Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:45, реферат

Описание работы

Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) ҚР-дағы мемлекеттік басқару органдар жүйесі
б) Құрылымы және атқаратын қызметтері
III. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 23.35 Кб (Скачать)

Мемлекет  және құқық теориясы. Қ.Д.Жоламан 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдар жүйесі: Сот жүйесі, Атқарушы және Заң шығарушы органдар жүйесі болып бөлінеді.

Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер — ҚР Конституциясы  жене «Қазақстан Республикасының сот  жүйесi және судьялардың мертебесі  туралы» конституциялық заң. Осы  басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот  жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.

 Аталған соттардың  бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың  ортақ және бiрегей ұстындарын  басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi  қарау және шешу мәселесi бойынша  өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді  атқарады

 Соттарды  мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде  сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот — бұл  iстi мәнi бойынша қарайтын сот,  екiнші инстанциядағы сот —  бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық  шағымдар мен наразылықтар бойынша  қозғалған iстерді қарайтын сот,  қадағалау инстанциясы — заңдық  күшiне енген сот шешімдерiне  тараптардың жасаған шағымдары,  наразылықтары бойынша қозғалған  iстерді қарайтын сот.

Заң шығарушы орган  – Конституция бойынша елдегі заң шығарушы билікті жүзеге асырудың негізгі міндеті жүктелген мемлекеттік  өкілетті алқалық орган. Кейбір елдерде  заң шығарушы органға өзінің негізгі  міндетіне қоса мемл. бюджетті бекіту және атқарушы билік органдарының (үкіметтің, президенттің, т.б.) қызметін бақылау  құқығы берілген, сондай-ақ, кейбір өзге де өкілеттіктер: жоғары лауазымды  адамдардың белгілі бір тобын (судьяларды, есеп палаталарының аудиторларын, омбудсмандарды, т.б.) сайлау (тағайындау, орнынан алу), халықар. шарттарды бекіту, рақымшылық жариялау міндеттері жүктелген.

Атқарушы билік  органдары — қоғам мен мемлекеттің  әкімшілік-саяси, әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы  міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан  дербес әлеуметтік құрылым. 

Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары  қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары  басқару қызметін заң негізінде  және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер  шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар  және басқалары) қақы бар және олардың  орындалуын қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

          а) ҚР-дағы мемлекеттік басқару  органдар жүйесі

          б) Құрылымы және атқаратын қызметтері

    III.      Қорытынды

  1. Әдебиеттер тізімі

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары