Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 17:12, реферат
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік шартының туындайтық құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен белгілі бір
КІРІСПЕ....................................................................................................................
I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер..........................................
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері.............................................
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер...........................................................
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі................................
II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық мердігерлік....................................................................................
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері......................................................
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....
III Тараптардың құқықтары мен міндеттері...............................................
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері..........................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................
Реферат
Тақырыбы
«Мердігерлік шарты»
КІРІСПЕ.......................
I.
Мердігерлік шарты
туралы жалпы ережелер......................
1.1 Мердігерлік
шарты түсінігі және элементтері...................
1.2 Бас
мердігер және қосалқы мердігер........
1.3 Жұмыстың
орындалу мерзімдері, мердігердің
үнемі.........................
II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
2.1 Тұрмыстық
мердігерлік...................
2.2 Құрылыс
мердігерлігінің ерекшеліктері.................
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....
III
Тараптардың құқықтары
мен міндеттері....................
3.1 Мердігердің
құқықтары мен міндеттері......
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді.
Мердігерлік
шартының туындайтық құқықтық қатынастар
жұмыс орындау бойынша
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша жасалу кезеңі және оның орындалу кезі сәйкес, келмеуі мүмкін.
Мердігерлік шартының элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға.
Мердігерлік шартыгың жекелеген түрлеріне мынаны жатқызуға болады:
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң актілерімен де реттеледі. Біздің осы тақырыпты таңдап алған себебіміз де осы тақырыптың маңыздылығын ашып көрсету болды.
Реферат жұмысының мақсаты мен міндеттері, оның оның өзектілігімен дәрежесіне тікелей байланысты туындайды.
Осы реферат жұмысын орындау барысында алға қойған мақсатымыз Азаматтық кодексте көрсетілген мердігерлік шартының тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау.
Осы
мақсатты жүзеге асыруда алдымызға
қойған ең негізгі міндетіміз:
ол мердігерлік шарты ұғымына
тоқталу, және осы мердігерлік
шарты құрамына кіретін қатысушылардың
құқықтық жағдайын ашып көрсету
және де осы тақырыбына жазылған
жұмыста ең өзекті мәселе мердігерлік
шарты оның маңыздылығын ашып көрсету.
МЕРДІГЕРЛІК
ШАРТЫ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады. /1.2., 167 б./
Мердігерлік шартның элементтері
Мердігерлік шартының тараптары болып мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екінші тарапқа – мердігерге шарт бойынша келісілген белгілі бір жұмысты орындауға тапсыратын тұлға.
Мердігер – шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндетті тұлға. Көбінесе кәсіптік қызметтің субьектісі, жеке тұлға және жеке кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға./ Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдістерін дербес айқындайды.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлеріне тұрмыстық мердігерлік, құрылыс мердігерлігі, жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік жатады және ҚР АК – нің ережелері қолданылады.
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері бойынша қатынастар осы Азаматтық Кодекспен қатар мердігерлік шартының жекелеген түрлері туралы заң актілерімен де реттеледі.
Жұмысты мердігердің қарамағында орындау
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің қарамағында: соның материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады. Мердігер өзі берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергені үшін жауапты болады.
Материалдардың кездейсоқ жойылу қаупі
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мердігер шартта белгіленген жұмысты тапсыру мерзімі басталғанға дейін материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін материалдарды берген тарап мойынына алады. Жұмыс нәтижесін беру немесе қабылдау уақытын өткізіп алған кездегі тәуекелді, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, уақытты өткізіп алған тарап мойынына алады.
Тапсырысшыға материалдар мен жабдықтарды қайтарып беру
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 627 – бабының 4-тармағының немесе 635-бабының 3-тармағының негізінде тапсырысшы мердігерлік шарттан бас тартқан жағдайда мердігер тапсырысшы берген материалдарды, жабдықтарды, өңдекге берілген затты және өзге де мүлікті қайтаруға не оларды тапсырысшы атаған тұлғаға беруге, ал егер бұл мүмкін
болмаса, материалдар, жабдықтар және тапсырысшыдан алынған өзге де мүлік құнының орнын толтыруға міндетті.
1.2 БАС МЕРДІГЕР ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕР
Егер заң актілерінен немесе шарттан өзгеше туындамаса, мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер – тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы мердігердің алдында тапсырысшы болады.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердігердің міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады./1.2., 168б./
Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердігер бір-бірінші өздерінің бас мердігерімен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Бас мердігердің келісімімен тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшінші тұлғалармен шартт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшінші тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін тікелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
Егер
шарт бір мезгілде екі немесе одан
да көп мердігермен жасалса және
міндеттеме нысанасы бөлінбейтін болса,
мердігерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан
борышқорлар және тиісінше ортақтасқан
кредит берушілер болып танылады. Міндеттеме
нысанасы бөлінетін жағдайда, сондай-ақ
заң актілерінде немесе тараптардың
келісімінде көзделген басқа да
жағдайларда мердігерлердің әрқайсысы
құқықтарға ие болып, тапсырысшыға
қатысты өз үлесінің шегінде міндеттемелерді
мойнына алады.
1.3 ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ МЕРДІГЕРДІҢ ҮНЕМІ
Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі мерзімі көрсетіледі. Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) де көзделуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер жұмысты орындаудың бастапқы және түпкі, сонымен қатар аралық мерзімдерінің бұзылғаны үшін жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердігерлік шартта көрсетілген бастапқы, түпкі және аралық мерзімдері шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша өзгертелуі мүмкін.
Жұмыстың бағасы
Мердігерлік шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар келісімге келмеген жағдайда бағаны тараптарға келтірілген қажетті шығындарды ескере отырып, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді.
Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін.
Жұмыс мердігер жасаған сметаға сәйкес орындалған жағдайларда смета күшке ие болып, тапсырысшы оны растаған кезден бастап шарттың бір бөлігіне айналады. Жұмыстың бағасы шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкін. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы тұрлаулы деп есептеледі.
Егер қосымша жұмыс жүргізу және осы себептен жұмыстың шамамен белгіленген бағасын елеулі түрде өсіру қажет бола қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Жұмыстың бағасын өсіруге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын төлеуді талап ете алады.
Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігер тұрлаулы бағаны көбейтуді, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның ішінде шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындарды қарастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.
Шарт
жасасқаннан кейін мердігер беруге
тиісті материалдар мен жабдықтардың,
сондай-ақ оған үшінші тұлғалар
көрсететін қызметтердің құны едәуір
өскен кезде мердігердің белгіленген
бағаны көбейтуді, ал
тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар.
Мердігердің үнемі