Азаматтық құқықтық қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 11:15, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық нормалырының талаптарына сәйкес туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқық қатынастар деп аталады. Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы
2. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері. Заңдық фактілер
3. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері
4. Азаматтық құқықтық қатынастың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат азамат.docx

— 51.58 Кб (Скачать)

           Төртінші белгі ретінде азаматтық-құқықтық қатынастардың тоқтатылуының ерекше тәсілін алып қараймыз. Жаңарту, есепке алу, қарыздарды жинау, бір жақтың еркін білдіру және де басқа да тоқтатылу тәсілдері тек қана азаматтық-құқықта белгілі, оларды басқа құқық салалары білдірмейді, тек қана әкімшілік-құқықтық қатынастағы өкімет органдарының бір жақты еркін білдіру болуы мүмкін. Бірақ бұл еңбегі де жеткілікті дәрежеде нақты емес, себебі барлық азаматтық-құқықтық қатынастар жаңартылуы немесе есепке алу жолымен тоқталуы мүмкін емес (мысалы, алименттік міндеттемені жаңарту немесе есептеу жолымен жоюға болмайды), қарыздарды жинау арқылы азаматтық құқықтық қатынастарды тоқтатуға жол бермейді, (заңды тұлғалардың арасындағы бұл құқық қолданылмайды), қатынастарды бір жақты еркін білдіру жолымен тоқтату, азаматтардың арасындағы қатынастарда ерекше жағдайда ғана жол беріледі.

          Сонымен, жоғарыда көрсетілген белгілердің ешқайсысы тек қана азаматтық-құқықтық қатынасқа қолданылмайды. Бірақ бұған қарамай азаматтық-құқықтық қатынастар басқа және ең алдымен әкімшілік қатынастардан айырмашылығы бар. Осы екі құқықтық қатынастың арасындағы бір айырмашылық олардың субъектілерінің құқықтығы статусында. Азаматтық-құқықтық қатынастың субъектілерінің құқықтық статусы, олардың атқаратын қызметіне байланыссыз тең. Сондықтан құқыққа ие субъект міндетті жақтан белгі бір қызметті орындауын заңға сәйкес талап етуге құқылы, бірақ оның бұйрық беруге құқы жоқ. Ал міндетті субъект келісім бойынша анықталған қызметті ғана орындайды, ол құқыққа ие субъектіге бағынышты болмайды. Екі жақтың құқықтары мен міндеттері тең жағдайда болады. Бірақ әкімшілік- құқықтық қатынаста субъектілердің құқықтық статусы мүддесі басқаша. Субъектілердің біреуі құққа ие ме, әлде міндетке ие ме оған байланыссыз, екінші субъектілігіне қатысты билік ету функциясымен қамтамасыз етілген. Ал соңғысы құқыққа ие болған жағдайда да, біріншінің билігіне бағынышты болады. Сонымен, азаматтық-құқықтық қатынас өзінің барлық элементтерімен әкімшілік-құқықтық қатынастан өзгешеленеді. Олардың айырмашылығы: 1) құрылымның жалпы сипатында. 2) субъективтік құрамында. 3) объектісінде 4) құқықтары мен міндеттерінің көлемінде.

  1. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері. Заңдық фактілер

     Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда, біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз керек. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, Әкімшілік-аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады. Құқықтық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұның құрайтың белгілі бір құқықтар мен міндеттер болады. Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге ( мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

    Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей  элементтер тән болады:

1 субъектілер  (қатысушылар)

2  мазмұны  (құқықтармен міндеттер)

3  объектілер (құқықтар мен міндеттерге қатысы  бар мүліктік және мүліктік  емес игіліктер).

      Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқықтық қатынастар тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқықтық қатынастыр белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдай зандылық фактілер деп аталады.

      Заңдылық оқиғалар кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқықтық қатынастарына қатысушы тұлғаларға өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдық фактілерді оқиға деп атайды.

      Заңдылық әрекеттер деп, заңдық салдар, яғни белгілі бір құқықтық қатынастарын тудыратын тұлғалардың әрекеттері де заңдық факті болып табылады.

      Заңмен тыйым салынбаған әрекеттер  заңды әрекеттер болып табылады. Кейбір әрекеттердің құқықтық  тәртібіде тыйым салғандықтан  ғана, яғни заңсыз болғандықтан  құқықтық қатынастарын тудырады.

      Заттар- азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері деп заттарды (мүліктік және мүліктік емес) жұмыспен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер мен интелектуалдық меншікті айтамыз.

     Заттар азаматтық айналымдағы қатысына орай шектеулі айналым қабілетіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық айналымнан шығарылған деп бөлінеді.

     Азаматтық айналымнан шығарылмаған заттарды олардың иелері өзгеге еркін түрде бере алады. Сөйтіп, ол ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді. Айналым қабілеттігі шектелген заттарға: у, қару-жарақ, оқ-дәрі,қымбат бағалы металдар мен тастар, мәдени және тарихи ескерткіштер т.б. жатады. Осы объектілер шеңбері заңмен айқындалады.

     Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар бөлінген күннің өзінде тұтынушылық қасиетінен, бастапқы сапасынан айрылмайды. Бөлінбейтін заттар бөлсең, пайдаға аспай қалады. Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып бөлінеді. Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге, қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады.

     Дербес пайдалануға келмейтін (тек басқа затпен ғана пайдалануға болатын) заттар қосалқы заттар деп аталады. Мысалы: құлып пен кілт.

     Затқа ақша, валюталық құндылықтар, сондай-ақ құнды қағаздар да жатады.Валюта құндылығына қымбат бағалы тастар, шетелдік банктік кірістер, акциялар, шетелдік аблигациялар жатады.

   Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаздар жоғалса онымен жасалған мүліктік құқық та қоса жойылады.  Құнды қағаздардың негізгі түрлері: аблигация, акция, жинақ және диспозитивті сертификат. Құнды қағаздар үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік, ұсынбалы.

     Атаулыққа: жинақ және диспозитивтік сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды біреуге бергенде, бергені туралы оған жазады. Ал ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған аблигация және акция жатады.

 

  1. Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны, нысаны және түрлері

 

      Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері құрайды. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің туындауының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздеріне Азаматтық кодексте көзделген және көзделмеген, бірақ азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындататын заңды фактілер жатады. Азаматтық кодекстің 7-бабында бұған қатысты былай делінген: «Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекетінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады».

     Заңды фактілер ретінде оқиғалар мен әрекеттер танылады. Оқиғалар – азаматтық құқықтық қатынастардың еркінен туындайтын жағдаяттар (Мысалы, мұра қалдырушының қайтыс болуы, жер сілкіну, су тасқыны сияқты табиғат апаттары және т.б.). Әрекеттер – адамның еркіне байланысты туындайтын жағдаяттар. Мысалы, мәміле жасау, сенімхат беру, зиян келтіру және т.б. Жекелеген жағдайларда егер онда тараптардың еркі көрінбейтін болса, әрекетсіздік те осындай жағдаятқа жатуы мүмкін. Қоғамдық-қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеуді жүргізу кезінде, қатысушылары кейін олардың әрекеттерін анықтайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Құқықтық қатынаста өзара әрекет олардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен оларға жүктелген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.

       Кез-келген құқық қатынасы оның субъективті құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушыларының құқықтықбайланысы болып табылады. Сондықтан субъективті құқықтар мен міндеттер де азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективті құқық дегеніміз берілген тұлғаның ықтимал мінез-құлық шамасы. Субъектісі азаматтық құқық мазмұны жағынан әр түрлі. Субъективті құқықтың мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы: а)белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін;ә) басқа адамдардың бәрінен оладың сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға меншік иесіне кедергі жасамауын талап ету; б) меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейін құқық қорғау тәртібі шараларын пайдалану мүмкіндігін қамтиды (Азаматтық кодекстің 188 – бабы).

        Міндетті тұлғаның тиісті мінез – құлық шамасы азаматтық құқықта міндет деп түсініледі. Алайда, азаматтық құқықта міндеттің әр түрлі болатынын ескеру керек. Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқықтық қатынастарына қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту ( Азаматтық кодекстің 401 – бабы).

          Әрбір азаматтық құқық қатынасында тараптар құқық берілген және міндетті тараптар болып екіге бөлінеді. Екі тараптың екеуінде де бір тұлға немесе бірнеше тұлға болуы мүмкін, мысалы, бірлесіп зиян келтірген тұлғалар бұл зиянды зардап шегушіге өтеуге тиіс. Құқықтық қатнаста белгілі бір тұлғалар қатысуы мүмкін, алайда кейбір азаматтық құқық қатынастарында міндетті тарап жағынан саны белгісіз тұлғалар қатысады (автордың, өнертапқыштың құқықтарын бұзудан барша жұрт тартынуға

міндетті).

          Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың әрқайсысы бір мезгілде құқық, берілген және міндетті тарап болуы сирек кездеспейді. Мысалы, сатып – алу сату шарты бойынша сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге міндетті және сонымен бірге одан белгілі бір ақша сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Ал сатып алушы бұл соманы төлеуге міндетті ғана емес, сонымен қатар мүлікті өзінің меншігіне беруді талап етуге де құқылы.

          Азаматтық құқық қатынасына қатысушылар құрамынын өзгеруі мүмкін, мұның өзі, атап айтқанда, құқық мирасқорлық себебінен орын алады. Құқықтық мирасқорлық деп құқықтың сондай – ақ құқықтар мен міндеттердің бір тұлғадан құқық ізаштардан екінші тұлғаға – құқық мирасқорларға ауысуы түсініледі, бұл ретте соңғысы құқықтық қатнастарда өзінің құқықтық ізашарларының орнын басады.

          Құқықтық мирасқорлық әмбебап ( жалпы) не сингулярлық( жекеше) болуы мүмкін. Жалпы құқықтық мирасқорлық бір заңдық актінің нәтижесінде құқықтық мирасқордың барлық құқықтық қатынастарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейтінін қоспағанда құқықтық ізашарының орнын басатынымен сипатталады. Мысалы, заңды тұлғалар қосылған жағдайда олардың құқықтары мен міндеттері Азаматтық Кодекстің 46 – бабына сәйкес, жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады; мұраны қабылдауына байланысты мұрагерлер қайтыс болған адам қатысқан мүліктік құқықтық қатнастардың субъектісіне айналады. Жеке құқықтық мирасқорлық – қандай да болсын бір құқық қатынастарындағы құқықтық мирасқорлық. Мысалы, тұлға өзінің үшінші жаққа талап қою құқығын басқа тұлғаға берген жағдайда солай болады.(Азаматтық Кодекс 345-бабы). Жеке сипатта болатын құқықтық қатынастарында (есімге, авторлыққа және т.б. құқықты басқа адамдарға ауыстыруға болмайды). Сондай-ақ бұлайша ауыстыруға заңмен тыйым салынған бапрлық жағдайда құқықтық мирасқорлыққа жол берілмейді.

        Азаматтық құқықтық қатынастар әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп

ажыратылады. Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір емзгілде мүліктік, абсолютті, заттық (мысалы,меншік құқық қатынасы) не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік (мысалы, заем шартынан туындайтын құқық қатынасы) және т.б. болуы мүмкін.

         Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен аусуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар- ождан құқығы , авторлық, құқық осындай болады.

         Құқық қатынастары тағы да абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Бұлайша бөлу қатысушылардың байланысы белгісіне негізделген. Субъективті азаматтық құқығы бар тұлғаларға міндетті тұлғалардың беймәлім тобы қарсы тұратын құқық қатынастары абсолютті құқық қатынастары деп аталады. Мүліктік (мысалы, меншік құқық қатынстары) және жеке мүліктік емес құқық қатынастары (мысалы, туындыға немесе өнертабысқа авторлықпен туындыға құқық қатынастары) абсолютті болуы мүмкін. Бұл арада меншікті заттың бір субъектісі туындының немесе өнертабыстың авторы басқаруға құқықты болып табылады. Қалған тұлғалардың бәрі міндетті болады. Олардың негізгі міндетті келенсіз болып табылады және меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруна, автор құқығын бұзбауға және т.б. келіп саяды.

          Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп саналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатнастары салыстырмалы. Заттың және міндеттемелік құқық қатнастары. Профессор М.И. Брагинскийдің атап көрсеткеніндей, Рим құқығынан бастау алатын «заттық» немесе «міндеттемелік» болып бөлу ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарында маңызын сақтап қалған. Егер де институциондық жүйе бойынша жасалған кодекстерде (мысал – Француз азаматтық кодексі) бұлайша болу онша айқын көрінбесе, пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде (Герман азаматтық заңдар жинағынан Ресей Федерациясының кодексіне дейін) оның негізгі маңызы бар. Мейлінше жалпылама түрінде заттық және міндеттемелік құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңғарылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады, затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне қарсы тұрғандардың енжарлығын керек етеді. Міндеттемелік құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның (борышкер) іс – әрекеті болуы тән, олар салыстырмалы болады, борышкерден қалмайды және құқықты адам – несие берушіге қарсы тұратын сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша төлеу, жұмыс орындау және т.б. сондай іс – әрекет болуы мүмкін.

Информация о работе Азаматтық құқықтық қатынастар