Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:22, контрольная работа
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді.
КІРІСПЕ 3
1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 4
2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 9
3. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы Заңдардың дамуы 11
4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 13
5. Меншік құқығының тоқтатылуы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді (АК-тің 254-бабы). Тәркілеу тәркіленетш барлық мүліктің бәріне қолданылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексшің 51-бабыңда оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Мүлікті ықтиярсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алын қою мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле қылмыстық мақсатқа бағытталып, екі тарапта да жымысқы ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс (АКтін 157-бабының 4-тармағы). Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе аларынан айрылады, сондай-ақ келісімде көзделген мүлікті пайдаланудан да құр қалады.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 255-бабына сәйкес мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті
алын қоюға тікелей бағытталмаған шешіміне, соның ішінде меншік иесіне тиесілі үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар мен өсімдіктер бар жер учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып, немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып, тоқтатылуына жол беріледі. Meншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.
Жер учаскесін алып қоюға қала салу мен жер орналастыру құжаттарыңда тағайындалған, бекітілген тәртіпке сәйкес қала мен елді мекен салуға арналған бас жоспар мен аумақты шектеу сызбасы негіз болады.
Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Заңына орай жер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу тәртібі қарастырылған. Сатып алу туралы шешімді құзыретті атқарушы орган қабылдайды және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге жатады. Жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыны сатып алу туралы шешім қабылдаған орган жер учаскесі сатып алынардан кемінде бір жыл бұрын жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы осындай хабар алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскесін сатып алуға меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен ғана жол беріледі ("Жер туралы" Заңның 67-бабы).
Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесі үшін ақы төлеу (сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттары меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісуімен белгіленеді. Сатып алу бағасын белгілеу кезінде оған жер учаскесінің немесе оны иелену құқықтарының және ондағы жылжымайтын мүліктің нарықтық құны, сондай-ақ, үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты олар шеккен шығынды коса алғанда, жер учаскесінен айрылуына байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығындар енгізіледі ("Жер туралы" Заңның 69-бабы).
Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.
Сот мүлікті алып қою мәселесін меншік иесіне құны тең мүлік беріп өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып тоқтату арқылы жүзеге асырады (АК-тің 255 бабының 1-тармағы).
Жер учаскесін алып қоюға қаралатын талап бір жыл өткен соң, бірақ меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлама жіберілген сәттен
бастап екі жылдан кешіктірмей қойылуға тиіс ("Жер туралы" Заңның 70-бабы).
Дауды шешу кезінде меншік иесіне келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі де қаралады.
Осы баптың ережелері мемлекеттік органның мүлік орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерін және басқа учаскелерді алып қою туралы шешіміне байланысты тиісінше қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тоқтатылған кезде қолданылады (АК-тің 255-бабының 3-тармағы).
Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу оны меншік иесінің күтіп ұстамай, оның мәнін жоғалту жағдайына жол берген кезде жүзеге асады (АК-тің 256-бабы). Заң бұл объектілердің айрықша бағалы екендігін және оның аса бағалы екендігін әрі мемлекетпен қорғалатынын заңдастырады. Бұл объектілер сот шешімімен сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алынуы мүмкін.
Азаматтық кодекстің 249-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес меншік құқының тоқтатылуы тізіміне жекешелендіру мен мемлекет иелігіне алу көзделген. Жекешелендіру дегеніміз мемлекет мүлкін жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдің заңды тұлғаларына сату болып табылады, ол меншік иесі мемлекеттің еркімен, арнайы заңмен айқындалған іс-әрекет шеңберінде жүзеге асады ("Жекешелендіру туралы" Президент Жарлығының 1-бабы).
Мемлекет иелігіне алу дегеніміз, азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіңдегі мүліктерді мемлекет қарауына айналдыру болып табылады Мұндай үрдіс заң құжаттары негізінде жүзеге асады әрі Қазақстан Республикасы меншік құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне Қазақстан Республикасы толық көлеміңде өтейді (АК-тің 266-бабы).
Азаматтық кодекс мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну қаупі тәрізді меншік құқығын тоқтатуды және оның басқа біреуге ауыспайтындығын да реттейді. Оған мүлікті тұтынуға байланысты мәселелер де жатады (мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, азық-түліктің бүлінуі және т.б.). Заттың жойылуы әдетте біреудің кінәсінен емес, аяқ астынан болатын жағдайларға, төтеп бергізбейтін күштерге байланысты орын алады, ондайда оның нәтижесіне ешкім де жауап бермейді. Ал мүліктің кездейсоқ жойылуына меншік иесі жауапты болады (АК-тің 190-бабы).
Қортындылай келе айтайын дегенім мынау. Меншік құқығы ең көп қолданылып келе жатқанымен заң ғылымында бұл мәселе әлі де болса толық игерілмей жатыр. Оның себебі біздің цивилист ғалымдарымыздың аздығы және осы меншік құқығының енді-енді бастау ала бастағандығы себепші болса керек. Бірақ келешекте осы тақырыпта талай материалдар жарияланар деген үміттемін.
Кеңестік дәуірде бұл салаға мүлде көңіл аударылмады десе де болады, өйткені ол кезде меншіктің негізгі иегері мемлекет болатын. Сол себепті де болар осы мәселе бұрынғы Қазақ ССР-нің Азаматтық кодексінде маңызды роль атқара қоймады.
Қазіргі кезде нарықтық қатынастар кезеңінде меншік құқығы өсіп өрби түсуде. Осы жазылған курстық жұмыс мен үшін көптеген тың деректер беріп, мені жаңа пайымдауларға итермеледі.
Нормативтік құқықтық актілер
Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан
Республикасының Азаматтық
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан
Республикасының Азаматтық
3. Сулейменов М.К. развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. - Научные труды «бдтет». 1997. №1.
4. Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. Алма-Ата: Наука, 1989.
1 Зиманов С.З, Состояние и задачи разработки проблем обычного права казахов. Алма-Ата: Наука, 1989.
2 Азаматтық кодекс, Алматы, Юрист, 2003 ж. 64 бет.