Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:19, курсовая работа
Механизм — дегенiмiз бiрнеше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi — белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi.
Кiрiспе
Негiзгi бөлiм
а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.
ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi (министрлiктер).
в) Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Заңды қорғау үшiн iшкi iстер органдары қылмыс пен күресiп, оның алдын алу шараларын қолданады. Қылмыс жасады деген сезiктi адамды ұстап, қамай алады. Егер 18 жасқа жетпеген және заң бұзған адамдарды дереу оқшаулау қажет болса, оларды кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлу орындарына отырғызады, панасыз қалған балалар мен жас өспiрiмдердi қамқоршы және қорғаншы органдарға жеткiзедi. Алдын ала ықпал жасалуға тиiстi адамдарды анықтап, олардың есебiн жүргiзедi.
Қажеттi жағдайда милиция қызметкерлерi атыс тыруын қолдануға құқылы. Мына жағдайда: азаматтар олардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн шабуылдан қорғау үшiн; кепiлге алынғандарды босату үшiн; өздерiнiң өмiрiне, денсаулығына қатаер төндiретiн шабуылды тойтару үшiн; қарулы қарсылық көрсеткен немесе ауыр қылмыс үстінде кездескен, қамауылдан қашқан адамдарды ұстау үшiн қару қолдана алады.
Ұлттық қауыпсыздық органдары. Қауiпсiздiк органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекеттi iшкi және сыртқы қауiп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар. Ұлттық қауыпсыздық органдары өз кызметiн азаматтардың құқықы мен бостандығын қатаң сақтау жағдайында жүзеге асырады. Азаматтардың құқықтары мен бостандығы заңсыз шектелген жағдайда қауiпсiздiк органы оларды қалпына келтiру, азаматтарға келтiрiлген зиянның орнын толтыру және кiнәлi адамды жауапқа тарту шараларын қолдануға мiндеттi.
Өзiнiң мiндетiн жүзеге асыру үшiн қауiпсiздiк органдары барлау және қарсы барлау қызметiн жүзеге асырады. Шет мемлекеттр мен шетелдiк ұйымдардың арнаулы қызметтерiн барлау-бүлдiру әрекеттерiне, територизмге қатысы бар қылмысқа, контрабандаға қарсы күрес жүргiзедi. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, егемендiгi мен аумақтық тұтастығын заңға қайшы қол сұғушылықтан қорғауға қатысады. Жаппай тәртiпсiздiк пен ұлт аралық қақтығыстардың алдын алу және олардың таралмауы шараларын жүзеге асырады. Айтылған жағдайларға байланысты қылмыс пен күрес жүргiзiп, тиiстi шаралар қолданады.
Пайдаланған әдебиеттiң тiзiмi