Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:59, курсовая работа
Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы
1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі
1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Қазақстан мемлекеті азаматтық проблемасын идеяландырудан, оған таптық тұрғыдан қараудан бірден бас тартты. Азаматтардың коғамдағы жағдайларына (мүліктік, таптық, партиялық және басқа) тәуелсіз бірігуіне жұмылдыруда мұның ерекше мәні бар. Сөйтіп азаматтарды бір біріне карама - қарсы әлеуметтік таптарға бөлу принципі жойылды. Мемлекеттің әлеуметтік негізін оны өз меншігі деп есептейтін барлық азаматтары құратыны занды түрде танылды. Бұл мемлекетке өте ауыр да күрделі жауаптылық жүктейді. Мәселе мынада, қоғамды әр түрлі мүліктік жағдайымен топтарға бөлу оларды бір-біріне жауласуға итермелейді. Мемлекет тек төрелік міндетін ғана атқарып қана коймай, қоғамдағы күштердіңтепе тендігін де қамтамасыз етуі тиіс. Саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға мүмкіндігі барлардын ғана өздерін толық азаматтарша сезініп, ал әлеуметтік жағынан әлсіз адамдардың өгей баладай сезінбеуіне қоғам түрақты түрде камқоршы болуы қажет. Әрине, азаматтардың мүліктік жағдайы әркелкі қабатына бөлінген қоғамда толық құқылық, тең құқылық мүмкіндігі шартты құбылыстар. Ауқатты азаматтар құқықтық мүмкіндіктерді көбірек пайдалана алады. Мұны жасыруға болмайды. Мұндай ниеттің шынайылығына, нақ мемлекеттің қолдауына мұқтаж адамдардың көз жеткізгендері жөн. Біріншіден, мемлекет ниеті заң арқылы жүзеге асырылады. Заң демократиялық гуманды азаматтардың тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан әлсіз топтарды әлеуметтік тұрғыда қолдауды көздейтін болуы тиіс. Осындай "нысандағы" занды әзірлеу мен қолдау ғала мат күш жұмсауды талап етеді. Екіншіден, жалаң тендік жасау жарты кеш іс, ен бастысы нағыз тепе тендікті қамтамасыз ету. Сыртқы белгілері бойынша Кеңес зандарының әлемдегі ең прогрессивті заңдардың бірі болғаны белгілі. Бірақ ол тап ойдағыдай жұмыс істеген жоқ. Сайлау жөніндегі зандардың барлық демократиялык алғы шарттары болды, бірақ сайлаушылардың шын еркін білдірмегендіктен сайлау көзбояушылықпен өтті. Кенестердің "халык өкілдерінен" тұрған барлық буындары бар биліктін иесі саналғанмен, іс жүзінде партия органдарының айтқандарын орындайтын жалған органдар болды.
1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына қолданылуы
1. Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы.
Казақстан Республикасыньщ Конституциясы
4-бабынын 4-тар-
мағына сәйкес, барлық зандар, Қазакстан
Республикасы қатысушысы болып табылатын
халыкаралықшарттар деп жарияланады.
Азаматтардың құқықтарына, бостандыктары
мен міндеттеріне катысты нормативтік
кұқыктық актілердің ресми жариялануы
оларды қолданудың міндетті шарты болып
табылады.
«Нормативтік құқыктық актілер туралы» 1998 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында Қазақстан Республикасының заң актілері Казақстан Ресттубликасы Парламентінің Жаршысывда және ресми басылымдар болып табылатын «Егемен Қазакстан», «Казахстанская правда», «Заң», «Юридическая газета» газеттерінде жарияланады.
2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазакстан Републикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:
Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарга (мүлікке):
заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтыи және қозгалатын мүліктер болып бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақса-тына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі. Заң қүжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге де мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар, қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке кұқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасының құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.
Азаматтық құқық катынастарының
мазмүны, бұл -біріншіден, осы құқық
қатынастары субъектісінің
Азаматтар мен заңды
тұлғалардың азаматтық
Жоспарлы экономика
кезінде барлық шаруашылық жүргізу
орталықтандырылып атқарылған, жоспарланып,
әкімшілік әдіспен жүргізілген.
Сондықтан мәміленің аса
Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептелінеді. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Азаматтық құқықтық мәмілелер ауызша, жазбаша нысанда жасалады. Жасалған кезде атқарылатын (егер тараптар жазбаша жасаймыз деп өзара келіспесе), жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады. Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша нысан жәй және нотариалдық болып екіге бөлінеді.
Мынадай мәмілелер:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын; мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау, оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірак дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады. Алайда тараптар мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы.
Заң құжаттарында немесе
тараптардың келісімінде
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын ақшалай өтеуге міндетті.
Мәмілелердің жарамсыздығының негіздері:
10. Заңды тұлғаның заңда немесе
құрылтай құжаттарында нақты шектелген
қызмет мақсатарына қайшы келетін етіп
жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін
бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі
басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы
білгені
немесе күн ілгері білуге тиіс болғаны
дәлелденсе, заңды тұлғаның мүлік иесінің
қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы
мүмкін.
11. Әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасасқан кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
12. Заңдық залдар салдар
туғызу ниетін көздемей, тек көз
алдау үшін ғана жасалған
Қорытынды
Азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілімі бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий «мемлекеттік ілімнің» авторы. Ол былай деп айтқан: Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған «... егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой» деген уәж айтады.
Академик А.В. Венедиктов «ұжым ілімін» алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекет заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғалым Д.М. Генкин «әлеуметтік ақиқат теориясын» ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелінетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой «директор ілімін» алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А. Красавчиковтың «әлеуметтік байланыстар ілімі», А.А. Пушкинның «ұйымдастыру ілімі» Е.А. Сухановтың «мақсатты мүлік» ілімі тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға «адамдардың қатысы» жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекет заңды тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін «жасырын» атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс-еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи «фикция теориясының» негізін қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, «органикалық теорияның» тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Сонымен, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексінде мынадай заңды
тұлғалардың түрлері