Кедендік саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 20:23, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасының кеден саясаты қалыптасуының экономикалық және заңдық негіздері Қазақстан кеден саясаты жалпы түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі.

Работа содержит 1 файл

кеденд3к саясат.docx

— 31.01 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  кеден саясаты қалыптасуының  экономикалық және заңдық негіздері  Қазақстан кеден саясаты жалпы  түрде – саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құруды жедел іске асыруға, оның ішкі және сыртқы экономикалық мүддесін қорғауға, оны жүзеге асыруға бағытталған  саяси-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және т.б. шаралар жүйесі.

Кеден саясаты  Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады («Қазақстан Республикасының кеден  ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

Ол ұлттық экономиканың жан-жақты дамуына жағдай жасауға, оны сырттан келетін құрылымсыз элементтер мен басқа да бүлдіргіш әсерлерден қорғауға міндетті. Егемен мемлекеттің терең ойластырылған, жан-жақты қарастырылған кеден саясаты сыртқы экономикалық мүддені сенімді түрде іске асырады, экономиканы күйреуден сақтайды, оның сауығуы мен көтерілуіне жол ашады.

Қазақстан Республикасы кеден ісінің 2-бабында еліміздің  кеден саясатының мынандай мақсаттары айқындалған: Қазақстан рыногын  қорғау; Қазақстандық өндірушілер мен  тұтынушыларды қорғау; экономикада  құрылымдық өзгертуді жүзеге асыруға  ат салысу; дұрыс бәсекелестікті және монополизмге қарсы тұруды қостау; экспортқа жағдай туғызу және шетелдік тауарларды алмастырушы өндіріс орындарын қолдау; шетелден инвестиция тарту; сауда саясатын сонымен бірге Қазақстан Республикасы орталық билік органдары белгілеген басқа да мақсаттарды іске асыру.

Мемлекеттің кеден  саясатының басты мақсаты – мемлекеттік  бюджетті толықтыру. Зейнетақыға тұрмысы  төмендерге, бюджет қызметкерлерінің жалақысына төленетін «тірі ақшаны» қазынаға түсіретін негізінен кеден ұйымдары. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арқылы кедендік-банктік бақылауды іске асыруда келісім-шарт бойынша қозғалыстағы тауарлар мен валютаны тексеруді күшейту бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Республиканың кеден ұйымдарының алдында республиканың  ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін келесідей міндеттер тұр:

- қару-жарақ пен есірткіні контрабандалық жолмен өткізумен күресу;

- тұтынушыларды  денсаулықтары мен өмірлеріне  қауіп тұғызатын азық-түліктер мен тауарлардан қорғау;

- терроризмнің  алдын алу; 

- стартегиялық  және ядролық материалды заңсыз  әкетуді болдырмау; 

- ұлттық рыноктың  өзін-өзі қамтамасыз ету қағидаларына қайшы келмейтіндей дәрежеде импорттың көлемі мен құрылымының ұлғаюына жағдай жасау;

- ойшылдық және  көркемөнер құндылықтарын алып  өтуді болдырмау; 

- мемлекеттің  құрылымын бұзуға, ұлттар арасында  алауыздық туғызуға бағытталған  ақпараттық материалды өткізбеу  және т.б.

Қазіргі таңда  Қазақстанның кеден саясаты қалыптасып болды. Ұлттық кеден саясатының қағидалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болса, кедендік заңдылық – ұлттық заңдылықтың құрамдас бөлігі. Кеден саясатының қызметі келесідей:  

- сыртқы экономикалық  іс-әрекетті реттеу;

- кедендік реттеуде  әкімшілік шара қолдану;

- отандық экспортты  қорғау мен қолдау;

- импорттың үйлесімділігіне жағдай жасау;

- сыртқы экономикалық  іс-әрекетке қатысушылардың құқықтық теңдігі мен мүддесінің қорғалуын қадағалау;

- сыртқы қызмет  істеріндегі тарифтік артықшылықтар мен кедендік жеңілдіктер берудің неғұрлым басым бағыттарын мойындау.

ТМД-ның құрылуына  байланысты оғaн кipeтiн теуелсiз жаңа мемлекеттердiң кедендiк ынтымақтастығында проблемалар бой көтердi. Бұл ынтымақтастықтьң құқықтық негiзi, соньщ iшiнде кеден қызметінiң кейбір қырлары Минск пен Алматы келiсiмдерiнде қаланып, 1992 жылғы 13 наурыздағы ТМД мүшелерiнiң келiсiмiнде одан әpi дамыды. Одан кеден одағының құрылғаны,тауарлардың ерікн қозғалысы қағидасы, кедендік заңдылықтың үйлесімділігі, жалпы кеден тарифі келісімі, кеден кеңесінің құрылғаны (оның құқығы мен атқарушы органдары) жарияланды.

Қазақстан Республикасының  «Кеден ici» туралы Заңының 8-бабына сәйкес, кеден ұйымдары орталық кеден ұйымы, кеден басқармасы, кеден бекеттерi мен кедендер, кеден мекемелерi мен ұйымдары кipeтін бiртұтас жүйе болып табылады.

Қазақстанның  саяси жүйесiнiң әрбiр элементтерiн  анықтау және мiнездеме беру ұйымның  мәнін түciну, бүкiл жүйеге талдау жасау үшін -маңызды.

Қазақстанда кеден  саясатын iскe асыруда мемлекеттiк ұйымдар қызметiнiң әсерлiлiгi де арнайы талдауды қажет етедi.

Қазақстан Республикасы Кеден комитетi кеден iciн тiкелей басқаруды iскe асырады. Ол мемлекеттiк бiртұтастықтың дамуы мен нығаюына есер ете отырып, кеден қызметi жүйесiнiң барлық салаларын бағыттап, басқарады, бiрiктiредi.

Кеден комитетi тiкелей басқаруды iскe асырады, ұлттық кеден саясатын жузеге асыруға, кеден ici туралы заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, өздерi басқаратын кеден ұйымдары жүйесiнiң қызметi әсерлi болуына жауап бередi.

Кеден ұйымдары жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiгi аймақтық кеден басқармалары болып табылады. Кеден басқармаларының негiзгi мiндеттерi қатарына мыналар жатады:

- Қазақстан Республикасы  кеден саясатын зерттеу шаралары  мен оны іlске асыруға қатысу;

- өзiнiң құзыреттiлiгi жүретiн жерде елдiң экономикалық кауiпсiздігін камтамасыз ету, контрабандамен, кеден құқығы мен кеден заңдылықтарын бұзушылармен күресу.

Кедендер Қазақстан  Республикасы барлық кеден ұйымдары жүйесiнiң iргетасын құрайды. Олар кеден ici саласындағы мiндеттердiң негiзгi бөлiгiн тiкелей атқарады. Кеденнiң шұғыл басқаруында оның территориясында орналасқан кеден бекеттерi бар. Соңғылары кеден саясаты мiндеттерiн атқарып, зандылықтың сақталуын қамтамасыз етудi, кедендiк бақылау бары-сында ақша жинауды іске асырады.

Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1992 жылғы 12 карашада Қаржы министрлiгi жанындағы Бас  кеден басқармасы болып қайта  құрылған кезден бастап, 1995 жылғы сәуiрде  Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден  комитетi, Үкімет құрамына кiрмейтiн, бiрақ  оған бағынышты орталық ұйым мәртебесi бар ҚР Кеден комитетi болып әртүрлi құрылымдық өзгерiстерге ұшырады. Кеден iciнe басшылық жасау тiкелей Кеден комитетiнiң өзiнде қалды. 1998 жылдың күзiнде Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Kipic министрлiгiне қарайтын болды.

Қазақстан кеден  қызметi халықаралық қатынастардың  жалпы формаларын қалыптастыра алды. 1992 жылғы маусымда Қазақстанның Кеден  ынтымақ,тастығы одағына - Бүкiл әлемдiк  кеден ұйымына (БКҰ) кipyi халықаралық  стандартқа сай импорттық-экспорттық тipкey тәртiбiн қабылдауына мүмкiндiк бердi.

Әлемдiк экономикада  басымдыққа ие кедендiк қатынастар жүйесiн қабылдайтын кез келдi. БКҰ-ғa мүше болу әлемдiк экономикаға араласуға ұмтылатын мемлекеттер үшiн мiндеттi. 28-30 cәyip аралығында Брюссельде БКҰ-ның ұйымдастыруымен кеден қызметiн қайта құру мен жетiлдiруге байланысты халықаралық форум болып өттi. Форумның жұмысына БКҰ-ға муше 130 ел, оның iшiнде Қазақстан Республикасы да қатысты.

Букiл әлемдiк  кеден ұйымы сауда ережесiне сәйкес, қоғам мен салық жинауды қорғау, экономиканың дамуы мен ұлттардың  жағдайын жақсартуға кеден қызметi әсерлiлiгiн күшейту арқылы ықпал етудi алдына мақсат етiп қойған, әлемнiң 140-тан аса елдерiн бiрiктiрген тәуелсiз өкiметаралық ұйым болып табылады.

БКҰ халықаралық  сауданың өсуі мен жылдамдауына, технологияның  дамуына, ұлттық және әлемдік экономиканың өзгермелі сипатына байланысты пайдалануға  шектеу қойылған және тыйым салынған тауарларды заңсыз өткізу сияқты проблемаларға  кезікті. БКҰ кеден қызметін қайта  құру мен жетілдіруге көп көңіл бөледі.

Яғни, кеден қызметi институтынан басқа ешбiр мемлекеттiк ұйым салықты жинау мен қорғауда, қаржы саласында көмек жасауда, контрабандамен күресу арқылы саудада, сыртқы саясатта жене қоғам мүддесiн қорғауда осынша маңызды роль атқармайды.

Әрбiр ел қойған талапқа жауап беретiн жене тапсырылған  қызмет пен мiндетrердi орындай алатын кеден қызметi қандай болуы керек  eкeнін өздерi шешеді.

БКҰ-ның стратегиялық мақсаты - тауар өндiру мен мамандану арқылы халықаралық саудаға қатынасушы елдердiң барынша пайда табуына жәрдемдесу. Бұл мақсатқа жетудiң негiзгi құралы сыртқы экономикалық, қызметтi либерализациялау (ымыралау), тарифтердi төмендету және сыртқ,ы экономикалық қызметте әкiмшiлiк кедергiлердi жою болып табылады.

БКҰ -ғa кiрушi елдердiң мемлекеттiк сыртқы сауда жүйесiнiң ұлттық, ерекшелiгiне мыналарды жатқызуға болады:

- Жоғары құқықтың  қамтамасыз етiлуi. Бұл қажетri болжау жасауға мүмкiндiк бередi, сыртқы экономикалық қызметте (СЭҚ), ұлттық құқықтық peттeyдe жариялылық пен тұрақтылық болады.

- СЭҚ экономикалық  нормалар мен ережелердi peттey мен іскe асырудың бiрегейлiлiгiн, оны басқа елдердiң осындай ережесiмен ұштастырудың дамуына жағдай жасайды.

БКҰ-ға кipгeн  Қазақстан мынандай артықшылықтарға ие болды:

- басқа елдердiң  төменгі және үнемi азайып жатқан  тарифтерi негiзiнде СЭҚ-i іске асыруға  мүмкіндік алу;

- бiздiң мүддемiздi басқа елдердiң заңсыз шараларынан БКҰ ережелерiне сәйкес және осы ұйым құрылымының көмегі арқылы қорғау.

БКҰ-ның ережесi - eкi бағыттағы қозғалыс: бiздiң тауарлардың шетел рыногына шығуын қамтамасыз ету және басқа елдiң тауарлары үшiн бiздiң рынокты алу.

Кеден ісінің халықаралық  құқықтық негізін халықаралық аренада  халықарлақ кеден конфренциясы мен  келісімінің 3 тобы құрайды:

1) Көп жақты кедендік конвенциялар;

2) Аймақтық кедендік  келісім;

3) Екі жақты кедендік келісім.

Кеден ісінің халықаралық  құқықтық негізін халықаралық аренада  келесі конвенциялар құрайды:

- 1950 жылғы 17 маусымдағы  білім беру, ғылым және мәдени сипаттағы материалдарды кіргізу туралы келісім;

- кедендік ынтымақтастық  одақ құру туралы конвенция  (1952 жылдың 19 қарашасында күшіне  енді);

- 1952 жылғы коммерциялық  және жарнамалық материалдарды  енгізу туралы конвенция; 

- кеден мақсаты  үшін тауардың құнын анықтау  конвенциясы (1953 жылдың 28 шілдесіне  күшіне енді);

- туристер үшін  кедендік жеңілдіктер туралы конвенция;

- 1961 жылғы дипломатиялық  қатынастар туралы Вена конвенциясы  (дипломаттар мен дипломатиялық  өкілдіктер үшін кедендік жеңілдіктер) және т.б.

1992 жылғы 13 наурызда  ТМД елдерi кеден саясаты принциптерi туралы келiсiмге қол қойды. Бұл келiсiмнiң мақсаты -келiсушi жақтардың арасындағы бiртұтас экономикалық кеңiстiктi камтамасыз ету, осы кеңiстiктiң аясында тауарлардың epкін айналымын қамтамасыз ету, экономиканың дамуына мүмкіндік жасау және ішкі рынокты қорғау.

ТМД елдерiнiң 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы келiсiмiнiң мақсаты - ТМД-ның сыртқы экономикалық қатынастар саласындағы қызметiнiң әсерлiлiгiн қамтамасыз ету, ТМД-ның әрбiр мемлекеттiң экономикалық егемендiгiн қорғау және қамтамасыз ету, транзит еркіндігі қағидаларын қамтамасыз ету.

Транзиттiк жүктердi кедендiк тipкey тәртiбi туралы 1992 жылғы 2 сәуiрдегi келiсiм 1992 жылғы 8 ақпандағы транзит тәртiбi туралы келiсiмнiң дамуы мен iскe асуы нәтижесiнде қабылданды.

Қазақстан басқа  Орта Азия мемлекеттерi және Ресеймен өзара саудада кеден процедураларының қолданылу тәртiбi туралы, заңсыз шығарылған мәдени құндылықтарды ұстау мен  кepi қайтару саласындағы ынтымақтастық туралы, ecipткi мен психотропты заттарды заңсыз айналымға түcipyгe қарсы күресте ынтымақтастық туралы бiрқатар келiсiмдерге қол қойды.

Ресей Федерациясы, Беларусь, Қазақстан Республикалары арасындағы Кеден одағы туралы келiсiмге 1995 жылғы 20 қаңтарда қол қойылды. Кейiн бұл одаққа Қырғызстан қосылды.

Бұл шартта азаматтардың жүктерi мен қол жүктерiн тексерудi жою, жүктердiң бұл елдердiң шекарасы арқылы epкін және баж салығынсыз қозғалуы, бiртiндеп салықты төлемдi және басқа да шектеулердi азайту, ке-ден процедураларын карапайымдандыру, құжат формаларын бiрегейлендiру көзделген.

Бұл төрт мемлекет кедендiк статистика жургiзуде бiртұтас кеден құруға жағдай туғызуды қамтамасыз ету өте қажет, яғни басқарудың рыноктық шаруашылық механизмi принциптерiне негiзделген  бiр типтес экономика құру мен  экономикалық қайта құруды жургiзуде жедел қарапайымдылыққа қол жеткiзу, кедендiк одаққка қатысушы елдердiң  барлық субъектiлерi үшiн мүмкiндiктер мен кепiлдiк беру, сыртқы сауда, кеден, баға, салық және басқа да шаруашылық заңдарын бiрегейлеу, кедендiк одаққа қатысушы мемлекеттер валюта рыногын ұйымдастырудың ортақ ережелерiн дайындау керек деп санайды.

Информация о работе Кедендік саясат