Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 23:02, реферат

Описание работы

Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс жөне т.б. жатқызуға болады.

Содержание

Кіріспе
Сотта азаматтық істі қозғау
Істі сотта қарауға әзірлеу
Сотта іс қарау
Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау
Сот актілерін орындау
Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау
Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МАНЖАЗБА.doc

— 185.50 Кб (Скачать)

-  талап қоюшы  өзінің талаптарын негіздейтін  мән-жайлар және бұл мән-жайларды  растайтын дәлелдемелер.

Талап арыздың  дәлелдеу бәлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:

- талап арызда  азаматтың өзінің талап қоюы  мүмкін еместігінің себептерін  негіздеу болуға тиіс;

- арызға, әрекетке  қабілетсіз адамның мүдделері  үшін арыз беретін жағдайларды  қоспағанда, азаматтың сотқа талап  қоюмен жүгінуге келісімін растайтын  құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы көрсетілуге тиіс.

Талап арыздың  сұрау белігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары көзделеді.

Талап қоюды  қамтамасыз ету - іске қатысушы адамдардың арызы бойынша сот шешімін  орындауды кепілдік ету үшін заңмен белгіленген тәртіпке сәйкес соттың іс-әрекеті.

Талап қоюды  қамтамасыз ету мақсаттары:

- егер сот  шешімін орындауды қиындатса;

- егер сот  шешімінің орындалуын мүмкін  етпесе.

Талап қоюды  қамтамасыз ету жәніндегі шаралар:

- жауапкерге тиісті жөне онда немесе басңа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу;

- жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

- басқа адамдардың мүлікті жауапкерге беруіне немесе оған ңатысты өзге де міндеттемелерді орындауына тыйым салу;

- мүлікті тыйым салудан босату туралы талап ңойыл-ған жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата түру;

- борышкер сот тәртібімен дауға салатын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұруы мүмкін.

Талап қоюды  қамтамасыз етудің күшін:

- сол сот тараптардың арызы бойынша;

-  сол сот өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін (ҚР АІЖК-і 163-бабының 1-бөлігі).

Ақшалай соманы өндіріп алу туралы талап қоюды  қамтамасыз еткен жағдайда жауапкер талап қоюды қамтамасыз етуге сот қабылдаған шаралардың орнына соттың депозиттік шотына талап қоюшы талап ететін соманы енгізуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 162-бабы).

Жауапкер талап  қоюда бас тартңан шешім заңды  кү-шіне енгеннен кейін талап қоюшыға  оның жазбаша өтініші бойынша қабылданған оған талап қоюды қамтамасыз ету шараларымен келтірілген залалдарды өтеу ту-ралы талап қоюға қүқылы (ҚР АІЖК-нің 165-бабы).

Диспозитивтік принцип бойынша тараптар өз еркілері бойынша өздерінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау тәсілін жөне көлемін анықтайды. Сонымен:

1  -талап қоюшы талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы;

2 - талап қоюдан бас тарту;

3 — жауапкер  талап қоюды мойындауға құқылы;

4 - тараптар  өзара бітімгершілік келісімін  жасауымен істі аяқтауы мүмкін.

Әрқайсысын жеке қарастырайың.

 Талап қоюдың  негіздемесі мен нысанасын өзгерту.  ҚР АІЖК-нің 49-бабына сәйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға ңүқылы. 2.Талап қоюдан бас тарту. Әр кезде талап қоюшының талап қоюдан бас тарту құқығы бар.

 Талап қоюдан бас тарту - сотта талап қоюшының өзінің субъективтік құқығын сот арұылы қорғау талабынан бас тартып қозғалған азаматтық істі қысқартуға бағытталған. Егер талап қоюшының талабын беліп қарастыруға болатын болса, онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға құқылы (талап арызы бойынша материалдык; залалды және моральдық зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек материалдық залалды өтеуін талап етіп, ал моральдык зиянды өтеуден бас тартуы мүмкін).

Сот талап қоюшының талап ңоюдан бас тартуын бекіт-пеген жағдайда, сот бүл туралы ұйгарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.

Талап қоюды  тану - сотта талап қоюшының талаптарын қанағаттандыруға және талап қоюшы  үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің келісуі.

Жауапкердің өзіне берілген субъективтік құқығына сәйкес талап қоюды тануы ешкімнің басымдылығынсыз өз еркімен жүргізіледі.

Жауапкер талап  қоюды тануға құқылы, бүл жөнінде  одан қолхат алынады (ҚР АІЖК-і 49-бабының 1-бөлігі).

Тараптардың бітімгершілік  келісімі - бұл заңмен белгіленген жағдайларға сәйкес сотта материалдың-қүқыңтың дауды шешуді қысқарту. Бітімгершілік келісімнің мәні - дауды өзара бітімгершілікпен шешу арңы-лы іс жүргізуді аяқтау.

Бітімгершілік келісімі:

- өзара процессуалдың көну (талап қоюшы өзінің та-лап ңоюдың бір бөлігі бойынша бас тартуы, ал жауапкер осы өзгертілген талап қоюды мойындауы);

- бір жақты   көну (талап қоюшының талап қоюы, ал жауапкер тек талап қоюдың  бір бөлігін мойындауы) негіздері  болуы мүмкін.

Сотта жасалған бітімгершілік келісім - бүл сот отырысында немесе одан тыс жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.

Соттан тыс  жасалған бітімгершілік келісім - бұл  сот отырысынан тыс жасалған келісім  және сотқа жолданбаған. Соттан тыс  бітімгершілік келісім жасалу фактісін және оның шарттарын жалпы тәртіп бойынша тарап сотта дәлелдеуі мүмкін.

Тараптар бітімгершілік  келісімін тек талап қою бойынша  іс жүргізу істері бойынша жасауы мүмкін. Сондай-ақ бітімгершілік келісімін  азаматтық процестің кез келген сатысында (бірінші сатыдағы сотта, апелляциялық өндірісінде, қадағалау өндірісінде және атқарушылық іс жүргізу сатыларында) жасауға болады.

Талап арызды қайтару  туралы судья мынадай ұйғарым  шығарады, егер:

-талап қоюшы  істердін, осы санаты үшін дауды  сотңа дейін алдын ала шешу  заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті колдану мүмкіндігі жойылмаса;

- іс осы соттың қарауына жатпаса;

- арызды әрекетке кәбілетсіз адам берсе;

- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша. Дау жөнінде іс бар болса;

Талап арызды қайтару  туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға  және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.

Егер талап  қоюшы жол берілген бұзушылықты  жоятын болса, арызды қайтару талап  қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша  талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге кедергі болмайды.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:

- талап қоюшы  осы санаттағы істер үшін заңда  белгі-ленген дауды алдын ала  сотңа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса (мысалы, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 232-235-баптары. (2002 жылғы 17 қаңтар № 284 - II);

- арызды әрекетке  қабілетсіз адам берсе;

- арызға қол қойған жөне оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;

-  осы немесе  басңа соттың іс жүргізуінде  осы тараптар арасындағы, сол  мәселе туралы дау бойынша  жөне сол негіздер бойынша  бұрын қозғалған іс бар болса;

Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.

Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.

 

2. Істі  сотта қарауға әзірлеу

 

Азаматтық істерді  әзірлеудің міндеттері:

1)  істі дұрыс  шешу үшін маңызы бар мән-жайларды  айңындау;

2)  тараптардың  құқықтық қатынастарын және басшылыққа  алынуға тиісті заңды аньщтау;

3) іске қатысатын  адамдардың құрамы мен процестің  басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу;    4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.

Кейбір ғалымдардың пікірінше  сотта іс қарауға әзірлеу сатысында  тек сот қана әрекет етеді, бірақ  бұл түбінде осы сатының мәні мен мазмұнына сөйкес емес. Әрине, судьяның қызметі негізгі болып есептеледі, сондықтан оның әрекеттері азаматтық іс жүргізу құқығының арнайы нормаларымен реттеледі. Бірақ әзірлік жүргізуге іске қатысушы тұлғалардың тікелей қатысы бар. Мысалы, тараптар іс бойынша сотңа дәлелдемелер ұсынуға міндетті.

Әзірлеу сатысында дәлелдемелер ұсынуға жағдай жасалуына байланысты іс жүргізуге басқа да тұлғалар қатысуы  мүмкін. Осылай, мысалы, сотта істі қарауға  әзірлік жүргізу кезінде алғашқы, қосымша және қайталама сараптама  тағайындауға болады.

Істі сотта қарауға  әзірлеу заңмен белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс.

Азаматтық істі сотта қарауға  әзірлеу бойынша іс жургізу әрекеттері

Істі сотта қарауға  әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ  процесте негізгі қыз-метті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-і 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере оты-рып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:

-  талап қоюшыдан ол  мәлімдеген талаптардың мәні  бойыншажауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын ңарсылықтарды аныңтап алады, егер бүл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

-  қажет болған жағдайларда  жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін жөне бүл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- куәларды сот отырысына  шақыру туралы мәселені шешеді;

- талап ңоюды қамтамасыз  ету туралы мәселені ше-шеді;

- талап қоюшының өтініші  бойынша оның берген та-лап  арызын (арызын) қайтару туралы үйғарым шығарады;

- басңа да қажетті іс  жүргізу әрекеттерін жасайды.  Судья іс жеткілікті әзірленген  деп тапса, оны сот отырысында  қарауға тағайындау туралы үйғарым  шығарады.

Сот хабарлаулары мен шақырулары

 Істі сотта қарауга әзірлеу сатысы істі сотта қарауға өзірлеу туралы үйғарым шығарудан басталады және істі сот отырысында қарауға тағайындау туралы үйғарым шығарумен аяқталады.

Судья істі дайын болды  деп тани отырып, оны сот оты-рысында  қарауға тағайындау туралы үйғарым  шығарады және осымен бір мезгілде тараптар мен процестің басқа да ңатысушыларына істі ңараудың орны мен уақыты туралы хабарлайды.

Іс бойынша тараптарды және басңа да іс жүргізуге қа-тысушыларды (куәларды, сарапшыларды, мамандарды және аудармашыларды) сот отырысының немесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уаңыты мен орны туралы:

- соттың шақыру қағаздарымен (іске қатысушы түл-ғалар және  пошта арңылы);

- тапсырыстық хат арңылы;

- телефонограмма немесе  жеделхат арңылы;

- хабарлау мен шақырудың  жасалуын қамтамасыз ете-тін өзге  де байланыс ңүралдарын пайдалану арқылы ха-барландырылуы немесе сотқа шаңырылуы мүмкін, бірақ адамдардың сотқа уақытылы келуі және іске даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.

Шақыру қағазын жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні керсетілген және адресаттың шақыру қағазын алғандығы жөнінде қолы қойылған шаңыру қағазының түбіршегін сотқа қайтаруға міндетті (ҚР АІЖК- 131-бабының 3-бөлігі), себебі, одан кейін сотта іс ңарау кезінде судья үшін сотта іс қарауды жалғастыру немесе оны кейінге қалдыру туралы үйғарым шығаруға негіз болып табылады.

Егер іске ңатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен  орны туралы тиісінше хабарланбаса, яғни ҚР АІЖК-нің 11-тарауында бекітілген талаптары сақталмаса, онда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бүл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және іс жүргізуге қатысуға жаңадан тартылған адам-дарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы жіберіледі.

Егер сот  отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсы бірі келмеген жағдайда, сондай-аң, олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауга (сотта іс қарауды жалғастыруға) құқылы (ҚР АІЖК-і 187-бабының 4-бөлігі).

 

 

3. Азаматтық  істерді бірінші сатыдағы сотта  қарау

Информация о работе Азаматтық іс жүргізу сатысындағы қазіргі таңдағы құқықтық ерекшеліктері