Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 08:09, контрольная работа
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
КІРІСПЕ
Заңды тұлғалар азаматтық құықтың субъектісі ретінде
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
2.1.Заңды тұлғалардың белгілері
2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi
Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары
4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
2.1.Заңды тұлғалардың белгілері
2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
4.1. Құрылтай құжаттарының мазмұны
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да заңды тұлғаға жатады.
Заңды тұлғаның заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.Занды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.
1. Заңды тұлғалар азаматтық құықтың субъектісі ретінде. Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.
Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.
Лицензия дегеніміз — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.
Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.
Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.
Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.
Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.
Заңды, тұлғаны қайта құру. Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.
2. Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары:
1. Өз қызметiнiң негiзгi
мақсаты ретiнде табысын
2. Коммерциялық ұйым болып
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын
және мемлекеттiк бюджеттiң
Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады
(Қазақстан Республикасының
2.1. Заңды тұлғалардың белгілері.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:
1. ұйымдасқандық бірлігі;
2. мүліктік оқшаулығы;
3. Дербес мүліктік
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке затық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы дербес балансын мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілермен тағайындалуы мүмкін.Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған:Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушыларынам тиісті серіктестіктеріне қатысушыларына тиісті серіктестеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63 бабының 1-тармағы,72 бабының 1- тармағы,); 2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі( АК-тің 96-бабының 3 тармағы ); 3)Егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса,заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі(АК-тің 44-бабының 3-тармағы);4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-ші бөлігінің),сондай негізгі шаруашылық скріктестігнің кінәсінен еншілес шаруашылық (АК-тің 77-бабына 1-тармағының 2-бөлігі ) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.
2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған біріңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде (теориясында заңды тұлғаның маңызы (мәні),яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар.Олардың авторлрры заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі әр түрлі пікір білдіреді.Азаматтық құқық теориясында көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И.Аскназий мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан : Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттіңөзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды». Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов «ұжым ілімін»
алға тартты. Бұл ғылымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың
әулеметтік байланыстар ілімі, А.А.Пушкиннің
ұйымдастыру ілімі Е.А.
Кейбір авторлар бұл авторларды бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде
де өртүрлі теориялық көзқарастар
кездеседі.Мәселен К.Ф.Савиньи
Заңды тұлға туралы ілімде (теорияда) осындай әр қилы пікірлердің кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
3. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi және қазақ және орыс тiлдерiнде жасалған және үш данада ұсынылатын құрылтай құжаттары қоса беріледі.
Акционерлiк қоғамдардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғыларын (ережелерiн) қоспағанда, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң жарғылары (ережелерi) мемлекеттік тiркеу кезінде ұсынылмайды. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу үшiн тiркеушi органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негiзiнде Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзедi.