Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 18:45, реферат

Описание работы

Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) ҚР-дағы мемлекеттік басқару органдар жүйесі
б) Құрылымы және атқаратын қызметтері
III. Қорытынды
4. Әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 23.35 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік басқару органдары

 
 
 
 

Заң шығарушы билік           Сот жүйесі                          Атқарушы билік     

Заң шығарушы билік

Заң шығарушы билік – демократиялық-құқықтық елдерде қалыптасқан мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу принципіне сәйкес мемлекеттегі бірін-бірі теңестіретін үш биліктің бір тармағы; заң шығару өкілеттілігінің жиынтығы, сондай-ақ, осы өкілеттілікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар жүйесі. Заң шығарушы билік конституциядан кейінгі жоғары заң күші бар нормативтік актілерді – заңдарды шығару құқығын түбегейлі иеленеді. Сондай-ақ, бірқатар елдерде заң шығарушы билікке бюджет пен қаржы заңдарын қабылдау құқығы және атқарушы биліктің – үкіметтің қызметіне бақылау жасау құқығы берілген. Демократиялық-құқықтық мемлекеттерде заң шығарушы билікті тек арнаулы заң шығарушы органдар (парламент, федерация субъектілерінің заң шығарушы органдары) ғана емес, сонымен бірге референдум жолымен тікелей халықтың өзі, ал кейбір реттерде – өкілдік берілген немесе төтенше заң шығарушылық тәртіппен атқарушы билік органдары да жүзеге асыруы мүмкін. Парламенттік басқару пішімін қабылдаған елдерде (мыс., Түркияда) парламент заң шығарушы билік органы болып саналады, атқарушы билік заң шығарушы биліктің алдында жауапкершілік арқалайды. Ал кейбір мемлекеттердің конституцияларында заң шығарушы билік монарх пен парламентке немесе парламент палаталарына және парламенттің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекет басшысына бірдей тиесілі. Абсолют монархиялық басқару пішімі сақталған елдерде заң шығарушы билікті тек қана монарх жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында  заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілетті орган – қос  палаталы Қазақстан Республикасының  Парламенті. Оның заң шығарушы билікгі  заң қабылдау жөніндегі өкілдіктері  жиынтығын білдіреді. Сондай-ақ, заң  шығарушы билікті халық (референдум жолымен), Конституцияда көзделген  реттерде республика Президенті де жүзеге асыра алады. 
 
 

Заң шығарушы билік

(«Заң шығарушы биліктің мемлекеттік биліктің жалпы құрылымындағы жетекші рөлі мемлекеттік биліктің өзге тармақтарының тек осы билік құрған құқықтық негіз шеңберінде ғана әрекет ете алатындығымен негізделген. ҚР субъектілеріндегі заң шығарушы билікті әртүрлі атаулары бар заң шығарушы ( өкілді ) органдар жүзеге асырады.  

Сенат

ҚР Парламент  і тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палат адан : ҚР Парламент  і Сенат ынан және ҚР Парламент  і Мәжілісінен тұрады.

ҚР Парламент  інің Сенаты әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан  астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың және мемлекет астанасының  барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан  тұрады. Сенат та ұлттық-мәдени және қоғамның өзге маңызды мүдделерінің өкілдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін есепке ала отырып, он бес депутатты  ҚР Президенті тағайындайды. Сена тқа  сайланатын депутаттардың жартысы  әр үш жыл сайын қайта сайланады. Сенат депутаттарының өкілеттік  мерзімі – алты жыл.

Палатаны мемлекеттік  тілді еркін меңгерген өз дерутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы  санының көпшілік даусымен жасырын  дауыс беру арқылы Сенат сайлаған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының  қызметіне кандидатураны ҚР Президенті ұсынады.

Парламенті Сенаты депутаттарының жалпы саны – 47 адам.

ҚР Парламенті Сенатының (Парламенттің Жоғарғы палатасының) ерекше өкілеттіктері:

Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың  Жоғарғы Сотының Төрағасын, және Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

Республика Президентінің  Ұлттық Банк Төрағасын, Республиканың  Бас Про-курорын, Ұлттық Қауіпсіздік  комитетінің Төрағасын тағайындауына  келісім беру;

Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының  Төрағасы мен судьяла-рын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан  айыру;

конституциялық  заңдар және Мәжілістің өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқта-туға байланысты, оның уақытша болмаған кезінде заңдар қабылдау жөнінде Рес-публика Парламентінің  функцияларын орындау;

Сенат Парламентіне Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.  

Мәжіліс

Қазақстан Республикасының  Парламенті тұрақты негізде жұмыс  істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын  дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің Депутаттық корпусын тең  және мажоритарлық жүйе бойынша сайланған  депутаттар құрайды.

ҚР Парламентінің  Мәжілісі конституциялық заңмен белгіленген  тәртіпте сайлана-тын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палат аға бірдей мүше бола алмайды .

ҚР Парламент  і Мәжілісі депутаттарының өкілеттік  мерзімі – бес жыл .

ҚР Парламенті Мәжілісінің (Парламент тің төменгі  палат асы ) ерекше өкілеттіктері:

Парламентке енгізілген конституциялық заңдар және заңдар жобасын  қарауға қабылдау және осы жобаларды  қарау ;

Палат а депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Қазақстан Республикасы Премьер-Минист рін сайлауға Республика Президентіне келісім беру;

Республика Президентінің  кезекті сайлауын хабарлау ;

Мәжіліс Парламент  іне Конституци я жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру .  

Мәслихаттар

Мәслихаттар –  жергілікті өкілді орган дар –  тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі  халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Мәслихаттардың  құзырына мыналар жатады : жоспарларды, тиісті аумақты экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын, жергілікті бюджетті бекіту; тиісті аумақтарда қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау жөніндегі бағдарламаны және қоршаған ортаны қорғау, оны сауықтыру шығыстарын бекіту, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңға сәйкес өзге мәселелерді шешу және т.б. 
 
 
 

Атқарушы  билік

Атқарушы билік  — “биліктің тармақталуы” заңдарына  сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті  жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын  заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады. ҚР Конституциясында республикасының Атқарушы билікгін Үкіметтің жүзеге асыратындығы, атқарушы органдар жүйесін басқарып, олардың  қызметіне басшылық жасайтындығы көзделген. Үкімет өзінің бүкіл қызметі үшін ел Президентінің алдында жауап  береді, сондай-ақ Конституция бабында  көзделген реттерде Парламентке  есеп береді. Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституция  заңмен белгіленеді (64-бап). Атқарушы билік  заң шығарушы бастаманың қайнар көзі ретінде, әрі парламенттің заң шығарушылық  қызметіне нәтижелі әсер ете отырып, заң шығарушы биліктің өз уәкілеттерін ойдағыдай жүзеге асыруына тікелей  ықпал етеді.  

Атқарушы  билік 

Атқарушы биліктің маңыздылығы оған мемлекеттік істерді  тікелей басқаруды жүктелгендігінде болып отыр, сол себепті оған кең  ауқымды өкімдік функциялар берілген. Атқарушы билікті ҚР Үкіметі (басқарушылық аппарат) басқаратын мемлекеттік органның күрделі қоса бағынышты құрылымы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі:

Үкімет қызметін ұйымдастырады және оған басшылық етеді, оның жұмысы үшін дербес жауап береді; тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал Бағдарлама қабылданбаған  жағдайда, екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады;

Үкімет қаулыларына  қол қояды; Үкімет қызметінің негізгі  бағыттары және оның аса маңызды  барлық шешімдері жөнінде Президентке  баяндап отырады; Үкімет қызметін ұйымдастыруға  және басшылық жасауға байланысты өзгеде қызметтерді атқарады. 
 
 
 
 

Сот жүйесі

Сот жүйесі –  түрлі деңгейдегі соттардың жиынтығы. Бұл материалдық және процессуалдық  заңнамада белгіленген қатаң  тәртіппен жұмыс істейтін иерархиялық  жүйе болып табылады. Қазіргі қоғамда  көптеген сот жүйесілері бар. Сот  жүйесі құрамына азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, әскери, шіркеулік, сауда, т.б. сот істері кіреді. Сот жүйесін  көбіне конституциялық сот қызметін атқаратын Жоғарғы сот органы басқарады. Кейбір елде бірнеше сот  жүйесі болады. Мысалы, Ресейде жалпы  соттар, шаруашылық соттар және конституц. соттар бар. Сот жүйесінің біртұтастығы түрлі деңгейдегі барлық соттардың  ұйымдастыру және жұмыс істеу  қағидаларының, міндеттерінің, соттарды қаржыландыру тәртібінің біркелкі болуынан, бірыңғай тәртіпте сот төрелігін  атқарып, заңдарды бірыңғай қолдануынан  және судьялардың құқықтық мәртебесінің бірдейлігінен көрініс табады. Қазақстан  сот жүйесі әкімшілік-аумақтық бөлініске  орай құрылады. 

Сот жүйесі

Сот билігінің  негізгі міндеті - қоғам және мемлекет өмірінде туындайтын жанжалдар мен  дауларды шешу , бұзылған құқықтарды қайтару , құқықтық тәртіпті және заңды бұзғандарды  жазалау . Сот билігін тек сот  қана жүзеге асырады , ҚР сот төрелігін  жүргізуге ешкімнің құқығы жоқ .

Сот жүйесі дегеніміз  Қазақстандағы барлық соттардың  жиынтығын білдіреді. Сот жүйесіне Қазақстан Республикасының Конституци ясына және Конституци ялық заңына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының  Жоғарғы соты және жергілікті соттары  кіреді.

Жергілікті  соттарға мыналар  жатады :

Обл ыстық және оларға теңестірілген соттар ( республика астанасының қалалық соты , республика лық маңызы бар қалалардағы қалалық  соттар , мамандандырылған сот –  Қазақстан Республикасының әскери соты , мамандандырылған қаржы соттары  және т.б. );

аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның  әскери соты және басқалары).

Қазақстан Республикасында  мамандандырылған соттар құруға болады (әскери, қаржы, экономикалық, әкімшілік, кәмелеттік жасқа толмағандар жөніндегі  және басқалар).

Атап көрсетілген  соттардың жиынтығы сот төрелігін  іске асыру және іс жүргізуді атқару нысандары бойынша міндеттерінің  бірыңғайлығына байланысты.  
 
 

Жоғарғы Сот 

Қазақстанның  Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық  және өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, соттардың  қызметін қадағалауды жүзеге асырады  және сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады.

Жоғарғы Сот  құрылымы - Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және соттан тұрады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын, алқалар  төрағаларын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Республика Президентінің ұсынуымен Сенат  сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген  соттардың төрағаларын, алқалар  төрағаларын және соттарды Республиканың  Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі  бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

Жоғарғы Сот  органдарына мыналар жатады: қадағалау  алқасы , азаматтық істер жөніндегі  алқа, қылмыстық істер жөніндегі  алқа, соттың пленумдық отырысы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қолданылған сайттар:

http://www.damu.kz/358

http://kk.wikipedia.org/wiki/Заң_шығарушы_билік

http://kk.wikipedia.org/wiki/Атқарушы_билік

http://kk.wikipedia.org/wiki/Сот_жүйесі 

Әдебиеттер:

Құқық негіздері. Т.Ағдарбеков, А.Әлайдар, А.Алайдаров 2009.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары