Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 08:12, реферат
Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қам-тамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.
Тасымалдау жоспарын
орындамағаны үшiн де жауапкер-шiлiк
туындауы мүмкiн (мұнда, тасымалды ұйымдастыру
туралы шартқа негiзделген жоспар ойға
алынып отыр). Мұндай жауап-кершiлiк
тек темiр жол тасымалдары
Жүк жөнелтушi төмендегi жағдайларда тасымалдау жоспа-рын орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылады:
- тиеу үшiн
берiлген вагондар мен
- жоспар бойынша көзделген вагондар мен контейнерлерден бас тарту;
- жүк жөнелтушiнiң кiнәсi бойынша станцияда тиеу мен түсiруге берiлу үшiн күтуде бос тұрған вагондар мен контейнер-лердi пайдаланбау. Бұл жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауап-кершiлiгi жалпы түрде тасымалдау жоспары орындалмағанына қарамастан туындайды. Жүк жөнелтушi мен тасымалдаушы жос-пардан артық және жоспардан тыс мiндеттемелердi орындамаған үшiн де, егер оларға қатысты жүк жөнелтушiнiң мәлiмдемелерi темiр жолмен қабылданған болса, жауапкершiлiкке тартылады.
Егер мiндеттемелердi орындауға стихиялы сипаттағы құбы-лыстар (су тасқыны, жер сiлкiнiсi, көшкiндер, құйындар және т.с.с.) кедергi келтiрсе, онда тараптар темiр жол тасымалының жоспарын орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындауға тыйым салу да оларды жауапкершiлiктен босату негiзi болып табылады.
Жүк жөнелтушi өзiнiң алдын ала келiсiмiнсiз тиеудi арттыру тәртiбiмен жоспардағы нормадан артық берiлген вагондарды (контейнерлердi) пайдаланбағаны үшiн жауапкершiлiкке тартыл-майды. Сондай-ақ егер жүк жөнелтушi күнтiзбелiк он күндiктiң жекелеген күндерi жол берiлген жүк толмаушылықтың орнын сол күнтiзбелiк он күндiк iшiнде толтырса, жауапкершiлiкке тартылмайды. Мұнай немесе мұнай өнiмдерiн тасымалдау тура-лы сөз болатын сондай ұқсас жағдайларда жүк жөнелтушiнiң жауапкершiлiгi туындамайды егер ол жүк толмаушылықтың ор-нын сол жүк толмаушылық орын алған айдың жартысында толтырса. Бiрақ бұл жағдайда олардың түсiрiлуi мұнай өнiмде-рiнiң құю станцияларынан немесе қайта құю пунктерiнiң жүзеге асырылуға тиiс.
Темiр жол тасымалдау жоспарын бұзғаны үшiн жауапкер-шiлiктен жоғарыда аталған негiздерден басқа мына жағдайларда босатылады.
- Түсiру мен тазалауда
жүк жөнелтушi вагондарды, контей-нерлердi
кешiктiрген кезде. Бiрақ бұл
кезде темiр жол осы жүк
- егер темiр жол
күнтiзбелiк он күндiктiң
Тасымалдаушы жүктiң
мүлтiксiз сақталуын оны
Тасымалдаушының кiнәлi жауапкершiлiгi көзделген. Бiрақ, азаматтық құқықтағы басқа да шарттар (мiндеттемелер) бойын-ша мiндеттеменi орындамаған тиiстi түрде орындамаған борышқор ретiнде оның кiнәсiнiң презумпциясы болады. Осы-ның салдарынан ол жүктiң жоғалтылуы үшiн, егер жүктiң неме-се теңдеме жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақым-дануы (бүлiнуi) өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе, жауап бередi.
Тасымалдаушының жауапкершiлiгi туындамауы керек, егер тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, бүлiнуi, жетiс-пеушiлiгi немесе зақымдануы төменде аталған жағдайларда орын алса:
а) жүк жөнелтушi немесе жүк алушының кiнәсiнен;
ә) жүктiң ерекше табиғи қасиеттерiнiң салдарынан, сондай-ақ тасымалдау немесе сақтау кезiнде жүктiң сақталуы үшiн ерекше жағдайларды немесе сақтық шараларын талап ететiн оның ерекше қасиеттерiн накладнойда көрсетпей жүктi тасымалдауға беру салдарынан;
б) егер тиеу немесе түсiру жөнелтушiнiң немесе алушының құралдарымен жүзеге асырылса, жүктердi төбесi жабық вагондарға, контейнерлерге тиеу немесе түсiрумен байланысты себептер бойынша;
в) жүктердi ашық жылжымалы составта тасымалдаумен байланысты кәдiмгi себептер салдарынан;
г) жүктi жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының жол серiгiмен бiрге тасымалдау кезiнде;
ғ) жүктердi тасымалдауға
қабылдау кезiнде сырттай қарау
бойынша да анықталуы мүмкiн болмаған
ыдысы немесе буып-түйiлуiнiң кемшiлiктерi
салдарынан немесе ыдыста зақымдау iздерiнiң
жол бойында байқалмаған
д) жүк жөнелтушi накладнойда
көрсеткен мәлiметтердiң қа-
е) белгiленген норма шектерiнде жүк салмағының орынды түрде азаюы салдарынан;
ж) тасымалдау кезiнде
тасымалдану мерзiмдерi мен темпе-ратуралық
режим сақталғанда тез
Тасымалдаушы аталған негiздердiң сырттай белгiлерi болған кезде жалпы ереже бойынша жауапкершiлiктен босатылатын болады. Оны жауапкершiлiкке тартуға мүдделi жүк жөнелтушi темiр жолдың сақталмаусыз тасымалдағандығының кiнәсiн дә-лелдеуге тиiс.
Тасымалдау шарттары
бойынша мүлiктiк
Жүктiң құны сатушының немесе шартта көзделген есепте көрсетiлген баға негiзiнде анықталады. Егер есеп немесе бағаны шартта көрсету болмаса, онда ол салыстырмалы жағдайларда, әдетте, соған ұқсас тауарлар үшiн алынатын бағаға сүйене оты-рып анықталады. Жүктiң жоғалтылуы, жетiспеушiлiгi немесе зақымдануы (бүлiнуi) салдарынан пайда болған анықталған шығынды өтеумен қатар тасымалдаушы осы жүктi тасымалдау үшiн алынған жол жүру ақысын жүк жөнелтушiге немесе жүк алушыға, егер тасымалдау ақысы жүктiң құнына енгiзiлмеген болса, қайтаруға тиiс.
Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында теңiзде жүзу” Заңының 105-бабына сәйкес теңiз тасымалдаушысының жауапкершiлiктi шектеу құқығынан айырылу мүмкiндiгi көздел-ген. Тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалтылуы, оның жетiс-пеуi немесе зақымдануы (бүлiнуi) не оны жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алу оның қасақана немесе өрескел абайсыздығымен жа-салған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесi екенi дәлелденген жағдайда теңiз тасымалдаушысы жауапқа тартылады.
Темiр жол тасымалы үшiн теңдеме жүктi, қол жүгiн жеткiзу мерзiмiнен кейiн жетi күн өткен соң жоғалтылды деп есептеу көзделген. Яғни жоғарыда көзделген жауапкершiлiк үшiн сияқты негiз пайда болады. Теңдеме жүк, жүк қол жүгi аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда қабылдаушы өз бiлгенiнше жүктi (теңдеме жүктi) қабылдауды және тасымалдаушы төлеген соманы қайтаруды жүзеге асыруы мүмкiн.
Жүктi тасымалдаушы тиегенде
темiр жол накладнойында
Аталған жағдайларда сол немесе басқа тараптың кiнәлiлiк немесе кiнәсiздiк презумпциясын iс жүзiнде қолдану мүмкiндiгi үшiн және соның салдарынан тиiсiнше жауапкершiлiк туралы мәселенi шешу үшiн Азаматтық кодекске өз мәнiсi жағынан өте маңызды норма (705-б. 3 т.) енгiзiлген. Ол жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қатысты бұрын болған кемсiтушiлiктi жояды, оларға тасымалдаушы өз кiнәсiн жоққа шығарғанда оны керi дәлелдеу өте қиынға соғатын. Өз кезегiнде оның себебi жалпы алғанда борышқордың мiндеттеменi бұзғандығының азаматтық құқықта жарияланған кiнәлiлiк презумпциясы тасымалдау қаты-настарына қатысты iс жүзiнде жоққа шығарылатындығында.
Әрекет етушi жаңа заңнамаға сәйкес жүктiң сақталмауының себептерi туралы (коммерциялық акт, жалпы нысан актiсi тасымалдаушысымен бiржақты тәртiпте құрастырылған құжаттар дау туған жағдайда тасымалдаушының не шарт бойынша қарама-қарсы тараптың жауапкершiлiгi үшiн негiз бола алатын жағдай-лардың орын алғандығы немесе орын алмағандығы туралы қорытынды жасауға мүмкiндiк беретiн басқа да құжаттармен қатар сотпен бағалануға жатады.
Темiр жол тасымалдары
бойынша жауапкершiлiктiң
Тасымалдауға тиым салынған жүктi немесе тасымалдау кезiнде ерекше сақтық шараларын талап ететiн жүктiң отауын немесе қасиетiн темiр жол накладнойында дұрыс көрсетпей тасымалдауға бергенi үшiн жүк жөнелтушiден, темiр жолға келтiрiлген шығындарды өндiруден басқа тасымалдаудың барлық қашықтығы үшiн ең жоғарғы тариф бойынша тасымалдау ақысының бес еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiледi. Бұдан басқа жоғарыда аталған жағдайлармен келтiрiлген шығындар да өндiрiлiп алынуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 78-бабы бойынша вагондарды немесе контейнерлердi өз бетiнше иеленiп алу, зақымдау немесе жоғалту үшiн жауап-кершiлiк көзделген. Егер бұл тиiстi шарттармен көзделмесе, тасымалдаушы, жүк жөнелтушi, жүк алушы, сондай-ақ басқа да тұлғалар өздерiне тиесiлi емес вагондарды, контейнерлердi жеке өздерiнiң тасымалдаулары үшiн, жүктердi сақтану үшiн, сондай-ақ оларды иелерiнiң рұқсатынсыз тиеу үшiн пайдалануға құқылы емес. Осы талаптарды сақталмағаны үшiн кiнәлi тарап, вагондарды контейнерлердi пайдаланғаны үшiн төлемнен басқа, олардың иелерiнiң алдында вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы мөлшерiндегi айыппұл түрiнде мүлiктiк жауапкершiлiкке тартылады. Айыппұлды төлеу бұзушыны жәбiр-ленген вагон (контейнер) иесiне келтiрiлген шығынды өтеуден босатпайды. Заңнамамен басқа да бұзушылықтар үшiн жауап-кершiлiк анықталады. Мәселен, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi вагондарды контейнерлердi түсiргеннен кейiн тазаламағаны үшiн жауапқа тартылуы мүмкiн (ҚР “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 83-бабы). Аталған заңның 84 және 85-баптарымен жылжымалы составты, контейнерлердi, қозғалмалы тасымалдау құрылғыла-рын зақымдағаны немесе жоғалтқаны үшiн жүктердi тасымалдау шартының тараптарының жауапкершiлiгi және кiру жолдарынан вагондарды беру, алып кетудi кешiктiргенi үшiн тасымалдау-шының жауапкершiлiгi көзделген.
Жүк жөнелтушi вагонды, контейнердi жоя берiлетiн норма-лардан артық тиеудiң кесiрiнен авариялық жағдай туындағанда да темiр жол алдында жауапкершiлiкке тартылады (шығынды өтемейдi). Артық тиегенi үшiн шығындарды өтеумен қатар тасы-малдаушы пайдасына тасымалдау ақысының елу пайызы мөлше-рiнде айыппұл өндiрiледi. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмi болған кезде тазартылмаған жылжымалы составты және контейнердi тиеуге беруге жол берiледi. Бiрақ бұл кезде темiр жол заңнамамен қарастырылған мөлшерде жүк жөнелтушi пайдасына айыппұл төлейтiн болады.
Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiк. Жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау бойын-ша мiндеттемелердi орындамаған кезде тасымалдаушы заңнама-мен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Заңнамамен белгi-ленген жауапкершiлiктiң ерекшелiгi болып көлiктiң барлық түр-лерiмен тасымалдауға қатысты қолданылатын жауапкершiлiк ту-ралы нормалардың унификациялануы табылады.
Жолаушыны тасымалдайтын көлiк құралын жөнелтудi кi-дiрткенi немесе мұндай көлiк құралының баратын жерiне кешi-гiп барғаны үшiн (қалалық және қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды қоспағанда) тасымалдаушы, егер кiдiрту немесе кешiгу дүлей күштiң салдарынан орын алғанын дәлелдемесе, жолаушыға көлiк туралы тиiстi заң актiлерiнде белгiленген мөл-шерде айыппұл төлейдi.
Аталған жағдайларда жолаушы тасымалдаудан бас тартуға құқылы, онда тасымалдаушы жолаушыға кiре ақысын толық көлемiнде қайтаруға, сондай-ақ жолаушыға осындай кiдiртуге байланысты ол шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес, тасымалдаушының кiнәсi бойынша (жолаушы тасымалдаушының қызметтерiн пайдаланған жағдай да) жолаушыны тасымалдау кiдiртiлген кезде, егер олар орын алса жолаушыға залалды өтеумен қатар,тасымалдаушы жолау-шыға кiдiртiлген әрбiр сағат үшiн билет құнынан 3% мөлше-рiнде айыппұл төлеуге тиiс. Жолаушыға төлеуге тиiс айыппұл-дың сомасы алынған билет құнынан аса алмайды. Жолаушының сұрауы бойынша оған тасымалдаудың кiдiрту себебi туралы ресми құжат берiлетiн болады немесе оның билетiнде белгi қойылуы тиiс.
Тасымалдауға қабылданған теңдеме жүктiң жоғалғаны кем шыққаны және зақымданғаны (бүлiнгенi) үшiн жауапкершi-лiктiң мөлшерi тасымалдауға қабылданған жүктiң жоғалғаны, кем шыққаны, зақымданғаны үшiн сияқты болып табылады. Тасымалдаушы теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн теңдеме жүктi алушыға өткiзiп алынған әрбiр тәулiк үшiн тасымалдау ақысының 10% мөлшерiнде айыппұл төлеуге тиiс. Бұл жағдайда да жауапкершiлiктiң шектi мөлшерi тасымалдау ақысының 50%-нан аспауға тиiс. Тараптардың келiсiмi бойын-ша, егер тасымалдаушы жауапкершiлiктiң жоғарырақ мөлшерiне келiссе, жолаушының не теңдеме жүктi алушының шығындарын өтеуге заңнамамен көзделген, аталған жауапкершiлiк мөлшерi ұлғайтылу жағына қарай өзгертiлуi мүмкiн. Бiрақ жауапкершi-лiктiң келтiрiлген санкцияларын жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарттарын тасымалдаушымен бұзғаны үшiн жауап-кершiлiктiң төменгi мөлшерi ретiнде қарастырған жөн.