Азаматтық құқықтық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:15, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады. Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері. Заңдық фактілер
3. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері
4. Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат азамат.docx

— 51.58 Кб (Скачать)
  1. Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері

    Азаматтық-құқықтық қатынастың ерекшелігі азаматтық-құқықтық пәніне кіретін қоғамдық қатынастар жақтардың тепе-теңдік әдісімен реттеледі. Сондықтан көп жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастар оған қатысуымен тұлғалардың еркімен жүзеге асырылады.

    Әдетте азаматтық- құқықта құқықтық қатынастың пайда болуы негізгі шарт болып табылады. Бұл азаматтық-құқықтық қатынастың сипатына әсер етеді. Жақтардың тепе- теңдігі және олардың бір-бірінен заңды тәуелсіздігі азаматтық-құқықтық қатынаста ең маңызды ерекшелігі болып табылады.          Азаматтық-құқықтық қатынаста жақтардың біреуі екінші жаққа бұйрық бере алмайды және өзінің атқаратын қызметінің күшіне байланысты белгілі бір қызметті орындауға еріксіз көндіре алмайды. Егер де азаматтық-құқықтық қатынасқа, құқықа ие жақ міндетті тұлғадан нақты анықталған әрекеттерді талап етсе, бұл тек қана олардың арасындағы шартты немесе тіке заңның нұсқауының күшімен жүзеге асады. Мысалы: заказ беруші мердігерден белгілі бір жұмысты орындауын талап етуге құқылы, бірақ оны мердігер екеуінің арасында шарт жасасқан жағдайда ғана орындауға келісім береді. Тіпті азаматтық-құқықтық оның қатысушыларының еркінен тыс асырылған кезде де, қатысушылар заңды тепе-теңдік жағдайда болады. Мысалы: зиян келтіру жағдайда әдепті міндеттеме көбіне зиян келтірушінің ықыласынан тыс пайда болады. Бірақ бұл азаматтық-құқықтық қатынаста да жақтар заңды тепе-теңдік жағдайда болады және тек қана заңға бағынады. Жақтардың заңды тепе-теңдігі азаматтық-құқық қатынастың ажыратылмас қасиеті. Осы қасиетті жоғалтқан кезде құқықтық қатынасты табиғаты да өзгереді. Азаматтық-құқықтық қатынастан басқа құқықтық қатынасқа айналады. Мысалы, жергілікті әкімшіліктегі пәтерде меншікке алған кезде азамат азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі және жергілікті әкімшілікпен заңды тепе-теңдік жағдайда болады. Егер жергілікті әкімшілік

жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға пәтер  бөліп берсе, ондай жағдай өзгереді. Бұл жердегі құқықтық қатынаста жергілікті әкімшілік азаматқа қатысты билік ету құзіретіне ие орган ретінде көрініп тұр, сондықтан бұл жерде жақтардың тепе-теңдігі жоқ. Және бұл құқықтық қатынас өзінің заңды табиғаты бойынша азаматтық-құқықтық қатынас емес, әкімшілік-құқықтық қатынас болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     «Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі оны ежелгі римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивилдік құқық деп атаған.

     Тарихтан белгілі римдіктердің  құқығы осы атаумен белгіленеді.  Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік , қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.

       Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының   құқық салаларының бірі болғандықтан  күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ  азаматтардың , заңды тұлғалар мен  мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік –аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты .

       Құқық жүйесі іштей құқық салаларына  бөлінеді. ҚР азаматтық құқығының  пәнін тауар-ақша қатыныстары  және қатысушылардың теңдігіне  негізделген  өзге де мүліктік  қатынастар, сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға байланысты мүліктік  емес жеке қатынастар құрайды  (ҚР А.К. 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен  қатар мүліктік қатынастарға  байланысы жоқ мүліктік емес  жеке қатынастар азаматтық заңдармен  реттеледі, өйткені олар басқа  заң құжаттарында өзгеше көзделмеген   не мүліктік емес жеке қатынастар  мәінінен туындамайды (АК-тің  1-бабы, 2-тармағы).

       Азаматтық құықпен реттелетін  қоғамдық қатынастар негізінен  мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен  (мүлікпен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құңды қағаздармен басқада мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүлітің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі .

      ҚР азаматтық заңдары мүліктік  емес қатынастардың екі түрін,  атап айтқанда, мүліктік қатынасқа  байланысты мүліктік емес жеке  қатынастар (АК-тің 1-бабы,1-тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабы, 2-тармаы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынстар жатады. Бұл жердегі «байланныстылық» деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлікте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар).

        Азаматтық құқықтың нормаларының талаптарына сәйкес туындайтын және  бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады. Адамдар өз өмірінде және әрекет үстінде үнемі әрқилы азаматтық құқықтық қатынастар арласып жүргенімен, өздерінің әрекеттерінің заң жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын сатып алуда сатушы мен алушы арасында Азаматтық кодексте көрсетілген сату сатып алу мәселесінен туындайтын өте күрделі құқықтық қатынастар пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып алушы белгілі бір салада ақша төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге, немесе затына сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан кемістігі болса, онда оны басқа затпен ауыстыруға, толықтыруға, әйтпесе алған ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.

     Заңды тұлғалардың барлық істері  де нақ жанағыдай азаматтық  құқықтық қатынастардың ретімен  жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар (Оқу-әдістемелік құрал)

Авторлары: Омар Бауыржан Мұсаханұлы

                                Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы

                     Баетов Ерназар Көпжасарұлы

  1. Оқулық. ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім). Ғ.И. Төлеуғалиев. Алматы «Жеті Жарғы» 2001ж. 
  2. Қ.Р. Азаматтық кодексі.  Алматы «Жеті Жарғы» 2004 ж.
  3. Қ.Р.Конституциясы.  Алматы  «Жеті Жарғы» 2004 ж.
  4. Қ.Р. Азаматтық кодексінің түсініктемесі. Ю.Г. Басин, М.К. Сүлейменов - Алматы, 2003 ж.

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастар