Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 17:57, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста жалпы құқықтық мемлекет пен азаматтық құқықтың арасындағы байланысы, өзара келісушілігі айтылған.Сонымен қатар азаматтық қоғамның түсінігі, құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, құқықтық мемлекеттің қағидалары, құқықтық мемлекеттің басты қағидасы-адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы да жазылған.
Кіріспе 2
1. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара-қатынасы, байланысы 4
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі .................................................................................6
1.2 Құқықтық мемлекеттің және оның негізгі белгілері 7
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары 15
2.1 Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы- адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі 16
3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы 17
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің ара-қатынасы, байланысы
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі ..............................
1.2 Құқықтық мемлекеттің және оның негізгі белгілері
2. Құқықтық мемлекеттің қағидалары
2.1 Құқықтық мемлекеттің басты қағидасы- адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі
3. Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Азаматтық қоғамның даму тарихы Ежелгі Греция мен Римнен, сол кезеңдегі саяси-құқықтық ілімдерден, оның ішінде Марк Туллий Цицеронның (б.д.д.106-43жж) шығармаларындағы («Мемлекет туралы», «Заңдар туралы») азаматтылық пен азамат, қоғамды азаматтардың жиынтығы дап қарастыратын ілімнен бастау алады. Этимологиялық тұрғыда да латынша civis – азамат, ал civitas – қоғам делінуі бұл ұғымдардың түбірлес екендігін көрсетсе керек.
Азаматтық қоғамның бастапқы идеясы – адамдардың қоғамда бірлесе өмірі сүруінің табиғи заңына сәйкес ұйымдасқан коллективтілігін қайта түлету.
Мұндай өркениетті де ізгілікті қоғам жеке тұлғаны жаңа үлгідегі азаматқа айналдыруға қабілетті және мұндай азаматтар өз кезегіндегі жаңа азаматтық қоғам құрды.
Азаматтық қоғамның орнығуының басты шарттарының бірі-мемлекеттің құқықтық сипат алып, әлеуметтік мазмұнға ие болуы. Мемлекет азаматтық қоғамның сынын көрегендік пікірлерін толық ескерген жағдайда қоғамда үйлесімділік, келісімділік орнайды, қақтығыстардың шеңбері тарылады, индивидтердің бірігуіне жағдайлар жасалады.
Құқықтық мемлекет - құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдыретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады. . Құқықтық мемлекетте адам құқығын қандай болмасын шектеуге жол берілмейді. Сонымен бірге құқықтық мемлекет осы құқықтардың жүзеге асырылуын дәйекті және бұлжытпай қамтамасыз етуге және оларды қорғауға міндетті. Осыған байланысты қоғам мен мемлекет өміріндегі түрлі саладағы құқықтың теңдік проблемасы принципті мәнге ие болады.
Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды.
Бұл курстық жұмыста жалпы құқықтық мемлекет пен азаматтық құқықтың арасындағы байланысы, өзара келісушілігі айтылған.Сонымен қатар азаматтық қоғамның түсінігі, құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері, құқықтық мемлекеттің қағидалары, құқықтық мемлекеттің басты қағидасы-адамның құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі және Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы туралы да жазылған.
“Азаматтық ұғымының өзiнде азамат пен мемлекеттiң өзара қарым-қатынасының саяси мәнi бар. Еске түсiрейiк, азаматтық — ол адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы. Тиiсiнше, азаматтар бipiншi кезекте өзiнiң мемлекетiмен тұрақты саяси байланыста болады. Мұндай жағдай азаматтардың бойындағы саяси құқық пен бостандықты, яғни мемлекет iciн басқарумен, демократиямен тығыз байланысты құқық пен бостандықты бiлдiредi.”[3] Ауылда, поселкiде, ауданда, қалада, республикада азаматтар мемлекеттi басқару iciнe кеңiрек араласқан сайын демократияның мүмкiндiгi де кеңейе түседi. Демократиялық мемлекет құру мақсатында, Қазақстан азаматына саяси сипаттағы айтарлықтай кең мөлшердегi құқық пен бостандық кепiлдiгi берiлген.
Құқықтық мемлекеттілік азаматтық қоғаммен табиғи байланысқан, ол онсыз қалыптасып, қызмет етіп өркендей алмайды. Азаматтық қоғам - құқықтық мемлекеттің маңызды компоненттері пайда болып, бекіп, өзінің тіршілікке қабілеттілігі мен өміршендігін көрсетіп, жетілдіретін және олар үшін өзіндік бір «тіршілік ету ордасы» болып табылып, оларға қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалық қондырма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстары, бұл процестің өрісі мен қарқыны оның оң және теріс нәтижелерінің ара қатысы азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық адамға айналу дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады. Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке асыру процесі біріншісінен екіншісіне айналуы неғұрлым кең өріс алса, азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін тіректер мен құрылғылар солғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады.
“Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының (құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам) арасында өзара келісушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екіжақты тәуелділік бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілік ете алмайды; бұдан былай олар бір біріне серік болады, олардың қызметерінің нәтижесі бір бірімен тығыз байланысты және олардың әрқайсысына тікелей әсер етеді” [7].
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақын болғанымен әртүрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет өзінің конституциялық және заң актілерінде жеке адамның құқықтық мәртебесін баянды ететін болса, онда азаматтық қоғам оны жоғары әлеуметтік мәртебемен қамтамасыз етеді. Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі жақтарына акцент береді, бірін бірі толықтыра отырып, оған өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерді, сондай-ақ, әрбір қоғамға тән таптық-топтық, ұлттық-этникалық, социумдық байланыстар мен қатынастардың артықшылықтарын анықтайды. Қоғам бұл мүмкіндіктер мен артықшылықтарға өзінің мүшелерін араластырады. Қоғамның қарамағында мұндай мүмкіндіктер мен артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым толығырақ пайдалана алады. Олар құқықтық мәртебенің мазмұнын құрайтын мүмкіндікті нығайтады. Олар болмаса құқықтық мәртебенің жүзеге асырылуы кемиді.
Мемлекет пен қоғам пайдаланатын жауаптылық институттарының ара қатынасы да ұқсас. Құқық тәртібін бұзушыларды мемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ал құқықтық емес бұзушылықтар қоғамдық-моральдық ықпал ету шараларын қолданумен шектеледі. Мұндайда жауаптылықтың көрсетілген инститтуттары үйлесімділік пен өзара толықтыру жағдайында қолданылады.
Осылайша, азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық мемлекет құру процестері бірін-бірі итермелеп, бірі үшін екіншісі өзара қолайлы жағдайлар мен алғышарттар туғызады. Бұл процестің екеуі де жалпы және тұтасынан алғанда қатар жүреді, ал нақты өмірде олардың біреуі бір кездері біреуінен озып кетеді немесе қалып қоюы мүмкін. Бірақ, аталған процестердің өтуінің оқтын-оқтын бұзылатын "синхрондығы" кейін қоғамдық дамудың барысымен қалпына келтіріледі.
Азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық және этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналуын бір сәттік немесе бір реттік шара ретінде қарауға болмайтындығын атап өту маңызды. Бұл дамудың тұтас бір бөлігін қамтиттын және ұзақ уақытқа созылатын күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мемлекеттік-құқықтық және рухани процестер.
1.1.Азаматтық қоғам түсінігі
“Азаматтық қоғам деген жеке адамның, әлеуметтік топтпрдың, сан қырылы мүдделері мен талаптарын іс жүзінде асыру және қанағаттандыру үшін қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы және содан туындайтын мемлекеттік емес ұйымдардың құқықтық негізінде құрылған жүйесі.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке міндетін және нарықтық қатынастардың орта таптағы меншік иелерінің ролінің арта түсуімен, бәсекелестік, шұғылдық, парасатты есептей білу негізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі бір деңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі бір тепе-теңдік орнатып, үйлесімді қатынастар мен өзара әрекеттестікті қалпына келтіреді.”[14] Азаматтық қоғамның одан әрі жетілдіруіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олардың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтар және шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, революциясыз шешіледі.
Азаматтық қоғам өзінің сипатына, табиғаты мен негізгі сапасына қарай - атап айтқанда бостандық пен әділеттілікке қол жеткізуді көздегеніне, демократия мен адамгершілік қарым-қатынастың орныққанына қарай - құқықтық мемлекеттің принциптерін нығайтуды жеңілдетеді, ол тіпті соларға беймделетін сияқты да. Бұл нақтылы неден көрінеді? 3 факторды ғана атап өтейік:
қоғамдық пікірде құқықтың жоғары имиджі, заң институттары, принциптері мен нормаларының беделі мен шүбәсіздігі негізделіп, таратылады;
құқық талаптарын елемеу және бұзу қалыпты емес деп бағаланатын жағдай туғызылады, олар көпшілік мойындаған әлеуметтік тәртіпке сиыспайды;
қоғам құқықты игерудің өзін заң механизмдерімен толықтырушы белгілі бір әлеуметтік және рухани механизмдерін дайындап шығарды, - олардың қатарына азаматтың қоғам жағдайында адамдарда қалыптасатын жеке адамға тән адамгершілік парыз, азаматтылық сезімі, өзіне талап қоя білушілік, өзін өзі тәртіпке келтіру, әділетсіздікпен ымырасыздық, әлеуметтік белсенділік сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.
“Азаматтық қоғамның негізгі бағалылығы, айтылып өткендей – адам және оның құқығы, ал оны саяси іске асырушы – мемлекет. Ондай миссияны орындау кез келген мемлекеттің қолынан келмейді, тек принципі мен қызметі құқыққа сай келген, құқық үстемдік құратын мемлекеттің қолынан келеді. Ондай мемлекетті жалпы түрде, құқықтық мемлекет деп атайды.”[8]
Мемлекет пен құқықтың келіскен әрекеттестігін іздеу моделі, құқықты саяси биліктің негізін іске асыратын құрал ретінде тануы, ерте заманнан басталады. Соған сай идеялардың бастамасы ертедегі қытайлардың Легистерінде (Шан Ян – ІV ғ. б.э. дейінгі) заңды ғана сараптаған, құқықты мемлекеттің мәжбүрлеуінің нысаны ретінде емес, тек билікке оны орындаудың міндеттілігі ескертіледі.
Құқықтық мемлекеттің негізгі идеяларының элементтері көне оқымыстылармен құрылған. Оларға: Солон, Гераклит, Пифагор, Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Цицерон сонымен қатар софистер, стоиктер және рим заңгерлері жатады. Олардың басқару нысаны жөніндегі дұрыс емес ережелерге: табиғи және ерікті белгіленген құқық қатынастары, адамдардың теңдігі туралы табиғи құқық, мемлекетті «халықтың жұмысы» құқықты адалдықтың өлшемі ретінде есептеу, жеке және көпшілік құқық жатады. Жаңа кезеңде, табиғи доктринасының теориялық дамуына ықпал жасады, екі мың жылдарға созылған кезеңдерде құқықтық мемлекет идеялары жетіле бастады.
Континенталдық Еуропада құқықтық мемлекет тұжырымдамасы элементтерінің алғашқы кезеңі, құрылымына сай тарихи алғышарттардың жоқ кезінде өтті.
Жаңа кезең (уақыт) оқымыстылары (Н.Макиавелли, тирандармен күресушілер Э.Боэсси т.с.с.) бірінші болып, қоғамдық санаға ертедегі табиғи құқық доктринасын енгізе бастады, оның көптеген ережелерін жаңа тарихи жағдайда дамытты. Олардың егеменді тәуелсіз ғылыми, құқықтың шығуы, еркіндік тирандарға қарсы тұрудағы арналған халықтың құқығы, табиғи теңдік және барлық адамдардың еркіндігі, жаңа ғылыми принциптегі мемлекет проблемаларын зерттейтін теориялық негіз болды.
Жоғарыдағы көрсетілген жағдайлар, белгілейтін элементтердің мемлекет пен адамға қатынасын табуға мүмкіндік берді – құқықтың принциптерінің артықшылығын көрсетті. Бірінші рет оны (толық емес құрастырған) көрсеткен, Гуго Гроций болды. Оның ойы бойынша жақсылықтың және мемлекеттің тағайынды болуы жетілген құқыққа байланысты, мемлекеттің қызметі құқық принциптеріне сай болуы керек – деген ой, И.Кантқа жатады. Халық егемендігінің қағидаларына сай, негізгі маңыздылығы, атқарушы биліктің, заң шығарушыдан айырылғандығын және оның қызметін тежейтін принципті белгілегеніне, яғни халық өзі туралы өзі шешім қабылдай алмайды, заң шығарушы халық жөнінде шешім қабылдай алады. И.Канттың мына ойына құлақ салуға болады: заңның құқыққа сай келуіне байланысты, мемлекет құқыққа мәжбүрлеуге мүмкіндік алады және құқықты өзінің өмір сүруі үшін сақтайды. Р.Фон Моль бірінші рет, құқықтық мемлекетке анықтама бере отырып, оны жаңа кейіпті конституцияда бекітілген азаматтардың құқығы және бостандығы бар индивидтердің, сот қорғауы қамтамасыз етілген конституциялық мемлекетке жатқызды.
Осы күнгі анық түсініктемелердің біріне жататындар:
Құқықтық мемлекет – көпшілік-саяси биліктің құқықтық нысандағы құрылған қызметі, индивидтермен құқық субъектісі ретіндегі оның қарым-қатынасы. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне мыналар жатады: құқыққа негізделген заңның жоғарылығы, құқықтың шындығы және индивидтердің еркіндігі, биліктің бөліну принципіне сай жалпы биліктің құрылуы және қызметі.
Бірінші белгінің мәні, құқық пен заңды айырып көрсеткенінде. Қандай жағдайларда да ондай бөлінгіштік болғанмен олардың негізгі мақсаттары – заңның, әр түрлі нормативті актілердің және басқа да жалпы билік қызметтерінің бір-біріне сай келуін қамтамасыз ету. Тек құқық, заң шығарушыдан тәуелсіз әлеуметтік феномен, жалпылама өлшем және еркіндіктің тең деңгейі ретінде жалпы биліктің әр түрлі қызметіне, теңдік және адалдық принциптеріне қызмет етеді. Құқық пен заңды салыстырғанда көрсетілген өлшем жоғалады және жалпы билік өзі шығарған негізінде (құқыққа сай келмейтін) заңдылықты сақтау түрлеріне сай емес зорлық-зомбылық жасауы мүмкін. Сонымен қатар, жалпы билік ондай «заңдармен» байланысты емес, олардың билікке бағынушыларға ғана маңызы бар. Еліміздің тарихы ондай мысалдарға бай екенін айта кету қажет. Мысалы ХХ ғасырдың 30 жылдарында заңдылықты бекіту ұранына байланысты Кеңес үкіметі азаматтарының әлеуметтік-экономикалық, саяси және жеке адамдардың құқына шабуыл басталды. Мемлекеттік билікті жүргізу тәртібіне корпоративтік элементтері кіргізіліп, азаматтардың жекелеген қоғамдық ұйымдары реформаланды, яғни, кәсіптік одақтар еңбек халық комиссариатына қосылды. “1933 жылы кәсіподақтардың атқарушы органдарымен еңбек ақының мөлшерін белгілеу туралы, ұжымдық келісім-шарт жасалуына тыйым салынды. 1931 жылғы қабылданған заң бойынша, жұмыстан кешіккендер, белгіленген уақытында келмей қалғандар жұмыстан шығарылған және баспанасынан айырылатын болған. Ондай адамдардың жұмыстары сот органдарына жіберілмей әкімшілік органдары арқылы шешілген. 1934 жылы көне объективті мойнына жүктеу принципі қолданылған (бұл Хаммурапидің 1150ж. заңына жатады): сотталған (сатқын ретінде) адамдардың отбасылары сайлауға қатынасу құқығынан айырылған және 5 жылға жер аударылған. 1934 жылғы заң бойынша 10 күннің ішінде террорлық қылмыс тергеліп, сот мәжілісіне бір күн қалғанда ғана айыптау қорытындысы берілген, сот процесінде ондай істер айыпталушымен куәларсыз-ақ шешілген, кешірім сұрау мүмкіндігі жойылған, айыптының арыз жазуына тыйым салынып, орындалуы (ату) тездетілген. 1935 жылғы заңдар бойынша көптеген қылмыстар үшін жауапкершілік 12 жастан басталған. 1937 жылы қуғын-сүргін өзінің ең шыңына жетті, құқық деформацияға түсіп, шын мәнісінде жұмыс істемеген.”[6] Қуғын-сүргінді жүргізетін мемлекет аппараты тәсілімен және пайдаланатын құралдарымен орта ғасырдағы инквизицияға ұқсаған. Тергеудегі адамдарды ресми түрде жауап беруі үшін қинауға рұқсат берілген. Оның барлығы заңды орындау үшін жасалған. Құрылып жатқан қоғамдағы құқықсыздық, өмір сүруге арналған құқықты жою, өркениетті қоғамның болуына, дамуына өте қауіпті. Құқықтық мемлекеттің екінші белгісі, құқықтық сипатта болып (құқықтық нысанды) индивидтердің қарым-қатынасын және жалпы билікті қолдайды. Теңдікті мойындау, сонымен бірге индивидтердің еркіндіктері мен құқықтарын және олардың құқықтық кепілділігін бекіту – жалпы биліктің және оның агенттерінің міндеті. Құқық және еркіндік және оларды шын қорғауға мемлекеттің көнуі, қайырымдылығы емес, бекітілген және құқықтық қабілеттілігі ретінде адамға және азаматқа тән нәрсе.