Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 06:58, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.
Парламентті және Парламент Мәжілісін төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, сондай-ақ осының алдындағы таратудан кейін бір жыл ішінде таратуға болмайды.
Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі-Мәжілісте, ал содан кейін Сенаттан өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды;
Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды.
Парламент – Қазақстан республикасының заң билігінің рәмізі, республиканың барлық заң шығару қызметін жүзеге асырады, соның ішінде республикалық бюджет туралы заңдар қабылдайды, парламенттік бақылауды жүзеге асырады. Заң шығарушы орган өзіндік өкілеттік шеңберінен шығып сот органдарын, атқарушы билікті жүргізушілерді алмастыруға хақысы жоқ. Парламенттің конституциялық мәртебесі билікті бөлу қағидасына негізделген. Басқа билік буындарына қарағанда, ол заң шығарушы функциясын жүзеге асратын дербес мемлекеттік орган, өйткені ол ешбір мемлекеттік органға, тіпті Президентке, Үкіметке бағынбайды. Бірақ, өз өкілеттілік шеңберінде қызмет атқаратын кезде, әрине, басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі тиіс.
Парламенттің сот билігін атқарушы органдармен де бірге байланыста болады. Кейбір Жоғарғы Сот инстанцияларының лауазымдылығын анықтау, Жоғарғы Соттың төрағасы мен судьларына ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру, және т.б.
Парламент барлық мемлекеттік органдарға, қалған билік тармақтарына міндетті заң шығаруға хақылы. Бірақ бұлардың барлығы да Парламент алдында тәуелсіз.
Парламент депутаттары парламенттік қызметіне байланысты құқықтар мен міндеттерге ие. Парламент депутаты – сайланған халықтық өкіл, оның ең басты қызметі заң шығару болып табылады, сонымен бірге ол заңда көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Парламент депутаты тұрақты негізде жұмыс істейді, олар басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік іспен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Бұл ережені бұзудың өзі депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғатыны сөзсіз.
Депутаттар өздерінің депутаттық қызметін атқарған кезде ең алдымен тиісті палаталарда істеулері тиіс. Заңда депутаттық қызметтің көптеген түрлері көрсетілген, айталық, Палаталар Бюроларының, олардың тұрақты комитеттерінің, парламент комиссияларының және оның Палаталарының құрамына кіретін депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды қарауға енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеуге, олар бойынша шешімдерді талқылап, қабылдауға, сондай-ақ қабылданған шешімдердің жүзеге асрылуын ұйымдастыруға, олардың орындалуын бақылауға қатысуға хақылы. Осы аталған органдардың бірде-біреуінің құрамына кірмеген депутат та дәл сондай өкілеттілікке, ие бола алады.
Депутаттың қызметінің ішіндегі бастысы – депутаттық сұрау салу мен сауалдар. Депутаттық сұрау салу Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында депутаттың мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына олардың қызметіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өз көзқарасын баяндауын ресми сұраған талабы болып табылады.
Парламент Палаталарының ішкі ұйымдастырушылық қызметі ҚР Конституциясымен , Парламент пен палаталардың регламенттерімен анықталынады. Аталған реглементтер тиісті Парламенттің, оның Палаталарының қаулыларымен бекітіледі. Олардың тұжырымдарын бұзатын кез келген отырыстар заңсыз болып табылады, оның өзі қабылданған актілердің жарамсыздығына әкеп соғады. Демек, Парламент отырыстарының барлығы да заңды болуы үшін өздерінің регламенттерінен ешбір ауытқуға жол берілмеуі қажет.
Әрбір палатаның (Сенат және Мәжілістің), сайланбалы өзіндік төрағалары және олардың бір-бірден орынбасарлары болады. Олар палаталардың отырысын шақырып, оларға төрағалық етеді, мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды, регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді, актілерге қол қояды, т.б. Мәжіліс Төрағасы Парламент сессияларын шақырады, оның кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Парламенттің үйлестіруші органдары – Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Олардың құрамына Палаталардың төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің төрағалары кіреді. Олар палаталардың комитеттері мен комиссияларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, заңдарды, өзге де шешімдерді қараудың кезектілігі жөнінде ұсыныстар дайындайды т.б.
Парламентте қаралған мәселелер бойынша бірігіп қызмет етіп, бірыңғай көзқарасқа келу үшін, оның депутаттары депутаттық бірлестіктер – фракциялар мен депутаттық топтар құрады.
2.2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.
Атқарушы билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады, әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалық шешуші органы. Кабинат мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субьективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конститутцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1-тармағы бойынша парламенттің келісімімен алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Үкімет атқару билікті жүзеге асырадыжәне бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін премьер-министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Үкімет өз қызметінде ҚР Конституциясының, конституциялық және ағымдағы заңдардың жоғарылылық қағидасын халықтық билік, біртұтастық, билікті бөлу, жауапкершілік, жариялылық, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау қағидаларын қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Қазақстан Үкіметі – коллегиальды орган, Оның құрамында Премьер-Министр, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары бар. Оны Республика преғзиденті құрады.
Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзімде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы, Республика Президентіне ұсыныстар енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттілік мерзімі біткенше іс-қимыл жасайды және жаңада сайланған Республика Президенті алдында өзінің өкілеттігін доғарады.
Мемлекет қоғамның саяси ұйымының бір түрі ретінде мемлекеттік биліктің арнайы органы көмегімен қоғамды басқаруға құрылған. Мемлекет органдарымен мемлекеттің жүйесі арқылы мемлекет құрылымы мен мақсаттарын жүзеге асыратын бірден-бір орган мемлекет аппараты болып табылады.
Қорыта айтар болсақ мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынасы туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір-бірімен өте жақын және көп жағдайда бір-біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар.
М.Н.Марченкомен ұсынылған мемлекет механизімінің ұйымдастырылуы және қызметінің қағидаларының жіктелуіне көңіл аударайық, ол мемлекет механизмінің (аппараттың) қызметінің келесі негізгі қағидаларын айтты: қызмет атқарылу мен құрылудың үйлесімділігі; іс әрекет нәтижелілігі; заңдылық және конституционалдық; мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен жоғары этикалық талаптарды орындау; парламент депуттаттарының және мемлекеттік шенеуніктердің саяси адалдығы.
Мемлекет механизмі дамыған қоғам дамуында бірдей емес функция мен құрылымды иеленеді. Мемлекет механизмі – бұл органдар мен мекемелердің арнайы жүйесі, сол арқылы қоғамды және басты мәселелерді қорғап, мемлекетті жүзеге асырады.
Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылған жүйе.
Мемлекет басқару,
билік жүргізу үшін құрылған
саяси ұйым болғандықтан оның
алдында тұрған мақсат
Бүгінгі күні мемлекеттік басқарудың басты мақсаттарының бірі- мемлекеттік қызметшілердің жұмысын оңтайлы ұйымдастыру.
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұрды. Олар әрқашанда біршама талас тудыратын мәселелер болды және әлі күнге дейін сол орынды иеленіп келе жатыр. Олардың төңірегінде әрқашан бітпес біршама қызу даулар болып тұрды.
Жалпы қағида негізінде айтар болсақ, қағидалар өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісіне конституцияда бекітілген қағидалар жатса, екіншісіне заңдарда, соның ішінде, мемлекеттік қызмет туралы, конституциялық бақылау органы туралы, прокуратура туралы және т.б. көрсетілетін қағидалар жатады.
Бірінші топ мемлекеттік механизм ұйымдастырылуымен қызметінің конституциялық бекітілген қағидаларды: халық билігін, гуманизмді, мемлекеттің құрылу формасына байланысты федерализмді немесе унитаризмді, билік бөлінісін, заңдылықты қамтиды.
Жариялылық қағидасын жүзеге асырудың нәтижесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы; мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру қағидасы. Жариялылық қағидасынан негізінде Парламент отрыстары халыққа Бұқаралық Ақпарат Құралдары арқылы жарық көріп отырады.
Мемлекеттік билік заңшығарушы, атқарушы және сот болып бөлінудің негізінде жүзеге асатынын көрсететін билік бөлінісі қағидасы түрлі билік тармақтарына жататын органдардың өз беттілігін, қандай да бір билік тармағының басқаларынан тым жоғарылауын болдырмау мақсатында тепе-теңдік және тежемелік жүйесін қамтамасыз ету қабілеттілігін, кімде кіммен билікті немесе биліктік өкілеттікті иемденуді, диктатура орнауын болдырмауын қарастырады. Бұл қағида, айтылғандай, қазіргі мемлекеттің механизмінің жүйе жасаушы фактор ретінде көрінеді.
Бір мезгілде алдыңғы
қатарлы қағидаларды, құқық негіздері
мен стандарттарды
Қорыта келе мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қағидалары, мемлекеттік қызметті дамыта отырып, кәсіби даярланған маман дайындап, мемлекетте заң бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Осы курстық жұмысымды аяқтай келе мынадай қорытындыға келдім. Біздің мемлекетіміз адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру үрдісін әлі де дамыта бермек.
Кәсіби мемлекет құру ісі – үздіксіз үрдіс. Ол мемлекет қанша жасаса сонша жүргізіле бермек. Мемлекетімізде атқарылып жатқан оң нәтижелердің бастауы Ата Заңға байланысты екенін уақыт дәлелдеді. Ұлттық игі дәстүрімізбен үйлесетін және үндесетін бас құжатымыз арқылы сабақтасқан мақсаттарды терең түсінетін мемлекеттік қызметшілер ел құрметіне ие боларына күмән жоқ.
Еліміз құқықтық мемлекет
құру бағытын ұстап отырғаны ақиқат,
бірақ оны біздің барлық бастамаларымыз,
барлық ой-ниеттеріміз бен
I. Нормативтік құқықтық актілер.
II. Оқулықтар.
1.Актуальные проблемы теории права курс. Лек.Под.Ред. А.Г.Хабибуллина. Уфа , 1995
2.Ашитов З.О. «Қазақстан
Республикасының құқықтық
3.Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.
4.Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М., 1981, 1982
5.Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер 2003
6.Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2004 жыл
7.Булгакова Д.А. Теория госуда
8.Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2003 жыл.
9.Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2000
10.Гайман – Черновюк В.И. Очерк теории государства и права. М., 1996
11.Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
12.Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
13.Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
14. Иеринг Р. Фон. Борьба за право. М.: Феникс, 1991. С.64.
15.Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
16.Курс лекций по теории государства и права. Под.ред .А.В.Малько., Саратов 1993 г