Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 10:36, курсовая работа
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі............................................6
1.1. Жеке тұлға ұғымы және құқықтық мәртебесі........................................6
1. 2. Азаматтардың құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі.....................9
2. Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі…........ 17
2.1. Заңды тұлға ұғымы. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі....................17
2.2. Заңды тұлғалардың түрлері...................................................................... 21
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері .............................................................23
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі .............................................................................................................23
3.2. Әкімшілік аумақтық бөлініс …………………………………………...25
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................28
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.
Жеке тұлға - азаматтық
құқықтың субъектісі....................
1.1.
Жеке тұлға ұғымы және
құқықтық мәртебесі.....................
1. 2.
Азаматтардың құқық
қабілеттігі мен әрекет
қабілеттігі...................
2. Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі…........ 17
2.1.
Заңды тұлға ұғымы. Заңды
тұлғаның құқық қабілеттігі...................
2.2.
Заңды тұлғалардың түрлері.......................
3.
Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық
бөлініс азаматтық құқық
субъектілері ретіндегі
ерекшеліктері ..............................
3.1.
Мемлекет сыртқы
сауда айналымындағы
азаматтық құқықтың
субъектісі
..............................
3.2.
Әкімшілік аумақтық
бөлініс …………………………………………...25
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Елiмiз
нарық экономикасына көшiп, нарық
қатынастары аясында
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары көрсетілген.
Кеңес
Одағы тарап Қазақстан
Соңғы жылдарда қоғамдағы ортаға қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін талап етуде.
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасы басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға барлық күш-жігерін салуда. Осы тұрғыдағы ең маңызды мәселелердің бірі – қоғамдық саланы әлемдік демократиялық стандарттарға келтіру болып табылады.
Тақырып өзектілігі. Өркениетті қоғам және құқықтық мемлекет азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болуы тиіс. Ал, заңдылық, азаматтардың заңда нақты теңдігін қамтамасыз етуге қабілетті қоғамда ғана орын алады. Мұндай қоғам барлық азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы қалыптасады. Мемлекетте өзара әрекеттестік арналарының бірі ретінде қиындықпен болса да, жеке тұлға мен заңды тұлғаның қалыптасу үдерісі алға қарай жылжып келеді. Қазақстанның негізгі заңы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
Ел дамуының бағдарламалық құжаты – «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп–өркендеуі, қауіпсіздігі және әл–ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев "тәуелсіз, гүлденуші және саяси тұрақты Қазақстанды құру қажеттілігі, оған тән ұлттық бірлікті, әлеуметтік әділеттілікті, бүкіл халықтың экономикалық жайлы жағдайын қарастырумен байланысты", - деп айрықша атап өткен. Осы орайда, Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, биліктің әрбір тармағын, ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына етене жақын, азаматтың құқығы мен бостандығын қамтитын атқарушы билікте жаңа әдістерін қажет етеді. Осы мәселеге байланысты, мемлекетіміздің қазіргі таңдағы даму кезеңінде, арнайы нормалары арқылы жеке тұлға мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін қарастыратын азаматтық жүйені жаңарту қажеттілігі туралы мәселе өзекті болып отыр.
Біріншіден, 2010 жылы Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалық етуіне байланысты, Еуропа Кеңес мүшелігіне үміткер Қазақ елі үшін адамның құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін еуропалық және әлемдік талаптарға, стандарттарға сәйкестендіру аса маңызды. Бұл ең алдымен, қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескере отырып дербес азаматтық құқыққа қатысты мәселе.
Екіншіден,
қазіргі кезеңде жария-құқықтық
қайшылықтарды реттейтін
Үшіншіден, Қазақстан Республикасында дербес, мамандандырылған заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мемлекеттің саяси идеяларына және азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін шенеуніктердің қияндықтарынан қорғаудың тиімді механизмдерін құруға бағытталған қайта құруларға сәйкес келеді.
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Заң әдебиеттерінде біздің зерттеп отырған мәселелеріміз Ю.К.Толстой., А.П.Сергеева., Е.А.Суханов., С.Н. Братусь., О.Н. Садиков., А.А. Ершова., В.П.Грибанов., Малейнин Н.С., Е.Н. Губанов., Я.Р.Вербес., В.П.Грибанов еңбектерінде қарастырылған.
Заңның басқа да салаларын зерттеп жүрген заңтанушы ғалымдар азаматтық құқықтың субъектілері жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттеріне де көп назарын аударуда. Ғалымдардың осы тобының ішінен Ғ.И.Төлеуғалиев., А.Г.Диденко., Шершеневич Г.Ф., С.Н. Братусьті ерекше атап өтуге болады. Дегенмен, зерттеу тақырыбына қатысты бірқатар мәселелер әлі күнге дейін пікірталастар тудырып келеді және толық зерттеле қоймаған. Азаматтық құқықтың субъектілерінің қоғамдағы орнының маңызын жетілдірудің жаңа жолдарын қарастырып, оны қазіргі тарихи жағдайларға және жаңа заңнамаға бейімдеу аса қажет дүние.
Сонымен, тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолу негізінде келесі қорытындыға келемін: азаматтық құқық субъектілерінің, әсіресе жеке тұлғаның мәні батыстық, ресейлік және отандық саясаттанушылармен әртүрлі қырларынан зерттелген, бірақ заңды тұлғаны қалыптастырудағы белсенді рөлі мәселесі назардан тыс қалып келген. Сондықтан әрі қарай тереңдеп зерттеуді қажетсінеді.
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін талап етуде.
Тақырыптың мақсаты. Курстық жұмысымның алдында қазіргі таңдағы жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқықтарын қорғау саласындағы негізгі мәселелерді теориялық-методологиялық және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыру, оның қоғамдағы дамуы, іске асырылуы негіздерін анықтау. Зерттеу барысында, жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқықтары және оның кепілдіктері, сонымен қатар, оларға қатысты қолданылатын ережелер, азаматтық заңымен, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңымен бекітілген құқықтары, олардың маңызын қарастыру.
Міндеттері. Курстық жұмысымның алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттерді айқындадым:
- осы заманғы азаматтық құқық субъектілерін кешенді зерттеулер негізінде шешілмеген және пікірталасты проблемаларды зерттеу, оларға жауап іздеу;
- «азаматтық құқық субъектілері», «жеке тұлға», «заңды тұлға» және басқа ұғымдардың құқықтық табиғатын талдау, олардың функционалдық сипаттамасын зерттеу;
-
демократиялық құқықтық
- азаматтық құқық субъектілерін, соның ішінде заңды тұлғаны құру үрдісіне жаһандану мен мәдениет факторының ықпалын анықтау;
Курстық
жұмысым кіріспеден, алты тақырыпшаны
қамтитын үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.
Жеке тұлға азаматтық
құқықтың субъектісі.
1.1.
Жеке тұлға ұғымы және
құқықтық мәртебесі.
Азаматтық кодекстің 12-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға болып ұғынылады» [1,12 б] - деп көрсетілген.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 19 маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" Заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады." Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының Заңында қаралмаған Азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды.
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде Азаматтық құқықты пайдаланады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемелекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ азаматтар жеке тұлғалар болып ұғынылады.[2, 12 б]
Жеке тұлға түсінігі КР-ның әртүрлі құқық салаларында қолданылады. Азаматтық заң шығармашылықта азаматтық құқық субъектісі ретінде қолданылады.
Жеке тұлға түсінігі - ҚР азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ адамдар түсініктерінің барлығын қамтитын түсінік. Сондықтан бұлардың барлығы азаматтық құқық бойынша жеке тұлға болып табылады.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері" деп немесе "тұлға деп атайды". [1, 21б]
Азаматтық кодексте әдетте “жеке тұлға” емес “азамат” термині қолданылады. Бірақ онда азаматтар туралы айтылғанда тек қана ҚР азаматтары ғана емес, егер Азаматтық кодексте басқаша көрсетілмесе, сонымен қатарбасқа да жеке тұлғалар қарастырылады.
Валюталық реттеу туралы заңшығармашылық және салық заңшығармашылығы жеке тұлғаларды олардың тұрғылықты жеріне байланысты екіге бөлінеді:
Осылайша жеке тұлғаларды екіге бөлу олардың шет елдік валютамен валюталық операция жасау құқықтарының айырмашылығы және жеке тұлғаларға салық салу ерекшеліктерімен байланысты. Валюталық реттеу туралы заң бойынша резидент дегеніміз - ҚР-да тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар оның ішінде уақытша шет елде жүрген немесе ҚР мемлекеттік қызметінде шет елде жүрген тұлғалар да кіреді.[4, 1б ]