Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 20:24, реферат
Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
Әкімшілік жауапкершілік
түсінігі мен негізгі
белгілері
Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:
1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;
2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;
3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;
5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;
6) әкімшілік
жазаны қолданғанда бас
7) әкімшілік
жауапкершілік шараларын
Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.
Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру ережелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады. Осы аталған тұлғаларға әкімшілік қамау қолданылмайды.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал дипломатиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 - 43 баптарында қарастырылған:
Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.
Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
Осы
Кодексте көзделген
құқыққа қарсы
әрекет жасаған кезде
ақыл-есi кем жағдайда
болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң)
нақты сипаты мен
қауiптiлiгiн түсiне
алмаған немесе созылмалы
психикалық сырқатының,
уақытша психикасы
бұзылуының, ақыл-ес
кемдiгiнiң немесе
психиканың өзге де
сырқатты жай-күйiнiң
салдарынан ақыл-есi
кем жағдайда болған
жеке адам әкiмшiлiк
жауаптылыққа тартылмайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):
1) кінәлі адамның өкінуі;
2) кінәлі
адамның құқық бұзушылықтың
3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;
5) әкімшілік
құқық бұзушылықты жүкті
6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесінде жасау;
7) әкімшілік
құқық бұзушылықты қажетті
8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):
1) уәкілетті
адамдардың талап етуіне
2) бұрын
жасаған әкімшілік құқық
3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;
4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;
5) ұлттық,
нәсілдік және діни жек
6) адамға
немесе оның жақындарына
7) кінәлі
адамның біле тұра жүкті
8) адамдар
тобының әкімшілік құқық
9) табиғи
апат жағдайында немесе басқа
да төтенше жағдайлар кезінде
әкімшілік құқық бұзушылық
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
Әкімшілік құқық бұзушылық және оның сипаты
Әкімшілік құқық бұзушылық –( 28 бабының 1 тармағына сәйкес) -бұл жеке тұлғаның құқыққа қайшы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда) іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қайшы іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі, осы үшін ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) қоғамға қауіптілігі;
2) құқыққа қайшылық;
3) кінәлілік;
4) жазаланушылық;
5) жаппай көпшілікте өріс алуы;
Әкімшілік
құқық бұзушылықтың құрамы - бұл
әкімшілік құқық бұзушылық
1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі;
2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғалар, диполматиялық қорғаншылықтарды пайдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар:
1) жалпы объект - мемлекеттік басқару облысында туындайтын және бұқаралық құқық салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар;
2) текті объект
- пайда болу және жүзеге
3) түрлі объект
- бір текті құқық бұзушылықтар
үшін ортақ қоғамдық
4) тікелей объект- әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын, нақты қоғамдық қатынастарға зиян келтіру, мысалы, кедендік бақылау зонасының режимін бұзу.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:
1) құқыққа
қайшы әрекет немесе
2) құқық бұзушылықтың сипаты (Әлденеше рет жасау, қайталану);
3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);
Информация о работе Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері