Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар олардың субъектілері болып табылады. Азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілерінің ауқымы АК-ның 2-тарауында айқындалған. Құқық, оның ішінде азаматтық құқық реттеп отыратын қатынастар қоғамдық қатынастар, яғни адамдар арасындағы қатынастар болып табылады. Жекелеген индивидтер, сондай-ақ олар құрайтын ұжымдық түзілімдер осындай қатынастардың қатысушылары бола алады. Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде азаматтық құқық субъектілерін белгілеу үшін әдетте «тұлғалар» деген жинақтаушы термин пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.1 Азаматтық құқықтың жалпы құқық жүйесіндегі орны
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары
1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы
1.4 Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу тәсілі
1.5. Азаматтық заңдардың ұқсастығына уақытына қолданылуы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

азамат кукык кайнар коздери.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

        Мүліктік оқшаулық – ол заңды  тұлғаның негізгі белгісі болып   табылады, бұл белгіден дербес мүліктік жауапкершілік белгісі туындайды.  Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы ол өзіне жекеше қолданатын мүліктің бекітілуінен көрінеді.  Ю.К.Толстойдың айтуынша ұйымды заңды тұлға айту үшін деп оқшауланған мүлкі бар ұйымды емес, мүліктік оқшаулықта функция ететін ұйымды айтады, ал бұл  екеуі бір нәрсе емес.

        Заңды тұлғаның мүліктік оқшаулығы  оның мемлекеттік тіркеуден өткенінен  кейін пайда болады. (Мысалға акционерлік  қоғам үшін сол үшін арнайы  қаражатты құйған соң; 8-бап «Акционерлік қоғам туралы» Заң).

        Заңды тұлғалардың мүлкінің оқшаулануы  ол мүлікке деген меншік нысанына  байланысты (мемлекеттік меншік, жеке  меншік). Егер ол мемлекеттік кәсіпорын  болса,  ондағы мүлік шаруашылық  басқару немесе  оралымды басқару  құқығында болады,  бұл белгі оны басқа кәсіпорындар мүлкінен ерекшелендіреді. Мүліктік оқшаулық заңды тұлғаның жеке бухгалтерлік болуына мүмкіндік береді. АК-тің 33-бабының 1-тармағына сәкес  заңды тұлғаның дербес балансы мен сметасы болуы тиіс.

        Заңды тұлғаның дербес мүліктік жауапкершілігі оның мүліктік оқшаулығына негізделеді.  АК-тің 33-бабында «…оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін» деп жазылған анықтама осыдан шығады.  Бұл белгі өз көрінісін Ак-тің 44-бабынан да тапты:  құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан  басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүліпен жауап береді.

        Мекеме міндеттемелері бойынша  өз билігіндегі барлық ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайларда олардың міндеттемелері бойынша олардың құрылтайшылары жауап береді. Мемлекеттік мекеме міндеттемелері бойынша өз билігіндегі барлық ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекеменің ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазастан Республикасының Үкіметі немесе тиісьі әкімшілік-аумақтық бөлініс жауап береді. Егер де заңды тұлғаның банкротығы оның құрылтайшысының немесе мүлкінің меншік иесенің іс-әрекеттерінен туындаған балса,  заңды тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы немесе мүлкінің меншік иесі несие беруші алдында субсидарлы   жуаупкершілікте болады.

        Заңды тұлғаның құрылтайшы немесе  мүлкінің меншік иесі заңды  тұлғаның міндеттемелері бойынша  жауап бермейді, ал заңды тұлға құрылтайшының немесе мүлкінің меншік иесінің жеке міндеттемелері бойынша жауп бермейдіБұған азаматтық кодексте және де өзге де заң актілерінде көрсетілген жағдайлар қосылмайды.

        Азаматтық айналымға өз атынан  түсуі заңды тұлғаның процессуалды белгісі болып табылады.  Заңды тұлғаның бұл белгісін Азаматтық кодекстің заңды тұлғаға анықтама берген 33-бабынан көре аламыз; «…өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым». Заңды тұлғаның атауы оны азаматтық қатынастарға түскен кезде индивидтендіретін және жекешелендіретін  құрал болып табылады. 

        Заңды тұлғаның атауы оның  тікелей қалай аталатындығын  және де оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды.Атау заңда көрсетіген басқа да мәліметтерді қамтуы мүмкін. Мысалға,  «Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті» ЖАҚ. Коммерциялық заңды тұлға болып табылатын заңды тұлғаның атауа ол мемлекеттік тіркеуден өткен соң сол ұйымның фирмалық атауы болып та табылады.  Заңды тұлғаның атауы онын меншігі болып табылады, егер оны басқа да бір заңды тұлға заңсыз түрде пайдаланса, ол сот алдында жауапқа тартылады. Заңды тұлғада атауымен қоса тауарлық белгі немесе қызмет көрсету белгісі /сауда маркасы/ болады. Тауарлық белгі дегеніміз – заңдарға сейкес заңды тұлға атауымен бірге тіркелетін белгі болып табылады.  Тауарлық белгі маңыздылығы – ол заңды тұлғаның шығрған таурларын басқа да заңды және жеке тұлғалардың шығарған тауарларынан айырудың құралы болы келеді. Тауарлық белгі  немесе қызмет көрсету белгісі заңды тұлғаны айқандаушы белгі ретінде тұтынушыға да, тауарды ұсынушыға да практикалық маңызы зар. Тауарлық белгі арқылы тұтынушы  сол тауарды шығарушыны қарсылық пен талап қою үшін   оңай табуға ықпалын тигізеді. Сонымен қоса тауарлық белгі атақты  таур өндірушіні айқындауға зор көмектеседі.

        Тауардың шыққан жерінің атауы  да заңды тұлғаны  айқындаудың  құралы болып табылады. Егер тауардың  сапасы саол таурадың   шығарылатын  жерінің табиғи жағдайларымен  немесе сол  жердегі адами фактормен айқындалатын болса,  онда заңды тұлға тауардың аты ретінде тауар шығарылатын жер атын бірге тіркеп,  пайдалануға құқықлы (Қарағанды конфеті, Павлодар жанар-жағар майы, Атырау балығы, Семей байпағы).     Тауарлық белгіден қарағанда тауардын шыққан жерінің атын пайдалануға шек қойылмайды, Ол жердің атауы кез келген мүдделі заңды тұлға пайдалана алады.

         Сонымен жоғарыдағы көрсетілген  төрт белгіні қорыта отырып  заңды тұлғаға Азаматтық кодекс  мынадай анықтама береді: Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар  және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша  жауап беретін,  өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтаррға ие болып,   оларды жүзеге асыра алатын,  сотта жауапкер және  талапкер   бола алатын  ұйым.

        АК-тің 37-бабына сәйкес заңды  тұлға өз қызметін жарғы мен  құрылтай құжаттарына сәйкес  жүзеге асыратын органдар арқылы  ғана азаматтық құқықтарға ие  болып,  өзіне міндеттер қабылдайды. Бұл анықтама оны ұйымдық бірлескен екенін көрсетеді. Заңды тұлғаның органдары индивидуалды болуы мүмкін (директор, президент, басқарушы) немесе коллективті болады (коллегиялды).   Оларға мысалға:  жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.б. жатады.

        Заңды тұлғаның органдарының түрі, тағайындалу тәртібі немесе сайлау тәртібі және олардың өкілеттіктері заңдар мен құрылтай шарттарында көрсетіледі.  Мысалы,  Азаматтық кодекстің 60-бабына сәйкес шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы болып оның қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы)  табылады.  Серіктестің алқалы органы ретінде:

    1. басқарма (дирекция);
    2. бақылаушы орган;
    3. заң актілеріне немесе шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының жалпы жыналысының шешімінде көзделген жағдайларда басқа да органдар құрылуы мүмкін.

        ҚР АК-нің 92-бабынасәйкес акционерлік  қоғамның жоғарғы органы  -  оның акционерлерінің жалпы жиналысы.  Акционерлік қоғамда директорлар  кеңесі құрылады,  Заң актілерінде  және акционерлік қоғам жарғысында  акционерлік қоғамның жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқан мәселелерді қоспағанда,  директорлар кеңесі акционелік қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Азаматтық кодексте, заң актілерінде және акционерлік қоғам жарғысында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған  мәселелерді акционерлік қоғамның атқарушы органының шешуіне беруге болмайды.

 

 

1.3. Азаматтық құқықтың басқа сабақтас құқықтық салалардан айырмашылығы

 

Бұдан  бұрын  айтылғанда  құқықтық  реттеудің  пәні  мен  әдістемесі  азаматтық  құқықтың  онымен  шектес  басқа  да  саладан  бөліп  қарауға  мүмкіндік  береді.  Бірақ  та  азаматтық  құқықты  шектес  салалардан  оқшауланғанда  төмендегідей  жағдайларға  көңіл  аудару  қажет:  жаңа  Азаматтық  кодекс    (1994  ж.)  қабылданғанға  дейін  азаматтық  құқық  өзіне  тән  қатынастарды  реттейді.  Айталық,  Қазақ  КСР  Азаматтық  кодексі  (1963  жылы  қабылданған)  бойынша  отбасы,  еңбек,  жер  қатынастары,  сондай-ақ  колхоздардағы  өздерінің  Жарғысынан  бастау  алатын  қатынастар,  суды  пайдалану  жөніндегі  қатынастар  тиісінше-отбасы,  жер,  колхоз  және  су  жөніндегі  заңдарымен  реттеліп  келеді.  Ендігі   жерде  Азаматтық  кодекстің  1-бабы  3-тармағына  сәйкес  азаматтық  құқық  осы  баптың           1-тармағында  аталған  белгілерге  сай  келетін  отбасылық,  еңбек    қатынастары  мен  табиғи  ресурстарды  пайдалану  және  айналадағы  ортаны  қорғау  жөніндегі  қатынастарға  (мәселен,  мүліктік  қатынастар  және  тараптардың  заңдық  теңдігіне  негізделген  болса),  егер  де  тиісінше  отбасылық,  еңбек  заңдарымен,  табиғи  ресурстарды  пайдалану  және  айналадағы  ортаны  қорғау  туралы  заңдармен  реттелмеген  жағдайларда,  сондай-ақ  оларды  реттеуде  ағаттықтар  кеткен  кезде,  қолданылады.

     Азаматтық   және  еңбек  құқықтарының  ара жігін ашу белгілі бір жағдайда  өзіндік қиындықтарда  туғызады.  Бұл орайда  Азаматтық кодекстің кейбір  нормаларының  тікелей еңбек қатынастарын  реттей  алатындығына  мән берген  жөн.  Атап  айтар болсақ,  Азаматтық кодекстің 19-бабының  3-тармағы  жеке  кәсіпкер  мен  азаматтардың  арасындағы  еңбек  шартын,  оның  ішінде  келісім-шартты  жасасу  мүмкіндігі  жөнінде  болып  келген  дауларға  нүкте  қояды.  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  еңбек  қатынасына  азаматтық  құқықты  қолдану мүмкіндігі  Азаматтық кодекстің 1-бабының 3-тармағында  ап-анық  көрсетілген.  Осы тұжырымдаманы түсіндіру жөнінде 1995  жылы  22  желтоқсанда Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Соты  өзінің  Пленумында  №10  қаулысын  (нормативтік сипаты  бар)  қабылдады.  Бұл  қаулы  «Моральдық  зиянды  өндіртіп  алу  туралы  заңды  соттардың  қолдануы  туралы»  деп  аталады.  Оның  5-тармағында  былай  делінген: «Еңбек  туралы  заңдарда  рухани  немесе  дене  зардабын  шеккендерге  өтем  төлету  жөнінде  тікелей  айтылмауына қарап,  жәбірленуші зиянның орнына  толтыруға құқығы  жоқ деуге болмайды.  Сот КСРО  мен республикаларының азаматтық заң Негіздерінің  131-бабына  сүйене  отырып,  жұмыскерді  заңсыз  жұмыстан  шығарғаны не  басқа жұмысқа ауыстырғаны  үшін,  оған  еңбекақы  төлемей,  жұмыста  мүгедектікке,  кәсіби  ауруға  ұшыратқаны  үшін,  сөйтіп,  рухани  және  дене  зардабына  жол  бермегеніне  байланысты  жұмыс  берушіден  өтем  төлеуді  міндеттеуге  құқылы».

     Осы   орайда  еңбек  құқығы  пәнінің   азаматтық  құқықтан  айырмашылығы-оының   еңбек  үрдісіндегі  қатынасты   реттеуінен  көрінеді.  Себебі  онда  еңбек  нәтижесін  алып  беру  жоқ.  Жұмыс  күші  тауар   болып  табылмайды.  Сол   себепті  де  жекелеген  жағдайда  жалақы  жұмыс  күшінің  құнын  бағалаудың  нысаны  бола  алмайды,  жұмыскердің  еңбегіне  ақы  төлеу  оның  істеген  ісінің  саны  мен  сапасына  қатысты  келеді.  Құқықтық  реттеу  әдістемесі  тұрғысынан  қарағанда,  жұмыскер  жұмыс  берушімен  шарт  жасасып,  сол  арқылы  тең  құқықты  әріптеске  айналатынын  байқау  қиын  емес,  дейтұрғанымен  жұмыскер  ақыр  аяғында  еңбек  тәртібіне  бағынып,  әкімшіліктің  талабын,  сондай-ақ  оның  еңбек  ету  міндетіне  жататын  басқа  да  міндеттерді  орындайды. 

     Отбасы  құқығы  некеге  және  отбасына  қатысты  қатынастарды  реттейді.  Отбасы  құқығы  некеге  тұру,  некені  бұзу  және  оны  жарамсыз  деп  танудың  жағдайы   мен  тәртібін  реттейді,           ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  отбасында  қалу  тәртібі  мен  түрін,  азаматтық  хал  актілерінің  тіркеу  тәртібін,  сондай-ақ  отбасы  мүшелері  арасындағы  мүліктік  емес  жеке  қатынастарды  айқындайды.  Қажет  кезінде  туыстар  мен  басқа  адамдар  арасындағы  жағдайлар  заңда  көзделген  ретте  қаралады. 

     Отбасы  құқығына  реттеудің  ерекше  әдістемесі    тән,  ол  ерікті  түрде  болады,  ал  жарлық  ету  түріндегісі-императивті,  яғни  бұйрықты  сипатқа  ие.  Осы  екі  бастаудың  өзі   оның  ерекшелігін  білдіреді.

     Отбасы  құқығының дербестігіне  қарамастан  ол  туралы  заңмен  реттеуге  келмейтін отбасылық қатынастарға  азаматтық заң қолданылады.  Ал  мұның өзі отбасы  қатынастарына қайшы келе  қоймайды.  Мысалы,  Азаматтық кодекстің 223-бабына  сәйкес: ерлі-зайыптылардың  некеде  тұрған  кезде  жинаған  мүлкі,  егер  бұл  мүлік  ерлі-зайыптылардың  үлесті  меншігі  болатыны,  не  олардың  әрқайсысына  тиісілі  неиесе  меншік  құқығында  тиісті  бөліктерде  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысына  тиісілі  екені  олардың  арасындағы  шартта  көзделмесе,  олардың  бірлескен  меншігі  болып  табылады.  Азаматтық  кодекстің  223-бабындағы                    2-тармаққа  сәйкес,  егер  некеде  тұрған  кезде  ерлі-зайыптылардың  ортақ  мүлкінің  есебінен  сол  мүліктің  құнын  едәуір  артырған  қаражат  жұмсалғаны  (күрделі  жөндеу,  қайта  жаңарту,  қайта  жабдықтау  және  тағыда  басқалары)  анықталса,  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының  мүлкі  олардың  бірлескен  меншігі  деп  танылуы  мүмкін.  Осы  мысалдың  өзі-ақ  азаматтық заңды отбасы  қатынастарына қолданудың  айқын бір көрінісі  болып табылады.   

     Азаматтық   құқық  табиғи  ресурстарды   пайдалану  және  айналадағы  ортаны  қорғау  жөніндегі   қатынастардан  былайша  ерекшеленеді: а)  табиғи  объектілерді  пайдалану  мен  қорғауда  мүліктік  сипаттың  болмауымен,  бірақ  материалдық  құндылық  болып  санала  тұрса  да  толық  түрде  мүлік  дәрежесіне  ие  бола  алмайды.  Сонымен,  табиғи   объектілер  арнайы  есеп  жүйесі  (көлем,  мөлшері  және  тағыда  басқа)  кадастрмен  есепке  алынады;  ә)  әзірге  табиғи  пайдалану  жүйесінде  (жерден  басқасы)  толық  дәрежедегі  тауарлық  қатынастарға  түгел  қосылған  жоқ.  Солай  бола  тұрса  да  заңда  табиғатты  пайдалану  ақылы  көрсетілген,  бірақ  заңға  сәйкес  табиғат  пайдалану-шыларға  табиғи  ресурстарды  (жеке  меншікке  берілетін  жерден  басқасына)  сатуына  және  сатып  алуына  рұқсат  етілмейді.

     Экологиялық   әдебиеттерде  кездесетін  осындай   пікірлерге  қарамастан  азаматтық   құқық  (бірінші  кезекте  Азаматтық  кодекс)  жерді  меншіктену  және  жер  учаскелерін  пайдалану  қатынастарын  мейлінше  кең  түрде  реттейтінін  айта  кеткен  жөн.  Бұл  орайда  тұлғалардың  құқықтарын  да  (мысал,  ипотеканы,  жер  учаскесіне  сервитутты,  мұрагерлікке  бірлесуді  тағыда  басқаларды)  қорғайды.    Осындай-ақ  табиғи  ресурстарды  пайдалану  және  айналадағы  ортаны  қорғау  заңымен  реттеуге  келмейтін  қатынастарға  азаматтық  заңды  пайдалану  қажеттігі  дау  туғызбайтындығын  көреміз.

Информация о работе Азаматтық құқықтың қайнар көздері