Мемлекет механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:19, курсовая работа

Описание работы

Механизм — дегенiмiз бiрнеше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi — белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi.

Содержание

Кiрiспе
Негiзгi бөлiм
а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.
ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.
б) Қазақстан Республикасының Үкiметi (министрлiктер).
в) Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

pravo_kurs_131.doc

— 248.00 Кб (Скачать)

 

Жоспар

  1. Кiрiспе
  2. Негiзгi бөлiм                 

а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi.

ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.

б) Қазақстан Республикасының Үкiметi (министрлiктер).

в) Заңды қорғау органдарының түсiнiгi мен мiндеттерi.

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кiрiспе

а) Мемлекеттiң механизмi оның анықтамасы және түсiнiгi

     Механизм — дегенiмiз бiрнеше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.                                                                                                               

      Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi — белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизмi бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.

Әр мемлекеттiң механизмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар—құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизмiне тән заңдылық—оның органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.

    Мемлекет механизмiнiң өзiне тән белгiлерi:

  • реттелген мемлекеттiк органдар;
  • оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
  • оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
  • ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.

Екiншi заңдылығы—бiрiнiң қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың болмауы.

    Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негiзделiп құрылады.

Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан тұрады: 1. Өкiлдiк органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi: 1) Жоғарғы өкiлдiк орган—Парламент. 2) Жергiлiктi өкiлдiк органдар — облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы—Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган—Үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар—әкiмшiлiктер. 4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. Әскер. Оған мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕХАНИЗМI.




 

 






 




 

 

 

 


 







 

 Мемлекеттi  басқару формасының екi түрi бар:

а) Монархия

ә) Республика

    Монархия–деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр 

адамның қолында болады.

    Монархияның үш түрi бар:

1) Шексiз абсолюттiк монархия

2) Шектеушi конституциялық монархия

3) Дуалистiк монархия

   Республика – деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

    Республиканың түрлерi:

1) Президенттiк

2) Парламенттiк

3) Аралас

4) Аристакратиялық Республика

5) Демократиялық Республика

    Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент—ол барлық органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.

    Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент — жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.

        Заң атқару органдары.

    Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы — себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.

Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.

    Сот органдары. 

Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.

    Бақылау-қадағалау органдары.

Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.

Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.

Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.

    Конституциялық Кеңес атқаратын орган.

     Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.

Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады.  Конституциялық кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.

    Әскери күштер.

Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,

Мемлекеттi қорғау органы.

    Құқықты қорғау органдары.

Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:

  • құқықтары мен бостандықтарын қорғау
  • қоғамдық тәртiптi нығайту
  • қылмыспен күресу
  • бұзылған құқықтарды қалпана келтiру.

       

     

Монарх

Президент

Мемлекет басшысы

Мемлекет  механизмiнiҢ схемасы.

   

Мәжiлiс

Сенат

Парламент

Заң шығару органы

Жергiлiктi органдар

Ведомстар

Комитеттер

Министр

Үкiмет

Заң атқару органы

     

Жергiлiктi соттар

Жоғарғы соттар

Сот органы

     

Прокуратура

Конституциялық кеңес

Бақылау қадағалау органы

   

Флот

Авиация 

Армия

Әскери кҮштер

 

Сот

Прокуратура

Полиция

Милиция

Құқықтық органдар


 

 

ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.

    Мемлекеттiк аппрат – қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.

 

Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және  тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады. Қазақстан республикасы «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңның екiншi бабында: «Мемлекеттiк қызмет – азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет» делiнген.

    Мемлекеттiк  аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкiл аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады. Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады: бюрократизация, диффиренцация, профессионализiмнiң өсуi. Мемлекеттiң әрбiр типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк қызмет – конституциялық  негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, бсқа да мемлекеттiк мiндеттер мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.

    Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.

  Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға  мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi» делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.

     Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне  қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.             

     Билiк бөлiну принциптерi. Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң тармақтарға бөлiну принципi Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң бiреуi ғана емес, ең күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр тұтас, өйткенi бiрден бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Бұл билiк өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесiне бөлiнедi және билiктер бiр бiрiн шектейдi.

     Мемлекет аппараты өз қызметiн ашық және жариялық iстеуге тиiстi. Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.

     Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы – қатаң тәртiптi, субординацияны, олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi; құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң алдында тұрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.

     Мемлекеттiк аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшiн құзыретi бар мемлекеттiк аппараттың бiр буыны. Мемлекеттiк аппараттың құрылуы мен қызметi, негiзгi өкiлеттiлiгi Конституцияда және конституциялық актiлерде көрсетiледi. Әрбiр мемлекеттiк аппарат өз қызметiн мемлекеттiк, материалдық, ұйымдық және зорлау күшiмен қорғайды. Мемлекеттiк аппарат мемлекеттiң атынан функцияларын атқарады, әр қайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгiленген. Басқа мемлекеттiк органдары мен қалай қатынасатыны, iшкi құрылысы, құрылысы, құзiретi белгiленген. Мемлекеттiк аппараттың негiзгi нышаны оның мемлекеттiк билiгi. Бұл мемлекеттiк билiктi былай түсiнуге болады: олар мемлекеттiң атынан барлық субъектiлерге мiндеттi нормативтiк актiлердi шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексередi, ал кейбiр кезде жазаға тартуға құқықы бар. Мемлекеттiк заңдарға сәйкес мемлекеттiк мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында мемлекеттiк аппарат өкiлеттiктi жүзеге асыратын жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерi мемлекеттiк органдар алдында тұрған мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесi, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметiн атқарады. Бұл органдар бiр бiрiмен байланысты. Бәрi бiрге жалпы құқық қорғау жүйесiне жатады.

Информация о работе Мемлекет механизмі