Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 18:42, курсовая работа
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар арасында қалыптасатын нақты қатнастар сан түрлі. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатнастардың бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатнастар нысанына ие болады. Яғни құқықтық қатнастар - бұл нақты қоғамдық қатнастардың нысаны ғана.
КІРІСПЕ.................................................................................3
1.. Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы ..............................................................................5
1.2. Азаматтық құқықтық қатынастағы шарттың ұғымы және маңызы.................................................................................. 18
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................23
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ..................26
Мәмілелердің басым бөлігін нотариалдық куәләндыру және мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы талаптардан осы актілерді растайтын құжаттардың дұрыстығының аса маңыздылығы туындайды. Іс-жүзінде жалған материалдарды шынайы материалдар ретінде қабылдайтын адамдарға нұқсан келтіретін жалған нотариалдық куәләндыру, тіркеуден қате немесе шала жүргізілуі секілді жағдайлар әлі де кездесуде.
Мұндағы проблема бір ғана
жолмен шешіледі-нотариус және
нотариалдық әрекеттер жасауға
уәкілетті лауазымды адамдар
мәмілені нотариалдық
Жылжымайтын мүлікпен
Алайда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуден басқа, Заң басқа да объектілермен жасалатын мәмілелерді, әсіресе, меншік құқығының пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына әкеп соқтыратын мәмілелерді де тіркеуді көздйді. Мұнда ең алдымен көлік құралдары назарға ілінеді. Көліктің түріне қарай тіркеуші орган анықталады.
Мәмілелерді (олардан
Мұндай норма құрастырылған,
2) жалтаратын қатысушы үшін сот арқылы мәжбүрлі тіркеуді талап ету.
Екінші нұсқаны таңдауда
2.1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТНАСТАҒЫ ШАРТТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ .
Мүліктік және мүліктік емес
өзіндік қатнастарды азаматтық-
Құқықтық қатнастардың мазмұнын құрайтын элементтер – субъективтік құқықтыр өзіндік және берілетін субъективтік құқықтарға бөлінеді.
Иелерімен тығыз байланысты
Субъективтік міндет дегеніміз
– міндетті адамның байқалуға
тиісті мінез – құлқының заңды
жолмен қамтамасыз етіледі.
Азаматтық-құқықтық
Құқықтық қатнастарға
Азаматтық-құқықтық
Жеке индивидтерді жеке адамдар дейміз. «Жеке адамдар» ұғымы Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды. Басым көпшілік жағдайда азаматтық-құқықтық қатнастардың субъектілері Қазақсатн Республикасының азаматтары болады, сондықтан да құқықтық нормаларда, әдетте, азаматтар жөніндегі сөздер көп қозғалады. Осындай нормалардың қағидалары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына таралады дегенді білдірмейді. Яғни яқазақстан яреспубликасының Конституциясының 12-бабында көреміз. Конституцияда: «заңда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар, республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады».
Егер олардың заңды тұлға мәртебесі болса, адамдар құратын ұжымдық құрылымдар азаматтық құқық субъектілері болады. Ұйымдардың филиялдары мен өкілдіктері азаматтық құқықтың субъектілері бола алмайды, өйткені олар заңды тұлғалар болып табылмайды (ҚР АК –ның 43-бабы).
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік мүліктік емес өзіндік құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады (ҚР АК-нің 33-бабы). Қызметінің
мақсатына қарай заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғаларға бөлінеді. өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін заңды тұлғалар коммерциялық ұйымдарға жатады.
Коммерциялық емес ұйымдар табыс табудан өзге мақсаттар үшін құрылады. Мәселен, діни бірлестіктің негізгі мақсаты бірлесіп ғибадат ету және тиісті дінді тарату болып табылады. Заң актілерінде көзделген ұйымдық-құқықтық нысандарға ғана заңды тұлғалар құруға болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құралуы мүмкін.
Жеке және заңды тұлғалар мен қатар, азаматтық-құқықтық қатнастардың қатысушылары мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністер (облыстар, аудандар, қалалар және т.б.)болады, бұлар азаматтық құқықтық қатнастарда осы қатнастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде әрекет етеді (АК-ның 111, 112-баптары). Мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністер заңды тұлғалар болып табылмайды, алайда заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатнастарға қатысуын анықтайтын нормалар бұларға да қолданылады, яғни заң актілерінде көзделген жағдайлардан басқа реттерде.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар, заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтық қатнастардың субъектілері бола алады. Азаматтық-құқықтық қатнастардың объектілері. Құқықтық қатнастардың объектілері жөнінде заң әдебиеттерінде әр түрлі көзқарастар бар. Кейбір авторлардың пікірінше, оның субъектісінің мінез-құлқы ғана құқықтық қатнастардың объектісі болады. Ал оның субъектілерінің материалдық немесе материалдық емес игілігіне бағытталған мінез құлқы, тиісінше, азаматтық-құқықтық қатнастардың объектісі болып табылады. Азаматтық құқықтар объектілерінің негізгі түрлері ҚР АК-ның 115-бабында аталған, мұнда олар: «мүліктік және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады» бөлінеді. Мүліктік игіліктер құқықтарға, атап айтқанда , заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта , бағалы қағаздар, жұмыстар, көрсетілген қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объективтелген нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және өзге де дараландыру құралдары, мүліктік құқықтың өзіне де жатқызамыз. Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктерге адамның өмірі, денсаулығы, ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі, ізгі атағы, жеке өміріне қол сұғылмайтындығы, жеке және отбасылық құпиясы, есіміне құқығы, авторлық құқығы, шығармаларына қол сұғылмау құқығы және басқа материалдық емес игіліктері мен құқықтары жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты зерттеу барысында төмендегідей қорытындыға келдім: Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы.
«Шарт» термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт – құқықтық қатнастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттмелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы, атап айтқанда, мәмілененің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. «бір жақты және көп жақты мәмілелер» ұғымын «бір жақты және өзара шарттар» ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір жақты және өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз). Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатнастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде – сол құқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады.
Бұл шарттардың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың «Міндеттемелік құқық» туралы бөлімде емесе, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.
Үшінші жақтың пайдасына шарт туралы ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандайда бір ерекшелік болуға тиіс.
Информация о работе Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы