Мердігерлік шарт

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:04, курсовая работа

Описание работы

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер..........................................4
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері.............................................-
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер...........................................................5
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі................................6

II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері...........................................11
2.1 Тұрмыстық мердігерлік....................................................................................-
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері......................................................14
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....16

III Тараптардың құқықтары мен міндеттері...............................................19
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері..........................................................-

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................21

Работа содержит 1 файл

АҚ курстық жұмыс.doc

— 148.50 Кб (Скачать)

Тұрмыстық мердігерлік шарты жария  шарттарға  жатады. Сонымен бірге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.

     Тұрмыстық  мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже  бойынша  егер  заң  актілерінде немесе  шартта, оның  ішінде формулярлар  ережелерінде немесе  тапсырысшы  қосатын  өзге де стандартты нысандарда  басқаша көзделмесе,  тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға  түбіртек немесе  шарттың  жасалғандығын  растайтын  өзге құжат берген кезден  бастап  тиісті  нысанда  жаслған  болып  есептеледі.

     Жұмысты  орындауға берілген  тапсырыста  мыналар көрсетілуі  тиіс;

    1. орындаушының  заңды  мекен-жайы;
    2. тапсырысшының  тегі және аты;
    3. оның  мекен-жайы  және телефоны;
    4. тапсырыс қабылдаған мерзім;
    5. тапсырысты орындаудың басталу және  аяқталу  мерзімі;
    6. аванс  сомасы;
    7. қызмет  көрсету  түрлері  және әр адамның  қолдары;
    8. Материалдардың  тізімі, саны және бағасы;
    9. жөндеуге берілген заттың  зауыттық нөмірі және өзге де  реквизиттер.

     Жоғарыда  аталғанның барлығын  тұрмыстық  мердігерлік  шартының  міндетті  талабы деп  қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндег нормаларға сәйкес  жасалатын мердігерлік  шартындағы сияқты елеулі  жағдайларға нысана және жұмысты орындау мерзімдері туралы жағдайлар жатады.

           Тұрмыстық  мердігерлік шарттары  ауызша нысанда да жасалуы  мүмкін. Және жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен  расталуы мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс,  тұтынушының немесе мердігердің  эскизі бойынша немесе үлгілері  бойынша қабылданады. Оның  қолымен расталатын  тұтынушының  қалауы бойынша және осы туралы бір  уақытылы мердігермен  келісу нәтижесінде үлгілерден және жұмыс орындау технологияларынан ауытқу болуы мүмкін. Бұндай  ауытқулар тұтынушының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның  мүлкіне, қоршаған ортаға зиян  келмеуі  тиіс.

     Тапсырыс  рәсімделген құжат  немесе  шарттың  талабы тұтынушының  құқығын  шектейтін  болса, ол  Қазақ  ҚСР –ң «Тұтынушылардың  құқығын қорғау  туралы» Заңына сәйкес жарамсыз деп  есептеледі. Тұрмыстық  мердігерлік  шартында жұмыстың  бағасы тараптардың келісімімен  белгіленеді, бірақ ол  мердігер жариялаған  прейскурантта көрсетілгеннен  жағары  болмауы  керек.

     Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің  644-бабына  сәйкес  мердігер  тұрмыстық  мердігерлік  шарт жасалғанға дейін  тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар,  олардың  түрлері  мен ерекшеліктері  туралы,  жұмыстың  бағасы мен оған  төленетін  ақы  туралы, қажетті және оған  сенімді ақпарат беруге, сондай-ақ тапсырысшының  сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа  қатысты басқа да  мәліметтерді хабарлап  отыруға міндетті. Егер жұмыстың  сипаты бойынша мұның  маңызы болса, тапсырысшыға мердігер оны  орындайтын  нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.

     Тапсырысшының  тұтынушы  ретіндегі  құқықтары  оған оның құқықтары, шарт  жағдайлары ,  орындалатын  жұмыстардың сипаттамалары  туралы  толық  ақпарат берумен  мердігерге шартқа қосымша ақылы  жұмыстарды  немесе  қызметтерді қосуына тиым  салу арқылы да қамтамасыз етіледі. Бір  жұмысты орындау  өзге жұмыстар  орындалуының  міндеттілігіне  әкелмеуі  керек.

     Тапсырысшы  өзіне  жұмыс нәтижелерін өткізгенге  дейін  кез келген уақытта шарттан  бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол  орындалған жұмыс  үшін мердігерге белгіленген бағаның  бір  бөлігін төлеуі керек. Бұл  міндет мердігер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейін орындалса  ғана келеді.Тапсырысшы мердігердің  мәлімдемі  жасау  сәтіне дейін орын алған өзге де шығындарын өтеуге міндетті.

     Мердігердің негізгі міндеті шарт  талаптарына  және  міндетті талап етілген стандарттарға сай жұмысты орындау. Мердігер жұмысты шартта қарастырылған мерзімде  бітіруге тиіс.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тапсырысшы тұтыныушының  мүддесін қосымша  қорғауды қамтамасыз  ететін нормаларды да  қарастырылады. Мердігер тапсырысшыға дайындалған немесе  орындалған жұмыстың өзге  нәтижесін тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиімді және  қауіпсіз  пайдалану үшін қажетті талаптарды  хабарлауға міндетті. Орындалған  жұмыс нәтижесін пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының  өзі немесе  өзге тұлғалар үшін қолайсыз  салдары да  көрсетілуі керек.

     Жұмысты орындағаннан кейін немесе нәтижесін  қабылдауға және орындалған жұмысқа  ақы  төлеуге міндетті. Тұрмыстық  мердігерлік шарты  бойынша тапсырысшы жұмыс  нәтижесін толық  көлемде қабылдағаннан кейін ақы төлейді. Тараптардың келісімі бойынша ақы  толығынан шарт жасасу кезінде немесе аванс беру  арқылы төленуі мүмкін.

     Жиһаздарды  жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ  киімдерді, тігін және тоқыма  бұйымдарды ірі жөндеу, жаңарту  мердігерлік шарттары, тапсырысшы шартта көрсетілген мөлщерде аванс  төлеуі  мүмкін.

     Мердігердің  жауапкершілігін қарастырайық. Тапсырысшы мердігерді жауапкершілікке тарта  алады, егер мердігердің  жұмыс (оның  нәтижесі), мердігердің өзі  жөнінде тиісті емес ақпарат беруі тапсырысшыға қажетті қасиеттері жоқ жмыстың  орындалуына әкелсе. Сонымен  бірге мердігердің жауапкершілігі тапсырысшының өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірген жағдай да туындайды. Соңғы екі жағдайда да шартты бұзып, келтірілген шығынды өндіріп алуға құқық береді.

     Мердігер  тұрмыстық мердігерлік шартының жағдайларының заңнама талаптарына  сәйкес  қолданылуы үшін де жауапты  болады.

     Тұрмыстық мердігерлік шарттары бойынша жұмыстардың  кемістіктері тапсырысшының өзінің немесе өзге  тұлғалардың өмірі мен денсаулығына  қауіп  төндіретіндей болса, кемістіктерді тегін жою туралы талап тапсырысшымен немесе оның құқықтық мирасқорымен, егер заңнамалық актілерімен өзге мерзімдер жұмысты қабылдау болған сәттен үш жыл ішінде жүзеге асыра алады. Шарттың тоқтатылу салдары тиісті тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келісімшарт жасасушы агентінің арасындағы келісім бойынша, ал егер келісімге келмесе орындалған жұмыстың мөлшері мен бағасы, жұмсалған және сақталған материалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайлар ескеріле отырып сот арқылы айқындалады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2.2 Құрылыс  мердігерлігінің   ерекшеліктері

     Мердігерлік шарттың қарастырылып отырған түрі оның құқықтық өзгерістерін бастан өткізген. Социалистік экономиканың дамуының алғашқы кезкңдерінде құрылыс мердігерлігі сөзсіз мердігерлік шарты болып қарастырылған./1.3.,240б./ 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгізілген РСФСР Азаматтық кодексінің 220-235 баптарында және РСФСР –дың Азаматтық кодексінің 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын «Мемлекеттік мердігерлік және жеткізілім  туралы» Ережелерде мердігерлік жұмыстардың барлық  түрлерін реттеу үшін арналған жалпы мәндегі нормалар болған. Көрсетілген соңғы нормативтік актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсіз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердігерлік шарттың бірқатар ерекшеліктері реттелген.

     Бірақ өндірісте, барлық өндірістік процестердің директивті жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердігерлік-мердігерлік шарттардың жалпы  көпшілігінен анық  бөлініп шықты және 1961 жылдан бастап барлық негізгі жүйелік азаматтық-құқықтық актілері күрделі құрылысқа мердігерлін шартты-мердігерлік шарттың түрі ретінде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрі ретінде қарастырылады.

     Қазір құрылыс  мердігерлігі шартының құқықтық  реттелуі барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық  заңдармен қайшылыққа түспейді. Бірақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегі бірқатар жасалған құқықтық  өңдеулер, сол сияқты өзге  елдердің жеке құқығының өңдеулері  ескерілген, сондықтан құрылым  мердігерлік ерекшеліктері бөлек  айқындалуы қажет болып тұр. Қазіргі  жағдайда мердігерлік шарт бойынша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шілдесіндегі ҚР –ғы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы «Қазақстан Республикасының Заңы» маңызды әсерін  тигізеді.

     Олар  бірқатар жағдайларда құрылыс  мердігерлік  жұмыстарын  жүргізуге байланысты жер  учаскелеріне заттық  құқықтарды алумен, құрылып жатқан  обьектілерді энергиямен қамтамасыз етуге шарт  жасаумен, мемлекеттің бір немесе  өзге  органдарымен  жарна-құқықтық, басқа да құқықтық  қатынастар пайда  болатынында  көрінеді.

     Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 651-бабына сәйкес  құрылыс мердігерлігі шарты  кәсіпорынды, үйді, ғимаратты  немесе өзге де обьектіні салуға немесе қайта жаңартуға  жасалады.

     Кейбір  жағдайларда құрылыс  мердігерлігі нысанасы  болып үйлер кешенін құрайтын  кәсіпорынды салу немесе  оны қайта  жаңарту келеді. Құрылыс мердігерлігі шеңберінде монтаждау, іске қосу, жөнге  келтіру  және салынып  жатқан обьектімен байланысты өзге де жұмыстар  орындалады.

     Құрылыс мердігерлігі шарты  бойынша мердігер  тапсырысшының тапсырмасы  бойынша шартта белгіленген  мерзімде белгілі  бір  обьектіні  салуға не өзге де құрылыс  жұмысын орындауы үшін қажетті жағдайлар  жасауға, оның  нәтижесін  қабылдап  алуға және ол үшін  келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді./2.7., 242б./

     Көрсетілген шарттың субьектілік  құрамының  ерекшеліктері бар, яғни шартта әрқашан  мердігер жағынан кәсіпкерлік қызметінің субьектілері, әртүрлі лицензияланатын  құрылыстық жұмыстарды жүргізу үшін рұқсаты бар  құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер қатысады.

     Кейбір  жағдайларда тапсырысшы болып  азаматтар  келеді.

     Тараптардың  құқықтары мен  міндеттері. Обьектінің салынуы, салынатын  жер  учаскесін белгілеуден басталады. Қазіргі заңға сәйкес, салынатын  обьектінің  болашақ иесі жер  учаскесін бөліп алуы керек.Ол құрылыс  салу  үшін жер  учаскесін  шартта  көрсетілген  көлемде және  сондай  күйде  уақытылы беруге міндетті.

     Шартта  мұндай  нұсқау болмаған  жағдайда, жер  учаскесінің көлемі мен күйі жұмыстың  уақытылы басталуын, оның  қалыпты жүргізілуін және  мерзімінде  аяқталуын қамтамасыз етуге тиіс. Шартпен жер учаскесін алу және  құрылыс үшін керектідайындық жұмыстарын, кіріс жолдарын  тазалау және т.б. міндеттер мердігерге жүктелуі  мүмкін.

     Шартта  құрылыс  ұйымы  өз  күшімен  тұрған  үйді, ғимаратты  салатындығы  қарастырылуы  мүмкін. Мұндай шарт құрылысты  толық аяқтау туралы шарт  деп  аталады. Шарт ережелеріне  сәйкес тапсырысшыға пайдалануға  дейін обьекті  тапсырылады. Материалдық  жағынан  қамтамасыз  ету құрылысты материалдармен  жабдықтау, құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты  ағымды  қаржыландыру және т.б.  көзделуі  мүмкін. Тапсырысшының бұл  міндеттері  шартта аталуы  қажет. Тапсырысшы құрылым  мердігерлігі шартында  көзделген жағдайлар мен тәртіпте мердігерге жұмыстарды  жүргізу үшін  қажетті үйлер мен ғимараттар беруге,  жүктердің тасымалдауын  қамтамасыз етуге,  энергиямен  жабдықтау су мен бу желілерін уақытша жүргізуге, басқа да қызметтер көрсетуге  міндетті. Олар  үшін  ақы  шарттың өзінде  көзделген тараптар  бойынша  төленеді. Орындалған  жұмысқа  ақыны  тапсырысшы сметада көзделген  мөлшерде заң  актілерінде немесе  шартта белгіленген  мерзімде және  тәртіппен  төлеуге  міндетті. Жұмыс  аяқталып,  обьектіні  қабылдап  алған соң  толық  көлемінде  төленеді.

     Егер  де тапсырысшы жұмыс  обьектісі жұмысты  өткізудің  шартта белгіленген  мерзімі  аяқталғанға  дейін дүлей  күштің салдарынан қирағаны  немесе  бүлінгеніне  байланысты  тәуекел атқарады. Онда тапсырысшы орындалған жұмысты  қалпына  келтіру үшін жұмыстардың  құнын төлеуге міндетті.

     Қазақстан  Республикасының  архитектуралық, қала құрылысы  және  құрылыс қызметі  туралы «Қазақстан Республикасының  Заңындағы  7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжаттамаға мыналар  кіреді: 

     
    1. қала  құрылыстық  жобалар;
    2. архитектуралық  жобалар;
    3. құрылыс  жобасы, көлем-жоспарлық, конструкциялық,  технологиялық,  инженерлік,  табиғат  сақтау, аумақты  инженерлік  даярлау.

     Құрылыс  мердігерлігі  шарты  үшін  ең  маңыздысы құрылыс жоба – жобалау  сметалық құжаттама. Онымен  орындалатын  жұмыстың сандық және  сапалық  көрсеткіштері ғана  айқындалып  қоймайды. Жқмыстардың көлемі, мазмұны олардың  құнына тығыз  байланыстырылады.

Информация о работе Мердігерлік шарт