Азаматтық және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 17:57, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста жалпы құқықтық мемлекет пен азаматтық құқықтың арасындағы байланысы, өзара келісушілігі айтылған.Сонымен қатар азаматтық қоғамның түсінігі, құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, құқықтық мемлекеттің қағидалары, құқықтық мемлекеттің басты қағидасы-адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы да жазылған.

Содержание

Кіріспе 2
1. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара-қатынасы, байланысы 4
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі .................................................................................6
1.2 Құқықтық мемлекеттің және оның негізгі белгілері 7
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары 15
2.1 Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы- адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі 16
3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы 17
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Работа содержит 1 файл

Азаматтық және құқықтық мемлекет.doc

— 141.50 Кб (Скачать)

              Адамның құқығы туралы түсінік ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда құрылды. Бірінші рет адам құқығы Вирджинидің құқық Декларациясына кірді. Бұл бір-жарым айдай (15 мамыр 1776ж.) АҚШ-тың тәуелсіздік Декларациясынан ерте қабылданған болатын. Одан кейін олар АҚШ-тың Конституциясына және «Билле о правах» және атағы белгілі адам және азаматтар құқығы туралы француздар Декларациясына 1789 ж. кірді.

              Жоғарыдағы құжатттардың авторлары және басқа да зерттеушілер адам құқығын көне оқымыстылармен құрылған табиғи құқықпен байланыстырады. Олардың айтуы бойынша адам табиғаттан жаралған және адамның мынадай табиғи құқықтары: өмір сүру құқығы, меншіктілік, жеке басының дербестігі, еркін жүру құқығы. Олардың ойынша бұл табиғи құқықтар адамдармен бірге жаралған, өзгермейтін жеке адамнан бөлінбейтін құқықтар. Әрине, қандай жағдайда болмасын адам құқығын ертедегі тарихтан бөліп зерттеуге болмайды.

              Жаңа уақыттың ғалымдары, философтары және заңгерлері адам құқығы проблемаларын зерттеуде көп жетістіктерге жетті. ХІХ ғасырдың аяғында жаңа жағдайларға сай, адам құқығы туралы гуманистік тұжырымдама құрылып, индивидтердің қорғалуын тек ұлттық не болмаса әлеуметтік белгілері арқылы шешпей, жәй ғана адам екендігін есептеп шешу кіргізілді. Құқықтың дамуы және еркіндік, өзінің нәтижесінде адамға халықаралық дәреже берілуіне жеткізді. БҰҰ-ның жарғысы алғашқы рет, сол деңгейде адам құқығын сыйлау қажет екендігін жариялады және оны қорғайтын мүмкіншілікті көрсетті. 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жарғысының қажетті жерлерін дамыта отырып, маңызды халықаралық құжат – Адам құқығының жалпы Декларациясын қабылдады. Онда адам туралы жалпы идеялар жазылып, соған жетуге барлық елдердің талаптануының қажет екендігі көрсетілген. Адам құқығының Декларациясында, негізгі еркіндіктер түсіндіріліп талданған. Сонымен, адам құқығын халықаралық деңгейде қабылдау жолында маңызды қадамдар жасалды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында 1966 жылы қабылданған екі пактіде (Экономика туралы пакт, әлеуметтік және мәдени, азаматтық және саяси құқықтар пактілері) мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастықта әрқайсылары өздерін қамтамасыз ету үшін, көрсетілген белгілі құқықтарды пайдалану қажеттігі белгіленді.

              Кейінгі жылдары адам проблемасы біздің елімізде үлкен әлеуметтік, саяси және адамгершілік маңыздылыққа ие болуда. Өзекті мақсат – Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған саяси және әлеуметтік-экономикалық құқықтарды барлық мемлекеттік органдардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету.

              Тарих тәжірибесі көрсеткендей, сот реформасы – ең тиімді және құқық пен бостандықтың кепілі. Ол мақсат үшін кең түрде, барлық өркениетті өмірдегі жалпы соттар, арнайы соттар біздің Қазақстанда да пайдаланылады. Адам құқығын қорғайтын мемлекеттік органдар да бар. Көптеген халықаралық органдар адам құқығын қорғауды, қамтамасыз етуге құрылған:              БҰҰ-ның адам құқығы туралы комиссиясы, адам құқығы туралы комитет, адам құқығы туралы Еуропалық комиссия, Адам құқығы туралы Еуропалық сот.

              Жалпы биліктің ұйымдастыру – құқықтық құрамы, құқықтық талаптарға сай болуы қажет және оларды орындауға бейімделуі қажет. Осындай құқықтық мемлекеттің үшінші белгісі, ол басқа екі компоненттердің іске асуын қамтамасыз етеді. Мұндағы маңыздысы, әр түрлі құрылымдардың құқығы биліктегі бір адамға шоғырлануына мүмкіндік бермеуі қажет (мысалы тоталитарлық кеңес мемлекеті және басқа да бұрынғы социалистік мемлекеттердегідей). Ондай мақсатқа билікті бөлу қағидалары – ертедегі мәдениеттің ұлы жетістіктерінің біріне жатады және Ертедегі Грецияда, Римде сыннан өткен. Платон мен Аристотельдің саяси құрылыммен басқару нысандарын талдағанда, сол принциптерді Ағарту кезеңінде негізделуге жағдай жасалды. Осындай ойды, жаңа уақытта бірінші рет Дж.Локк айтқан болатын. Ол билік құдіретін, заң шығарушыға және атқарушыға бөлді, олардың міндетіне сай және әскери жағын жатқызды. Локктың идеясын Монтескье дамытты, оны осы күнгі түсінушілікке жеткізді. Оған тағы да, әр түрлі билікті тежеу жүйесі жатады, себебі онсыз бөліну жүйесі жұмыс істемес еді.

              Аристотель өзінің «Политике» деген ғылыми еңбегінде мемлекеттік құрылымдағы, «үш элементті» көрсетті: заң шығаруға – жиналған орган, магистратура және сот органдары. Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий «Жалпы тарих» еңбегінде, ондай басқару нысанының артықшылығын атап өтті және бұл элементтердің бір-біріне қарсы тұрып, өздерін-өздері тежейтіндігін тұжырымдады.

              Билікті бөлу қағидасы, теориялық және күнделіктілік жағынан барлық демократиялық мемлекеттермен қабылданды. Дәстүрлік кеңестер идеологиясы бұл қағиданы мойындамады, себебі олар мынадай жағдайларға сүйенді: «елдегі билік халық сайлаған кеңестерге қарайды», яғни «маркстік-лениндік теория биліктің бөлінуін мемлекеттің таптық табиғатына қарсылық ретінде қабылдамады. Дегенмен 20 жылдардың басында белгілі заңгер-ғалым А.М.Рейснер бірінші рет, осыған былай көңіл аударған: «кеңес депуттары мен атқарушы орын ығыстырылуда». Кейіннен шын мәнісінде, атқарушы орындар партиялық аппаратпен ығыстырылды.

              Қазір билікті бөлу қағидасы бізде, Қазақстан Республикасының Конституциясымен жүзеге асырылады.

              Ондай билік үшеу: заң шығарушы билік (заң шығаратын органдар), атқарушы билік (орындаушы органдар), сот билігі (сот органдары). Билікке бөліну мемлекеттік биліктің бірлігін бұзбауға тиіс. Сол мақсатта қызмет істейтін институт – мемлекет басшысы (мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті), барлық үш билік бірдей және бір-бірінен тепе-теңдікте болып бірін-бірі тежейді, бір биліктің асып кетуіне жол берілмейді. Атқарушы билік «өзінің табиғатына байланысты» басым болуға ерекше бейім, оған көптеген деректер (фактілер) көмек береді: өзімен құрылған бюрократтық аппаратқа сүйену, мәжбүрлеу органдарының оның бақылауында болғандығы, ақпаратты пайдалану т.с.с. Сайып келген жағдайда, атқарушы билік авторитарлыққа, ал заң шығарушылар, атқарушы және сот органдарын өзіне бағындырып – тоталитарлыққа айналулары мүмкін. Сондықтан, мемлекеттік биліктердің жеке болғанының маңызы, ондай биліктердің, тек бір органға жиналуына мүмкіндік бермейді. Бұл проблема тарихи дәстүрлеріне, мәдениетіне және басқа жағдайларына сай әр елде, әр түрлі шешіледі.

              Мысалы, АҚШ-тың Конституциясында және Конституциялық қызметінде биліктерді тежеу және бірін-бір тең ұстау, қалай реттелгеніне көңіл аударайық.

              “Конституция Конгреске (парламентке) заң шығару билігін белгілі деңгейде бекітіп береді. Бірақ Конституцияда Конгрестің дінді белгілеу, не болмаса еркімен дінді уағыздауға тыйым салу, сөз және басылым еркіндігін тежейтін заңдарды шығаруға келісім берілмейді. Конгрестің өзінде (Сенат және өкілеттік Палатасы) бір-бірімен қатынасында, төменгі палаталардың уақыт өзгерісіне байланысты өзгеріп тұратын жағдайлары үшін, олардың шешімдеріне тежеушілік жүргізеді. Сонымен қатар, лауазымды адамдардың құқық бұзғандығы үшін жауапқа тарту, өкілеттік Палатаға жатады. Президенттің Конгресті таратуға, заң шығаруға құқығы жоқ, бірақ заң жобасын және Конгрестің шешімін тоқтатуға құқығы бар, соның негізінде ол заңдарды өзінің ойына сай қайта қарауға жібере алады. Заң жобасы ең алдымен Конгресте көпшілік дауыспен қабылданады, ал Президенттің ветосы көпшілік дауыспен тоқтатылуы мүмкін. Өз жағынан, Конгресс әкімшілік актіге вето жасауға және Президентке не болмаса, министрлерге, олардың шығарған актілерін жоюға нұсқау беруге құқығы бар.”[8]

              Биліктің бөлініп істейтін қызметтерінің белгілі кепілі болатын бағыныштылық және үкіметтің құрылу тәртібі. Соған байланысты президенттік және парламенттік басқару нысандарына бөлінеді.

              Билікті бөлу қағидасының мемлекеттік құрылымға нақтылы сіңісу деңгейі – құқықтық сипаттағы көрсеткіш, ал оның нақтылы қызмет істеу – құқықтық мемлекетке қажетті жағдай.

         2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары

          Құқықтық мемлекет – бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандық-тарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.

“Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:

1) мазмұнды жағы – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;

2) формальды-заңды жағы – мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.”[12]

Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:

- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;

- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;

- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;

- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;

- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде. Бұл қағиданы алғаш рет Д.Локк пен Ш.Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өкілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.

Констиуцияда бекітілген «тепе-теңдік және тежемелік жүйесі» заң шығару, атқарушы, сот билігінің нақты бір билік түріне қатысты құқықтық шектеулерінің жиынтығын білдіреді. Мысалы, заң шығару билігіне қатысты тежемелік жүйесінде ерекше рөлді Президент иеленген, ол заң шығарушыға қатысты вето құқығын иеленеді; атқарушы билікке қатысты тежемелік сипатта болып президент өкілеттіктерінің мерзімі, импичмент, сенімсіздік вотумы, атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заңшығарушылық құрылымға сайлануға тыйым салу, коммерциялық қызметпен айналысу табылады; сот билігі үшін конституцияда көрініс тапқан құқықшектеуші құралдар болып мыналар табылады: кінәсіздік презумпциясы, қорғану құқығы, азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі, іс жүргізудің жариялылығы мен жарыспалылығы, соттарға отвод жариялау және т.б.

2.1 Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы- адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі

 

Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тәсілі, ол саяси биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет  өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

“Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.”[15]

Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың өз міндеттерін орындауды бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.

Тұлғаның мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дәл осы құқықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы және жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

           3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы

Кеңестік Социалистік Республикалар одағы ыдырап, жойылуы нәтижесінде қазақ кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазКСР-і ) дербес, егемен мемлекет болды. 1991 жылы тәуелсіздік жарияланған кезден бастап бес жыл ішінде Қазақстанда мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарын қалыптастыру процесі жүргізілді.

Қазақстан Республикасының егемендігімен тәуелсіздігінің қалыптасуы – жай процесс емес деп жазды Г.Ганиев,- әрбір мемлекет басқа мемлекеттің егемендігін сыйлауға, өзінің жеке аумағы шектерінде заң шығаруы, атқарушылық, әкімшілік және сот биліктерін жүзеге асыру құқығын сыйлауға міндетті.

Бұл 1970 жылы 28 қазанда қабылданған БҰҰ Жарғысына сай мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидалары декларацияда өрбиді.

А.К.Котовтың айтуынша Қазақстан әрқашан ел болды, алайда коммунистік партиялық мемлекет ірі жүйе құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекет болып, халық өмірінің әлеуметтік-экономикалық және қазақ жерінде өзінің барлық азаматтарының құқығы мен бостандығын қорғауға және қамтамасыз етуге қабілетті мемлекет ретінде дербес даму қажеттілігіне тап болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет пен оның барша азаматтарының өмірі қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қалыптасатын барлық құқықтық базаны нақты қайта құру қажеттілігі туды. Бұл тұрғыда біраз шаруа атқарылды: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық  қорғаныс, сыртқы саясат, қоғамдық-саяси, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті қорғау салаларына қатысты көптеген заңдар мен жарлықтар әзірленді. Бұл заң актілерінің бәрі де тәуелсіз беделді халықаралық сараптамадан өтті.

Информация о работе Азаматтық және құқықтық мемлекет