Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 10:36, курсовая работа
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі............................................6
1.1. Жеке тұлға ұғымы және құқықтық мәртебесі........................................6
1. 2. Азаматтардың құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі.....................9
2. Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі…........ 17
2.1. Заңды тұлға ұғымы. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі....................17
2.2. Заңды тұлғалардың түрлері...................................................................... 21
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері .............................................................23
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі .............................................................................................................23
3.2. Әкімшілік аумақтық бөлініс …………………………………………...25
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................28
Мысалы, өндірістік кооперативтің мүшесі болып тек 16 жасқа толған кезде және кооператив қызметіне жеке өзі еңбегімен қатыса алатын тұлға бола алады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі адамдардың өмір сүруінен бөлек ажыратылмайды. Адам туылған сәтінен өлгенге дейін құқық субъектісі болып табылады.Азаматтың өлімі деп тек қана нақты өлім жағдайында ғана емес, сонымен қатар заңмен белгіленген ретте азаматты өлді деп жариялау да саналады.[2, 31б]
Азаматтық құқық қабілеттілігі оның өлімі жағдайында тоқтатылады. Адам тірі кезінде денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілет болады. Өлім жағдайы құқық қабілеттіліктің тоқталуы, азаматтық құқықтық субъект ретінде толық жойылуы болып табылады.
Неке және жанұя туралы кодексте 143-бабына сәйкес азаматтың туылуы немесе өлімі мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу мекемелерінде тіркелуі тиіс. Бұл реттеу азаматтық мүддесін, олардың жеке және мүліктік құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік мүліктерді қорғау мақсатында жүргізіледі және дәлелдемелік маңызға ие болады.
Құқық қабілеттілік азаматқа заң арқылы беріледі. Осы ретте, заңға сәйкес, азамат құқықтық қабілеттен бас тартуға немесе оны шектеуге құқығы жоқ. Осыған сәйкес құқықтық қабілетке бөтенге беруге болмайтындық қасиеті тән.
Азаматтық әрекет қабілеттілік заңда азаматтың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін міндеттер жасап оларды орындауға қабілеттілігі деп көрсетілген. [2, 17б]
Әрекет қабілеттілікке ие болу әртүрлі заңды әрекеттер жасауға жеке өзінің қабілетті болуы. Мысалы, шарттар жасасу, сенімхат беру, келтірілген зиян үшін және шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап беру т.б. әрекеттер.
Әрекет қабілеттілік құқық қабілеттілік сияқты құқық субъектілерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Әр қабілеттілік азаматта жергілікті дәрежедегі интеллект пен ерік өз әрекеттеріне есеп беру және оларға жауап бере алу қасиеттерінің болуын талап етеді.Сондықтан әрекет қабілеттілік азаматта кәмелетке толғанда яғни 18 жасқа толғанда пайда болады. Азамат әрекет қабілеттігіне өз әрекеттерімен азаматтық құқықтағы иеленуге және жүзеге асыруға сонымен қатар міндеттер жасап оларды орындау қабілеті кіреді. Былайша айтқанда әрекет қабілеттілік түсінігінің мәні мәмілелер және басқа да заңға сәйкес әрекеттер жасау қабілеті. Сонымен қатар азаматтық құқық бұзушылық үшін жауап беру қабілеттігі болып табылады. Бұл жерде әркет қабілеттілік іс-әрекет жасаудың заң құқықтық қабілетін көрсетеді. [10, 18б] Азаматтық әрекет қабілеттік категориясының маңыздылығы экономикалық айналымда шаруашылық өмірде өз мүліктік құқықтарын бірінші кезекте меншік құқығын жүзеге асыруда, сонымен қатар жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге асыруға тұлғалардың белсенді қатысуын заңды түрде қажет етеді. Осыған сәйкес әрекет қабілеттілік мүліктік және мүліктік емес қатынастарда тұлғаның тәуелсіздігі бостандықтың көрінісі бола отырып үлкен маңызға ие болады.
Әрекет қабілеті де құқық қабілеттілік сияқты адамға тән табиғи қасиет деп қарастыруға болмайды. Бұлардың екеуі заңмен белгіленген және заң категориясы болып табылады. Сондықтан әрекет қабілеттілікті азаматтың еркі бойынша беруге және шектеуге заң тыйым салады. [11, 2б]
Ал әрекет қабілеттілікті еріксіз түрде шектеу туралы айтатын болсақ, Азаматтық заңдар негізінің 9-бабының 4-тармағы және азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес заңда реттелген тәртіптер мен реттерде болмаса, ешкімнің әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Мысалы үшін азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеуді қарастырған азаматтық кодекстің 27-бабында көрсетілгендей спирттік ішімдік пен есірткілік заттарды пайдалану азаматтық әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін.
Азаматтардың барлығына бірдей танылатын құқық қабілеттілікке қарағанда, әрекет қабілеттілік барлығына бірдей бола алмайды. Құқықтарды иемденіп және оларды өз әрекеттерімен жүзеге асыру, міндеттер жасау және оларды орындау, өзіне міндеттемеледі орындау міндетін алу үшін құқық нормасының мәнін түсініп, өз әрекеттерінің нәтижесіне есеп беру керек, дұрыс ойлау, өмірлік тәжірибе керек. Ал бұл қасиеттердің азаматтардың жасына және олардың психикалық денсаулығына байланысты үлкен айырмашылығы болады. [12, 23б]
Осы жағдайларды есепке ала отырып заң бойынша әрекет қабілеттілік бірнеше түрге бөлінеді:
Сонымен қатар, заңды негіздер бойынша азаматтардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп тану немесе шектеу қарастырылған.
1. толық әрекет қабілеттілік дегеніміз азаматтардың өз әрекеттерімен кез-келегн заңмен тыйым салынбаған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдену және жүзеге асыру, өзіне міндеттер алу және оларды орындау, яғни өзінің құқық қабілеттілігін толық көлемде жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады. Бұндай әрекет қабілеттілігі заңмен белгіленген жас шамасына толған жағдайда пайда болады. Азаматтық заң негіздерінің 9-бабының 3-тармағы және Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес азаматтық әрекет қабілеттілік толық көлемде кәмелет жасына толғаннан кейін, яғни 18 жасқа толғаннан кейін пайда болады. Заң бойынша ережеден тек бір жерде ғана әрекет қабілеттілік беріледі. Ол ерекшелік: Егер 18 жасқа толмай некеге тұрған болса, онда ол осы некеге тұрған кезінен бастап толық әрекет қабілетті деп есептеледі. Бұл норма 18 жасқа толмай некеге тұрған тұлғалардың ата-аналық құқықтары мен басқа да құқықтарын қорғауға әсерінтигізеді және жұбайлардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұндай әрекет қабілеттілікке 14 жас пен 18 жас аралығы кәмелетке толмағандар мен 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ие болады. Толық емес әрекет қабілеттілігі азаматтарға өз әрекеттерімен кез келген емес, тек заңмен тікелей қарастырылған кейбір құқықтар мен міндеттемелерді иемденуге және жүзеге асыру құқығының танылуымен сипатталады. Кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі олардың жас шамасына байланысты болады.
14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі. 14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі жеткілікті дәрежеде кең. Олар заңмен қарастырылған реттерде жеке өздері (ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршының) келісімімен азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді иемдене алады.
14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандар ата-анасының (асырап алушылардың, қамқоршылардың) келісімі арқылы әртүрлі мәмілелер жасай алады. Мысалы: мүлікті сату немесе сатып алу, сыйлық сыйлау немесе сыйлық алу т.б.[13,22б]. Осындай мәмілелер жасау кезінде кәмелетке толмағандар жасөспірімдер өз еркін білдіреді.
Заң кәмелетке толмағандардың ата-анасының келісімі арқылы мәміле жасай алуын бекіте отырып, олардың екеуінің де келісімі керек деп көрсетілген, яғни ата-аналардың балаға тең құқылы принципіне сәйкес олардың біреуінің келісімі де жеткілікті болады. Асырап алушыларға да осылай болады.
14
жас пен 18 жас аралығындағы
кәмелетке толмағандар (ата-
Бұл көрсетілген құқық 14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігінің көлеміне кіретін үлкен мәні бар құқық. Себебі еңбек заңдары бойынша кәмелетке толмағандар белгілі бір жағдайда еңбекке қатысуға құқалы болғандықтан, олар еңбегі үшін алған ақысына билік ету мүмкіндігіне ие болуға тиісті. Бұлар стипендияға да қатысты болады.
Заң бойынша кәмелетке толмаған тұлға оның жинақталған еңбек ақымына, егер ол ақша немесе бағалы қағаз түрінде жинақталса, сомансына қарамастан билік етуге құқылы. Еңбек ақыға алынған мүліктер, бұдан былай еңбек ақы болмайды, яғни оларға (ата-анасының, асырап алушының, қамқоршының) келісімінсіз билік етуге кәмелетке толмағандардың құқығы болмайды.
14
жас пен 18 жас аралығындағы
кәмелетке толмағандар жеке
Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу тек заңмен қарастырылған реттерде ғана мүмкін болады. Бұл дегеніміз азамат өз әрекеттерімен заңға сәйкес иемдене алатын және жүзеге асыра алатын құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілетінен айрылады. Яғни тұлғада болған әрекет қабілеттігінің көлемі кішірейеді.[14,22]
Толық әрекет қабілеттілігі бар тұлғаның да толық емес әрекет қабілеттілігі бар тұлғаның да әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін. Кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігінің шектелуі қорғаншылық және қамқоршылық мекемелерінің шешімі бойынша ғана жүргізіледі. Ол мекеме бұл шешімді не жеке өзі не қоғамдық мекемелерден басқа да мүдделі тұлғалардан (ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы және жақын туыстарының) сұрауы бойынша қабылдайды. Көрсетілген мекемелер мен түлғалардың мүдделілігі тек қана кәмелетке толмаған тұлғалардың өз ақшаларына дұрыс билік жасай алмауы белгілі біреудің мүліктік мүддесіне қатысты болуында ғана емес сонымен қатар ең бастысы кәмелетке толмаған тұлғалардың теріс әрекеттері оның дамуы мен тәрбиесіне қоршаған ортаны тануының қалыптасуына зиянын тигізеді. Яғни, қоғамдық мүддеге қарсы болады. ҚР Азаматтық кодексінің 23-бабының 3-тармағында көрсетілгендей кәмелетке толмағандардың өз табысы не стипендиясына билік ету құқығы оған жеткілікті дәрежеде негіздер болған жағдайда шектелуі немесе құқығынан айырылуы мүмкін. Бұндай негіздерге заңға және моралдық нормаларға қарама-қайшы мақсаттарға (спирттік ішімдік, есірткі заттар сатып алу, құмар ойындары және т.б.) ақшаны жұмсау немесе ақщаны бей берекет жұмсау жатады.
Қорғаншылық және қамқоршылық мекемесі кәмелетке толмаған тұлғаның табысы немесе стипендиясына билік ету құқығынан мүлдем айыруы немесе шектеуі мүмкін. Бұндай белгілі бір шешімді қабылдау кәмелетке толмаған тұлғаның табысы мен стипендиясына билік ету негізіндегі қателіктерінің ауырлығы және оның жаман әдеттері қаншалықты қалыптасқандығына байланысты. Осындай шешімнің негізінде табыс толық немес бөлшектеу арқылы кәмелетке толмаған тұлғаның өзіне емес, қорғаншылық және қамқоршылық мекемелерінің шешімінде көрсетілген тұлғалар яғни, ата-анасы, асырап алушысы немесе қорғаншысына беріледі. Егер қорғаншылық және қамқоршылық мекемелері шешімінде белгілі бір мерзім көрсетілсе онда сол мерзім өткеннен кейін кәмелетке толған тұлғалардың толық емес әрекет қабілеттілігі бұрынғы көлемі қайта қалпына келтіріледі. Ал егер мерзім көрсетілмесе онда шешімнің күші кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толғанға дейін қорғаншылық немесе қамқоршылық мекемелерінің жеке өзі пікірі бойынша не қоғамдық мекемелер мен мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша шешімнің күші жойылғанға дейін болады. Бұндай әрекет қабілеттілікті соттық тәртіптен тыс шектеу жалпы принциптерден алынған. Бірақ оның кемшіліктеріне байланысты оны жалпы соттық тәртіппен ауыстыру қарастырылып отыр.
Азамат спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынған жағдайда сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігінің шектелуі қарастырылғын. Бұл норма тек кәмелетке толмағандарға қатысты, себебі 14 жас пен 18 жас аралығындағы азаматтардың жеткілікті дәрежеде негіздер болған жағдайда жоғарыда көрс етілген тәртіпте әрекет қабілеттілігі шектеледі.
Кәмелетке толған азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеу олардың құқықтық статусына үлкен нұқсан келтіру болып табылады. Сондықтан ол заң бойынша тек сот арқылы бекітілген негіздер болған жағдайда ғана жасалады. Біріншіден, азаматтық кдекстің 27-бабында көрсетілгендей әрекет қабілеттілікті шектеу тек спирттік ішімдіктерді ішетін немесе есірткі заттарға салынған тұлғаларға ғана қарастырылған. Ал басқа да кемшіліктер (құмар ойындары және т.б.) жанұяның материалдық жетіспеушілігінің себебі болса да, әрекет қабілеттілікті шектеуге әкеліп соқтыра алмайды. Екіншіден, азаматтық кодекстің 27-бабына сәйкес азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеуге спирттік ішімдіктерді немесе есірткі заттарды алу үшін өте көп ақша қаражатын жаратып, жанұяның материалдық жетіспеушілігін ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы негіз болады.
Әрекет қабілеттілікті шектеу белгіленген кезде жанұя мүшелерінің саны есептелмейді. Егер азаматтың жанұясы жоқ болып ол өзін-өзі материалдық қиын жағдайға душар ететін болса, оның әрекет қабілеттілігі шектелмейді. Әрекет қабілеттілігін шектеу тек сот арқылы ғана жүзеге асырылады. [2, 19б]
Егер азамат спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарға салынуын тоқтатпаған жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігін шектеуді тоқтатады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталынады.
Егер
азамат оның әрекет қабілеттілігін шектеуді
алып тастағаннан кейін тағы да спирттік
ішімдіктер мен есірткі заттарға
салынса, онда мүдделі тұлғалар немесе
мекемелердің арызы бойынша оның
әрекет қабілеттілігін қайтадан шектеуі
мүмкін.
2.
Заңды тұлға – азаматтық
құқық қатынастарының
субъектілері.
2.1.
Заңды тұлға ұғымы.
Заңды тұлғаның
құқық қабілеттігі.
Өз құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.