалдық;
2—процессуалдық.
Материалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз—сотка үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзегс асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын корғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап коюға (материалдық мағынада) кұқығы бар не жоқтығын аныктайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз—дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істің мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру.
1.2 Талап қою құқығы.
ҚР Конститутциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы) бекітілген сот аркылы корғану кұқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығыахаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК 45-тарауы) тиеселі.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жаткызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
Талап қою кұқығының шарттары—нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуы заң.
Бұл шарттар өзара:
- жалпы;
- арнаулы;
- жаратымды;
- жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.
Талап қою құқығының жалпы шарттары:
- Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құкық
қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі
(ҚР АІЖК 45-бабы);
- Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныштылығы (ҚР АІЖК 24-бабы);
-өз құзіреті шегінде сол мәселе турапы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;
- тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).
Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны— жаратымсыз сипаты болады.
Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз—бүл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен катар заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды түлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" (17.01.2002ж. қабылданған) заңның 232-235 баптары).
Талап қою кұқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:
- талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);
- талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК 153-бабы);
- іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);
- арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің міндеттері көрсетілген орнына органның (лауазымды түлғаның) атауы, оның тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған шешімдер. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз беруші туралы мэліметтер.
Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңды деректер жаткызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.
1.3 Талап арыз және талап қою тәртібі.
Талап арыз—субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқажүгіну нысаны.
Әр адам өзінің субъективтік қүқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз үсыну кажет.
Талап арыз мазмұны:
- кіріспе;
- сипаттау;
- сүрау бөліктерінен тұрады.
Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).
Талап арыздың кіріспе бөлігінде:
талап арыз берілетін соттың атауы;
талап қоюшының атауы, оның түрғылықты жері немесе, егер
талап қоюшы ұйым болса, оның түрған жері мен банктік
реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе,
өкілдің атаумен мекен-жайы;
жаупкердің атауы, оның түрғылықты жері немесе, егер
жауапкер үйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса,
оның түрған жері мен банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің міндеттері көрсетілген орнына органның (лауазымды түлғаның) атауы, оның тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған шешімдер. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз беруші туралы мэліметтер.
Сонымен қатар талап арызлың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын, егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.
Талап арыздың (арыздың) сипаттау бәлігінде:
? талап коюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды
мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе
бүзу қауінің мәні;
? талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және
бүл мән-жайларды растайтын дэлелдемелер.
Талап арыздың дәлелдеу бөлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұқсайды. Осы белікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына смілтеме жасайды. Егер прокурор азаматгардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:
талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің
себептерін негіздеу болуы тиіс;
арызға эрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз
беретін жағдайларды коспағанда, азаматгың сотқа талчп
қоюмен жүгінуге келісімін растайтын қүжат коса тіркелуге
тиіс. Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы
көрсетілуге тиіс.
Талап арыздың сүрау бөлігінде мүдделі тұлғаның бүзылған қүқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары кезделеді.
Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сактау туралы мэліметтер көрсетілуге тиіс. Талап арыздың соңында қоса тіркелетін қүжаииардың тізбесі керсетілуге тиіс, оларға:
жауапкерлер мен үшінші түлғалардың санына қарай талап
арыздың кешірмесі;
мемлекеттік баж төлеуді растайтын қүжат (квитанция), ал
егер төленбесе, онда төлеуден босату негіздерін көрсету
қажет;
егер іс бойынша өкіл қатысатын болса, онда өкілдің
өкілетгігін куэландыратын сенімхат немесе өзге де күжат.