Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 08:09, контрольная работа

Описание работы

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Содержание

КІРІСПЕ
Заңды тұлғалар азаматтық құықтың субъектісі ретінде
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
2.1.Заңды тұлғалардың белгілері
2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Заңды тұлға.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

       Қазақстан  Республикасының заңнамасында көзделген  жағдайларда қызмет нысанасы  қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етiледi.

       Тиісті  тауар нарығында үстем немесе  монополиялық жағдайға ие нарық  субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік  кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, олармен үлестес тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган  монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған, олармен үлестес тұлғалардың тізбесін ұсынады.

       Орта  және ірі кәсiпкерлiк субъектiсіне  жататын заңды тұлғаны мемлекеттiк  тіркеу кезiнде өтiнiшке құрылтайшы  немесе құрылтайшылардың бiреуi  не шетелдiк немесе шетелдік  заңды тұлға, Қазақстан Республикасының  Үкiметi немесе мемлекеттiк органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкiлеттiк берген адамы қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тiркеуші органға бередi.

       Жеке  кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу  кезінде өтінішке құрылтайшы (құрылтайшылар)  не осыған уәкілеттік берілген  адам қол қояды және Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде  көзделген жағдайларда нотариаттық тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, оны тіркеуші органға береді.

       Шетелдік  қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне жататын заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:

       құрылтайшы  – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

       нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

       Қоғамдық  және дiни бiрлестiктердi мемлекеттік  тiркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы бапта белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

       Бір  мезгілде тіркеуші органға заңды  тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

       Осы  Заңда және Қазақстан Республикасының  өзге де заңнамалық актілерінде  көзделгендерден басқа қандай  да бір құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

       Заңды  тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігі  айқындайтын тәртіппен Интернет  желісі арқылы берілген электрондық  өтініш негізінде жүргізілуі  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.

Осы Заңда немесе Қазақстан  Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, тіркеуші органға жарғы ұсынылады.

       Шаруашылық  серiктестiктерінiң, акционерлiк қоғамдардың,  өндiрiстiк кооперативтердiң және  қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы  заңды тұлғалар бiрлестiктерiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты және жарғы болып табылады.

       Бiр  адам (бiр қатысушы) құратын шаруашылық  серiктестiктерiнiң,  акционерлiк қоғамдардың  және Заңның осы бабының екiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, заңды тұлғалардың басқа түрлерiнің құрылтай құжаттары жарғы (ереже) және заңды тұлғаны құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiм (жалғыз құрылтайшының шешiмi) болып табылады.

       Қазақстан  Республикасының заңнамалық актiлерiнде  көзделген жағдайларда коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар осы түрдегi ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ете алады.

       Шағын,  орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiлеріне  жататын заңды тұлғалар мазмұнын  Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын үлгiлік жарғы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыра алады.

       Егер  заңды тұлғаның құрылтайшылары  өз қызметін үлгілік жарғы  негізінде жүзеге асыруға шешім  қабылдаған жағдайда, заңды тұлғаны  мемлекеттік тіркеу процесінде  жарғыны ұсыну талап етілмейді.

       Бұл  ретте, тіркеуші органға Қазақстан  Республикасының заңнамалық актілерінде  көзделген жағдайларда нотариаттық  тәртіппен куәландырылған, Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігі  белгілеген нысан бойынша өтініштің  үш данасы ұсынылады.

4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны

      Заңды  тұлғаның құрылтай құжаттарында  заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық  нысанына қарай Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген деректер  болуға тиiс.

       Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың  (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері (банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік тіркеу туралы деректер қамтылуға тиіс. 

     

 

     

 

 

 

Қорытынды

Қорытындылай келе, заңды  тұлғалардың көптеп құрылуы елдің  экономикасының дамуына зор үлес қосады. Экономикада әртүрлі заңды  тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру – құқылық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 
Заңды тұлғалар мекемелерінің көп түрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Жарғылық капиталының құқықтық реттелуі заңды тұлғалардың тиімді қызмет етуінің негізін құрайды АК бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқылық нысанға бөлінеді: 
- заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың (қатынасушылардың) құқығы негізінде; 
- заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқылығы; 
-ұйымдастыру құқылық негізде.

Құрылтайшылардың заңды  тұлғаларға немесе оның мүлкіне қандай құқық сақталатындығына байланысты заңды тұлғалар үш топқа бөлінеді: 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшыларының міндеттемелік құқығымен оларға: шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары мүлікке меншіктік құқылығыменмен, яғни басқаша, заттық құқылығымен: мемлекеттік және муниципаиалды унитарлық кәсіпорын; 
- заңды тұлғаларға оның құрылтайшылары ешқандай мүліктік құқылары жоқ (міндеттемелік те, мүліктік те). Оларға қоғамдық, діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және басқа да қорлар, заңды тұлғалар бірлестігі (ассоциациялар, одақтар) кіреді.Заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестіктің қоғамдағы орны ерекше. Сонымен заңды тұлғалардың ішінде шаруашылық серіктестік мемлекеттің экономикалық дамуына зор үлес қосады. Шаруашылық серіктестіктің ішінде көп таралған, танымал түрі жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. 
Бір немесе бірнеше адам құраған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты заңдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып  табылады. 
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл соамлар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. ЖШС коммерциялық ұйым болып табылады, азаматтық құқықтары болады және ҚР-ңзаңдарында тыйым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге асыруға қажетті өз қызметіне байланысты міндеттерді атқарады. ЖШС өзі орналасқан жерден тыс жерлерде ҚР азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 43-бабына сәйкес филиалдар құрып, өкілдктер ашуға құқылы. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуға құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекет оның келісімімен уәкілдік берген орган арқылы ғана қатысушы бола алады. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауға тиіс.ЖШС құру үшін оның құрылтайшыларының құрылтай шартын жасауымен басталып, серіктестіктікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткізумен аяқталады. Құрылтай шартын нотариат куәландыруға тиіс.

Серіктестіктің заңды  тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейтін құжат ЖШС-ның жарғысы болып табылады. Жарғыда серіктестіктің қызметінің мәні мен мақсаттары көзделуі мүмкін. Серіктестіктің жарғысын нотариат куәландыруға тиіс. 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеуді әділет органдары заңды тұлғаларды тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының 50 озық елдің қатарына шығар жолында  заңды тұлғаларды құру жүйесін Халықаралық  стандарттарға сай дамыту керек. Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Заңды тұлға азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі. Қазақстан Республикасында заңды тұлға туралы ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен реттелген. 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының  Конституциясы 

2. Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994жыл.

3. «Коммерциялық емес  ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының  Заңы 16.01.2001 ж.

4. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы » Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы 17.04.1995 ж.

5. «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 19.06.1995 ж.

6. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазасқтан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы 02.05.1995 ж.

7. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының «Азаматтық құқығы» Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

8. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының «Азаматтық құқығы» 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж.

9. Заң журналы. №5 02.12.2005ж

10. Заң газеті. №66, 18.04.2005ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары