Договор ренты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 11:03, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектілердің тиісті қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына және жүзеге асуына ықпал ететін рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектілердің міндеттемелік құқықтары мен міндеттері де пайда болатыны сөзсіз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық беріледі.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3
1. РЕНТА ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
1.1Рента және өмір бойы асырауда ұстау шартының ұғымы….........................4
1.2 Рента шартының ерекшелігі.............................................................................9

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ2.doc

— 88.50 Кб (Скачать)

Рента алушы тым аз емес ренталық төлемдердi алғысы келедi.

Рента шарты қазiргi азаматтық  құқықта оларға реалдық (шынайылық) мiнезi берiлген аздаған шарттардың қатарына жатады. Ол бойынша құқықтар мен мiндеттер пайда болуы үшiн мүлiк рента u1090 төлеушiге берiлуi керек.

Рента шарты бiр жақты  шарт болып табылады. Мүлiк берiлгеннен  кейiн жалпы тəртiп бойынша  рента алушыға ешқандай мiндеттеме жүктелмейдi. Рента төлеушi рентаны сатып алу құқықтығына ие болады, бiрақ бұл құқық негiзгiлердiң қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алусату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкiн, бiрақ рента шарты рента төлеушiсi үшiн жоғары тəуекелдi болғасын, оларды қолдану мүмкiншiлiгi бiрталай шектеледi.

Рента шартын жəне өсиеттi қоспағанда ерекше бөлiмнiң нормалары  өзге мəмiлелерге оларды нотариатты нысанда жасау бойынша талаптарды қарастырмайды. Егер рента төлеу  үшiн қозғалмайтын мүлiк иелiктен шығарылса, онда нотариалдық куəландырудан басқа рента шартын мемлекеттiк тiркеуден өткiзуi тиiс. Бұндай талаптар рента шартының жоғарыда қарастырылған ерекшелiктерiне негiзделедi. Тараптардың шынайы еркi туралы даудамайлар туындауы мүмкiн. Мысалға, рента төлеушi мүлiк бағасын бөлiп бөлiп төлеймiн деп болжағаны анықталуы мүмкiн. Нотариат қызметiне тараптардың нақты мақсатын анықтау жатады, ол тараптарға ұсынылатын жобаның мағынасын жəне мəнiн түсiндiруге мiндеттi (Қазақстан

Республикасының “Нотариат  туралы” заңының 35бабы).

Рента шартының заңды  құрылымының күрделiгiн ескертетiн  болсақ, бұның мəнi келiсетiндер үшiн  аз емес екенiн танимыз.

Тараптар рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiкке (жер учаскесiне, ғимаратқа, құрылысқа  немесе өзге жылжымайтын мүлiкке) рента ауыртпалық тудыратынын жоққа шығара алмайды. Егер рента төлеушi осындай мүлiктi иелiгiнен шығарса, онда рента шарты бойынша оның мiндеттемелерi мүлiктi иемденушiге өтедi. Бұл заңнамалық шешiм Ген негiзде рента төлеушiнiң де рента алушының да мүдделерiн ескередi. Болашақта рента алушы ҚР АК 533-бабы 2-тармағымен қарастырылған мүмкiншiлiктердi пайдаланып құны аз емес мүлiктi өзiне қайтарып алатынын жоққа шығармау керек.Ал, егер рента ауыртпалығы туралы 520 бабы нормасының əсерiн жылжитын мүлiкке де таратса, онда бұнымен рента төлеушiнiң құқықтары негiзсiз кемсiтiледi. Сондықтан, жылжитын мүлiк иелiктен шығарылған кезде тараптардың қатынасы ренталық мiндеттеме көлемiнде сақтала бередi, одан асып шықпайды. Тағы да мынаны қосып айтуға болады. Рента ауыртпалығының мүлiкпен бiрге еру (ауысу) сипаты болғаныменен, өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын қоспағанда, оның заттық құқықтық мiнезi болмайды.

Қозғалмайтын мүлiктi беру рента  төлеушiнi толық мiндеттемеден босатпайды. Егер заңнамамен немесе шартпен олардың ортақ бiрлескен жауапкершiлiгi қарастырылмаса, онда алғашқы рента төлеушiсi жаңа рента төлеушiмен бiрге субсидиарлық (қосымша) жауапкершiлiктi көтередi.

Рента төленуiн қамтамасыз ететiн  норманың мiндеттi мəнi (əсерi) бар. ҚР АК 521 бабының 1тармағына сəйкес, рента төленуi үшiн жер бөлшегiне немесе өзге жылжымайтын мүлiкке құқық (меншiк құқығы) берiлетiн болса, рентаны алушы рента төлеушi мiндетiн қамтамасыз ету мақсатында сол мүлiкке келiп құқығына иеленедi. Рента төленуiн өзге жолмен де қамтамасыз етуге болады, бiрақ осы да аса қажеттiлiк болмауы мүмкiн.

Рента төленуi үшiн жылжымайтын  мүлiк берiлетiн болса, заң мiндеттеме орындалуды қамтамасыз ету түрiн  тiкелей анықтамайды. Бiрақ, əрине, бұл  реттерде ең тиiмдi болып келетiн  тəсiл бұл рентаға берiлетiн  немесе өзге мүлiктiң кепiлi.Рента төленуiн қамтамасыз ету мiндетi баламалы болып келедi. Қамтамасыз ету орнына рента төлеушiсi бұл мiндеттемелерiн орындамаудың немесе тиiстi орындалмаудың қаупiн (тəуекелiн) рента алушының пайдасына сақтандыруға құқылы. Таңдау құқығы рента төлеушiсiнде болады, бұл баламалы мiндеттеме орындалуының жалпы ережесiне сəйкес келедi (ҚР АК 285 бап).Ренталық мiндеттеменi орындамаған үшiн жауапкершiлiк қарастырылған. Азаматтық құқыққа жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар əрқашан мiндеттi болып келедi, жауапкершiлiктi қолданудан бас тарту, туралы келiсiмдер жарамсыз болып келедi (ҚР АК 8 бабы 2 тармақ).Нақты рента шарының өзiнде оны орындамау немесе тиiстi орындамау үшiн жауапкершiлiктi қарастыратын нормалар, ҚР АК 522 бабын қоспағанда, қарастырылмаған. Яғни, оған азаматтық құқықтағы жауапкершiлiк (шарттық мiндеттемелердi орындамаған үшiн) туралы жалпы ережелер қолданылады.

Рента төлеу мерзiмiн  өткiзiп алған рента төлеушi ҚР АК 522 бабына сəйкес тұрақсыздық төлемдi (айыппұлды) төлейдi, ол ҚР АК 353 бабына сəйкес өндiрiледi. Бiздiң пiкiрiмiз бойынша 522 баптың мағынасы көрсетiлген айыппұлды бiр бөлiгiнде азайтуға немесе одан толығынан бас тартуға болады. Жалпылама бұл норманы қарастыру қажетi жоқ сияқты, себебi тiкелей 353 бапты қолданса да болар едi. Аздаған ерекшелiк рента, ақшалай төлем емес, заттай асырау болып келетiн жағдайларда пайда болады. Бұл орын алса, айыппұл заттай асыраудың ақшалай бағалануына сəйкес өндiрiлiп алынады.Барлық тiзiлiп айтылған жағдайлардан басқа реттерде ренталық қатынастарға азаматтық құқықтағы диспозитивтiлiк реттеу толығынан тарайды. Шарт мазмұнына қатысты, үшiншi тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық мүдделердi жəне имперсивтi нормаларды бұзбайтын барлық ережелер, тараптармен өз қалауымен бекiтiледi. Рента ешқашан нақты уақыт шегiмен анықталмайды, бұл шарттың мəнiсiне қатысты нəрсе. Сондықтан тараптар рента төлену мерзiмiн келiсiмiмен анықтай алмайды. Осыған ұқсас өзге де шектеулер болуы мүмкiн.Рента шартының түрлерi Қазақстан Республикасының заңнамасымен рента шартының үш түрi көзделген: 1) тұрақты рента шарты; 2) ғұмырлық рента шарты; 3) өмiр бойы асырауда ұстау шарты. Жалпы нормалар шарттың аталған үш түрiне де бiрдей қатысты болып табылады. Бұлардың əрқайсысының ерекшелiктерi бар. Олар төлемдерiн (асыраудың) нысанында, оның ең төмен мөлшерiнде, мерзiмдерiнде көрiнiс табады. Сол сияқты олардың субъектiлiк қатары, олардағы құқықтық мирасқорлық жəне рентаны сатып алу құқығы, мүлiктiң кездейсоқ бүлiнуiнiң немесе жойылуының ренталық қатынастарға əсерi жəне басқасы ерекшеленедi.Рента шарттарын жiктеудiң негiздерi осымен шектелмейдi. Тұрақты рента жəне ғұмырлық рента шарттары мүлiк рента төлеушiге ақыға немесе тегiн берiлетiнiне, мүлiк қозғалатын ба əлде қозғалмайтын ба, соған байланысты бөлiнуi (жiктелуi) мүмкiн.Өмiр бойы асырауда ұстау шарты осы екi шарттан едəуiр ерекшеленедi. Онда фидуциарлық (сенiмдiлiк) сияқты сипат айқын көрiнiс табады, осы сипаты азаматтық құқық шеңберiнен шығып кетедi деуге болады. Бiздiң ойымызша, ондағы сенiмдiлiк отбасылық құқық ережелерiне де негiзделуi мүмкiн (бiр бөлiгiнде). 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 


Информация о работе Договор ренты