Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:29, курсовая работа
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
1.Кіріспе..........................................................................................................2
2.Қазақстан Республикасы азаматтық жеке тулға ұғымы.........................3-4
2.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі....................5-9
2.2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық.........10-11
2.3. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері......12-16
2.4. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері...........................................17-18
2.5. Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану............................................19-20
2.6. Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары.............21- 23
2.7. Азаматтық хал актілері..........................................................................24-26
Нәтиже............................................................................................................27
Қолдаған әдебиет тізімі................................................................................28
Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметгерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетгі деп тануға болмайды. Сондықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.
Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның, салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.
Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.
Азаматгық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамрдың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жойды (АК-тің 30-бабы).
Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
АК-тің З1-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады.
Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.
Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі
жоғалған адамды сот арқылы өлді деп
жария етуге болады. Ал, өлім қатері
төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза
тапты деп жорамалдауға негіз
болған жағдайда өлді деп жариялау
алты ай мерзімнен кешіктірілмей
шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен,
дауылдан, бораннан және т.б. кездейсоқ
апат кезінде жоғалып кетсе, оны
өлді деп жариялауды үш жыл күтудің
қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы
хабарды алты ай күтіп, сосын өлді
деп жариялай береді. Заңда әскери
қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс қимылдарына
байланысты хабар-ошарсыз жоғалып
кеткендер туралы арнайы ереже бар.
Аталған тұлғалардын басқа
Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тану мүмкін. Мысалы, азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып сел болған күн танылады.
Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.
Осы айтылғандарға қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі күшіне енген соң, азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мүрагерлік ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы төленеді.
Азаматты өлді деп жариялау өлгені туралы нақты факті негізінде емес, жорамалға сәйкес жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің 32-бабы өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды қарастырады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда, сот тиісті шешімінің күшін жояды.
Азамат өзінің қай уакытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.
Өлді деп жарияланған
азаматтың мүлкі ақысы
Мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған адамның мүлікті иеліктен шығару кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құнын өтеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады.
Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өтіп, сатылып кететін болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші жойылғаннан кейін оған мүліктіғ құны төленетін күнгі нарықтық бағасы ескеріле отырып оны сатудан түскен сома қайтарылады.
Азаматтық хал актілері
Азаматтық хал актілерін жазу бөлімдері жеті түрлі акт жазбасын жүргізеді. Соның ішінде тууды және қайтыс болған адамдарды тіркеу тәртібі де бар. Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңына сәйкес балалардың тууын тіркеуді азаматтық актілерін жазу бөлімі баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының, не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының немесе олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акті жазбасында баланың тууын тіркеген жер көрсетіледі.
Азаматтық хал актілерін жазатын органдары жоқ шалғай жерлерде, сондай-ақ, анасы теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе поезда босанған жағдайда туған балалардың тууын тіркеу ата-анасының бірінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде жүргізіледі. Туған баланы тіркеу туралы азаматтық хал актілерін жазу бөліміне берілетін арызға емдеу мекемесінің дәрігерлік куәлігі, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір емхана қызметкерлерінің немесе олар болмаған жағдайда екі куәнің арызы қоса беріледі.
Медицина мекемелерінің тууы туралы дәрігерлік куәлігінде баланың анасы туралы барлық қажетті мәліметтер көрсетілуге тиіс, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекенжайы т.б. Сондай-ақ, баланың туған күні, жынысы, салмағы және куәліктің берілген күні жазылады. Осы куәлік лауазымды адамның қолымен және емдеу мекемесінің мөрімен куәландырылады. Баланың тууы туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу бөлімдерінде бала туған күннен бастап екі айдан, ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін баланың тууын тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша, аумақтық әділет органдарының азаматтық хал актілерін жазу бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.
Сонымен бірге, перзентханада
дүниеге келген балалар мен бірге,
даладан тауып алынған балалар
да кездеседі. Бұл жағдайда да баланың
тууын міндетті түрде тіркеуден
өткізу қажет. Тауып алынған баланың
туылған, егер ол бұрын тіркелмеген
болса, оны тауып алған адамның,
балалар мекемесі әкімшілігінің
немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі
бойынша тауып алынған күннен
бастап үш тәуліктен кешіктірмей
тіркелуге тиіс. Өзара некеде тұратын
әкесі мен шешесі олардың біреуінің
өтініші бойынша тууды тіркеу
кітабында баланың ата-анасы
Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, ата-ананың бірлесіп берген арызы және соттың әке болуды анықтау туралы шешімі болмаған жағдайда баланың тууы туралы куәлігінде баланың әкесі туралы жазба анасының айтуы бойынша әкесінің тегі, аты мен оның әкесінің аты жазылады.
Қайтыс болуды тіркеу оның тұрақты
мекенжайы бойынша немесе қайтыс
болған жері бойынша Азаматтық хал
актілерін жазу бөлімінде қайтыс
болғаны туралы дәрігерлік куәлік негізінде,
ал ол жоқ болған жағдайда екі куәнің
куәландыруымен жүргізіледі. Қайтыс болғандығы
туралы мәлімдеме жеті тәуліктен
кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлтірілген
болса, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым
жағдайда өлсе, сондай-ақ өлік табылған
жағдайда өлген немесе өлік табылған
кезден бес күннен кешіктірмей тіркелуі
қажет. Адамның қайтыс болғандығы туралы
мәлімдемені өлген адаммен
Қорыта келгенде, әрекет
жасау қабілеттілігі жоқ
Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән. Ал берілген әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындар, б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындардың
әрекет қабілеттілігі мейлінше
ауқымды, олар заңда
Қолдаған әдебиет тізімі:
Алматы, 2003 ж.
Ғазиз Төлеуғалиев, Алматы, 2001 жыл.
10. Журсимбаев С. «Права человека в международно- правовых актах и Конституции РК», Астана, 1998г.