Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 00:10, реферат
Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.
Қазақстан
үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы
болды. Мемлекеттік құрылым
Бұл жылдары РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі де өзінің сот құрылымы жөніндегі ережесін қайта қарап, бекітудің жобасын жасады. Бұған бірден-бір себеп болған нәрсе — 1925 жылға дейін Жоғарғы Соттың Казақ бөлімінде азаматгық сот істерін қарайтын алка болмаған еді. Азаматтық істер губерниялық (облыстық) соттарда ғана қаралып, шағымдану тәртібі мен наразылық келтіру тікелей РСФСР Жоғарғы Сотына жіберілетін.
Одақтас
республика дәрежесіндегі Қазақ
АССР-нің Жоғарғы Сотында
"1. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің жанынан:
а) Азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа белгілі мақсатпен құрылсын;
2. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1923 жылғы 11 сәуірдегі БОАК-тың төралқасы бекіткен ережесіне жеке баптармен өзгерістер мен толықтырулар енгізу РСФСР Жоғарғы Сотына тапсырылсын. Аталған сот алқасының құзыреттік шегін, сондай-ақ қаншалықты талап құны мөлшерінде іс қарайтынын анықтасын.
3 РСФСР
Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің
ережесі туралы жоба
б) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы.
… 2) 2-баптағы "бөлімнің төрағасы" деген сөзден кейін "Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының және Азаматтық сот істері жөніндегі кассациялық алқаның төрағалары деп жазылсын", — делінген. Сондай-ақ, сот істеріне қатысты басқа да толықтырулар енгізген.
РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі ережесінің жаңа жобасы мемлекеттік заң орындарының барлығында талқыланып, бекітілді. Ережеге енгізілген ең басты толықтыру — Азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа сатыларын Қазақ АССР-і Жоғарғы Сотының құрамына енгізу болды.
Сол 1925
жылғы БОАК-тың төралқасы
"... Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа сатылары Қазақ Советтік Социалистік Республикасындағы облыстық және губерниялық соттардың азаматтық істер бойынша жіберген талап кұнын 10000 сомнан асырмайды. Егер іске қатысты талап құны 10000 сомнан асса, кассациялық шағым мен қадағалау тәртібі бұрынғыдай РСФСР Жоғарғы Сотында тікелей қаралады5, — делінген. Азаматтық сот алқасына жататын барлық сот істерінің талапкерлері және жауапкерлері болып ҚазОАК Халық Комиссарлар Кеңесі, Халық комиссариаттары мен оған теңестірілген орталық басқармалар, губерниялық, облыстық атқару комитеттері және астананың қалалық кеңесі танылды. Осы жобамен келіскен БОАК пен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1926 жылғы 18 қаңтарда "РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы" қаулысын шығарды.
РСФСР
Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінде
азаматтық істер жөніндегі сот
алқасының құрылуына
Жоғарғы
Соттың Қазақ бөлімі өзіне тән
жүйесі мен құрылымын бір арнаға
түсірген кезі 1926 жылмен шектеледі. Кеңестік
социалистік заңдардың бағыт-
1936 жылы
кеңестік қоғамдағы
1936 жылы
9 шілдеде ҚазОАК-тың төралқасы
Л.И.Мирзоянның төрағалық
1937 жылы
26 наурызда Бүкілқазақстандық
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты — республикадағы ең жоғарғы сот үйымы болып танылды. Өзінен төменгі соттар қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.
1936 жылғы
СССР және Қазақ ССР-нің
Конституцияда "сот ісін жүргізу тілі" қазақ тілінде, жекелеген аудандарда, яғни орыс, ұйғыр, өзбек ұлты басым жерлерде халық санының басымдылығына қарай белгіленді. Іс материадары толығымен қажетті тілге аудармашы арқылы тәржімаланып берілді. Әр ұлттың өкілі сотта өз ана тілінде жауап беруге құқықты деп көрсетілді.
Қазақстан өз алдына жеке республика болып одақтас республикалармен теңестірілген соң жарияланған алғашқы Конституция сот істерін жетілдіруде көптеген заң шараларын жүзеге асыруға септігін тигізді. Атап айтқанда, халық соттарының ықпалы артып, оларды ұйымдастыру барлық аудандарда кеңінен өрістеді. Мәселен, 1936 жылы Қазақстан бойынша 223 халық сотының учаскесі іс жүргізсе, Конституция жарияланған 1937 жылдың соңына қарай халық соттарының саны 240-қа жетті. Ал, 1938 жылы Қазақстан бойынша 287 халық соттарының учаскесі 192 аудан бойынша сот ісін жүргізген. Облыстық соттардың саны 1937 жылы 8 ғана болса, жаңадан құрылған облыстардың есебінен 1940 жылы 14-ке жеткен.
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85-баптың талабына сай республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: "Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты — Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген", — деп көрсетілген. Мұндағы еске сақтар бір нәрсе — Қазақстан территориясындағы арнайы соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында болған.
Республика
Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ
ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға
сайлап, бекітті. Оның құрамына Төраға,
төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың
мүшелері және халық заседательдері
енді. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының
құрамында қылмыстық істер
Аталған екі сот алқасы Жоғарғы Соттағы тең дәрежедегі, өз еркімен іс жүргізетін ұйым болып табылды. Өзінен төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымдары мен шешімдерін, үкімдерін қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген істерді қайта қарауды жүзеге асырды. Сондай-ақ, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Қазақ ССР Бас прокурорының наразылығымен облыстық соттардың заңды күшіне енбеген ұйғарымдары мен шешімдеріне, үкімдеріне наразылық келтірілген шағымдар бойынша істі қайта қарауға құқық берілді. Мұның мынадай ішкі себептері болды.
1938 жылы
"Сот құрылымы туралы" шыққан
жаңа заңдағы ережелерге
1939 жылы
Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің
екінші сессиясы Жоғарғы
"Ел
басына күн туған" Ұлы Отан
соғысы жылдарында КСРО-дағы
Соғыс
жылдарының алғашқы кезеңіңде
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуына байланысты 1945 жылғы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі әскер қатарыңдағы жасы егде жауынгерлерді босату туралы заң қабылдады. Бұл бейбіт өмірге көшкен еліміздегі қалпына келтіру жұмыстарында еңбек етіп жаткан еңбекшілер санын көбейте түсті.
Соғыс жылдарынан кейінгі бейбіт өмірде соғыс жағдайына негізделген төтенше ұйымдар, арнайы соттарға тән құқықтық актілер күшін жоя бастады. Әскери жағдайға көшірілген өндіріс орындары қайтадан халық шаруашылығына ауыстырылды. Соғыс жылдарында әкімшілік жазаға тартылғандардың көбі рақымшылық заңы бойынша жазасы жеңілдетілді. Істеген қылмыс түрлерінің жеңілдігіне қарай сотталған азаматтар да жазадан босатылды. 1947 жылы 26 мамырдағы социалистік гуманизмнің салтанат құруына орай бейбіт өмірде өлім жазасын қолдануды қысқарту үшін "Өлім жазасын жою туралы" Жарлық шықты. Мұның өзі халықтың жабырқаңқы көңілін бір көтеріп тастады.
Информация о работе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы