Жеке тұлғалардың әрекеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.

Содержание

1.Кіріспе..........................................................................................................2
2.Қазақстан Республикасы азаматтық жеке тулға ұғымы.........................3-4
2.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі....................5-9
2.2. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық.........10-11
2.3. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері......12-16
2.4. Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері...........................................17-18
2.5. Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану............................................19-20
2.6. Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары.............21- 23
2.7. Азаматтық хал актілері..........................................................................24-26
Нәтиже............................................................................................................27
Қолдаған әдебиет тізімі................................................................................28

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 45.60 Кб (Скачать)

Кейіннен ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо - Американдық құқықтағы домицилий концепциясы басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.

Мысалы, некемен туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.

Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.

ҚР-ның Азаматтық Кодексінде «жеке тұлғалардың жеке заңы»  атты арнайы 1094- бап бар.

ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.

Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.

Мысалы, Қазақстанның Австрия мен  Турцияның Халықаралық жеке құқық  туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.

ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:

1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.

2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.

3. ҚР-дағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен жүзеге асырады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері

    Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарьн қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? - деген сұрақ туады.

Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен  шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы - өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар - ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ иянаттардан корғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға  тиесілі мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.

Қамқоршылыққа алынушыны  асырап алуға және оның тұрмыстық  қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған  тұрмыстық және өзге де мәмілелерді  жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және отбасы туралы" заңның 113-бабы).

Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып  табылады.

Аудандық және қалалық  атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық  және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін  халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді  дербес жүзеге асырады.

Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.

Егер бұл қорғаншылыққа  алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа  алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

 Егер қамқорлыққа алынушылардың  мүдделерінің арасында қайшылық  болмаса, бір қорғаншы немесе  қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға  жол беріледі.

Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра  алмайтын ата-аналардың кәмелетке  толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар  және қамқоршылар ата-аналардың  тілегі ескеріле отырып тағайындалады.

Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгерщілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді  орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің  балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкІн болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі.

"Неке және отбасы  туралы" Заңының 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар  бола алмайтындар мыналар  сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған адамдар;

сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;

өзіне заңмен жүктелген міндеттерді  тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген  адамдар;

егер сот олардың кінәсінен  бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;

денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мІндеттерін  жүзеге асыра алмайтын адамдар.

Қорғаншылық және қамқоршылық  қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша жасалады. Жекелеген  жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мџмкін.

Заңда белгіленген жағдайларды  қоспағанда, қорғаншылық және ғамқоршылық  жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.

Корғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны  асырап-бағу қамқоршылыққа алынушынын алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы  және басқа да әлеуметтік төлемдері  есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны  асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.

Жасөспірім қорғаншылыққа  алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық  міндетін жүзеге асыратын адам бұл  туралы қосымша шешімсіз кәмелетке  толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға  тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға  сот әрекет қабілеттілігі бар  деп шешім шығарылған соң барып  тоқтатылады.

Қорғаншылық пен қамқоршылық  қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Қорғаншы қарауындағы  адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей  алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға  құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы  адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы  адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа  алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын  ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.

Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа  алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі  сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.

Қорғаншы мен қамқоршы органның алдьн ала берген рұқсатынсыз  қорғаншының иеліктен алу жөніндегі  мәмілелер жасауға, ал қамқоршының  мәміле жасауға келісім беруге, соның  ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға  немесе кепілдікке беруге, қамкорлыққа  алынушының заң бойынша және өсиет  бойынша мұрагерліктен тиесілі  құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауғ, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ, аталған  мәмілелер нәтижесінде корғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға  тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган  белгілейді.

Мүлікті қамқоршылығына алушыға  сый ретінде немесе тегін түрде  пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары  мен жақын туыстарының қамқоршылыққа  алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ ("Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы).

Қорғаншы немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншьшы немесе қамқоршыны осы міндетгерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мџмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері

Азаматтың құқығы мен міндеттерін  алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір  жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы  болмаған жағдайда оны тәрбиелеп  отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздерІ келісіп шешеді.

Некесіз туған балаға ѕкесі  жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасынығ фамилиясыт беріледі.

Біздің елімізде 1992 жылдан бастап ата-анаға ұлтгық дәстүрлі ескере отырып, балаға әкесінің не атасының атына  жаздыруға мүмкіндік берілді. Баланың  аты әкесінің атымен жазылады, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, айталық, казақтар құжаттарда әкесінің атын керсетпеуіне болады. Әрине, оның өзі ата-аналарынын келісімі арқылы жүзеге асады. Азамат тіркелу кезінде жазылған өз есімін, фамилиясы және әкесінің атын заң  құжаттарънда белгіленген тәртіп бойынша  өзгертуге құқығы бар. Қазақстан  Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2-сәуірде қабылдаған "Қазақ ұлтының  адамдарының фамилиясы мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді  шешудің тәртібі туралы" Жарлығында қазақ ұлтының өкілдері өздерінің  ықтияры бойынша қазақ тіліне келе бермейтін жалғауларды фамилиясы  мен әкесінің аттарының түбірін  сақтай отырып өзгертуіне болатындығы  айтылған. Әкесінің атынан кейін "ұлы" немесе "қызы" деп жынысына қарай  жазылады. Аталған Жарлықта фамилиясы  мен әкесінің атын жазылуындағы өзгерістер азаматтың құқық субъектісін  өзгерте алмайтындығы ескертілген. Яғни жасалған өзгерістер оның құқықтары  мен міндеттерін тоқтатса да, өзгерте  алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының  фамилиясы мен әкекесінің атын ауыстыру жөніндегі тілек Республика үкіметінің қаулысымен 1996 жылы 26-қыркүйекте қабылдаған Ережесімен айқындалады.

Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен  анықталады. Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады. Азаматтың есімімен қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай түседі. Өмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз кездеспейді. Егер азаматтың атында әкесінің аты көрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау қиындай береді.Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәлан-дыратын мәліметтер нақтыланады. АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалған.

Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны бір-біріне сай келеді. Дейтұрғанмен, өзі бір  жерде тұрып, екінші жерде жұмыс  істейтін жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып, Қаскеленде жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей көрсетуіне орай оның жұмыс орны емес, тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.

Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше  тұрғын үйді иеленуге құқылы, әрі онда бір-біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында жазда  тұратын үйі болды делік. Мұндай жағдайда заң оның қайсысында көп  тұратындығын ескереді. Азаматтар тұрғылықты жерін өзі таңдайды, бұл оның азаматгық  құқық қабілеттілігінің бір элементі болып табылады (АК-тің 14-бабы). Жасы 14-ке толмаған және қорғаншылықтағы азаматтардың, ғана нақты тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни оның ата-аналарының, асырап алушылар мен қорғаншыларының тұрғылықты жері танылады. Мұның өзі аталған азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, өз беттерімен мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

                     Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану

     Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.

Информация о работе Жеке тұлғалардың әрекеттілігі