Мердігерлік шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:12, реферат

Описание работы

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................
I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер..........................................
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері.............................................
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер...........................................................
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі................................

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлік....................................................................................
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері......................................................
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....

III Тараптардың құқықтары мен міндеттері...............................................
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері..........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................

Работа содержит 1 файл

Азаматтық құқық.doc

— 136.00 Кб (Скачать)

     Кейбір  жағдайларда шартпен  тапсырысшының  талап  етуі бойынша  және тапсырысшының  есебінен  мердігер жауапты болмайтын  кемшіліктерді мердігердің  жою  міндеті  көзделуі мүмкін.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3 Жобалау және іздестіру   жұмыстарына   мердігерліктің ерекшеліктері

     Мердігерлік шартының бұл  түрі құрылыс  жұмыстарымен тығыз  байланысты жұмыстар жүргізілуін  құқықтық  реттеуге арналған. Жобалау  жұмыстар  оларға  сәйкес, алда құрылыс  жүргізетін құжаттар  өңделуін қарастырылады.

     Алдағы  жұмыс көлемі үлкен  болып арнайы мақсатқа жоспарлануы  мүмкін. Сондықтан  жобалаудың алдағы  шығынды бағалау, болашақ  құрылыстың  экономикалық тиымдылығын көтеру үшін маңызды  болып  табылады. Іздестіру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құрылыс салу  орнын, құрылыс  тәсілдерін және т.б. анықтауға  мүмкіншілік береді.

     Бірқатар  жағдайларда, жобалау және іздестіру  жұмыстарына  мердігерлік шарты  бойынша тапсырысшы  болып құрылыс  ұйымдары  қатысады.

     Олар  құрылыс  мердігерлік шарты бойынша  мердігерлер құрылыс  қызметінің  белсенді  жүзеге асыруды,  жаңа шешімдер ұсынуды, өндірістік  тұлғын  үй ғимараттарының салуды  болжаулары мүмкін.

     Жобалау және іздестіру  жұмыстарына  мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық  құжаттаманы әзірлеуге және іздестіру  жұмыстарын жүргізуге  міндетттелінеді, ал тапсырысшы  оларды қабылдап  алуға және  ақы  төлеуге  міндеттенеді./2.7.,251б./

     Жобалау және іздестіру  жұмыстарына  мердігерлік шарттарын реттейтін  нормалардың мәнісі  бойынша, орындайтын  жобалау және іздестіру  жұмыстарына  материалды-техникалық қамтамасыз  еті  міндеті көбінесе мердігерде  болады. 

     Жобалау және іздестіру  жұмыстарына  мердігерлік шарты көбінесе  тапсырысшы  үшін  тәуеклді болып  келеді. Егер  заңнама актілерінде немесе  шарта өзгеше көзделмесе, шартың  кездейсоқ орындалмау қаупі оған  жүктеледі.

     Тараптардың  құқықтары мен  міндеттері

     Тапсырысшы  мердігерге жобалауға  тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау  үшін  қажетті өзге  алғашқы мәліметтерді  беруге  міндетті.

     Тапсырысшы  шарт бойынша  тапсырманы  дайындауды тапсыруға  өкілденуі  мүмкін.

     Жобалау және іздестіру  жұмыстарын орындау  кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта  қарастырылған  көлемде  және  жағдайларда қызметт көрсетіп  тұруы керек. Мысалы, көлік  бөлініп  берілуі. Материалдар  сатып алынуы.  
 
 

     Тапсырысшының міндеттері:

     Мердігерге  барлық  жұмыстар  аяқталғаннан  кейін  белгіленген  бағаны төлеуге немесе  оны  жұмыстың  жекеленген  кезеңдері  аяқталғаннан  кейін  бөліп  төлеуге:

     Мердігерге  шартта көзделген көлем  мен  жағдайда жобалау және іздестіру  жұмыстарын орындауына қызмет көрсетуге;

     Қосымша шығындарды  өтеуге.

     Мердігердің міндеттер:

     Жұмысты шарт  жасасу кезінде жобалауға берілген  бастапқы  деректерге сәйкес орындауға;

     Дайын  жобалау-сметалық  құжаттаманы  тапсырысшымен, ал  қажет  жағдайда тапсырысшымен  бірге құзыретті мемлекеттік  органдарымен және жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарымен келісуге;

     Тапсырысшының келісімімен  жобалау-сметалық  құжаттаманы  үшінші  тұлғаларға  беруге  міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ  МЕН МІНДЕТТЕРІ

     3.1 Мердігердің құқықтары  мен міндеттері

     Мердігердің негізгі міндеті жұмыстарды шарт жасасу кезінде жобалауға  берілген бастапқы  деректерге сәйкес орындау.Әрине,  мердігер бұл  жұмыстарды тиісті түрде мамандығына сәйкес орындауға міндетті. Мердігер  дайын   жобалау-сметалық  құжаттаманы  тапсырысшымен келістіруі  қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бірге жобалау-сметалық  құжаттаманы  мемлекет органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару  органдарымен келістіруде  қатысуы керек. Бұл  міндетті  мердігерге жүктеудің  өз  себебі бар, мердігер  маман болған  соң  жобалау-сметалық  құжаттаманы  құзыретті мемлекеттік  органдарымен  жергілікті өзін-өзі басқару  органдарымен келістіру, оның  бөлек  тармақтарының,  құрамаларының  негізділігін  көрсету жеңілдеу болады.

     Кейбір  жағдайларда бір  мердігерге жобалау  және  іздестіру жұмыстарын  бірге жүргізуге тапсырылады. Бұл  мердігерге  іздестіру жұмыстарын  жүргізу  нәтижесінде жинақталған  мәліметтерді  құпия  түрде  сақтауға мүмкіншілік  береді.

     Мердігер  тапсырысшының келісімінсіз  жобалау-сметалық  құжаттаманы   үшінші тұлғаларға бермеуі керек.

     Мердігер  тапсырысшыдан  оның  заңда немесе шартта көзделген барлық  міндеттерін  орындауға  талап  етуге құқылы.

     ҚР  АК 638-бабы әрбір  тарапқа қарсы  тараптың оның  ақпаратпен азаматтық құқықтардың  мүліктік  обьектісімен сияқты  иеленуіне байланысты мүдделердің қамтамасыз ету  міндеті жүктеледі./ 2.2., 94бет./

     Мердігерден  орындалатын жұмыстың  сапасының  кепілдіктері мердігерлік  туралы жалпы  ережелерге сәйкес  белгіленеді. Жобалау  және іздестіру  жұмыстарының өзгешелігі, олардың  кемшіліктері жобаны  іске  асырғанда, іздестіру  жұмыстарының деректерін  пайдалану  кезінде ғана  табылуы  мүмкін. Немесе  сараптама қажет  болады. Бірақ  сараптама негізсіз тағайындалмайиыны түсінікті. Сондықтан, біздің  ойымызша, мердігерге мердігерліктің  бұл  түрі бойынша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзімі жобаларды жүзеге асыру, іздестіру жұмыстарының  мәліметтерін  пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны  бекітілуі керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Осы «Мердігерлік шарты» тақырыбына  жазылған курстық  жұмысты  орындау  барысында, жұмыстың  мақсатына  сай  мынандай  қорытынды  жасауға  болады:

     Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші  тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы  бойынша тбелгілі бір  жұмысты  атқаруға және белгіленген мерзімде оның  нәтижесін қабылдап  алуға және оған  ақы  төлеуге (жұмыстың бағасын  төлеуге) міндеттенеді. Егер заң  актілерінде немесе шартта өзгеше  көзделмесе, жұмыс  мердігердің тәуекелімен  орындалады.

     Мердігерлік шартның элементтері

     Мердігерлік шартының  тараптары болып мердігер және тапсырысшы  болып  табылады.

     Тапсырысшы  – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген  белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын  тұлға.

     Мердігер  – шарт бойынша  белгілі  жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және  жеке  кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға.

         Осы курстық  жұмысты  орындау  барысында, алдымызға  қойған  мақсатымыздың бірі – ол  мердігерлік   шартының  жекелеген  түрлеріне   тоқталдық, оларға  мыналарды   жатқызуға  болады:

         1.Тұрмыстық   мердігерлігі;

         2.Құрылыс   мердігерлігі;

         3.Жобалау  және іздестіру  мердігерлігі;

         4.Ғылыми-зерттеу  мердігерлігі;

               5.Технологиялық  жұмыстарға мердігерлік. 

       Осы  курстық  жұмыста    мердігерлік шартының  жекелеген   түрлері  мен  оларды  топтаған  кезде  жеке-жеке  тоқталдық  және  де  ерекше  мән  беріле  жазылды.

     Осы  курстық жұмыста мердігерлік  шарты ұғымы, түрлері  ерекшеліктеріне  жеке – жеке тоқталдық және де ерекше  мән беріле жазылды.

           Курстық  жұмысты орындау барысында  көптеген ғалымдардың еңбектерімен  таныстық. Мысалға алар болсақ: М.К. Сүлейменов,  Ю.Г. Басин, Г.А. Жайлин. және де тағы басқа ғалым еңбектерімен  таныс болдық.

            Осы жазылған курстық  жұмысты   қорытындылай келсек, мердігерлік   шарты  ұғымына және оның  маңызды салаларына айтарлықтай  түсінік кеңінен  көрініс тапқандығы жайлы айта аламыз.

 

      ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

     Ι. Нормативтік  -  құқықтық  актілер:

        1.1 Қазақстан Республикасының   Конституциясы  1995 жыл 30 тамыз, 1998 жылы 7 қазандағы № 284 Ι заңымен  енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.Алматы: «ЮРИСТ» баспасы.- 2004, 31 бет.

        1.2  Қазақстан  Республикасының   Азаматтық Кодексі – Алматы: Юрист, 2006.- 309 бет.

       1.3 Гражданский кодекс РК. Түсіндірме. Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г.  Басин .- Алматы: Жеті жарғы;2000-237 бет.

        

     ΙΙ. Арнаулы қолданылған  әдебиеттер:

     2.1 Б.К.Абдыкадыров. Гражданское право. 

     2.2 Асцеулов А.Г.,т Жайлин Г.А. Гражданско-правовая  ответственность за вред, причиненный  преступлением против личности.- Алматы: ИПУ Каз ГЮА 2000 93, 94 б.

       2.4 Гражданское  право. Учебник.  Ч.1./Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К.Толстого.М.: «Проспект» , 1997, 113-бет.

        2.5  ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, «Жеті Жарғы », 1998, 100-бет.

        2.6  Гражданское право, Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие.- Алматы,2003.- 458 с.

        2.7 .Жайлин Ғ.А. ҚР Азаматтық  құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім.-ΙΙ  том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2004.-264 бет.

         2.8  Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу құқығы. Алматы: Дәнекер, 2003жыл.

         2.9   Мемлекет және құқық  негіздері: Оқулық – Алматы: Жеті  Жарғы, 2001. Құрастырған  Е. Баянов.

        3.  М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Азаматтық  құқық. ΙΙ том. 2 басылымы.- Алматы,2003.- 736 бет.

         2.9 Кулагин М.И. Предпринимательство  и право: Опыт Запада. М.: Дело. 1992.С.

         3. Төлеуғалиев. Азаматтық құқық.  Жалпы және Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы .-2003. 426бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Мердігерлік шарты