Меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 13:22, контрольная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы соңғы уақыт шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алға тартады.
Заңгерлік мамандықты таңдап алған біздер үшін бұл міндет аса қомақты да күрделі. Біздің таңдап алған тақырыбымыз азаматтық құқықтық қатынастардың негізгісі деуге де болады. Себебі қазіргі нарық заманында меншік құқығының ауқымы кеңіп, оның сан алуан түрлілігі қоғамымыздың дамуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бастапқы кезеңінде жекешелендірудің белең алғанын соның негізінде меншік түрлері көбейді.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны 4
2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері 9
3. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы Заңдардың дамуы 11
4. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері 13
5. Меншік құқығының тоқтатылуы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Работа содержит 1 файл

Меншік құқығы Реферат.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқькына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда  болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен  меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие және т.б), сондай-ақ мұрагерлікке (Заң мен  өсиет бойынша) байланысты, ол заңды  тұлғаларды қайта құрған кездегі  құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің  249-бабының 4тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің  249-бабының 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің  249-бабының 3-тармағы), жер учаскесін алын қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (АК-тің  249-бабының 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің  249-бабының 6-тармақшасы) қатысты және заңда көзделген басқа жағдайлар да оған жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттың ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән. Меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттікті түгелдей өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екендігіне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығыы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық.

Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы  меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер занда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын, не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда — оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде  алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің  235-бабының 1-тармағы). Зат күйіндегі жеміс дегеніміз өздігінен өсіп-өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабында қарастырылған: мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер (жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу де жатады (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда  әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материалдың меншік иесі ме? Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегеңдіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуді өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдайда да өңдеушіге жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды.

 

Бұл сүрақтың шешімі мынадай: өз материалдарынан дайындалған  затқа меншік құқығын алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын  алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.

Өңдеуді жүзеге асырған  адамның ықылассыз әрекеттерінің  нәтижесінде материалынан айрылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне  беруді және өзіне келтірілген залалдардың  орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің  237-бабының 2, 3 тармақтары).

Меншік құқығының пайда  болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға балық, аң аулауға арналған көпшілік қолды заттарды меншікке айналдыру  да жатады. Заңдар мен жергілікті әдет-ғұрыпқа  немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жидек теруге, балық аулауға, аң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілген ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде белгіленген ережені сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). Мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне Азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің  240-бабы). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болғанды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену мерзімі тұңғыш peт енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі  15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке  5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа да мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену мерзіміне сәйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

Иелену мерзімі бойынша  меншік құқығын алудың қажетті жағдайы  мынадай болады: иелену, яғни "тура өзінің мүлкіндей көру", адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім.

"Тура өзінің мүлкіңдей  көру" теңеуі тек мүлікті ұстау  ғана емес, оны заңға сәйкес  иелену болып табылады. Мысалы, мемлекеттік  меншіктегі жерді пайдалану оны  өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.

Иелену мерзімінің қажетті  шартты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды.

Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты ашық және үздіксіз пайдалану болып табылады. Ашық дегенді  иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан да ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне, сол себепті де АК-тің  240-бабының 4-тармағында тұлғада болып, оның иеленуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену мерзімінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

Үздіксіз пайдалану  иелену мерзімінің шарты ретінде  иелену мерзімінің уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мұндай құқық іс жүзінде де, заң жүзіңде де тоқтатылмауы керек.

Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін  15 жыл, ал қозғалатынына  5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне  жүгінетін азамат немесе заңды тұлға  өздері құқықты мирасқорлары болып  табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.

Иелену мерзіміне виндикациялық  талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін) талап етуге  талап қою мерзіміне байланысты мерзім енбейді (АК-тің 260263, 265-баптары).

Заң мүлікке меншік құқығын  алғанға дейін оларды өз мүлкіндей  иеленуші азамат немесе заңды тұлға  өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң  құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы екендігін бекітеді. (АК-тің  240-бабы).

Егер тұлғаға сотта  оның меншік құқығын танудан бас  тартылған ретте мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады. (АК-тің 240-бабының 5-тармағы).

Азаматтық кодексте иесіз  заттарға меншік құқығын алу тәртібі  мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқығынан бас  тартылған зат иесіз болып  есептеледі.

Азаматтық кодекстің 240-бабына сөйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан қозғалмалы мүлік жөніңдегі ережені жокқа шығармайды (АК-тің  243-бабы), атап айтқанда, бұл олжа (АК-тің  245-бабы), қараусыз жануарлар (АК-тің  245-бабы), және көмбе (АК-тің  247-бабы) жөнінде болады.

Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша  қозғалмайтын мүлікті мемелекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз қозғалмайтын затты  есепке алғаннан соң бір жыл өткеннен кейін коммуналдық меншікке билік ететін орган бұл затты коммуналдық меншіккке түсті деп тануды талап етіп, сотқа жүгінеді. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне (АК-тің 240-бабы) сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Меншік құқығынан бас  тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе қалдырып кеткен жылжымалы  заттар Азаматтық кодекстің 243-бабының 2-тармағына сәйкес басқа тұлғаның меншігіне өтуі мүмкін. Тұлға өзінің иелігіндегі не пайдалануындағы жер учаскесінде жатқан заттарды, тіпті оның құны жиырма айлық есептік көрсеткішінен кем бола тұрса да, ол

тасталған металл сынықтары  болсын, жарамсыз өнім болсын, оны өзінің меншігіне айналдыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатынастарына қарай керегіне жаратады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғаның өтініші бойынша сотта қаралып, шынымен иесіз болып табылатын болса, иеленушінің меншігіне кіреді.

Азаматтық кодекс меншік иесі затынан бас тарту нормаларын қарастырады. Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуде пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Бұл тұжырым Азаматтық кодекстің 250-бабында бекітілген. Бірақ та бас тартқан бұрынғы иесі затты басқа тұлғаның өз меншігіне алуына дейін тиісті құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды, демек затты бұрынғы иесіне қайтару мүмкіндігі бола береді.

Азаматтық кодекстің 244-бабына сәйкес өз бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншік құқығын  алмайды, ал өз бетімен салынған әлгі құрылыс қозғалмайтын мүлік қатарына жатпайды. Себебі ол құрылысты салу кезінде заңды бұрмалағандықтан мемлекеттік тіркеуден өте алмайды. Мұндай жағдайда меншік құқығы тек құрылыс материалдарына ғана қатысты болады. Заңдарда бекітілген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап белгіленбеген жер учаскесінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсаты алынбаған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзге де қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Өз бетімен салынған құрылыс оны салушы адамның өз күшімен немесе оның есебінен бұзылады. Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесі өзінің заңды пайдалануында болған адамның өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы да мүмкін. Бірақ та сот өз бетімен құрылыс салуда меншік құқығын оны салған адамға емес, құрылыс салынған жер учаскесінің иесіне тиесілі деп тануы мүмкін. Бұл ретте құрылысқа меншік құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамға сот белгілеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейді.

Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырса не азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, аталған адамдардың өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға болмайды.

Ерекше жағдайларда  әлеуметтік-экономикалық тиімділігі ескеріле отырып, өз бетінше салынған құрылыс сот белгілеген мөлшерде құрылыс шығындары өтеліп, коммуналдық меншікке берілуі мүмкін (АК-тің  244-бабы).

Олжа деп біреудің меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып  алуын айтады. Табылған олжаны меншіктену үшін мынадай жағдайлар болуы тиіс: 1) алдымен әңгіме жоғалған зат жөнінде болуы керек. Зат жоғалды деп оны ешкім иеленбегенін, бірақ қожайынсыз да қалмағанын айтады. Мысалы, автобуста біреу портфелін ұмытып кетті делік, немесе қалтасынан ақшасы түсіп қалды; 2) жоғалған зат табылуы тиіс. Егер оны біреу тауып алса, ол тауып алушы болып есептеледі. Затты

тауып алушы мен оның өкілетті иесі арасында құқықтық қатынас  пайда болады, сол арқылы құқықтар мен міндеттер туындайды.

Зат меншік иесінің шаруашылығында жатып, оны иесі қайда екендігін білмесе, ол олжа болып есептелмейді. Егер меншік иесі затынан саналы түрде бас тартса, онда ол иесіз мүлікке айналады, бірақ та оны олжа деуге келмейді.

Жоғалған затты тауып  алушы бұл туралы оны жоғалтқан  адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлап, табылған затты оған қайтаруға міндетті.

Информация о работе Меншік құқығы