Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:04, курсовая работа
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша тбелгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер..........................................4
1.1 Мердігерлік шарты түсінігі және элементтері.............................................-
1.2 Бас мердігер және қосалқы мердігер...........................................................5
1.3 Жұмыстың орындалу мерзімдері, мердігердің үнемі................................6
II. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері...........................................11
2.1 Тұрмыстық мердігерлік....................................................................................-
2.2 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері......................................................14
2.3 Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.....16
III Тараптардың құқықтары мен міндеттері...............................................19
3.1 Мердігердің құқықтары мен міндеттері..........................................................-
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................21
Егер қосымша жұмыс жүргізу және осы себептен жұмыстың шамамен белгіленген бағасын елеулі түрде өсіру қажет бола қалса, мердігер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Жұмыстың бағасын өсіруге келіспеген тапсырысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер өзіне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлігінің бағасын төлеуді талап ете алады.
Шартта көрсетілген бағаны өсіру қажеттігі туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердігер жұмысқа шартта белгіленген баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға міндетті.
Мердігер тұрлаулы бағаны көбейтуді, ал тапсырысшы оны азайтуды, оның ішінде шартты жасау кезінде орындалуға тиіс жұмыстардың толық көлемін немесе бұл үшін қажетті шығындарды қарастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда да талап етуге құқығы жоқ.
Шарт жасасқаннан кейін мердігер беруге тиісті материалдар мен жабдықтардың, сондай-ақ оған үшінші тұлғалар көрсететін қызметтердің құны едәуір өскен кезде мердігердің белгіленген бағаны көбейтуді, ал тапсырысшы бұл талапты орындаудан бас тартқан жағдайда шартты бұзуды талап етуге құқығы бар.
Мердігердің үнемі
Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеукезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса, мердігер шартта көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу көзделуі мүмкін.
Жұмысқа ақы төлеу тәртібі
Егер
мердігерлік шартта орындалған жұмысқа
немесе оның жекелеген кезеңдеріне
алдын ала ақы төлеу
Мердігер
заң актілерінде немесе шартта көрсетілген
жағдайлар мен мөлшерде ғана аванс
не кепілпұл төлекді талап етуге
құқылы.
Ұстап алу құқығы
Шарттың орындалуына байланысты мердігерге тиесілі белгіленген бағаны не өзге соманы төлеу міндетін тапсырысшы орындамаған жағдайда мердігердің жұмыснәтижесін ұстап қалуға, сондай-ақ затты өңдеуге берілген тапсырысшыға тиесілі жабдықтарды, қолданылмаған материалдардың қалдықтарын және өзінде тапсырысшының басқа да қалып қойған мүлкін тапсырысшы тиісті сомасын төлегенше ұстап қалуға құқығы бар.
Тапсырысшының ҚР АК – нің 630 бабында көзделген мерзім шегінде байқаған кемшіліктерді жою жөніндегі шығындарды жабу үшін мердігерге тиесілі сыйақының бір бөлігін ұстап қалу шартта көзделуі мүмкін.
Жұмысты тапсырысшының материалдарын пайдалана отырып орындау
Мердігер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келісімімен, мердігерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.
Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті дәрежеде орындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті қабылдау кезінде оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
Тапсырысшы берген мүліктің сақталмағаны үшін мердігердің жауаптылығы
Мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттарды немесе өзге де мүлікті өңдеу үшін тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады.
Мердігер тапсырысшыға ескертуге міндетті мән-жайлар
Мердігер:
Тапсырысшының жәрдем көрсетуі
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген көлем мен тәртіп бойынша мердігерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге міндетті.
Тапсырысшы бұл міндетті орындамаған жағдайда мердігер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзімін ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды қоса алғанда, келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Мердігерлік шарт бойынша жұмысты орындау тапсырысшының іс-әрекетінің немесе қателіктерінің салдарынан мүмкін болмаған жағдайларда мердігер жұмыстың орынлалған бөлігін ескере отырып, өзіне белгіленген бағаны төлетіп алу құқығын сақтайды.
Тапсыршының орындалған жұмысты қабылдауы
Тапсыршы
Жұмыстың нәтижесін тексерусіз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттігі әдісі кзінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне сілтеме жасау құқығынан айрылады.
Жұмыс нәтижесін қабылдағаннан кейін әдеттегі қабылдау әдісі кезінде анықталуы мүмкін емес, оның ішінде мердігер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға міндетті.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін шекті мерзім – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз мердігердің қасақана жасырған кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Тапсырысшының орындалған жұмысты қабылдауы
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген мерзімде және тәртіппен орындалған жұмыстың нәтижесін мердігердің қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы мердігерге дереу хабарлауға міндетті.
Жұмысты қабылдау кезінде ондағы кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы, егер актіде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшіліктер не оларды жою туралы кейін талап қойылу мүмкіндіктері айтылған жағдайда ғана оларға сілтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесін тексерусіз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегі әдісі кезінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне сілтеме жасау құқығынан айрылады
Жұмыс нәтижесін қабылдағаннан кейін әдеттегі қабылдау әдісі кезінде анықталуы мүмкін емес, оның ішінде мердігер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға міндетті.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін шекті мерзім – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз мердігердің қасақана жасырған кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзімдер белгіленуі мүмкін.
Мердігерлік нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкін болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу
Егер мердігерлік нысанасы оны тапсырғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тараптардың кінәсінен болмаса, мердігердің жұмыс үшін сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер
мердігерлік нысанасының жойылуы
немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін
болмауы тапсырысшы жеткізген материал
кемшіліктерінің немесе оның жұмысты
орындау әдісі туралы өкімдерінің
салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған
жұмысты қабылдаудың мерзімін
өткізіп алғаннан кейін болса, оның
үстіне мердігер ҚР АК-нің 628-бабы ережелерін
сақтаған болса, мердігер жұмыс үшін сыйақы
алу құқығын сақтап қалады.
Жұмыстың сапасы
Мердігер орындаған жұмыс шарт ережелеріне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиісті тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс.
Егер заң актілерінде немесе оларда белгіленген тәртіпте мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмысқа міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкер ретінде іс-әрекет етуші мердігер жұмысты осы міндетті талаптарды сақтай отырып орындауға міндетті.
Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Жұмыс сапасына кепілдік
Заң актілерінде немесе шарт мердігердің тапсырысшыға жұмыс сапасына кепілдік беруі көзделген жағдайда мердігер тапсырысшыға бүкіл кепілдік мерзімінің ішінде ҚР АК-нің 632-бабының талаптарына сай болуға тиіс жұмыс нәтижесін беруге міндетті.
Жұмыс нәтижесінің сапасына кепілдік, егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс нәтижесін құрайтын барлық элементтерге қолданылады.
Кепілдік мерзімін есептеу тәртібі
Егер мердігерлік шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі орындалған жұмыс нәтижесін тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиіс болған кезден басталады.
Мердігердің тапсырысшыға ақпарат беру міндеті
Мердігер
тапсырысшыға жұмыстың нәтижесімен
бірге, егер бұл шартта көзделмесе
немесе ақпараттың сипаты, онысыз
жұмыстың нәтижелерін шартта көрсетілген
мақсаттар үшін пайдалану мүмкін
болмаса, шарттың нысанасын пайдалануға
немесе өзгеше іске асыруға қатысты
ақпаратты беруге міндетті.
II. МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Тұрмыстық мердігерлік
Бұл
шарт мердігердің тұрғындарға
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңы қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №9/7 баға және антимонополиялық саясаты бойынша, ҚР Мемлекеттік комитетінің Қаулысымен бекітілген тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу-сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік қатынастарында тұтынушы сол шекте қорғалады.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі-бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге міндеттенеді./2.7., 233б./