Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:41, дипломная работа
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................4
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ.................................6
1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері......................................................................6
1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.............................................................10
1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі...................14
2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.............................................................................................25
2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы...................................................................25
2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері................................................27
2.3 Шарттарды жасасу тәртібі..............................................................................37
3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ...........................................................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 57
3) жеткізу құралдары – жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);
4) зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтар – қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлармен және технологиялармен, арнайы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық-есептеу машиналарына арналған бағдарламаларға, карталарға, жоспарларға, эскиздерге, иллюстрациялар мен үш деңгейлі шығармаларға авторлық құқықтар, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интегралдық микросхема топологияларына құқықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішінде “ноу-хау” өндірісінің құпияларына құқықтар;
5) импорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағына тұрақты пайдалану және тұтыну үшін әкелу;
6) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесі – импорттаушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайдалану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;
7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) – импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің ресми сендіруі;
8) кері импорт – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан бұрын әкетілген қазақстандық өнімнің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;
9) кері экспорт – Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өндірілген, оның кеден аумағына бұрын әкелінген өнімді әкету не Қазақстан Республикасында шығарылған өнімді басқа мемлекеттің кеден аумағынан үшінші елдерге әкету;
10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
11) өнім – экспорттық бақылауға жататын тауарлар, технологиялар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;
12) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу – Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және өнімді кейіннен Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;
13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) – экспорттық бақылауға жататын тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және ақпараттың тізбесі;
14) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (мәлімдеуші) – өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;
15) транзит – өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткізу;
16) тұтастай қамтитын бақылау – өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;
17) уәкілетті орган – экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі – экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында осы аумақтан әкету;
20) экспорттық бақылау – өнім экспортының, кері экспортының, импортының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары мен фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;
21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар – ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талаптарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заңның күші осы Заңның 8-бабында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) қызметіне қолданылады.
Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары:
1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту;
3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жоятын қару мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.
Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері:
1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау;
2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік;
4) халықаралық терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу;
5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін қалыптастырады;
3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерін бекітеді;
4) импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерін бекітеді;
5) өнімнің транзитіне рұқсат беру ережелерін бекітеді;
6) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру ережелерін бекітеді;
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді.
Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіреді;
2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, өнімнің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;
4) белгіленген құзыреті шегінде өнімнің экспортын, кері экспортын, импортын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін бақылайды;
5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді жүзеге асырады;
8) кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификатын) береді;
9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;
10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;
11) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді.
Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары:
1) өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі;
2) өз құзыреті шегінде өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, транзиті және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуі мәселелерін келіседі.
Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері. Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады:
1) жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондырғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен технологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
3) экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерінде белгіленетін тізімдер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;
4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материалдың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;
5) зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттері, зымырандық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;
6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;
7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға байланысты зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері.
Экспорттық бақылау және оны жүзеге асыру тәртібі.
1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
3. Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) негізге алына отырып жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген өнімнің кері экспорты өнім шығарылған елдің құзыретті органының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағында уақытша орналасқан әскери құралымдарының қаруланымында (жарақтанымында) қолданылып жүрген жарақтарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақсатында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммерциялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспекторлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.
8. Өнімнің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілуіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Информация о работе Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы