Негізгі және қосымша (акцессорлық)
мәмілелер (шарттар) арасындағы
айырмашылықтың практикалық маңызы
бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені
толықтырады, қамтамасыз етеді
және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің
мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше
жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің
тағдыры негізгі мәміленің тағдырына
тәуелді болады.
Сонымен, мәміле-бұл тектік ұғым,
ал шарт-түрлік ұғым. Кез келген
шарт-бұл мәміле, ал кез келген
мәміле-шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы
және тіпті ресми тәжрибеде шарт басқа
терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт,
тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі-шарттар.
Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
АК-ның 150-бабы шартпен жасалған
мәмілелерге, яғни шартты мәмілелерге
арналған.
Шарт болашаққа есептелуге тиіс.
Егер тараптар өздерінің құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыруды
осымен байланыстырған мән-жай
мәміле жасалғанға дейін орын
алған болса, оның қатысушылары
бұл жөнінде білмеген болса да, ол мәмілеге
әсер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа адамдардың
іс-әрекеттері, мәмілеге қатысушы
тараптардың іс-әрекеттері және
т.с.с. шарт болуы мүмкін. Бірақ
заңға қайшы немесе әдепсіз
әрекеттерді шарт ретінде анықтауға
болмайды.
Өзінің сипаты жөнінен шарт
оң болуы мүмкін (реті келеді):
егер мердігер дүкеннен қажет
материалды таба алса, зат жасалады
немесе теріс болуы мүмкін (реті
келмейді): егер автор шетелге
іссапармен кетіп қалмаса, мақаланың
қолжазбасы журналға тапсырылатын
болады.
АК-ның 150-бабы кейінге қалдырылатын
шартпен жасалған мәмілені және
күші жойылатын шартпен жасалған
мәмілені ажыратады. Кейінге қалдырылатын
шартпен жасалатын мәміледе құқықтар
мен міндеттер мәміле жасалатын
сәтте емес, жағдай туған кезде
күшіне енеді. Пәтерді сатып алу-сату туралы
жоғарыда келтірілген мысал дәл осындай
мәмілеге түсіндерме бола алады. Егер
кейінге қалдырылатын шарт жасалмаса,
мәміле өзінің қолданылуын тоқтатады.
Күші жойылатын шартпен жасалатын
мәміледе тараптардың құқықтары мен
міндеттері мәміле жасалған күннен бастап
күшіне енеді, бірақ жағдай туған кезде
тоқтатылады. Мысалы, үйдің меншік иесі
үйінің бір бөлмесін ұлым оқуын аяқтаған
соңүйге оралатын болса, босату керек
деген шартпен жалға береді. әрине, жағдай
туғанға дейін өткен уақыт үшін барлық
есеп айырылысу аяқталуға тиіс. Күші жойылатын
шарт тумаған жағдайда мәміле сөзсіз мәмілеге
айналады.
Міндетті болмаса да, тууы мүмкін
жағдай ғана шарт болуы мүмкін.
Егер шарт объективті түрде
тумаса, онда мәміле жоқ не сөзсіз болады.
Керісінше, міндетті түрде туатын шарт,
мәмілені шартты емес, мерзімді етеді.
Мысалы, меншік иесі басқа адамға өз мүлкін
көктем басталғанға дейін пайдалану мүмкінлігін
береді.
Мерзімнің де кейінге қалдырылатын
және күші жойылатын маңызы болуы
мүмкін, өйткені көп ретте мәмілеге қатысушылардың
құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы,
өзгеруі немесе тоқтатылуы мерзімге байланысты
болады.
АК-ның 156-бабында көзделген биржалық
мәмілелер мәмілелердің ерекше
түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді
биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олар
қатысушылар арасында негізінен жалпы
тәртіппен жасалған тиісті мәміле туғызатындай
құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді
және мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы
жөніндегі жалпы заң ережелеріне бағынады.
Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай
ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер биржалық
мәмілелерге қатысушылардың құқықтық
жағдайына, мәміленің нысанына, оларды
жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың
орындалуын және биржалық даулардың шешілуін
қамтамасыз етуге қатысты болады.
Әдетте, биржалық мәміле делдал
брокер, дилер арқылы жасалады. Бағалы
қағаздармен мәмілелер жасауға,
әдетте, бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушылары кастодиан,
орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы
бағалы қағаз ұстаушы және басқалары қатысады.
Биржалық мәмілелер тіркелуге
жатады.
Биржалық тауар мәмілелерінің
нысанына нақты және алдағы
уақытта жеткізілетін биржалық
тауарлар болуы мүмкін, мысалы, форвардық
мәмілелер. Тауарларды келешекте
жеткізіп беруге немесе құқықтар мен
міндеттерді
келешекте беруге арналған стандартты
келісім-шартты негіз ететін мәмілелерге
рұқсат етіледі, фьючерстік немесе опциондық
мәмілелер. Биржада биржалық мәмілелердің
нақты орындалуын қамтамасыз ету
есептері мен әдістерінің арнайы нысандары
болуы мүмкін.
Тауар биржасында жасалатын мәмілелерге
байланысты туындайтын дауларды
биржалық төрелік комиссия қарауы
мүмкін, оның шешімі туралы сотқа
шағымдануға болады.
Биржалық мәмілелер жасасу тәртібін
және және олардың ерекшеліктерін заң
актілері (ең алдымен «Тауарлық биржалар
туралы 1995 ж. 7 сәуірдегі ҚР Президентінің
Заң күші бар Жарлығы», «Бағалы қағаздар
рыногы туралы», «Қазақстан Республикасында
бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
туралы» 1997 ж. 5 наурыздағы Заңдар), биржа
жарғысы, сондай-ақ биржалық сауданың
тиісінше бекітілген ережелері айқындайды.
Заң мәміленің қандай жағдайларында
жазбаша түріде жасалатын айқындайды.
Бірақ мәміле жасасудың ауызша
нысанын қолдану мүмінкіндіктері
үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан
бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады:
заңдардың белгілі бір нормаларына немесе
тараптардың келісіміне қайшы келетін
жағдайлардан басқа реттерде мәмілені
қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат
етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша
түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда
қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің
ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің
сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша
мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік
затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда
тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі
затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда,
егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын
алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып
алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы
тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша,
әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат
беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді,
ал шарттың орындалуы –ешқандай жазбасыз
, қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең
мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан
өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін
едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
Аталған бапқа сәйкес мынадай
мәмілелер жазбаша түрде жасалуы
тиіс:
- егер мәмілелердің
жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше
жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік
қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан
туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің
өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік
қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
- мәмілелердің
жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан
басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан
сомаға;
- заңдарда
немесе тараптардың келісімінде көзделген
өзгеде реттерде.
Аталған жағдайлар үшін мәміленің
жазбаша түрінің тиімділігі-ол
мәміленің болуын да, оның мазмұнын
да неғұрлым дұрыс көрсетеді.
Бұл мәмілеге қатысушылардың мүдделерін
барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік
есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды
қамтамасыз етеді.
Мұндай қызметті мәміленің екі
қатысушысы да немесе оның
біреуі ғана жүзеге асыратынына
қарамастан, кәсіпкерлік қызмет
барысында жасалатын мәмілелер оларды
жазбаша түрде жасауды талап етеді.
Соңғы жылдардың тәжірибесінде,
әсіресе бір жолғы, қысқа мерзімдік
және т.с. шарттарды жасасуда
факсимилелік жолмен көшірілген
хаттар алмасу барынша кең
таралуда. АК-ның 152-бабы жалпы
ереже ретінде факсимилелік көшіру құралдарын
пайдалануға рұқсат етеді.
Бұдан өзгеше, РФ Азаматтық кодексінің
160-бабы құқықтық актілерде немесе
тараптардың келісімінде көзделген
жағдайларда ғана мәтін мен
қойылған қолдың факсимилелік
көшірмесін пайдалануға рұқсат етеді.
Демек, ресей заңдары жалпы ереже ретінде
аталған құралдарды пайдалануға құқықтық
маңыз бермейді.
Мәмілелердің кейбір түрлерін
жасау үшін олардың стандартты
немесе үлгіге келтірілген нысандары
(тасымалдау, сақтандыру, тауарларды
несиеге сату және т.с.с.) қолданылады.
Бұл, мысалы, жария шарттарды, әсіресе
қосылу шарттарын жасаудың әдеттегі тәжірибесі
(АК-ның 389-баптары).
Мұндай жағдайларда мәмілені
білдіретін құжат стандартпен,
үлгі ережемен, үлгі шарттармен
белгіленген нысанда қарастырылады.
Мұндай құжаттарды, әдетте, сатушы, жұмысты
орындаушы немесе қызмет көрсетуші жасайды.
Тараптардың өзара келісімі бойынша құжатқа
өзгерістер енгізу мүмкін. Шарттың баспасөзде
жарияланған үлгі шарттары керекті талаптар
сақталғанда іскерлік айналым салттары
ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түріне қойылатын
талаптарды АК-ның 382,388 баптары
бағалауға «Қазақстан Республикасының
тіл туралы» 1997 ж. 11 шілдедегі
заңның 15-бабын ескеру керек, ол
бойынша Қазақстан Республикасындағы
жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрде
жасайтын барлық мәмілелері қажетті жағдайларда
басқа тілдерге аудармалармен қоса, мемлекеттік
және орыс тілдерінде баяндалады. Шетелдік
жеке және заңды тұлғалармен жазбаша түрде
жасалатын мәмілелер мемлекеттік және
тараптар үшін қолайлы тілде баяндалады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін
тараптар қол қоятын құжатты
қарастыруды ғана талап етпестен,
сондай- ақ мәміленің мазмұнын
белгілі бланкіде баяндауды, қойылған
қолдарды мөрмен куәләндіру және
т.с.с. талап ете отырып, мәміленің
жай жазбаша түрін куәләндіре түседі.
Егер олар заңда не тараптардың келісімінде
көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай
талаптар қою міндетті болады. Қалған
жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды
тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың
сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені
жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің
бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне,
науқастығына немесе сауатсыздығына
байланысты құжатқа өзі қол
қоя алмайтын болса, онда оның
өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат
қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе,
басқа адамның қойған қолын нотариус немесе
осындай нотариалдық әрекеттер жасауға
құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының
оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін
көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені
орындаған тарап келесі тараптан
да орындағанын растайтын құжатты
талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде
орындалатын мәмілелерден
басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік
мәмілені
орындаған
тарап та осындай талап қоюға
құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары,
әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың
келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер олрды нотариат
куәләндырғаннан кейін жасалады
деп саналады.
Мәмілелерді нотариалдықкуәләндыру
қажеттігі туралы талаптарды
заң мәммілелердің нақты түрлеріне
ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының
5-тармағы шаруашылық серіктестік
құру жөніндегі құрылтай шартын
нотариалдық куәләндыруды талап
етеді.
Заң талап етілетін нысанды
оны қарапайымдату жолымен бұзуға
тыйым салады. Мәмілені нотариалдық
куәләндыруды талап ету кезінде
оны жай жазбаша түрде жасаумен
не жазбаша түрде жасаудың
орнына ауызша түрді қолданумен
шектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге
қатысушылардың өзара келісіп отырып,
белгіленген нысаннан оны күрделендіруге
қарай шегінуіне әбден күрделі және ол
тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар
туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле
жасауға жол беретін реттерде де, тараптар
мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы;
заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша
мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Заң бірқатар жағдайларда жасалған
мәмілелерді тіркеуді талап етеді.
155-бапта белгіленген, мәмілелерді
және тиісті құқықтарды (АК-ның
118,238б) тіркеу туралы ереже мынаған келіп
сыяды; заң бойынша тіркеуді керек ететін
мәмілені осындай тіркеуді тиісті тіркеу
органында жасағаннан кейін ғана заңдық
күшіне енеді.
Мәмілелерді тіркеу мынандай
бірқатар проблемаларды шешеді: