Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:41, дипломная работа
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ.................................6
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері......................................................................6
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.............................................................10
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі...................14
2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.............................................................................................25
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы...................................................................25
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері................................................27
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі..............................................................................37
3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ...........................................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 57
9. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.
10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.
10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау
1. Тұтастай қамтитын бақылау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсаттары үшін пайдаланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.
2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 8-бабының қолданылу аясына жатпайтын өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясын:
1) оларды Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) олардың аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауларына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.
11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі
Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақылау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қатысты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде экспорттық бақылау ережелерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты болғызбау үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйелерін құрады.
12-бап. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеру
1. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;
2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.
2. Тексеру уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналында тіркелуге тиіс.
Тексеруді тағайындау туралы акт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі – құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.
3. Тексеруді жүргізудің басталуы тексеруші лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып, тексерілетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі.
Тексеруді өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана жүргізеді.
Өнімді тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін.
4. Тексеруді жүргізу мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынаулар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуына байланысты уәкілетті органның басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган тексерудің ұзартылғаны туралы құқықтық статистика жөніндегі органда тіркей отырып, міндетті түрде қосымша акті ресімдейді, онда тексерудің тағайындалғаны туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себептері көрсетіледі.
5. Тексеруді тағайындау туралы акт сыртқы экономикалық қызметтің бір қатысушысына (мәлімдеушісіне) ресімделеді.
6. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының сақталуы мәніне тексеру нәтижелері туралы екі данада акт жасайды.
7. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеушісіне) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей тапсырылады.
13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі
1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) экспорттық бақылау мақсаттары үшін өніммен сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.
2. Өніммен, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономикалық мәмілелерге қатысты құжаттар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мерзімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс.
3. Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің ережелері мен нысанын уәкілетті орган айқындайды.
14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы
Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешімдерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.
15-бап. Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу
1. Шет мемлекеттер Қазақстан Республикасы алдында алған міндеттемелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері бойынша өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге, оларға эмбарго белгілеуге дейін құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін белгілейді және жекелеген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты санкция туралы ақпаратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.
16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) ұсынған құжаттар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады.
4. Мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, қолдануына болмайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.
17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары
1. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимдерін күшейту саласында шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
2. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын, сондай-ақ оларды жасау технологияларын таратуды болғызбау жөнінде шет мемлекеттермен бірге күш-жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;
2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикаға тең құқықты және өзара тиімді негізде ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасының өніммен, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтармен халықаралық алмасуға қатысуын жандандыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жоғары технологиялардың әлемдік нарықтарына енуі үшін мүмкіндіктерді ұлғайту;
5) экспорттық бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар жүргізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының мем-лекеттік органдары экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуді мақсат ететін отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы келісімшарттарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.
18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
19-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Информация о работе Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы