Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 06:58, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы
құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Работа содержит 1 файл

Курc_Мемлекет түсінігі, белгілері.doc

— 239.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым Министрлігі

Фемида Заң Академиясы

 

 

ЗАҢТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны»

Пәні: Азаматтық құқық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         Орындаған:

                                                                         ЮС- 26 тобының студенті

                                                                         Алтынбекова А.Т

                                                                Ғылыми жетекші: Жаналинова Г.А                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         ҚАРАҒАНДЫ 2012


 

                                          Мазмұны

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы 

құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының  Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік  органдарды  еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты  талабының бірі – мемлекеттік  органдардың , билік 

басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде  «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары»  зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте  мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет  – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды  жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің  мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген  – мемлекеттік органдардың  мемлекеттік  билікті жүзеге асыру әдістері мен  құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган -  мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір  бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудың және оның қызметінің қағидалары, сөз талас қағида саны бойынша да жүргізіліп жатыр. Тербеліс омплитудасы мұнда өте үлкен. Ю.М.Козлов еңбектерінде тек үш қағиданы-федерализм, заңдылық, орталықтандыру және орталықсыздандыру айтса, Б.П.Елисеев он екісін айтты:  федерализм, жүйелілік (төмен тұрған органдардың жоғары тұрған билікке бағынуы); орталықтандыру, орталықсыздандыру; өкілеттіліктері мен қызметтерін дифференциациялау және белгілеу; кәсібилік пен құзыреттілік; заңдылық; жариялылық; қызметтер мен белгіленген өкілеттіктерді бір бөліктің (жүйенің) оның басқа бөлігіне (ішкі жүйеге) беру жолымен бөліп беруі; заңшығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара іс әрекет және келісіп қызмет атқару; азаматтардың билік органдарын құруда (сайлауда) қатысу; бақылау .

Менің курстық жұмысымның мақсаты – жалпы мемлекеттік органдар қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.

Осыған сәйкес курстық жұмысымның міндеті –

  1. Мемлекет миханизмінің құрылымының жұмысын ашып көрсету;
  2. Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру;
  3. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру жолдарын көрсету;
  4. Қазақстан Республикасындағы органдардың қызметіне, олардың

ұйымдастырылу қағидаларына жалпы сипаттама беру болып табылады.

Осы зеттеу жұмысымды екі бөлім, алты тараудан құрап жаздым. Мынадай бөлімдерге бөліп қарастырдым: кіріспе; жұмысымның 1-тарауында-мемлекет механизмі ұғымы, құрылымы; 2-тарауда – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларға сәйкес құрылуы, қызмет ету жағдайлары; қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Мемлекеттік механизм, аппарат, органдар туралы көптеген шетелдік және Қазақстандық заңгер ғалымдардың еңбектері, мақалалары бар - Баянов Е, Табанов С.А, Жоламанов, Булгаков, Т.Н. Радько, В.Н.Храпонюк, М.Н. Марченко, М.И.Абдулаев, т.б. Осы еңбектердегі және нормативтік құқықтық актілер (ҚР Конституциясы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Сот төрелігі және судьялардың мәртебесі, т.б. заңдар).

 

1 Мемлекет механизмі, түрлері

          1.2 Мемлекеттік механизм және мемлекеттік аппарат ұғымдары, элементтері

 

 

Мемлекеттің көп қырлы  қызметі өзінің сипаты мен табиғаты,

тікелей бағыты мен қалыптасу  бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен  ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік  құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Олардың комплексті пайдалану мемлекет  мұқтажын қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік билікті, оның қызметі мен міндеттерін іске асыру үшін белгілі бір механизм қалыптасады. Мемлекеттің міндеттері мен қызметтері іске асырылатын органдар жүйесін мемлекет механизмі дейміз.Мемлекет механизмі мынадай бөліктерден тұрады: мемлекеттік аппарат, мемлекеттік ұйым, мекеме, мемлекеттік кәсіпорын, ақша – қаржы қоры.

Мемлекеттің механизмі  бұл – мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын қамтамасыз ету үшін қажетті мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі. Мемлекеттік механизмнің мәні зор: айталық, мұнда қоғамдық феномені ретінде мемлекеттің өмір сүруінің тәжірибелік мәні көрініс табады. Сондықтан, мемлекет функциясын іске асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Ол мемлекеттің биліктік өкілеттілігіне иелі, әрі белгілі бір құрылымы бар мемлекет органдарының күрделі жүйесі. Әрбір мемлекеттік органдардың заң жүзінде құқықтар мен міндеттердің шамасын (көлемін) айқындайтын құзыреті болады.

Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзыретке иелі және өз функциясын жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастыраушылық материалдық  және мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйейтін дербес, оқшауланған құрамы бар мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.

Мемлекеттік орган –  бұл мемлекеттің міндеттерін орындаушы  және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіліктерді иеленеген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік орган дегеніміз – белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппаратының бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер:

  1. орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады;
  2. органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін жүзеге асыруы үшін уәкілеттік береді, бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын ( мысалы, Парламент) орындауы мүмкін;
  3. органға мемлекеттік билік өкілеттілігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді;
  4. мемлекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген. Бұлар бір жүйеге біріктелген, бірақ олардың әрқайсысының функциясы бөлек, бір – бірінен өздеріне тән белгілермен оңай ажыратылады.

Әрбір мемлекеттік органдарға мыналар тиесілі:

  1. оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік және қазыналық мүліктер;
  2. қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру көзі;
  3. өзіне тән ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты қызметтік бағыныстылық және қызметтік тәртіп жүйесі;
  4. биліктік өкілеттіліктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен алқалық органдар заңды міндетті әрекеттерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік органдарға мыналар жатады:

    1. заң шығарушы, атқарушы және соттар (билік бөлу принципіне қарай);
    2. федералдық, федерация субъектілері, республикалық және жергілікті (мемлекеттің құрылыс белгілеріне қарай);
    3. бастапқы (сайланбалы өкілді), оның мүшелерін халықтың сайлауы және туынды (қосалқы), яғни оның құрылуына халық тікелей қатыспайды (құрылу тәртібіне қарай);
    4. жалпы құзыретті, яғни бұл орган өзінің құзыреті шегінде, оған қатысты барлық мәселелерді қарап шеше алады ( мысалы, жалпы Үкімет және арнайы министрліктер, мемлекеттік комитеттер, т.с.с.) (құзыреттің мәні бойынша);
    5. коллегиалды – шешімді көпшілік дауыспен қабылдайтын орган және дара басшылық – мекеме басшысының өзі қабылдайтын жеке шешімі         ( шешімді қабылдау әдісіне қарай);
    6. тұрақты (қызмет ету мерзімі шектеусіз түрде құрылады)  және уақытша (қысқы мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады),   ( өкілеттіліктің мерзімі бойынша).

Мемлекеттік органдарды анықтайтын белгілер:

  1. мемлекет еркімен құрылуы және өз функциясын соның атынан іске асыруы;
  2. заңда көрсетілген тәртіппен қызмет түрін қатаң орындауы;
  3. заң жүзінде бекітілген ұйымдық құрылымы, құзыреті (құқықтар мен міндеттердің жиынтығы), аумақтық қызмет көлемі, арнаулы аппараты және өзге мемлекеттік органдармен қарым – қатынасын айқындайтын тәртібі болуы;
  4. белгілі бір материалдық құралдарға иелігі (құрылыс, үйлер, көлік т.б );
  5. мемлекеттік билік сипаттағы өкілеттілігіне иелігі, яғни әр қилы құқықтық актілерді шығару және оны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін құқығының болуы.

Мемлекеттің механизмі, әрине, мемлекеттің функциясын жүзеге асырушы күш, бұл мемлекеттік аппараттық нақтылы құрылымның жұмыс істеуінен көрінеді. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандарын көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

  1. тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
  2. құқықтық нысандар – құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және   мемлекеттік – міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
  3. Құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер  жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
  4. Құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
  5. Құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартумен т.б.байланысты қызмет.

Мемлекет механизмінің құрылымына мыналар кіреді:

  1. өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстылығы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;
  2. биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым және тағы басқа салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;
  3. басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

Информация о работе Азаматтық шарт мазмұны мен нысаны