Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

Работа содержит 1 файл

акимшилик.docx

— 26.08 Кб (Скачать)

    4) оның тигізген  зиянды салдарлары (зиянның мөлшері  кейде әкімшілік немесе қылмыстық  жауаптылық шараларын   қолдануды анықтайды);

    5) құқық бұзушылық  істеген кезде пайдаланылған  құралдар (көлік құралы, ішімдік  заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).        

     Әлденеше рет жасау - бұл бір текті әрекетті немесе әрекетсіздікті бірнеше рет жасауды білдіреді.                

     Қайталану  - бұл тұлғаның 1 жыл ішінде біртекті  құқық бұзушылықты  жасап, сол үшін алдында ғана  әкімшілік жазаға тартылған болса. Бұл жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Құқық бұзушылықты әлденеше рет жасаудың қайталанудан айырмашылығы - бірнеше құқық бұзушылық емес, тек бір ғана құқық бұзушылық болып саналады.        

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың  субъективті жағының міндетті белгісі - кінә.  Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.Қасақана - бұл тұлғаның өзінің іс әрекетінің құқыққа қайшылығын сезсе, оның зиянды салдарларын алдын ала білсе,  ол салдарлардың туындауын қаласа, әкімшілік құқық бұзушылық әдейі жасалған деп танылады. Оның екі нысаны бар; тура және жанама; Абайсызда -әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарларының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ оның алдын алуға болатындығын ұшқары ойласа немесе тиісті  назар аударғанда оның алдын алуға болатындығын,сондай салдарлардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған деп саналады. Оның екі түрі бар: немқұрайлылық пен менмендік. 
     
     
     
     
     
     
     

Әкімшілік құқық ғылым ретінде          

 Жалпы, заң  ғылымдары  мемлекеттік - құқықтық құбылыстардың заңның аспектілерін зерттеуге арналған. Заң ғылымдарын мынадай үш топқа  бөлуге болады:  тарихи-теориялық, салалық және қолданбалы. Әкімшілік құқық ғылымы салалық заң ғылымдарына жатады, өйткені қоғамның белгілі бір саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды зерттеп реттеуге арналған заң ғылымының құрамды бөлігі болып табылады.         

Сонымен, әкімшілік  құқық ғылымы  мемлекеттік басқару  сферасындағы  қоғамдық қатынастарды және оларды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесін талдауға, мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызметін құқықтық реттеуді зерттеп  және заңдылықтарын қорытындылауға арналған.        

Әкімшілік құқық  ғылымы қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеудің жалпы заңдылықтарын  айқындайды және зерттейді, олардың  мәнін ашады, әкімшілік құқық  нормаларын қолдану практикасын  қорытындылайды. Сондай-ақ мемлекеттік  басқару субъектілері мен объектілерінің құқықтық мәртебесін, басқарудың құқықтық нысандары мен әдістерін, мемлекеттік  басқарудағы  заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процес мәнін зерттейді, жалпы, салалық  және сала аралық  мемлекеттік басқарудағы жекелеген  әкімшілік-құқықтық теріс қылықтарды, дауларды қарастыруды жетілдірумен байланысты  ғылыми  проблемаларды  зерттейді. Осы заңдылықтарды терең және жан-жақты зерттеу  нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды  өзгертуге және жетілдіруге, ең алдымен, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған  ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірленеді.   

  Ғылым ретіндегі әкімшілік құқық - бұл әкімшілік - құқықтық құбылыстар туралы  категориялардың, талқылаулардың және қорытындылардың  жүйесі.Оның пәні құқық саласы ретіндегі әкімшілік және сәйкес заңнама саласы. Әкімшілік құқық ғылымының, құқық саласы ретіндегі әкімшілік құқық сияқты, өзінің жүйесі болады. Әкімшілік құқық ғылымының жүйесі әртүрлі әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы туындаған ішкі байланыстар негізінде  құрылады. Әкімшілік құқық саласының жүйесі  мен ғылымының жүйесінің арасында тығыз байланыс бар, бірақта мүлдем бірдей емес, өйткені әкімшілік құқық ғылымы жалпы мәселелермен қатар, әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және өзге де теориялық проблемаларды зерттейді. Сондықтан да әкімшілік құқық ғылымы  бірқатар  мәселелер бойынша  әкімшілік құқық саласының жүйесінен біршама кеңірек. Осы екеуінің арасындағы айырмашылық  әкімшілік-құқықтық құбылыстарды көрсету тәсілдерінен көрінеді. Осылай, С.С.Алексеев құқықтық болмысты зерттеудің  екі деңгейін көрсетеді:біріншісі құқықтың мәнін, мақсат - міндетін және маңызын, ондағы қаланған бастаулар мен қағидаларды танумен байланысты болса, екінші - заңнаманы, құқық нормаларын, құқықтар мен міндеттерді, жауаптылықты, өзге де құқықтық құбылыстарды оларға тән логика, жүйелілік, заңды қасиеттері, байланыстары мен арақатынастары, заңды техника мен аналитика тұрғысынан практикалық мақсатта пайдаланумен байланысты.            

 Сонымен,  ғылым ретіндегі әкімшілік құқықтың  негізгі  міндеті - нақты болмыстағы әкімшілік-құқықтық қатынастар мен нормаларды зерттеу ғана емес, сондай-ақ  ҚР Конституциясында бекітілген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын абсолютті және иелігінен шығарылмайтын, биліктің бөлінуі концепцияларын конституциялық бекітілуін есепке ала отырып, әкімшілік құқықты дамыту  перспективаларын көрсету.

Информация о работе Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері